Лекция топырақТЫҢ органикалық заттар жəне оның топырақ ҚҰнарлығын қалыптасуындағы маңызы топырақтағы органикалық заттардың көздері


Экологиялық жағдайлардың органикалық заттардың мөлшеріне əсері



бет2/4
Дата19.10.2022
өлшемі258.5 Kb.
#462948
түріЛекция
1   2   3   4
13 лекция

2. Экологиялық жағдайлардың органикалық заттардың мөлшеріне əсері

Адамдар жəне олардың шаруашылығы жер бетінде тікелей жəне жанама зор ықпал-əсерін тигізіп келеді. Егер жылына ауаға дүние-жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік заттектер (CO2 есептегенде), гидросфераға шамамен, 15 млрд. тонна ластағыштар енгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мəліметтерге сүйенетін болсақ, XX ғасырдың 90 жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша, дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Атропогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км2-ден асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 пайызын құрайды.


Топырақты ластайтын компенеттерге қарай, топырақтың ласта-нуының түрлері: физикалық, химиялық жəне биологиялық болады.


Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық əдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сəулеленетін сұйық жəне қатты қалдықтар қалады.


Биологиялық ластану – ауру тудыратын жəне де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмднрдің қоршаған ортада бо-луы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек жəне тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тəулік бойында сақталса, ластағыштармен əлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едəуір аумаққа таралады.


Химиялық ластану – топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.


Топырақты ластайтын көздерге өнеркəсіптік кəсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, əскери өндірістік кешендер жатады.


Түсті металл кендерін алу, байыту жəне таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен жəне қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зар-дабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кəсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.


Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридоз жəне т.б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.


Топырақтың ластану дəрежесін мына формуламен есептеп анықтайды, топырақтағы заттектің ластану концентрациясының коэффициентті (ЛiКК) қолданылады:


Адамның барлық өндірістік қызметіне, бірінші кезекте ең
қажетті табиғи ресурс болып жер саналады. Жер қойнауынан халық шаруашылығының барлық салаларына қажетті материалдар өндіріледі, ол болмаса өндіріс дами алмайды. Өнеркəсіптер жедел қарқынмен дамыған сайын соғұрлым бүлінген жер көлемі арта түседі. Сондықтан жерді пайдаланушылар оны тиімді пайдаланумен қатар, сан қырлы қорғау жұмыстарына да назар аударуы қажет.

Жер ресустарының ең негізгі тұтынатын саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында құрлықтың 30%-дан астамы игерілген, бұған осы салада пайдаланылатын ормандар-ды қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 60-65 пайызға жетеді. Ауыл шаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:


– топырақ эрозиясы немесе дефляциясы – су мен желдің (деф-ляция) жəне тағы басқа табиғи құбылыстардың əсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі;


– агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан жəне қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті түрде қайта айналып келмеуіне байланысты қарашірінді мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығының біртіндеп азаюы;


– құрғатымсыз (дренажсыз) жерді суландыру жəне бақылаусыз суды қолдану, топырақтың су астында қалуы мен екінші реттік тұздануы (сортандануы);
– топырақтың техниканы қолдануда бүлінуі (тығыздануы, егістік жер қабаты құрамының бұзылуы, оның төсеніш қабатындағы жыныстармен араласуы);
– топырақтың химиялық жəне радиациялық ластануы.
Топырақтың түзілу процесі аймақтық геологиялық жасына да көп байланысты. Геологиялық жас жағынан ескі аймақтарда бұрыннан қалыптасқан топырақ болады да, ал жаңадан пайда болып жатқан құрғақ жерлерде топырақ түзілу процестерінің бастапқы саты-лары жүріп жатады. Мəселен, Жер шарының теріскей жағында, ауа райының өзгеруіне байланысты, мұздар еріп, мұз басқан жер-лер ашылуда, осы кейінгі дəуірлерде мұздан айырылған аймақта жаңа жас топырақтар түзіледі. Мысал ретінде сонымен қатар Арал суының тартылуының əсерінен, оның түбінен босаған жерде жаңадан топырақ түзілу құбылыстары басталғанын да келтіруге бо-лады. Соңғы жылдары Арал өңірінің ежелден бері келе жатқан жері, суы, желі мен қалыптасқан табиғи үйлесімі, яғни табиғаттың тепе теңдігі біржолата бұзылды. Көктемнің аяқ кезінен бастап, жаз бойы қырдан толассыз соғатын қара дауыл жер бетінің түтін жұтаңдатады. Теңіз тартылғалы ауа райы күрт өзгереді, осыған байланысты бұл өңірде жауын-шашын тыйылды. Ормандар мен сексеуіл алқаптары, шабындықтар күрт азайды, көп жерлер шөл далаға айналды. Атап айтқанда, топырақ түзілу процесіне əсер ететін факторлардың көбісі: ауа райы, жоғарғы жəне төменгі сатыдағы өсімдік пен жəндіктер, жер бедері, адам қоғамының əрекеттері күрт өзгерді.

Бұзылған жерлердің аумағы табиғи (климаттық, гидрологиялық, морфодинамикалық, фитогенді жəне зоогенді) жəне антропогенді факторлар əсерінің үдемелі қарқындылығына байланысты келеді.


Жердің шаруашылық құндылығын жоғалтуға, топырақ жəне өсімдік жамылғыларының, гидрологиялық режимінің бұзылуына себеп болатын жолдың бірі «техногенді шөлдену», ол адамның өндірістік əрекеттері мен ауа райының өзгеру нəтижесіне байла-нысты. Қазіргі заманда шөлді далаға айналған жерлердің басым көбісінің Жер шарындағы жердің 70%-ы бүлінген болып санала-ды. Əлем бойынша жердің шөлдену процесінің жылдамдығы орта есеппен жылына 7-10 млн. гектарға жетіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет