40
зардабына қатысты кiнәнiң формасын жеке анықтау қажет болып саналатын
қылмыстық
құқықбұзушылық
құрамдарында
қарастырады.
Мұндай
жағдайларда бiр құқықбұзушылықта кiнәнiң екi түрлi
формасы қатарласып
келеді.
Мұндай қылмыстық құқықбұзушылықтық оқиғалар тергеу органдарында
жиі кездеседі, кісінің жасаған қылмысы қасақана әрекетпен болғанымен,
келтірілген зардап абайсызда жасалады.
Мұндай құқық бұзушылықтарды
талдау кезінде заңды сұрақ туындайды: жалпы алғанда қылмыстық құқық
бұзушылық қасақана немесе абайсызда жасалды ма? Егер қылмыстық құқық
бұзушылықты субъектінің құқық бұзушылықтық
әрекетке деген қарым-
қатынасы бойынша қарайтын болсақ, бұл жағдайда ол қасақана болып
саналады, ал егер келтірілген зардапқа қатысты қарастырсақ абайсызда болады.
Мысалы, ҚР ҚК 319-бабы бойынша заңсыз түсік жасау,
абайсызда адам
өліміне немесе денсаулыққа орташа, ауыр зардап тигізген жағдайды
қарастыруға болады. Аталған түрге жататын ҚР ҚК 120-бап зорлау және 121-
бап сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері сипатындағы күш
қолдану қылмысын саралау кезінде зорлау немесе жыныстық күштеу
сипатындағы әрекетті қолданған жағдайда: (қасақана немесе абайсызда)
абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтіруге, оның адамның
иммун тапшылығы вирусын/жүре пайда
болған иммундық дефицитiнiң
синдромы жұқтырып алуына немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқса,
абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан зардап орын алған жағдайда
туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: