38
болжап білген болса, бiрақ бұған жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектікпен бұл
зардаптарды болдырмауға болады деп есептеген болса, қылмыстық құқық
бұзушылық менмендiкпен жасалған деп танылады.
ҚК-тің 21-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер адам өз әрекеттерiнiң
(әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi зардаптар туғызу мүмкiндігін алдын ала
болжап білмеген болса, дегенмен тиістi ұқыптылық пен сақтық танытқанда,
осы зардаптарды алдын ала болжап білуге тиiс және біле алатын болғанда,
қылмыстық құқық бұзушылық немқұрайлылықпен жасалған деп танылады.
Немқұрайлылықта кісі өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынбайды
да, залалды зардаптардың| болуы мүмкін екендігін алдын ала біле қоймайды,
себебі сақтық шараларын ұстанбайды, жеке кісінің мүддесін, мемлекет пен
қоғам мүдделерін
қорғауға қажетті ұқыптылық, сақтық және жетерлік
қамқорлық көрсетпейді. Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кісі
ұқыптырақ болып, сақтық шарасын сақтауға өз міндеттеріне жауаптырақ
қараса, ол өз іс-әрекетінің не болмаса әрекетсіздігінің зардап туғызу мүмкін
екендігін ұғынған болар еді, залалды зардаптардың болуы мүмкін екендігін
алдын ала біліп, оларды болғызбаған болар еді.
Немқұрайлылық болған кейбір жағдайларда кісі жасалатын әрекетті сол
сәтте толық ұғына алмайды, сол себепті да ол қоғамға қауіпті зардаптардың
болуы мүмкін екендігін алдын ала болжап біле алмайды.
Немқұрайлылықтың еріктік жағдайы екі түрмен сипатталады. Біріншісі -
кісі өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің
нәтижесінен қоғамға қауіпті
зардаптардың болатынын алдын ала білуге тиіс еді; екіншісі - кісінің оларды
алдын ала білуі мүмкін болғандығы. Қоғамға қауіпті зардаптарды алдын ала
білу міндеті, заң жүзімен айтқанда «болжап білу тиіс» деген сөз
немқұрайлылықтың объективтік өлшемі болып саналады.
Алдын ала білу мүмкіндігі, заң жүзінде айтқанда «біле алатын болғанда»
деген түсінігі немқұрайдылықтың субъективтік өлшемі болып саналады.
Заң (ҚК-тің 21 бабының 3 бөлігі) немқұрайлылыққа екі өлшемде
түсініктеме береді - субъективтік пен объективтік.
Немқұрайлылықтың объективтік өлшеміне жатады кінәлінің өз іс-
әрекетінің не болмаса әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарының болуы
мүмкін екендігін алдын ала білуі қажеттілігінде. Бұл міндет заңның,
басқа да
нормативтік актілердің талаптарынан, тұрмыс ережелерінен, қызметтік және
кәсіби міндеттерден, сақтықты талап ететін басқа да тәртіптерден туындайды.
Бұл міңдеттің мәні кінәлінің өзіне жүктелген міндетті орындау кезінде, әрекет
жасалынатын нақты жағдайда ұқыпты, сақ болуға, залалды зардаптардың
болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алуға және оларды болдырмау үшін
қандай да болмасын шара қолдануға тиістігінде. Егерде сақтық пен ұқыптылық
танытып, бұл зардаптарды алдын ала болжап білуге тиiсті емес және біле
алмайтын
жағдайда болған болса, онда бұл қылмыстық құқық бұзушылық
болып саналмайды.
Объективтік өлшем сақтықтың белгілі бір талаптарын ескеруді
міндеттейді, ондай талаптарға жатуы мүмкін, адамгершілік, құқықтық, кінәлі
39
тұлға айналысқан белгілі бір кәсіптің, мамандықтың немесе қызметтің
тұрмыстық ережелердің нормалары.
Объективтік өлшем тұрғысынан алғанда,
мұндай жағдайға тап болған
кезде, қандай да болмасын кісі зардаптарды алдын ала білуге тиіс болса ғана
сол зардаптардың болатындығын алдын ала білу мүмкіндігі бар деп саналады.
Абайсыздық жағдайдайдағы құқықбұзушылықтың тікелей ниетпен
жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтағы, әсіресе жанама ниеттің
жағдайымен біраз ұқсастығы бар. Бұл екі жағдайда да кінәлі өз іс-әрекетінің не
болмаса әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарының болатынын алдын ала
біледі. Алайда қасақаналық ниеттегі алдын ала білудің мазмұны
абайсыздықтағы алдын ала білуден басқаша. Мысалы жарылыс жасау арқылы
кінәлі басқа кісілерге зардап тигізуі мүмкін екенін болжап біле алады, брақ
саналы түрде соған жол береді.
Ал абайсыздықтағы менмендікте кінәлі өзі жасаған іс-әрекеттің не
болмаса әрекетсіздіктің жалпы қоғамға қауіпті зардаптар әкелуі мүмкін
екендігін алдын ала біледі, алайда нақты бұл
жағдайда бұл зардаптарды
болдырмаймын деп өзіне, өз күшіне сеніммен қарайды.
Субъект сенген мән-жайлар әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Ол өзінің
күшіне, практикасына, біліміне, сондай-ақ, басқа кісілердің іс-әрекетіне,
табиғат күшіне, техникаға, т.б. сенуі мүмкін. Кінәлінің сенімі бойынша залалды
зардаптарға тосқауыл бола алатын мән-жайларда сол зардаптарды шын мәнінде
болдырмайтындығына күш қабілеті болуы тиіс.
Кінәлінің белгілі бір мән-жайларға сенімі оның жеңілтектігі
қорытындысында дұрыс болмай шығуы зардаптардың болуына, туындауына
жол береді.
Достарыңызбен бөлісу: