Лекциялар 15 с Лабораториялық сабақтар 15 с СӨЖ 30 с обсөЖ 30 с



бет2/13
Дата13.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#133545
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


«Жаратылыстану » факультеті
«Биология» кафедрасы.

“Адам анатомиясы” пәні бойынша 05 01 13


«Биология» мамандықтарының студенттері үшін.


СИЛЛАБУС


1-ші кредит



Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі.




Лекцияның тақырыбы

Лекция сағаты

Лабораториялық сабақтар

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

Кіріспе. Адам анатомиясы-тәнтану пәні және оның міндеттері.

1

1







2

Адамның және жануарлардың тірек қимыл аппаратының ерекше қасиеттері. Тұлға сүйектері

1

1

1

1

3

Қол сүйектері. Аяқ сүйектері.

1

1

2

2

4

Бас сүйектері. Сүйектердің байланысу түрлері .

1

1

2

2

5

Бұлшық еттер туралы ілім. Құрсақ және арқа бұлшық еттері мойын бұлшық еттері.

1

1

2

2

6

Бас бұлшық еттері. Аяқ және қол бұлшық еттері

1

1

3

3

7

Ас қорыту жүйесі.

1

1

3

3

8

Тыныс алу жүйесі.

1




2

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

«Сырдария» университеті

«Жаратылыстану» факультеті

«Биология» кафедрасы.

“Адам анатомиясы” пәні бойынша 05 01 13 «Биология» мамандықтарының студенттері үшін.


ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ.

Лекция 1.

Тақырыбы: Кіріспе. Адам анатомиясы пәні және оның міндеттері.

Жоспар:

1. Адам анатомиясы пәні . Анатомия ғылымының салалары.



2. Анатомия ғылымының зерттеу әдістері

3. Адам анатомиясының тарихы, адамның табиғаттағы орны.

4. Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі,аппарат және ағза ұғымдары.

Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын және мүшелері мен оның жүйелерінің құрылысын тіршілігі мен тарихи даму қызметіне байланысты тексереді. Өйткені, адамның әрбір мүшесінің құрылысы оның қызметіне тығыз байланысты. Адамдардың пайда болуы туралы идеалистер діни былай дейді – адам құдай құдіреті мен жаратылған, ал материалистер – ғылыми деректерге сүйеніп, адам тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуынан пайда болған деп дәлелдейді.

Анатомия гректің - “anatome” – кесемін деген сөзінен шыққан. Кесу немесе іреп- сою анатомия ғылымының негізгі зерттеу әдістеріне жатады. Адам анатомиясының негізгі міндеті адам ағзасының көзге көрінетін және көрінбейтін мүшелерінің даму заңдылықтарын ашумен бірге, мүшелердің қалыпты жағдайын патологиялық күйінен ажыратуға көмектесу болып табылады. Сондықтанда анатомия пәні – медицина ғылымының негізгі бір саласы. Анатомия ғылымы адам денесін жан- жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді :


  1. Жүйелік немесе жалпы анатомия – ағзаның тірек –қимыл аппаратын, ішкі мүшелерді, жүрек- тамырлар, жүйке және сезім жүйелерін зерттейді.

  2. Топографиялық анатомия – адам денесіндегі мүшелерінің өзара орналасу тәртібін медициналық мақсатқа орай зерттейді.

3. Мүсіндік анатомия – адам денесінің сыртқы құрылысы мен оның мүшелерінің аралық қатынастарын үйретеді

Бұл аталған анатомия салаларының практикалық маңызына келетін болсақ, егер жүйелік анатомия элементтері жалпы физиология ілімін меңгеруге негіз салса, топографиялық анатомия медициналық ілімге негіз қалайды,ал мүсіндік анатомия суретшілер,скульпторлар үшін міндетті қажетті пән болып табылады.

Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірідей тексеретін саласын – функционалдық әдіс деп атауға болады.

Морфологиялық немесе құрылымдық әдістерге мыналар жатады:

А) осып-кесу әдісі-ең кең таралған әдіс

Ә)борсыту әдісі

Б)лықыту әдісі

В)ағарту әдісі

Г)бүлдіру әдісі

Ғ)микроскоптық әдіс

Функционалдық немесе қызметтік әдістерге мыналар жатады:

Д) рентгеноскопиялық әдіс

Е) рентгенографиялық әдіс

Ж) ауторадиографиялық әдіс

З) сынама-тәжірибелік әдіс

Бұлардан басқа антропометриялық,суретке,киноға түсіру,мүшелердің суретін салу әдістері де бар.

Анатомия көптеген ғылымдармен байланысты және оның өзі де бірнеше салаға бөлінеді. Мысалы адамның дене құрылысын зерттегенде, жай көзбен көріп, оның бейнесін, пішінін сипаттауда қалыпты анатомия деп, дене құрылысын микроскоппен зерттейтін ғылымды микроскоптық анатомия деп атайды. Ағзаның қызмет атқару жүйелеріне сәйкес, қалыпты анатомияның өзі бірнеше тарауға бөлінеді :


  1. Остеология – сүйектер және олардың байланыстары туралы ілім;

  2. Синдесмология – сүйектің, буын байланыстары туралы ілім;

  3. Миология – бұлшық еттер туралы ілім;

  4. Спланхнология – ішкі органдар туралы;

  5. Ангиология – қан тамыр, жүрек туралы;

  6. Неврология – ми, жұлын, жүйке жүйесі туралы;

  7. Эстезиология – сезім мүшелері туралы;

  8. Эндокринология - ішкі секреция бездері туралы ілім.

Адам анатомиясының дамуына үлкен үлес қосқан ерте кездегі Қытай, Үндістан және Египет. Шығыстың үлгілі ғалымы Әбу - Әли – Ибн-Сина. Мысалы ол “ Дәрігерлік ғылымның канондары” деген кітапта адамның ішкі мүшелері мен қан тамырларының анатомиясытуралы жазып, қай жерден қан алу, қан құю керек екендігін білген, сондай-ақ денеге ине шаншу арқылы емдеу әдісітуралы да айтып кеткен.

Анатомияның негізін салушы – Ежелгі Рим дәрігері Гален. Ол ит пен маймылды сойып солардың дене құрылысын зерттеп, оны адам дене құрылысына сәйкес болар деп жобалаған.Галеннің көп қателерін араб ғалымдары ,атап айтқанда Ар-Рази,Әл-Фараби,Ибн-Рушу,Әбу-Али-Ибн-Сина түзетіп, анатомияға көп жаңалылықтар қосты.Ежелгі грек ғалымдары Демокрит,Гиппократ қан тамырлар жүйесі бар екендігін анықтады.

Анатомияның дамуына үлкен үлес қосқан гректің ұлы ғалымы Аристотель болды.Ол жүйкені сіңірден ажыратып, жүректің қан айдайтын мүше екендігін білді.Ол ұлпалардың түрлерін анықтап берді.Қайта өрлеу дәуірінде анатомияның дамуына тікелей үлес қосқан ғалымЛеонардо да Винчи суретші, математик,инженер,ол 30 өліктен 800 нақты сүйектердің суретін салған.Мальпиги мен Шумлянскийкапилярларды ашып қан айналу тұйық екендігін дәлелдеді.Неміс ғалымдары Шванн мен Шлейден жасушалық теорияны ашты.

Орыс ғалымдары арасынанН.И.Пирогов,И.М.Сеченов,И.П.Павловтың еңбектері анатомияның функционалдық бағытқа түсуіне септігін тигізді.

Зоологиялық жіктеулер бойынша адам омыртқалыларға ,хордалылар типіне,сүт қоректілер класына,приматтар отрядына,адам тәрізді приматтар отряд тармағына ,адамдар туысына,оның ішінде саналы адам түріне жатады.

Анатомия пәнін оқығанда жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі,аппарат және ағза деген ұғымдардың түсінігін білу өте қажет.

Жасуша –деп тіршілік жүйесі бар , цитоплазма,ядро,органоидтардан тұратын, барлық өсімдіктер мен жануарлардың құрылысының , дамуының және өмір тіршілігінің негізін түзетін, белгілі бір пішіні бар тіршіліктің ең кіші бірлігін айтамыз.

Ұлпа деп тарихи қалыптасқан, өзіне тән морфологиялық және биохимиялық ерекшелктері бар жасуша мен жасушааралық заттардың жиынтығынан тұратын дене бөлігін айтамыз.

Адам мен жануарларда ұлпаның 4 түрі белгілі:

1.Эпителий ұлпасы

2.Дәнекер ұлпасы

3.Бұлшық ет ұлпасы

4.Жүйке ұлпасы

Мүше –деп бірнеше ұлпалардан түзіліп, белгілі бір қызмет атқаруға, эволюцилық дамуда бейімделген , белгілі бір пішіні, құрылысы бар дененің бір бөлігін айтамыз. Мысалы құлақ,сүйек т.б.

Мүшелер жүйесі деп бірнеше бірыңғай мүшелерден түзіліп барлығының дамуы мен құрылыстары үұсас болып белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер тізбегін айтамыз.Мысалы ас қорыту,тыныс алу т.б.

Аппарат деп екі-үш мүшелер жүйесінің дамуы мен құрылысы ұқсас болмаса да жалпы бір қызмет атқаруын айтамыз. .Мысалы тірек-қимыл аппараты,несеп-жыныс аппараты.

Ағза-барлық мүшелер жүйесі мен аппараттардың жиынтығынан түзіліп, тіршілік қасиетін сыртқы ортамен байланысты атқаратын бір бүтін дене.



Лекция 2 .

Тақырыбы: Адамның және жануарлардың тірек қимыл аппаратының ерекше қасиеттері. Тұлға сүйектері

Жоспар:


  1. Тірек – қимыл жүйелі мүшелеріне жалпы сипаттама.

  2. Сүйектер туралы ілім – остеология.

  3. Сүйектің құрылысы, химиялық құрамы.

  4. Тұлға қаңқасы.

  5. Омыртқа жотасы, омыртқалар.

Тірек – қимыл жүйелі мүшелеріне қаңқа, сіңір, буын және бұлшық еттер жатады. Адам қаңқасы жануарлар қаңқасына ұқсас.Одан айырмашылығы:

  1. адамның омыртқа жотасында ерекше иілімдер -лордоз,кифоз болады.

  2. адамның көкірегі жануарларға қарағанда кеңейген,

  3. адамның жамбасы жануарларға қарағанда жалпайған,

  4. адамның жануарлардыкіндей тұмсығы болмайды.

Қаңқа- скелет ( грекше skeleton- кеберу) адам және жануарлар денесіне белгілі бір пішін берумен бірге, тірек- қимыл және қорғаныш қызметін атқарады. Бұлшық ет, сіңір және буындар болмаса адамның қаңқасы тиісті қызметтерді атқара алмайды.

Қаңқа - тірек – қимыл жүйелі мүшесінің таяныш бөлігі, ал бұлшық еттер олардың белсенді қозғалтқыш бөлігі болып табылады.

Сіңірлер мен буындар қаңқаның сүйектерін бір-біріне байланыстырып,буын түзіп, қимылдың беріктігін, бекемдігін сақтайды және қозғалуға икемді етеді. Бұлшық еттер буындарды айнала шандып, жалғасатын 2-3 сүйекті бір-бірімен байланыстырады және жиырылған кезде сүйектерді біріне-бірін бірде жақындатып, бірде алшақтатады. Бұлшық еттердің бұл қызметін динамикалық қызмет деп атайды.

Адамның қаңқасы 250 сүйектен құралады. Оның 85-сі жұптасқан және 80-ні тақ сүйектер. Сүйек-мүше, ол арнаулы қызмет атқарады және негізінен сүйек ұлпасынан түзіледі. Сүйектердің барлығы сүйек қабығымен қапталады. Бұл өте жұқа және дәнекер ұлпасынан құралған қабат. Сүйек қабығында қан тамырлары, нерв ұштары болады. ол екі сыртқы және ішкі қабаттан құралады. Сыртқы талшықты қабатқа бұлшық ет пен сіңір берік жалғасады да ішкі қабаты сүйек түзетін остеобласт жасушаларынан тұрады.

Сүйек екі қабаттан құралады. Сыртқы қабаты тығыз заттан астыңғы қабат кемікті заттан түзіледі. Сүйектің қатты заттарының үш қабаты бар. Сыртқы қабаты бір-бірімен өзара қабаттасып сүйекке цилиндр тәрізді пішін береді. Ішкі қабат жіліншіктің майын қаптай орналасады.

Сүйектің ортаңғы қабаты аса қатты, әрі тығыз. Сүйекке беріктік пен қаттылық беретін зат остеондар. Сондықтанда сүйектің құрылым бірлігіне остеон жатады.

Сүйек органикалық және минерал заттардан тұрады. Са тұздары, Р қышқылы, Mg, C қышқылы, NaCl минералды заттарды құрайды. Ал органикалық бөлігін негізінен оссеин деп аталатын заттан тұрады.

Қыштан 30 есе, гранит 2,5 есе мықты тек темір берік.

Сүйектің берік болуы минералды заттарға байланысты. Серпімді болуы оссеинді заттарға байланысты. Біршама сүйектердің 1/3 бөлігі минералды затының 2/3 бөлігі органикалық заттардан құралатыны да мәлім.

Сүйектерді жіктеу.

Пішіні мен көлеміне байланысты және атқаратын қызметіне қарай сүйек ұзын, қысқа (кемікті), жалпақ және аралас сүйек болып бөлінеді.

А) Ұзын сүйек немесе тіліктің екі ұшы жуандау, ортаңғы бөлігі жіңішке, іші қуыс келеді. Жуантық екі ұшы жіліктің басы немесе эпифизі, ал ортаңғы бөлігі жіліктің денесі немесе диафизі деп аталады. Жіліктің екі басындағы буын беті жылтыр шеміршекпен қапталады. Диафиз бен эпифиз аралығы метафиз деп аталады. Эпифизде сүйектің қызыл майы диафизде сары майы болады.

Сүйектің дамуы:

Сүйек ұрық жапырақшасының мезодермалық бөлігінен қалыптасады. Сүйек затын жасайтын жас жасушалар остеобластар, ал сүйек затын бұзып, жоятын заттар остеокластар деп аталады. Остеобластар остеоциттерге айналған кезде аралық заттың түзілуі тоқталады. Дәнекер ұлпасы мен шеміршек ұлпасының сүйектенуі остеогенез деп аталады. Ол төрт жолмен жүреді.

А) Дәнекердің ішінен сүйектену

Б) Шеміршек қабығынан сүйектену

В) Сүйек қабынан сүйектену

Г) Шеміршектің ішінен сүйектену.

Адамның қаңқасы мынадай түрде бөлінеді.


  1. Тұлға сүйектері омыртқалар, қабырғалар, төс.

  2. Бассүйек қаңқасы, ми сауыты, бет сүйегі.

  3. Қол-аяқ қаңқасы.

Тұлға қаңқасы.

Тұлға қаңқасы негізінен омыртқа жотасы, 12 жұп қабыртқалар және төс сүйегінен тұрады.

Омыртқа жотасы адам қаңқасының негізі: Ол 33-34 омыртқадан құралады. Бұлардың 9-10 жалған, 24-ті нағыз омыртқалар. Жалған омыртқалардың кейбір бөліктері жойылады да өзара бітісіп кетеді.

Омыртқа жотасы атқаратын қызметі мен пішіні және орналасқан орнына байланысты мынадай бөлімдерге бөлінеді. 7-омыртқа – мойын, 12-омыртқа – арқа, 5- омыртқа бел, 5-омыртқа сегізкөз, 4-5 омыртқа құйымшақ. Ересек адамдарда сегізкөз және құйымшақ бөлігіндегі омыртқалар бірімен-бірі бірігіп өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды.

Кез келген омыртқа денеден, доғадан және олардың аралығындағы омыртқа тесігінен құралады. Омыртқалардың тесіктері бір-бірімен жалғасып омыртқа жотасының ұңғылын түзеді. Ұңғылда жұлын орналасады. Омыртқа доғасында жоталық өсінді, екі көлденең өсінді, екі жоғарғы буын өсіндісі және екі төменгі буын өсінділері орналасады.

Мойын омыртқалар. Бұлардың көлемі басқа омыртқалардан кішірек болады. Пішіндері де бір-біріне ұқсас майда болады. Олардың көлденең өсінділері көлденең қабыртқалық өсінді деп аталады. Омыртқа артериясы өтетін көлденең тесігі ,VІ мойын омыртқаның қабырғалық өсіндісінің алдыңғы жағында ұйқы төмпешігі бар.

1-ші мойын омыртқа -ауыз омыртқа немесе атлант деп аталады.

2-ші мойын омыртқа аксис немесе эпистрофейдің денесі тіс тәрізді өсіндісімен бірігіп тұтасып кеткен .

7-ші мойын омыртқасының жоталық өсіндісі өте ұзын болғандықтан оны шығыңқы омыртқа деп атайды.

Арқа (кеуде) омыртқалары. Бұлар мойын омыртқалардан ірі және олардың көлденең орналасқан жоталық өсінділері жақсы жетілген. Арқа (кеуде) омыртқаларының саны 12. Оларға 12 жұп қабыртқа буындасады.1-ші,11-ші,12-ші қабыртқалар қабыртқалық ойысқа бекінеді.2-10-шы омыртқаларға қабыртқалар үстіңгі және астыңғы жиектегі жартылай буын ойыстарына жалғасады.

Бел омыртқалардың саны 5-еу. Денесі өте үлкен және буын беті жазық. Көлденең өсінділері жалпақ әрі жазық болады. Бел омыртқалардың көлденең өсінділері маңдай жазықтықта ,ал буындық өсінділері жебе жазықтықта жатады

Сегізкөз омыртқалары 10-22 жаста жеке-жеке болады .25-30 жаста тұтасып сегізкөз сүйегіне айналады. Сегізкөз -үш бұрыш пішінді сүйек,оның негізі және ұшы болады. Бүйірінде жамбас сүйектерімен жалғасатын құлақ тәрізді буын беті болады.Сыртқы бетінде орталық қыр 2 бүйір қырлары,2 аралық қырлары болады. Сегізкөздің жұлын ұңғылы саңылауға айналады Оның 2 жағында 2 ашасы бар.

Құйымшақ омыртқалар 4-5 омыртқалардың бірігуінен пайда болады, омыртқалардың тек денесі бар. Құйымшақ қалдық мүше.

Кеуде немесе көкірек алдыңғы жағынан төс сүйегі 12 жұп қабыртқалар ,сырт жағынан омыртқалардан құралады. Кеуденің ішкі жағы кеуде қуысы деп аталады .Онда жүрек ,өкпе, жұтқыншақ ,кеңірдек т.б. мүшелер орналасқан.

Қабыртқалар қалақ тәрізді ұзын имек сүйектер.Олар12 жұптан тұрады. Қабыртқаның ортасы денесі алды мен арты ұштары деп аталады.Артқы ұшы қабыртқа басы деп аталады, қабыртқаның мойны және буын дөңестері болады. Қабыртқаның алдыңғы ойыс бетінде қан тамырлары өтетін жүлге бар.Жеті қабыртқа ұшындағы шеміршек арқылы төс сүйегіне тікелей бірігеді,бұлар нағыз қабыртқалар. 8,9,10-шы қабыртқалар жалған қабыртқалар төспен тікелей жалғаспай шеміршекпен ғана бірігеді .11-12-ші қабыртқалар бос, жетім қабыртқалар.

Төс сүйек –бұл қанжар тәрізді сүйек, 3 бөліктен тұрады: төс тұтқасы., төс денесі және семсер тәрізді өсінді.Алқаның екі жағындағы буын ойығына бұғана жалғасады. Осы жерде мойындырық ойысы болады.


Лекция № 3.

Тақырыбы: Қол сүйектері. Аяқ сүйектері.

Жоспар:


  1. Қол- аяқ сүйектеріне жалпы шолу.

  2. Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын сүйектері.

  3. Аяқ сүйектері, құрылысы, ерекшеліктері.

Қол және аяқ қаңқасы сүйектері сырттай ұқсас көрінгенімен атқаратын қызметіне қарай, пішіні және мөлшері жағынан айырмашылықтары болады. Қолдың сүйектері аяқ сүйектеріне қарағанда жіңішке, әрі жеңіл және бір-бірімен өте қимылдағыш буындар арқылы байланысқан болып келеді. Себебі қол эволюция барысында нағыз еңбек құралына айналған. Ал аяқ сүйектері – дененің тірегі, соған орай аяқ сүйектері салмақтырақ, жуан және буындары орнықты болады.

Қолдың қаңқасы атқаратын қызметіне қарай иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын қаңқасы болып екіге бөлінеді. Ал, аяқ қаңқасы жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын сүйектері болып олда екі бөлімнен тұрады.

Иық белдеуіне екі бұғана және екі жауырын сүйектері жатады. Бұғана немесе көтеге сүйек дене мен ішкі төстік және сыртқы торшалық ұштан тұрады.

Бұл сүйектің үсті тегіс, ал астыңғы жағы бұлшық еттер мен сіңірлер бекінетін болғандықтан бұдырлы болып келеді. Сүйектің пішіні S әріпі сияқты иілген болады. Бұғана иық белдеуін көтеріп қолдың еркін қимылдауына жағдай жасайды.

Жауырын кеуденің сыртын ала ІІ-ІІІ қабыртқалар тұсында орналасқан жалпақ үш бұрышты жұп сүйек. Қабыртқаның беті ойыстау, арқа беті дөңестеу келеді.

Жауырынның ортаңғы, артқы, үстіңгі төстері, төменгі –жоғарғы, сыртқы қалың бұрыштары болады. Сыртқы бұрышында бұрыш ойығы орналасады. Ол ойық жауырынның мойны арқылы жауырынның басқа бөліктеріне бөлініп тұрады. Жауырынның үстіңгі жағы мен жауырын мойны мен ойығы арасында құс тұмсық өсінді болады.

Арқалық бетінде өте жақсы дамыған жауырын қыры бар. Ол жауырынды жауырын жотасының астыңғы және үстіңгі шұңқырларына бөледі. Жауырын қырының қалыңдау ұшы торша өсінді немесе акромион деп аталады.

Қолдың еркін қозғалатын қаңқасына тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйектері, қолбасы сүйектері жатады.

Қары бөлігі. Тоқпан жілік – іші қуыс, ұзын жілік сүйегі жіліктің ортаңғы бөлігі денесі немесе диафиз, проксимальды және дистальды бастары болады. Жіліктің жоғарғы бөлігі жұмыр, төменгі бөлігі үш қырлы. Проксимальды эпифизі торша шар тәрізді жұмыр. Оны жіліктің басы деп атайды. Жіліктің басындағы үлкен және кіші төмпешіктердің алдыңғы жағында анатомиялық мойны болады. Бұл төмпешіктердің әрқайсысынан төмен қарай үлкенқыр және кішкене қыр созылып шығады. Екі төмпешіктердің ортасына төмпешік аралық теріге орналасады. Сүйектің эпифизінен диафизіне өтетін жіңішкелеу жері хирургиялық мойны деп аталады.

Тоқпан жіліктің төменгі ұшы жалпайыңқырап имектеу келген айдаршаға айналады. Оның ортасында шынтақ сүйегі шығыр тәрізді буын беті болады. Оның үстінде тән ойығы, ал артында үлкен шынтақ ойығы орналасады.

Шар тәрізді буын беттің үстінде шыбық ойығы жатады. Сонымен бірге дистальды басында ортаңғы және сыртқы айдаршаүсті төмпешіктері болады.

Білек сүйектеріне шынтақ пен шыбық сүйектері жатады. Шыбық сүйектің жоғарғы басы цилиндр тәрізді. Ол тоқпан жіліктің буын бетімен буын ойығы арқылы беттескен. Шеңбер тәрізді буын беті шынтақ сүйегімен буындасады.

Бастан сәл төмен жілік мойны болады. Төменгі ұшы жалпақ шынтақ сүйекпен буындасатын ойығы, ал сырт жағында біз тәрізді өсіндісі болады.

Шынтақ сүйектің басында жарты ай секілді үлкен шығыр ойығы болады. Ол тоқпан жіліктің шығыр тәрізді буын бетімен буындасады. Ойықтың жоғарғы жағы шынтақ өсіндісі, ал төменгі жағы тәж өсіндісі деп аталады. Сүйектің униталды басы жұмыр болып келеді. Оның шыбық сүйекпен байланысқан жері шеңберлі буын бетінен, ал ортаңғы бөлігі біз тәрізді өсіндіден тұрады.

Қолбасының сүйектері үш бөлімнен білезік сүйектері, алақан сүйектері және саусақ сүйектерінен тұрады.

Білезік сүйектері екі қатар болып орналасқан қысқа кемікті сегіз сүйектен құралады. Бірінші қатарда қайың тәрізді, жарты ай тәрізді, үш қырлы, бұршақ тәрізді сүйектерден құралады. Екінші қатарда трапеция сүйек, трапеция тәрізді сүйек, томпақ және иілген тәрізді сүйектер болады.

Алақан сүйектері түтік тәрізді бес сүйектен құралады. Олардың денесі, негізі және басы болады. Саусақ сүйектері басбармақтан басқа үш бақайшақтан,ал басбармақ екі бақайшақтан тұрады.

Аяқ қаңқасы жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын сүйектері болып олда екі бөлімнен тұрады. Жамбас белдеуі бір бірімен бітісіп кеткен екі оң және сол жамбас сүйектері мен сегізкөз сүйегінен тұрып,құрайды.Бұл қуыс қорғаныстық қызмет атқарады,мұнда зәр шығару мен жыныс мүшелері орналасқан.Жамбас сүйектері мықын,шонданай және қасаға бөлімдерден тұрады.Осы үш сүйектің біріккен жерінде ортан жіліктің басы кіріп тұратын жамбастың ұршық ұясы болады.Ұяның түбінде жарты ай тәрізді буын беті болады.Жамбастың төменгі жағындағы қасаға және шонданай сүйектерінің арасында үлкен тесік жамбас ұңғылы деп аталатын тесік орналасады.Жамбас сүйектерінің ең үлкені -мықын сүйегі.Ол үлкен денеден және жұқа қанаттардан тұрады.Оның қанатының сыртқы,ішкі ернеулеріжәне аралық сызығы болады.Мықын сүйегінің жоғары мен төменгі алдыңғы мүйістері, жоғары мен төменгі артыңғы мүйістері бар. Шонданай мен қасаға сүйектерінің денесі және екі бұтақтары болады.

Аяқтың еркін қозғалатын қаңқасы сан,балтыр және және аяқбасы сүйектерінен құралған.Сандағы негізгі сүйек –ортан жілік.Ортан жілік –адам қаңқасының ішіндегі түтікті сүйектердің ішіндегі ең ұзыны.Оның денесі және екі жағында ұштары болады.Жоғары ұшында ұршық басы ,одан төменірек жіңішкерген жері мойны деп ааталады.Сүйектің алдыңғы беті тегіс болғанымен де артқы бетінде ұзына бойына бұдырлы сызық созылып жатады.Жіліктің төменгі басындағы шеткі және ішкі айдаршықтарынан буын беті құралады.Олардың араларында айдаршық аралық шүңқыры болады.Айдаршықтардың сыртқы жағы шеміршекпен қапталып ,алдыңғы жағы бірігіп,тізе тобығымен буындасатын буын бетін құрайды. Айдаршықтардың бүйір жақтарында олтаңғы және сыртқы айдаршық үсті төмпектері орналасады.Тізе тобығы тиек тәрізді тізенің үстіндегі үшкілдеу жұмыр сүйек.Ол төрт басты ет сіңірінің ішінде орналасады.Балтыр сүйектері де білек сүйектері тәрізді 2 сүйектен үлкен жіліншік және кіші жліншік сүйектерінен тұрады.Үлкен жіліншік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы жіңішке түтікті сүйек .Оның шеткі және ішкі айдаршықтары болады.Онда екі төмпек ,ортаңғы және сыртқы төмпек болады.Сүйек үш қырлы болғандықтан ,үш жиегі және үш беті бар.Төменгі ұшы төрт бұрышты ортасындағы тобық басы арқылы топай сүйекпен буындасатын буын беті болады.Кіші жіліншік денесі үш қырлы ,жоғарғы және төменгі ұштары бар түтік тәрізді жіңішке ұзын сүйек.Төменгі ұшы жуантықтау болады,оны сыртқы тобық деп атайды.

Аяқ басы сүйектері тілерсек,табан және бақай сүйектері бөлімдерінен тұрады.Тілерсек сүйектері балтыр мен табан сүйектерін жалғастыратын жеті сүйектен:топай,өкше,қайық,текше пішінді және сына тәрізді үш сүйектен тұрады. Табан сүйектерінің саны бесеу.Бақай сүйектерінің 1-ші бақай сүйектері 2 башпайдан ,қалған 2-5-шілері 3 башпайдан құралған.Табан сүйектерінің негізі,денесі жэәне басы болады.Башпай сүйектері де дәл сондай бөлімдерден құралған.

Лекция 4

Тақырыбы: Бас сүйектері. Сүйектердің байланысу түрлері .

Жоспар:

1.Бас сүйек қаңқасы. Ми сауыты сүйектері.



2.Маңдай сүйегі. Самай сүйегі. Шүйде сүйегі .Төбе сүйегі. Сына сүйегі. Тор сүйегі

3. Бас сүйек қаңқасы. Бет бөлімінің сүйектері.

4.Сүйектердің байланысу түрлері.
Бас сүйек 23 сүйектен құралған ,оның 8-і жұп,7-еуі тақ. Бас сүйек ең алдымен бас миы және онымен байланысты сезім мүшелері жайғасатын орын болып табылады.,сонымен қатар ол сыртқа ашылатын ас қорыту және тыныс алу жолдарының бастапқы бөлімін қоршап тұрады. Бас сүйек 2 бөлімнен тұрады:


    1. Ми сауыты сүйектері.

    2. Бет бөлімінің сүйектері.

Ми сауытыында қақпақ және негізін ажыратады. Ми сауытының сүйектері жұп және тақ болады.Жұпқа төбе мен самай сүйектері таққа шүйде ,маңдай,сына,тор тәрізді сүйектер жатады
Шүйде сүйегі(қарақұс) ми сауытының төменгі және артқы бөлігін құрайды.Оның сыртқы жағы дөңес ішкі беті ойыс келеді. Шүйде сүйегінің үлкен тесігін айнала төрт бөлігі жатады: қабыршақты бөлігі,қос латеральды бөліктері және негізгі бөлігі. Латералды бөлігінің астыңғы бетіндегі екі кебіс тәрізді буын дөңесіне ауыз омыртқаның буын ойысы жалғасады.

Шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігінің сырт жағында бір-бірімен көлденең параллель өтетін желке бұдырлары болады.Оларға желке еттері тіркеледі .Қабыршақ бөлігінің ішкі беті сайшалар арқылы төрт ойысқа бөлінген.

Шүйде сүйегі алдыңғы жағынан сына сүйегімен,екі жағынан самай және төбе сүйектерімен шектеседі.

Шүйде сүйегінің жұту төмпегі, ылдиы болады.

Төбе сүйегі-төрт бұрышты жұп сүйек.Оның төмпегі, маңдай, қабыршақты, шүйде, сагиттальды шеттері, шүйде бұрыштары, сигма тәрізді қойнаудың сайы болады.

Маңдай сүйегі- қабыршақты бөлім, екі көз бөлімі, мұрын бөлімі, жалпы төрт бөлімнен тұрады.Маңдай жалпақ төбеге қараған дөңес бөлімнен , төменге қарай маңдай қабыршағын көз шарасының ойығының жиегін түзейді .Осы екі көз аралығында мұрын бөлігі бар. Маңдай сүйегінің мұрын бөлігінің үстіңгі жағындағы қуыстықты маңдай қойнауы дейді Ол мұрын қуысымен тығыз байланыста жатады. Маңдай сүйегінің қас доғалары, самай сызығы , самай беті, көз жасы безінің сайы, апертуралары, торлы ойындысы болады..

Самай сүйегі-жұп ми сауытының негізін және бүйір иіндерін құрайды.Қызметінің әртүрлі болуына қарай самай сүйегі ми сауытының сүйектерінің ішіндегі ең күрделісі. Самай сүйегінде есту және тепе теңдікті сақтау мүшелері орналасқан. Самай сүйегі төменгі жақпен байланысып, шайнау аппаратының тірегі болады.Оның латерал бетінде есту мүшесінің дыбыс тесігі болады.

Самай сүйектері дыбыс тесігінің айналасын қоршаған қабыршақты бөлім, дабыл бөлім, тасты бөлімдерден тұрады.Қабыршақты бөлімі аздап иілген жұқа сүйек,мисауытының бүйір жағын құрайды.Онда алға қарай көлденең бағытталған шықшыт сүйегіне жалғасатын шықшыт өсіндісі болады. Осы өсіндінің асында буын шұңқыры және төмпегі бар Осы жерге төменгі жақтың буын өсіндісі буындасады. Дабыл бөлімі сыртқы есту түтігін алды артанан қоршап ,оның алдыңғы және төменгі қабырғасын түзеді. Тасты бөлімінде –ішкі құлақ қуысы орналасады.Оның артқы бетінде ішкі тесігі, ал астыңғы бетінде бет жүйкесі мен ұйқы артериясы ,мойындырық венасы өтетін тесіктер бар.

. Дабыл қуысында үш есту сүйекшелері:балға,төс,үзеңгі орналасқан. Дабылдық қуысының медиалды жағында шытырман,((ұлу) ,кіреберіс,және үш жарты ай тәрізді түтіктерден түзілген .Шытырман бөлігінде есту ,ал кіреберіс,және үш жарты ай тәрізді түтіктерде тепе теңдікті сақтау мүшесі орналасқан. Самай сүйегінде біз тәрізді өсінді, біз-емізін тесігі, емізік өсіндісі болады.

Сына сүйегі немесе негізгі сүйек –тақ ,ол ми сауытын құраушы барлық сүйектермен байланысып ми сауытының түбін құрайды. Сына тәрізді сүйектің Сына тәрізді сүйектің денесі қуысты боладыда сол қуысы арқылы мұрын қуысымен жалғасып жатады.Сына тәрізді сүйектің толық орта жерін денесі дейді,одан екі үлкен қанат, екі кіші қанат және қанат тәрізді өсінділер –медиалды ілмек және латералды өсінділер бар.Денесі арт жағынан шүйде сүйегімен байланысса,алдыңғы жағынан мұрын қуысымен жалғасады.Жоғарғы бетінде түрік ерінің арқасы мен ойысы, гипофиздік ойыс болады. Үлкен және кіші қанаттары өзара көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы ажырап жатады.Үлкен қанатта үш тесік бар-дөңгелек,ойыс және сопақша.Бірінші екеуінен үшкіл жүйкенің тармағы өтеді ,ал сопақ тесіктен –артериялар өтеді. Үлкен қанаттарының самай, көз, ми, жоғарғы жақ беттері; дөңгелек, сопақ, остік тесіктері бар. Кіші қанаттарының көз және ми беттері болады. Сына тәрізді сүйектің медиальды және латеральды тақташалары, қармақ, шұңқыршасы бар екендігі белгілі

Тор сүйегі ми сауытына да, бет бөліміне де жататын тақ сүйек. Оның көлденең тақташасы, әтеш айдары, торлы тақташасы, иіс жүйкесінің тесігі, торлы шытырман, көз тақташалары, жоғарғы және ортаңғы мұрын кеуілжірлері, торлы ауа қойнауы болады.

Бет бөлімінің сүйектері жұп және тақ сүйектерден құралған.Бас сүйегінің

қаңқасының бет бөлімі сүйектеріне жұп жоғарғы жақ, көз жасы сүйегі, мұрын сүйегі,төменгі мұрын кеуілжірі,таңдай сүйегі ,шықшыт сүйегі және тақ төменгі жақ сүйегі,тіл асты сүйегі,кеңсірік жатады.

Бет бөлімі, оның сүйектерінің орналасуы,олардың құрылысы күрделі келеді.

Жоғарғы жақ беттің орталық бөлімін алып жататын үлкен жұп сүйек.Оның денесі,маңдай,шықшыт,таңдай,алвеолярлы өсінділері;алдыңғы,самай асты,көз,мұрын беттері; көз асты шеті ,мұрын ойығы,алдыңғы мұрын қыры,сүйір тіс шұңқыры, төмпек,альвеолярлы тесіктері,көз асты сайы мен каналы, көз жасы ойығы,кеуілжір жалы,альвеолярлы доғасы болады. Жоғарғы жақ сүйегінің үстіңгі беті көз шарасының төменгі жағын ,мұрын беті мұрын қуысының бүйір қабырғасын құрайды.

Төменгі жақ сүйегінің денесі және 2 бұтақтары болады. Денесінің негізі, иек асты қыры, альвеолярлы доғасы бар..Бұтақтарының буын және тәждік өсінділері,ойығы, бұрышы болады. Төменгі жақ сүйегінің төменгі жақ тесігі, бұлшық ет бұдырлары және шұңқыршалары әртүрлі қызметтер атқарады. Төменгі жақ сүйегінде 16 тіс ұясы бар.

Шықшыт сүйегі жұп .Оның латеральды,көз,самай беттері, маңдай,самай, жоғарғы жақ өсінділері болады .Бұл өсінділерімен шықшыт сұйегі осы аттас сүйектермен байланысады. Шықшыт сүйегінің шықшыт көз, шықшытжақ, шықшытсамай тесіктеріде бар..

Таңдай сүйегі қатты таңдайдың түбін құрайтын жұп сүйек. Оның горизонтальды және вертикальды тақташалары, көз,сына,пирамида өсінділері, торлы,кеуілжірлі айдаршықтары, артқы,мұрын қырлары болады.

Тіл асты сүйегінің денесі,үлкен және кіші мүйіздері болады

Тіл асты сүйегі төменгі жақтың астында тілдің 8түбінде тұратын таға тәрізді тақ сүйек. Бұл сүйек ешқандай сүйекпен байланыспайды.

Төменгі мұрын кеуілжірінің көз жасы,жоғарғы жақ,торлы өсінділері. болады.

Кеңсірік төрт бұрышты ромб тәрізді жұқа жұп сүйек,ол мұрын қуысын бөлуге қатыслды.

Көз жасы сүйегі көз шарасының ішкі бетін түзетін кішкентай жұп сүйек.

Мұрын сүйегі төрт бұрышты пластинка тәрізді жұқа жұп сүйек, ол кеңсірік тұсындағы мұрын тесігін жауып тұрады.. Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысын алып қарағанда ол негізі,ми қақпағынан тұрады.

Краниометрия-деп бас сүйектің өлшемдерін айтады.Оның вертикальды ,беттік,латеральды,шүйделік,базиллярлық нормалары болады. Бас сүйектерінің бір-бірімен байланыстары:жіктер мен буындар түрінде болады.

Сүйек байланыстары туралы ілім синдесмология деп аталады.(латынша син-байланыс,десмо-байлам,логос –ғылым деген сөздер)

Сүйектердің байланысу түрлерін 3 топқа бөлуге болады:

1.қозғалыссыз немесе синартрозды байланыстар

2.қозғалмалы,буын немесе диартрозды байланыстар

3.жартылай буынды немесе симфиз

Қозғалыссыз байланыс кезінде сүйектердің бірімен-бірі қсоылысқан ара жігі білінбей тұтасып кетеді.Сүйектерді жалғастырушы ұлпалардың өзгеру жағдайына қарай синартрозды байланыстар үшке бөлінеді:

А)талшықты немесе синдесмозды байланыстар

Ә)шеміршекті немесе синхондрозды байланыстар

Б)сүйекті немесе синостозды байланыстар

Қозғалмалы қуысты байланыстар буын деп аталады.Буындардың барлығы мынадай міндетті элементтерден тұрады:буын қапшығы немесе буын капсуласы,буын қуысы,буын беті,синовия сұйықтығы.Сонымен қатар буындарда мынадай міндетті емес компоненттер де кездесуі мүмкін:буыын ернеуі,буын тегеріші немесе диск,буындасушы байлам.Буындар жай,күрделі,бір білікті,екі білікті,көп білікті,жұмыртқа тәрізді,ершік тәрізді,айдарша тәрізді,шар тәрізді,жзық буындар болып жіктеледі.

Жартылай буын симфиз байланысы шаттағы сүйектердің түйіскен жерінде қасағаада кездеседі.Жартылай буын бұрын қозғалмалы болып,кейін сүйектердің қозғалыссыз қосылысқа айналуы кезінде пайда болады.Кейбір омыртқа денелерінің арасында тегеріш (диск) пайда болған кезде де симфиз тізіледі.


Лекция 5

Тақырыбы: Бұлшық еттер туралы ілім.Тұлға,құрсақ және арқа бұлшық еттері.

Жоспар:
1.Бұлшық еттер туралы ілім (миология)

2.Біріңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық еттер.

3.Бұлшық еттердің құрылысы, пішіні, қосымша мүшелері.

4.Тұлғаның бұлшық еттері :көкірек, құрсақ және арқа бұлшық еттері.


Бұлшық еттер тірек қимыл аппараттарының негізгі бөлігі. Бұлшық еттің жұмысы оның жиырылғыштық қасиетінде. Бұлшық ет жұмысы жүйке жүйесімен реттеледі. Егер бұлшық еттер жиырылған кезде дене, бірорыннан екінші орынға ауысса динамикалық, ал егер бұлшық ет жиырылғанда, дене қозғалыссыз қалса-статикалық жұмыс деп атайды. Бұлшық еттер пішініне қарай әр түрлі қызмет атқарады. Оларың күші көлденең қимасына яғни ет талшықтарының санына олардың қалыңдығына байланысты өтеді.

Адам денесіндегі бұлшық еттер: 1)біріңғай салалы және 2)көлденең жолақты (қаңқа) 3) жүрек бұлшық етінен тұрады. Біріңғай салалы еттер ішкі мүшелердің тамырлардың және терінің құрамын- да кездеседі. Бұл ұлпа жалпы еріксіз жиырылып, ішкі мүшелердің толқынды қимылын, қан тамырларының кеңейіп таралуын қамтамасыз етеді. Еріксіз жиырылатын еттерге жүрек бұлшық еті де жатады.

Бірыңғай салалы бұлшық еттің функциональды өлшемі-миоцит тобы.бірыңғай салалы ет ұлпаның құрылыстық бірлігі болып миоцит клеткалары, ал қызметтік бірлігі болып миоцит тобы саналады. Миоцит дәнекер ұлпадан қоршалған олар жүйке талшықтарынан нервтеліп, ол жерде жүйкелер қозуы бір жасушадан екінші жасушаға жасушааралық тиіспемен беріледі. Миоциттер жіңішке актин, жуан миозин және аралық филаменттерден тұрады. Еттің жиырылуы осы актин және миозин филаменттің сырғанауына байланысты. Бүкіл дене бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық еттер адамның еркіне байланысты денені қозғап жүргізеді, теңдікті сақтауға қатысады т.б. қимыл қозғалыстары осы ерікті жиырылатын көлденең жолақты ет қызметіне байланысты. Сонымен бұлар бірыңғай салалы ет ұлпасынан айырмашылығы ерікті жиырыла алады. Әрбір бұлшық ет талшықтарын жүйке ұштығы қамтыған. Бұлшық ет саркоплазмасы миоглобин белогына бай. Миоглобин, гемоглобинге ұқсап оттегін байланыстырады. Бұлшық ет талшығының пішініне және саркоплазмалық миоглобиннің мөлшеріне қарай-күрең қызыл, ашықтау және аралық бұлшық ет талшықтары болады. Саркопазмасы көп талшықтар қызарып баяу жиырылады, ал саркоплазмасы аздарының ақшылданып өте тез жиырылатын қасиеті бар, бірақ тез шаршайды. Бірыңғай салалы бұлшық еттер баяу жиырылса да өте күшті жиырылады. Барлық бұлшық еттерді жүйке талшықтарымен қамтамасыз етіледі.

Бұлшық еттердің құрылысы, пішіні, қосымша мүшелері.


Қаңқа бұлшық еттері жұп және тақ болып сүйектерге жабысып тұрады. Қаңқа бұлшық еттері бірнеше қабат болып жатады. Әрбір бұлшық еттің ортасын-денесі, ал екі шетін сіңірі дейді. Бұлшық ет құрамының 75-і су және 25-і тығыз заттан (белок, май, көмірсу, тұздардан) тұрады. Бұлшық ет майда миофибриялардан (ет талшықтары ) түзілген. Олар ядродан және сыртын қаптап жатқан сарколемма деген қапшықшасы болады. Миофибриялар бірігіп, жеке жиырыла алатын бұлшық ет бөліктерін құрайды. Олардың әрқайсысы дәнекер тканінен тұратын кілегей қабықшасымен қапталған.

Қаңқа еттері мүше ретінде көлденең-жолақты ет талшықтары бірігіп, олар дәнекер ұлпа қабықшасымен қапталған, оны эндомизия дейді. Егер олардың бірнешесі бірігіп жуандау будалар құраса ,оларды онда перимизия дейді, ал жалпы бұлшық ет тығыз қабықшамен қапталса-эпимизия немесе фасция дейді. Бұлшық еттердің түсі оның жұмысына қарай қызыл және боз ( ақшыл-қызғылт) болады. Егер бұлшық ет көп қызмет ететін болса қанның көп келу нәтижесінде күрең қызыл, ал аз жұмыс істесе ашықтау келеді. Бұлшық еттіңтүсі жасқа қарай өзгереді. Мысалы: жаңа туған нәрестеде ашық қызыл болады. Өйткені ересек болған сайын, қимылдау жұмысының артуы мен күрделенуіне байланысты қызыл бола бастайды. Бұлшық еттер негізінде сіңір арқылы сүйекке жабысады бірақ кейбір бұлшық еттер екінші ұшымен теріге, сіңірге, бұлшық етке, шеміршекке бекуі мүмкін.

Бұлшық ет жиырылған кезде бір ұшы тұрақты қалады, оны бұлшық еттің басы дейді, ал қозғалатын ұшын құйрығы не ұшы дейді.

Пішіні: Бұлшық еттердің пішіні мен көлемі және бұлшық ет талшықтарының бағыты оның атқаратын жұмысына тығыз байланысты. Сол себептен пішіні әр түрлі. Оларды жай , күрделі және қауырсынды бұлшық еттер деп 3 топқа бөлуге болады.

Жай бұлшық еттерге ұзын, қысқа, жалпақ, сақина тәрізді, дөңгелек бұлшық еттер жатады. Ұзын бұлшық еттер қол-аяқта кездеседі. Олардың орталығы жуан болып қарынға, ал екі ұшы жіңішкеріп тарамысқа немесе сіңірге айналады. Оның дистальді ұшын басы, ал прокисамальды ұшын құйрығы дейді.

Қысқа бұлшық еттер омыртқа жотасының бойында, қол-аяқ басында.

терең орналасқан Жалпақ бұлшық еттерге көбіне тұлға бұлшық еттері жатады. Мысалы: құрсақ, арқа, көкірек бұлшық еттері жалпақ бұлшық еттердің сіңірлері жалпақ болып бірігеді. Оларды апоневроз дейді.

Сақина тәрізді бұлшық еттер денедегі табиғи тесіктердің айналасында орналасқан. Мысалы: ауыз, көз, қуық, тік ішектің сыртқы тесігіндегі дөңгелек бұлшық еттер өздерінің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде оларды тарылтады. Сондықтанда оларды қысушы бұлшық еттер деп атайды.

Күрделі бұлшық еттерге екі басты, үш басты, төрт басты, екі қарынды және сіңірлі құйрықтары бұтақталып бірнеше сүйектерге барып бекитін бұлшық еттер жатады. Мысалы: тоқпан жіліктің екі, үш басты бұлшық еттері көп басты.

Егер бұлшық ет талшықтары сіңірлі жиегіне қиғаш орналасса, оны жарты қауырсынды бұлшық ет, ал талшықтар сіңірлі өзекке екі жағына бірдей қиғашталып орналасса бүтін қауырсынды бұлшық ет дейді. Мысалы: иық дельта тәрізді бұлшық етінде осы екеуі де кездесе- ді. Көп басты бұлшық еттердің басталуы бір сүйектің екі, үш, төрт жерінен басталып (жалпы бір қарынға бірігіп) бәріне ортақ бір қарын және бір құйрық түзеді.

Кей бұлшық еттің қарыны тарамыс арқылы екіге немесе бірнеше көлденең сіңірлі жолақ қынаптарға бөлінеді. Мысалы: құрсақтың тік бұлшық еттері.

Бұлшық еттердің қосымша мүшелері. Олар бұлшық еттің жұмысына жәрдем береді. Оларға: шандыр қабық (фасция) , шырышты қалталары, сары сулы қынап, сесам сүйектері, блоктар жатады.

Фасциялар еттің дәнекер теріден құралған қабаты беткі, терең және мүшелер шандырлары деп бөлінеді. Беткі шандырлар терінің астында орналасқан, тері асты клетчаткасының тығыздалған түрі болып табылады.

Тұлғаның бұлшық еттері арқа ,көкірек және құрсақ еттері болып бөлінеді.Көкіректің бұлшық еттері беткі және тереңде жатқан бұлшық еттер болып жіктеледі.Беткей еттерге көкіректің үлкен және кіші бұлшық еттері,бұғанаасты және алдыңғы тісті еттер жатады. Көкіректің тереңде жатқан бұлшық еттеріне сыртқы және ішкі қабыртқа аралық еттер,көкіректің көлденең еті,диафрагма(көкет) еттері жатады.

Құрсақ бұлшық еттері топографиялық жағынан бүйір,алдыңғы және артқы қабырғалық еттерге бөлінеді.Бүйір еттерге құрсақтың сыртқы,ішкі және төстің семсер өсіндісі қиғаш еттері жатады.Артқы қабырғалық еттерге белдің артқы шаршы еттері,ал алдыңғы еттерге құрсақтың тік еті және пирамидалық ет жатады.

Арқаның бұлшық еттері беткі және тереңде жатқан бұлшық еттер болып жіктеледі.Беткей еттерге трапеция тәрізді ,арқаның жалпақ еті,жауырын көтеретін ет,ромба тәрізді ет,артқы жоғарғы және артқы төменгі тісті бұлшық еттер жатады.Арқаның терең сүйеккке таяу жатқан еттеріне бас мойын белдеу еті,жотаны жазушы ет,сегізкөз артқы өсінділер еті,арқаның ұзын бұлшық еті,көлденең өсінділер аралық еттер жатады.



Лекция 6

Тақырыбы: Бас бұлшық еттері. Аяқ және қол бұлшық еттері

Жоспар:

1. Бас бұлшық еттері, шайнау және ымдау бұлшық еттері

2. Мойынның бұлшық еттері

3. Қолдың бұлшық еттері: иық белдеуінің және еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық 2еттері.

4. Аяқ бұлшық еттері :жамбас белдеуінің және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің еттері.

Бас бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: шайнау және ымдау.

Ымдау бұлшық еттері тері астында орналасқан, сол себепті ет жапқыш шандырлары болмайды,және олар бас сүйегінің әр жерінен басталып, бет терісіне бекиді. Ымдау бұлшық еттеріне: а) маңдай шүйде бұлшық еттері, сіңірлі жапқышпен жалғанған; б) құлақ еттері-үшке бөлінеді: алдыңғы, жоғарғы және төменгі, олар самай шандырынан басталып құлақ қалқанына бекиді. в) көздің дөңгелек еті- көз шарасында орналасқан.

Ымдау еттеріне үлкен және кіші бұлшық еттер, мұрын, ұрт, қас жиыру, ауыздың дөңгелек еті т.б. еттер жатады.шайнау бұлшық еттеріне: а) меншікті шайнау еті, бет сүйегінің доғасынан басталып төменгі жақтың бұрышына бекиді; б) самай еті-самай сүйегінің сырт жағынан басталып,төменгі жақтың тәждік өсіндісіне бекиді; в) ішкі және сыртқықанаты ет сына сүйектен басталып, төменгі жақтың өсіндісіне бекиді.

Мойын бұлшық еттері

Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөлінеді. Артқы тобы арқа еттерінің жалғасы болып саналады. Мойын бұлшық еттері орналасуына байланысты беткей және терең еттер болып бөлінеді. Беткей еттеріне а) төс-бұғана-емізікше еті жатады, ол төс және бұғанадан басталып самай сүйегінің емізікше өсіндісіне бекиді; б) тері асты-адамда қалдық ет болып саналады, сүт қоректілерде жақсы жетілген. Ол үлкен көкірек еттерінің жоғарғы жағынан басталып, жақтың төменгі жерінен бекиді; в) жақ-тіл асты еті-ауыз қуысының түбін түзеді. Төменгі жақ сүйектен басталып, тіл асты сүйегіне бекиді. Беткей еттеріне иек-тіл асты без-тіл асты т.б. еттер жатады. Терең еттер мойын омыртқаның алдынғы және бүйір жағында орналасқан. Бүйір еттерге алдынғы ортанғы және артқы сатылы еттер жатады, олар 3-4 мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінен басталып, 1-2 қабырғаларға бекиді. Мойынның алдынғы терең еттеріне бастың және мойынның тік еттері мен ұзын бұлшық еттері жатады, олар шүйде сүйегінен басталып, көкірек омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекиді.

Бас және мойын шандыры. Бас шандырының орналасуында ерекшелік бар, олардыңбеткей шандырлары жетілмеген, ал меншікті шандырлар самай және шайнау бұлшық еттерінің кейбір жерінде болады, негізі олар тек перимизиямен (дәнекер ұлпалы қабықшамен) қапталған. Мойын шандыры үш пластинка түзеді: беткей, омыртқа алды және кеңірдек алды. Беткей шандырлар көкірек және арқа шандырының жалғасы. Кеңірдік шандыр бұғана мен төс тұтқасынан басталып, тіл-асты бұлшық еттерге жапқыш болады. Омыртқа алды шандырлар бас сүйектің төменінен басталып омыртқа еттерін жабады.

Қолдың бұлшық еттері, оның шандыр қабықтары.

Қолдың бұлшық еттері орналасуына қарай иық белдеуінің және еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттері деп екі топқа бөлінеді. Иық белдуінің бұлшық еттері буынмен қоршалған. Иық белдеуінің беткей еттеріне жауырынды айнала жатқан дельта тәрізді ет, ол иыққа пішін береді. Дельта тәрізді ет бұғананың сырт жақ бөлігінен, жауырынның иық өсіндісімен басталып тоқпан жіліктіңдельта бұдырына бекиді. Терең еттерге: жауырынның жал үсті және жал асты еті, кіші және үлкен жұмыр еттер жатады. Бұл еттер негізі жауырыннан басталып, тоқпан жілікке бекиді.

Еркін қозғалатын бұлшық еттер жатқан жағдайына қарай тоқпан жілік,білек,қол басы еттері деп бөлінеді.

Тоқпан жілік бұлшық етері орналасуына қарай алдынғы бүгетін екі басты, тоқпан жілік еті, құстұмсық-тоқпан жілік еті, артқы жазатын иықтың үшбасты еті, шынтақ еті жатады. Бұл екі жазушы және бүгуші ет топтарын шандырлы перде бөліп тұрады. Білек бұлшық еттеріде екі топқа бөлінеді. Алдыңғы топ еттеріне саусақты және бармақты бүгетін, тоқпан кәрі жілік еті, шынтақ және кәрі жіліктің білезік бүгетін еті, алақанның ұзын еті, шаршы және жұмыр пронатор жатады. Білектің арт жағындағы беткей еттеріне-білезік жазатын кәрі жіліктің ұзын және қысқа еттері, саусақтарды жазатын жалпы ет, т.б. жатады.

Терең еттеріне супинатор еті, бас бармақты жазатын, алшақтататынұзын бұлшық еттер т.б. жатады. Қол басының бұлшық еттері-негізгі майда сіңірлермен қапталған еттер. Олардың көбі басбармақтың дөңесін түзіп жатады. Олар бүгуші, жазушы, тартушы және қарама-қарсы қоюшы бұлшық еттерінен тұрады.

Қол еттері шандыры беткей және терең жапқыш деп бөлінеді. Терең жапқышы жұқа сүйекаралық еттерді жауып жатады,беткей жапқышы саусақтарды қаптап, ал орталық бөлімі сіңірленіп қалыңдап алақан апоневрозына айналады.

Аяқтың бұлшық еттері, оның шандыр қабықтары

Адамның аяқ бөлімі тіректік және және қимыл қызметтерінатқарады. Аяқ бұлшық еттерінің ішінде ең жақсы дамыған бөксенің үлкен еті-ол бөксеніжазып, денені тік ұстау қызметін орындайды. Санның төрт басты сирақтың жазып денені тік ұстау қызметін орындайды. Сирақтың үшбасты еті аяқ басын бүгетін еттерге жатады.

Аяқ бұлшық еттері орналасуына қарай жамбас белдеуінің және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің еттері деп бөлінеді. Жамбас белдеуінің бұлшық еттері-екі топқа: ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Ішкі еттеріне-бел-мықын еті, алмұрт тәрізді, ішкі қлосұғар еті, құйымшақ еті, ал сыртқы еттеріне-бөксенің үлкен ортаңғы және кіші еттері, жоғарғы және төменгі егіз еттері, санның шаршы еттері құрайды.

Бөксе еттері-мықын , сегіз көз, құйымшақ сүйектерінің сыртқы бетінен басталып, ортан жіліктің бұдыр бетіне бекиді. Бұл еттер адам жүргенде дененің тепе-теңдігін сақтайды.Жоғарғы және төменгі егіз еттер шонданай сүйегінің ішкі жағынан басталып, ортан жіліктің ұршықаралық ойысына бекиді.

Сан-ортан жілік еттерін үш топқа бөледі:алдыңғы, ортан жілік бүгетін және сирақты жазатын:төрт басты тігінші еттер жатады. Артқы (ортан жілікті жазатын және сирақты бүгетін):санның екі басты, жартылпй сіңірлі, жартылай жарғақты еттер; Ішкі (медиальды) сан еттерінің ішке тартушы: қырлы, нәзік, ұзын, қысқа және үлкен ішке тартушы еттер. Сирақ бұлшық еттері тік жүруге және денені тік ұстауға қатысады. Білек еттеріндегі жіңішкереген ет бөлімі, сирақтың промаксимальды жағында, ал аяқ бас бағытындаол сіңрге өтеді. Сирақ бұлшық еттері де үш топқа бөлінеді: алдыңғы-аяқ басын бүгетін және жазатын, бармақ жазатын еттер , артқы-аяқ басын және саусақты бүгетін табар еттері, және сирақты бүгетін еттер, латериалды пронатор ішке айналдыру және аяқ басын бүгетін табан еттері. Алдыңғы еттер-асық жіліктің алдыңғы, бармақ және басбармақ жазатын ұзын еттер, бұлар асық жілікпен шыбықтың алдыңғы бетінен, басталып табан бақайшақтарға бекиді. Артқы еттер үшбасты табан еті тақымасты, аяқ бармақтарын бүгетін ұзын еттер , олар ортан жіліктің төменгі арт жағынан басталып негізгі өкше сүйек бұдырына бекиді. Латериальды еттер шыбықты ұзын және қысқа еттер – шыбық сүегінен басталып табан сүйегіне бекиді. аяқ басының еттері үш бөлікке бөлінеді:медиальды-басбармақты қозғалтатын еттер-аппаратын және әкелетін басбармақ еттері, аяқ бармақтарын жазатын қысқа еттер. Латериальды-аяқ бармақтарын бүгетін қысқа ет, табанның орта бөлігінің еттеріне-табанның шаршы еті, бармақтарды бүгетін қысқа еттер жатады.

Аяқ еттердің шандырлы жапқыштары ішкі, сыртқы деп бөлінеді. Кейбір шандырлар жапырақшалары біренеше еттерді жекелей орап жатады. Табан бетінде сіңірлі табан жапқышы болады.

Лекция 7

Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі.

Жоспар:


1.Ас қорыту жүйесіне жалпы щолу

2.Бас, мойын, және кеудедегі ас қорыту мүшелері

3.Ас қорыту жүйесінің үлкен бездері
Ішкі мүшелер туралы ілім спланхнология деп аталады.. Грекше спланха- ішкі мүше. Ішкі мүшелер негізінен дене қуыстарында, кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарында орналасады. Сондай-ақ бас пен мойында да ішкі мүшелер болады.Ішкі мүшелер ағзаның зат алмасу қызметіне қатысады.

Ас қорыту жүйесіне ауыз қуысы ондағы мүшелер, жұтқыншақ, өңеш,асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек, бауыр, ұйқы безі сияқты мүшелер жатады. Бұл мүшелердің негізгі қызметі асты шайнау, езу, химиялық жолмен қорыту, ұсақтау, сору, сіңіру болып табылады. Ас қорыту мүшелері бас, мойын, көкірек бөлімдерінде және құрсақ, жамбас қуыстарында орналасады.

Адамның бас және мойын бөлігінде ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңештің бір бөлігі, көкіректе өңештің негізгі бөлігі, құрсақта асқазан, ұлтабар, құрсақ қуысында аш ішек, бүйен, тоқ ішектер, қима ішек,бауыр ,ұйқыбез,,ал жамбас қуысында тік ішек орналасады. Ас қорыту жүйесін асқорыту түтігі деп қарастыруға болады.Түтіктің бір ұшы ауыз тесігі,екінші ұшы көтен тесігі.

Ауыз қуысы- асқорыту жолының алғашқы бөлігі. Ауыз таңдай, тіл құрмау, ұрт бүлшық еттері, ерін, тамақ тесігімен шектелген болып келеді.

Ерін астыңғы және үстінгі еріндерден тұрады.

Езу- еріндердің жалғасқан жері.

Таңдай алдыңғы қатты және артқы жұмсақ бөліктерден тұрады. Жұмсақ таңдайдың артында таңдай бадамшасы орналасады.

Тіл -қимылдап тұратын бұлшық етті мүше . Тіл үш бөліктен: тіл түбірі, денесі, және тілдің ұшынан тұрады. Тілдің үстінгі бетін майда емізітер қаптап тұрады.Ауыз қуысының бездері ірі және майда бездерге бөлінеді. Ірі бездерге шықшыт безі, тіл асты безі, жақасты безі жатады.



Тістер ауыз қуысындағы астыңғы және үстінгі жақ сүйектерінің иектеріндегі тіс ұяларында орналасады. Олар сүт тісі және тұрақты тіс болып 2-ге бөлінеді. Тұрақты тіс 32. Тіс қатарында 8 тіс орналасады, 2-і күрек, 1-і сүйір, 2-і кіші азу, 3-і үлкен азу тіс деп аталады. Формуласы: 2+1+2+3

2+1+2+3
Бірінші шыққан 20 тіс -сүт тістер. 2 1 0 2



2 1 0 2
Тістердің әрқайсысы тіс сауытынан тіс мойнынан және тіс түбірінен тұрады. Эмаль, дентин және цемент тістің қатты заттары.

Күрек тістер І

Сүйір тістер С

Кіші азу тстер Р

Үлкен азу тістер М


Жұтқыншақ ұзын еттерден тұратын ұзын қалташа. Онда 7 тесік бар. 2-уі хоана,2-уі Евстахий, қалған үшеуіне ауыз тесігі,өңештің ауызы,көмейдің ауызы жатады. Жұтқыншақтың ұзындығы 12-14 смжәне үш бөліктен:мұрын ,ауыз,көмей-жұтқыншақ бөлімдерінен тұрады.

Өңеш- асқазан қуысын жұтқыншаққа жалғастыратын бұлшық етті түтік.Оның қабырғасы 3 қабаттан: кілегейлі,бұлшық етті,дәнекер ұлпалы қабаттардан түзілген. Өңеш 3бөліктен:мойын,кеуде,құрсақ бөлімдерінен тұрады.

Қарын-ас қорыту жолының ең кеңейген бөлігі. Қарынның шыға беріс сүйірленген бөлігін таз қарын,жоғары бөлігін денесі деп атайды. Қарынның кілегейлі қабатында шұңқырлар мен алаңдар, қатпарлар дәне бездер болады. . Қарынның бұлшық еттіқабаты ұзына бойы,сақиналы,ішкі қиғаш қабаттардан тұрады. . Қарынның сыйымдылығы 3 литр.ұзындығы 25-30 см ,ені 12-14 см

Жіңішке ішек қарыннан басталып тоқ ішектің бүйен бөлігімен шектеледі,ол асқорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі.Тірі кезде ұзындығы 2,2-4,4 ,мәйітте 5-6 метрге дейін жетеді. Жіңішке ішек ұлтабар,аш ішек және мықын ішек деп аталатын бөліктерден тұрады.

Тоқ ішектер - асқорыту жүйесінің соңғы бөлігі.Ол мықын ішектің қосылған жерінен басталып,тік ішектің артқы тесігімен аяқталады. Тоқ ішектер буылтықтанып тұрады және үш бөлімге: бүйен ішек,жиек ішек,тік ішекке бөлінеді. Бүйен ішек тоқ ішектің қалталанған бөлімі,оның түбінде ұзындығы2-12 см құрт тәрізді өсінді немесе соқыр ішек болады. Жиек ішек өрлеме,көлденең,төмендеу,қима бөліктерден тұрады.

Ұйқы безі салмағы 70-80 г,ұзындығы20 см келетін ірі без.Ол бас, дене ,құйрық бөлімдерден құралған. Ұйқы безі тәулігіне 2 литрдей сөл бөлелі.

Бауыр-адам денесіндегі ең үлкен без.Ұзындығы 26-30 см,ені 20-25 см,қалыңдығы 6-9 см.Ол оң және сол бөліктерден құралған. Бауыр сегіз сегменттен тұрады және оң,солөт жолдарының, өт қабының жолымен қосылып ,өт қабымен байланысады.

Өт қабының түбі ,денесі,мойны бар,пішіні алмұрт тәрізді болады.

Адамның ішкі мүшелері ішперде .байламдар,қатпарлар, шашырақай, шарбылар арқылы әр түрлі тірек –қимыл мүшелеріне бекініп тұрады.


Лекция 8.

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі

Жоспар:


1.Мұрын қуысы.

2.Көмекей оның құрылысы мен қызметі.

3.Кеңірдек, бронхылар, құрылысы

4.Өкпе, оның құрылысы мен қызметі.

Тыныс алу жүйесі ағзаның өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі-сыртқы орта мн ағза арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді.Сондай-ақ иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады.

Тыныс мүшелеріне мұрын қуысы,көмекей,кеңірдек,екі бронхы және екі өкпе жатады.Тыныс алу жүйесі екі бөлімнен тұрады: ауа өтетін жолдар және тыныс алу жүйесінің респираторлық бөлімі өкпенің альвеолары. Мұрын қуысы сүйекті негіз бен шеміршектен құралған. . Мұрын қуысының төрт қабырғасы бар: ол-жоғарғы,төменгі және екі бүйір қабырғалары.Жоғарғы қабырғасы сүйектен, екі бүйірі шеміршектерден тұрады.

Мұрынның пердесі мұрын қуысын екі бөлікке бөліп тұрады.Бұл жерде оның сүйекті де шеміршекті де бөліктері болады. Мұрынның төменгі қабырғасы таңдай және жоғарғы жақ сүйектерінен құралған. . Мұрынның қуысының ішкі беті кілегейлі қабатпен қапталған. Мұрынның кілегейлі қабатында қан тамырлары көп болады.Мұрын қуысы көп қабат кірпікті эпителиймен қапталған. Эпителий қабатында көптеген колба тәрізді бездер бар.Олар секреттерімен қылшықтарды ылғалдандырып тұрады.Соның әсерінен мұрын қуысына кірген шаң тозаңдар ұсталынып қалып отырады.

Мұрын қуысында ауа жылынып ,тазаланып өтеді.Ауа жүретін жолдары:жоғарғы,ортаңғы,төменгі мұрын қолқандары. Мұрын қуысына маңдай сүйегінің қуысы, сына сүйегінің және тор сүйегінің қуыстары жалғасып жатады. Мұрын қуысы тыныс және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді, иіс сезу мүшесі –иіс сезу жасушалары рецепторлары жоғарғы мұрын қуысында орналасқан.

Мұрын қуысы арқылы ауа мұрынның артқы тесіктеріменәуелі жұтқыншаққа одан әрі көмекейге өтеді.

Көмекей-тыныс жолы әрі дыбыс шығаратын негізгі мүше болып табылады. Көмекей4-6-шы мойын омыртқалар тұсыында жоғарғы жағынан тіласты сүйекке ,алтөменгі жағынан кеңірдекке жалғасып жатады. Көмекейдің қалқандық қыры тері астында білініп тұрады. Көмекей серпімді және гиалинды шеміршектерден тұрады

Тақ шеміршектерге қалқан шеміршек,сақина тәрізді шеміршек,көмекей қақпағы жатады.

Жұп шеміршектері:қалақша тәрізді,мүйіз тәрізді,( қалақша үстінде) сына тәрізді (мүйіз бен көмекей қақпағының ішкі жағында)

Көмекей, қуысы жоғарғы,ортаңғы төменгі үш бөліктен тұрады.

Оның пішіні құм сағатқа ұқсайды.Жоғарғы бөлімі –көмекейдің кіре-берісінен дыбыс байламына дейін созылып жатады. Көмекейдің жоғарғы тесігі жұту кезінде қақпашасымен жабылады да, тыныс алған кезде ашық жағдайда тұрады. Ортаңғы бөлімі -ең тар бөлімі.Бұл бөлімінде дыбыс сіңірлері болады..Төменгі бөлімі-дыбыс саңылауы төмен жатады,ол екі бүйірінен төмен қарай кеңейе келіп,кеңірдекке жалғасады.

Дыбыс сіңірінің алдыңғы шеті қалқан шеміршекке жалғасып,артқы шеті қалақша шеміршекке жабысады.Екі дыбыс сіңірінің арасын дыбыс саңылауы дейді.Дем алғанда дыбыс сіңірі қозғалмайды,арасындағы саңылау ашық тұрады, содан дыбыс шықпайды.

Сөйлегенде,дыбыс шығарғанда көмекейдің шеміршектері қозғалады даекі сіңірі керіліп кетеді.Керілгенде екі сіңір бір-біріне жақындап, қатарласып қалады.Дем шығарғанда өкпеден шыққанг ауа әбден керіліп тұрған сіңірді тербетеді.Тербелуден дыбыс шығады.

Көмекейдің бұлшық еттері екі түрлі :

1.Тұтасымен қимылдайтын бұлшық еттер

2.Дара қимылдайтын және меншікті бұлшық еттер,

а)қақпақшаның бұлшық еттері

б) дыбыс аппараты бұлшық еттері

Бұл бұлшық еттердің барлығы көлденең жолақты бұлшық еттеріне жатады. Дыбыс аппараты басқаратын бұлшық еттер қызметіне қарай төртке бөлінеді:

1.дыбыс саңылауын тарылтатын бұлшық еттер

2.дыбыс саңылауын кеңейтетін бұлшық еттер



    1. дыбыс байламдарын керетін бұлшық еттер

    2. дыбыс байламдарын босататын бұлшық еттер

Көмекейдің ішкі беті кілегейлі қабатпен астарланып жатады . Кілегейлі қабат көп қатарлы эпителийден түзілген.Онда көптеген бездер орналасады және тітіркендіргіштерге : шаң немесе тамақ түйіршіктеріне қорғаныстық жөтелу , қақырыну,түшкіру рефлекстері пайда болады.

Дыбыс байламы көп қабатты жазық эпителиймен қапталған.Олардың кілегей бездері болмайды.Көмекей мүшесі өте күрделі құрылыстыәсіресе ол адамда сөйлеу қызметіне байланысты күшті дамыған.

Кеңірдек 6-шы мойын омыртқаның тұсынан сақина тәрізді шеміршектен басталып,4-ші көкірек омыртқа тұсында аяқталады.Осы жерден кеңірдек оң және сол бронхыға бөлінеді. Кеңірдектің екіге бөлінген жерін кеңірдектің бифуркациясы дейді.

Кеңірдек 16-20-ға жуық гиалинді шеміршекті сақиналардан тұрады.ұзындығы 9-10 см,ені 1,5 см. Сақиналар сіңір байлам арқылы жалғанып тұрады. Кеңірдектің мұндай құрылысы ауаның еркін өтуіне жағдай жасайды.

Сақиналы байлам басты бұру үшін созу үшін, кеңірдектің ұзаруына қысқаруына жағдай жасайды.

Бронхылар құрылысы жағынан кеңірдекке ұқсас.Оң жақ бронхы-қысқа әрі жуан,ұзындығы3см,6-8 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады. Сол жақ бронхы-ұзын әрі жіңішке,ұзындығы 4-5 см,-9-12 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады.

Өкпе –тыныс алу мүшесі.Адамның өкпесі екеу долады, кеуде қуысының екі жағына толып орналасады.Екі өкпені бронхылар қосып тұрады.Өкпе конус тәрізді болып келеді. Өкпенің бұғана сүйегі жағындағы жерін ұшы деп ,ал диафрагма ға тиіп тұратын етегін негізі деп атайды. Өкпенің қабырғаға жанасып тұрған беті дөңес,жүрекке жанасып тұрған беті –ойыс болады.Екі өкпенің арасын өкпе аралық қуыс дейді.Оң өкпе сол өкпеге қарағанда үлкендеу.

Өкпенің ішкі бетіндегі бронхылар ,артериялар кіретін және вена мен лимфа тамырлары шығатын жерін өкпе қақпасы деп аталады. Өкпенің терең сайлары болады .Олар өкпені бірнеше бөліктерге бөліп тұрады.Оң өкпе үш бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы,ортаңғы төменгі бөлімдер деп атайды.

Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы, төменгі бөлімдер деп атайды. Бронхылар өкпеге кіретін жерінде бөлінеді.Оң бронхы 3 бұтаққа , сол бронхы 2 бұтаққа бөлініп ,өкпе бөліктеріне қарай барады. Бронхылар әрі қарай бұтақталған сайын тарамы жіңішкеріп, саны көбейе береді.

Осылайша үшінші рет пайда болған бронхыларды сегментарлы деп атаймыз.Бұдан кіші бронхыларды бронхиолалар деп атаймыз.

Респираторлық бөлімнің функциялық-анатомиялық бірлігіе –ацинус түзеді.Ацинустар жиынтығынан –бөлекшелер, бөлекшелерден сегменттер, сегменттерден –бөліктер ,ал бқліктерден тұтас өкпе құралады.Өкпенің ацинустық күмбездерінде ғана газдардың алмасуы жүреді.

Плевра -өкпенің сыртқы сір қабаты. Плевра өкпені

Сыртынан қаптап жатады.Егер плевра өкпенің сыртын жауып жатса ,өкпелік(висцералды),ал егер кеуденің қуысын астарлап жатса париеталды немесе қабыртқалық плевра деп атаймыз.Бұл екі плевра арасында плевра аралық қуысы болады.Плевра қуысында аздаған сұйықтық бар, сондықтан плевраның беті дымқыл болады.Өкпе қимылдағанда бір-біріне қажалмайды.

Өкпенің көкет жанынан да қосымша плевралық қуыс қойнаулары бар..Ол өкпенің етегінде қабыртқа плеврасы мен көкет плеврасының аралығында болады.Осы қуысқысымы сыртқы атмосфералық қысымнан төмен болады.




Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі


1. Жандар Керімбектің Ермаханы.Тәнтану. А. 2004

2. А.Р.Рахышев .Адам анатомиясы А.2005.1-2 тт

М. Юсупова . Адам анатомиясының практикумы . А. Мектеп . 1984.

3. Воробьев В .П. Атлас анатомии человека , тт 1-3 ; М-Л ., Мегдиз , 1938-1942.

4. Гримяцкий М. А. Анатомия человека . М.1950.

5. Иваницкий М. Ф. Анатомия человека. М 1965.

6. Курепина М. М., Воккен Г. Г. Анатомия человека. М. 1971.

7. Привес Г. М. Анатомия человека. Л. 1974.


Қосымша :

1. Анохин П.К. биология и нейрофизиология условного рефлекса . М. Медицина . 1968.

2. Асратян Э. А. Фи9зилогия центральной нервной системы . М. Медгиз. 1953.

3. Беленов Н. Ю. Условный рефлекс и подкорковые оброзования мозга . М. 1965.

4. Бенритов И. С. Структура и функции коры большого мозга . М. Наука . 1969.

5. Бруновт е.П. Малахова Г. Я. Основы анатомии, физиологии и гигиены .А .1970.

6.Гарибьян Р. Б. Марков Н . Г. Анатомия и физиология человека . А. 1973.

7. Гримяцкий М.А. Анатомия человека .М. 1970.

8.Кабанов А. Н. Чарбовская А.П. Анатомия , физиология и гигиена детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1969.

9.Леонтьева Н.Н. Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. М. Просвещение .1986.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
«Сырдария» университеті



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет