Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет7/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
stud.kz-72859

Сабақ типтері және оларды топтау
Сабақ типтері және оқыту түрлері. Оқушылардың оқу жұмысының көптеген түрлері бар. Олар сабақ, кеңес, сынақ, семинар және конференция, оқу саяхаттары болып бөлінеді. Мемлекеттік мектептерде оқытудың негізгі түрі-сынып-сабақ деп аталады. Бұл жердегі сынып-бірыңғай базалық білім алатын, жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушылар тобы. Ал сабақ-сынып оқушыларының 40-45 минуттан тұратын оқуы. Бұндай оқудың санын мектептің оқу жоспары, ал мазмұнын мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасы айқындайды.
Практикада тарихты оқыту ортақ, ұқсас белгілері көп сабақтар арқылы жүргізіледі. Соған сәйкес ғалымдар сабақ типтерін олардың негізгі мазмұнына, дидактикалық мақсаттарына, өткізу тәсілдеріне, оқыту үдерісінің буындарына қарай топтастырады.
Көрнекі әдіскер А.А.Вагиннің пікірінше, оқыту үдерісінде оның негізгі бөлімдері, қысқаруы немесе кеңеюі, бір немесе бірнеше сабақта іске асуы мүмкін. Осы жағдайлар практикада ескеріліп, сабақтар барлық құрамды бөлімдері сақталып немесе белгілі бір бөлігі басым болып жүргізілуі мүмкін. Оқытуда бөлімдердің үйлесуін сабақтың құрылымы деп атайды.
Кейбір топтастыруда сабақты жүргізу әдісі (дәріс-сабақ, пікірталас-сабақ, кино-сабақ, зертханалық сабақ): оқушылардың әрекеті (жинақтау сабағы, проблемалық): материал сипаты (жаңа деректі игеру) басшылыққа алынады. Дағдылар мен іскерлікті қалыптастыратын сабақтарды ерекше типке жатқызуға болады.
Сабақтарды топтастыру. Көптеген дидактиктер мен әдіскерлер сабақтарды топтастырғанда оқыту үдерісінің бөлімдерін және сабақтағы басты оқыту міндетін негізге алады. Соған сәйкес сабақ кіріспе, жаңа материалды оқыту, аралас, бақылау, білімді есепке алу және тексеру, жинақтау-қайталау сияқты түрлерге жіктеледі.
Мұғалім сабақ типін таңдағанда, оның тақырыпта алатын орны, оның міндеттері, жаңа материал мазмұнындағы ерекшеліктер, педагогикалық ниет, оқушылардың жасы, дағдылар мен ептіліктерін ескеруі тиіс. Сабақ типі мектептегі оқу құралдарын, мұғалімнің дайындығы және т.б. себеп шарттар ескеріп таңдалады.
Бір типтегі сабақтар оны жүргізу әдісіне қарай бірнеше түрге енуі мүмкін. Мысалы, кіріспе сабақты дәріс, саяхат, әңгіме түрінде өткізуге болады. Тақырып, бөлім бойынша сабақ жүйесін айқындауда жаңа материалды игеру, оған дейін игерілген білімге сүйенетіндігін, жаңаны оқып үйренуде бұрын алған білім бекітілетіндігін есте ұстаған жөн.
Кіріспе және жаңа материалды игеру сабағы
Сабақтың міндеттері. Кіріспе сабақ оқушыларға алдыңғы курстарда алған негізгі білімдерін жаңғыртып, тарихтың жаңа курсының негіздеріне жалпы сипаттама беруі тиіс. Кіріспе сабақтың мазмұнында оқушылардың жаңа тақырыпты игеруіне көмектесетін мақсаттардың болғаны дұрыс. Қажет болған жағдайда мұғалім бұл сабақта оқушылардың базалық білімін, негізгі дағдыларын айқындайды.
Жаңа материалды игеру типіндегі сабақтардың мынадай түрлерін атауға болады: материалды мұғалімнің мазмұндау сабағы: мектеп дәрісі: саяхат сабақ: кино сабақ: оқушылардың хабарламалары мен баяндамаларына арналған сабақ. Жаңа материалды игеру сабағында оқу әрекетінің бұл түрлері басым болып келеді және сабақтың едәуір бөлігін қамтиды. Ал бекіту, қайталау, оқушылар білімін тексеруге аз уақыт, аз көлем бөлінеді. Көбіне мұндай сабақтар алдыңғы сабақтармен байланысы жоқ тақырыптарды оқып үйренгенде немесе күрделі ұғымдарымен түсініктері мол тақырыптарды түсіндіргенде қолданылады.
Аралас сабақ және оның бөлімдері
Оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеру. Аралас сабақта оқу үдерісінің барлық негізгі бөлімдері қамтылатын болғандықтан оны құрама деп те атайды. Мұндай сабақ алдыңғы сабақтағы білім мен дағдылардың бүгінгі сабақ мазмұны мен байланыстарын тексеру және есепке алу: жаңа материалды игеруге өту:алдыңғы сабақта өтілгенді қайталап, жаңа сабақты оқып-үйрену және бекіту сияқты бөлімдерді қамтиды.
Ұйымдастыру кезеңінен кейін білім мен дағдыларды тексеру жүзеге асырылады. Бұл оқушының сабақта оқытатын материалды игеру, үй тапсырмасын орындау әрекетін ұйымдастыратын мұғалімнің жұмысы. Ол ауызша, жазбаша және ауызша-жазбаша болады.
Білімді тексеру мынадай талаптардан тұрады: 1) сұрақты негіздеу (өткен білімдерсіз алға жылжу мүмкін емес): 2) барлық оқушыларды жұмысқа жұмылдыру: 3) оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп, тексеруді жекелеп жүргізу: 4) тексеру мазмұнының жаңа сабақпен байланысы: 5) сабақ барысында тексеру кезеңін айқындау: 6) білімді бағалауды негіздеу (таным дамуының табысты болуы үшін не істеу керек).
Сұрақ жағдайында көп уақыт алатын тәсілдерден бастарту керек. Мысалы, бір оқушыға көптеген сұрақ қойып, әңгімені созу, оқушының ұзақ-сонау әңгімесі, тақтаға ұзақ, көлемді мәтін, кесте түсіру өзін ақтамайды.
Сабақ басындағы сұрақ оқушыларды жаңа материалды игеруге дайындап, алдыңғы сабақ тақырыбындағы сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұнын қамтуы тиіс. Сұрақ әлде бір мәселенің дамуы сияқты тақырыптық сипатта болғаны жөн. Мұғалім тексеру үшін мазмұны жағынан маңызды, игерілуі жағынан күрделі материалды таңдайды. Негізгі сұраққа онымен іштей байланыстағы қосымша сұрақтарды тіркейді. Сұрақтың құрылымы қарапайым және дәл, балаларға түсінікті болуы тиіс.
Тәжірибелі мұғалім сабағын сыныпта мынадай сұрақ қоюдан бастайды: Қандай тақырыпты өттік? Алдыңғы тақырыпта не туралы сөз болды? Материал мазмұнындағы ең бастысы не? Одан әрі мұғалім басқа сұрақтарға ауысады. Бірақ қай кезде де сұрақ қоюдың мақсаты тек қана білімді есепке алып, түзету емес, сонымен бірге оны дамыту, байыту және оқушылардың танымдық қабілетін дамыту екендігін естен шығармау керек. Оқушы жауабы мен тапсырманы орындауының сапасы мұғалімнің қоятын талабына байланысты. Мысалы, жауапты қысқа, толық, қисынды етіп беру, жазуды дәптерге ұқыпты, грамматикалық қателерсіз түсіру, әңгімелеуді оқулықтағы құжаттарға, иллюстрациялауға сүйеніп баяндау.
Сұрақ кезіңде оқушылар сыныптастарының жауаптарына пікір айтады. Ауызша жауапқа пікір айтуға қойылатын талаптардың жаднамасы мынадай:
1. Деректер, қорытындылар, оқиғаларды бөліктерге бөлудің дұрыстығы және толықтығы.
2. Мазмұндаудың бірізділігі және дәлелділігі.
3. Жаңа тарихи терминдерді қолдануы және түсіндіруі.
4. Карта, хронология, сандық мәліметтерді қолдануы.
5. Жауаптағы сөз қолдану қателері (қайталау, ұзақтық, масыл сөздерді қолдану, тіл жұтандығы).
6. Жауаптың дұрыс жақтарын бағалаудан бастап, кемшіліктерін тізумен аяқта.
Төменгі сынып оқушылары мұғалім әңгімесі мен оқулық мәтінін ұштастыруды қажет ететін күрделі сұрақтардың бәріне бірдей жауап бере алмауы мүмкін. Сондықтан оларды оқулық мазмұнына сай сұрақтарға жауап беруге үйрету керек. Ол үшін оқушыларға қайтарар жауабының жоспарын түзуге көмектесеміз. Ол көмек мынадай болады: Не туралы айтпақшысын? Әңгімені неден бастайсың? Одан әрі деректі айтасың? Әңгіме немен аяқталады? Қандай қорытынды жасауға болады? Оны оқулықтан оқып бер.
Әңгіме оқушының ауыз екі сөзін дамытып, білімді ауызша мазмұндау тәсілдерін қолдану дағдысын қалыптастырады (конспектілеу немесе түсін-дірме мазмұндау, жалпы әңгіме және т.б.). Төменгі және орта буын сынып-тарда тізбектей әңгімеленеді де оқушылар тарихи себеп шарттардың байла-нысын жақсы аңғара алады және өткен оқиғаға деген өзінің қатынасы қалыптасады. Олар тарихи материалды талдау, жинақтау, өзі ұсынған тұжы-рымды дәлелдеу арқылы тарихи жүйеде ойлауға үйренеді. Оқушылар өз жауабын оқулық мазмұнымен салыстыру арқылы жіберген қателіктерін аңғарады.
Сұрақ көлемі шағын жазбаша және жазбаша-кескіндемелік тапсырма-ларды орындауды да қамтиды. Орта буын сыныптарда мынадай тапсырмалар қамтылуы мүмкін: маңызды оқиғалардың күнтізбесін жасау, параграф мәтіні-не сұрақтар ойластыру: терминдер және ұғымдарды анықтамасымен көшіріп жазу: жоспар түзу: еңбек құралы мен қару-жарақтың суретін салу: кесте толтыру: тарихи тұлғаның портреттік бейнесін жасау: нысанды картадан көрсету.
Жоғары сыныптарда тапсырмалар күрделене түседі. Оқушылар қисын-дық сұлбаны құрастырып, күрделі жоспар түзеді: ұғымдарға жазбаша анық-тама береді: партия, қозғалыс, тарихи тұлғаларға сипаттама береді: түрлі кестелер толтырады. Сұрау кезінде жаңаны игеру, деректі түсіндіру, оқиғаны мазмұндауда теориялық білім тұрақты түрде қолданылуы тиіс. Бұл білімдер одан әрі нақтыланып және байи түседі.
Оқушылардың тарихқа қызығушылығын дамытуда олардың алған білімдерін бағалаудың маңызы зор. Ол үшін түрлі тәсілдер бар. Мысалы, жауап берер алдыңда материалды оқулық боиынша қайталау: көрсетілген жұмыс тәсілі, үлгісі бойынша тапсырманы жазбаша орындау: сыныпта үйде дайындалған жоспар бойынша әңгімелесу.
Жаңа материалды оқуға өту кезеңі дидактикалық тұрғыдан алғанда өте маңызды. Мұғалім жаңаны оқуға оқушылардың зейінін аударады, белгісізді тануға деген қажетті психологиялық көңіл күй қалыптастырады. Мұғалім бұл кезеңде сабақ тақырыбын хабарлап, оның алдыңғы сабақпен байланысын атап көрсетіп, қажет болған жағдайда негізгі ұғымдар мен түсініктерді қайталайды. Сосын барып, жаңа материалды оқып үйренудің міндеттерін белгілеп, танымдық сұрақтар мен тапсырмалар қояды. Олардың арасында өзекті мәселелік сипаттағы тапсырмалар болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет