Лекциялар 15 с Лабораториялық сабақтар 15 с СӨЖ 30 с обсөЖ 30 с



бет7/13
Дата13.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#133545
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

ОБCӨЖ 5

Сабақтың тақырыбы


Қаңқа жүйесі, бас сүйек қаңқасы. Бет бөлімінің сүйектері.
Сабақтың мақсаты Студенттерді бас сүйегінің

қаңқасының бет бөлімі сүйектерін анықтауға

және сипаттауға үйрету.

Сабақтың мазмұны: Бас сүйек қаңқасы.

Бет бөлімі, оның сүйектерінің саны және орналасуы. Олардың құрылысы.

Жоғарғы жақ, денесі,маңдай,шықшыт,таңдай,алвеолярлы өсінділері;алдыңғы,самай асты,көз,мұрын беттері; көз асты шеті ,мұрын ойығы,,алдыңғы мұрын қыры,сүйір тіс шұңқыры, төмпек,альвеолярлы тесіктері,көз асты сайы мен каналы, көз жасы ойығы,кеуілжір жалы,альвеолярлы доға,мұрын қыры.

Төменгі жақ сүйегі:денесі және бұтақтары. Денесінің негізгі детальдары; негізі, иек асты қыры, альвеолярлы доға.Бұтақтары,буын және тәждік өсінділері,ойығы, бұрышы,төменгі жақ тесігі, бұлшық ет бұдырлары және шұңқыршалар,

Шықшыт сүйегі:латеральды,көз,самай беттері, маңдай,самай өсінділері шықшыт көз, шықшытжақ, шықшытсамай тесіктері.

Таңдай сүйегі: горизонтальды және вертикальды тақташалар; көз,сына,пирамида өсінділері; торлы,кеуілжірлі айдаршықтар; артқы,мұрын қыры.

Тіл асты сүйегі: денесі,үлкен және кіші мүйіздері

Кеңсірік;айдаршық,қанаттары.Төменгі мұрын кеуілжірі:көз жасы,жоғарғы жақ,торлы өсінділері.

Көз жасы сүйегі: мұрын сүйегі. Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысы.Негізі,ми жапқышы.Краниометрия вертикальды ,бетті9к,латеральды,шүйделік,базиллярлық нормалары.Негізгі краниометриялық нүктелер

Бас сүйектерінің бір-бірімен байланыстары:жіктер,буындар. Шұңқырлар мен тесіктер туралы түсінік.

СӨЖ- ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Бас сүйек қаңқасының бет бөлімі сүйектерін танып –білу үшін, ең алдымен, жеке сүйектерді олардың бөлімдерін бөліп алған жөн. Одан соң әр бөлімнің жеке детальдарын сыртқы бетінен бастап ми бетіне қарай қарастыра беру керек. Оқулықтардағы мәтіндермен жұмыс істеп, атлас кітабынан бүтін бас қаңқасындағы жеке бет сүйектерін тауып алу керек. Әрбір жеке сүйектің құрылысын зерттеу қажет. Үстіңгі жақ сүйегінің құрылысы мен пішініне аса маңыз аударып,оның адамға ғана тәндігіне,сонымен бірге төменгі жақ сүйегіндегі иегіне заманауи адамның белгілері ретінде аса көңіл бөлу қажет. Жұмыс барысында студент берілген сүйектің басқа қандай сүйектермен байланысатындығын есте сақтау керек.Жіктердің фиброзды байланыстардың бір түрі екендігін еске түсіріп,оларды пішіні және орналасуы бойынша атау керек.Негізгі краниометриялық нүктелерді атап,бас сүйектегі маңызды тесіктерді көрсете білу керек.



Оқу материалы : Бүтін бас сүйек қаңқасы, бас сүйектің горизонтальды кесіндісі, жеке бет бөлімі сүйектері.

Бақылау сұрақтары :

Висцеральды бассүйек қаңқасының жалпы сипаттамасы.

Үстіңгі жақ сүйегінің құрылысы.

Астыңғы жақ сүйегінің құрылысы


Шықшыт сүйегінің құрылысы

Таңдай сүйегінің құрылысы

Тіл асты сүйегінің құрылысы

Кеңсірік сүйегінің құрылысы

Төменгі мұрын кеуілжірі,көз жасы,мұрын сүйектерінің құрылысы

Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысы

Ауа қойнаулары: орналасуы және қызметтері

Негізгі краниометриялық нүктелер

Вертикальды норма

Беттік норма

Латеральды норма

Шүйделік норма

Базиллярлық норма

Негізгі краниометриялық нүктелер және бас сүйектегі маңызды тесіктер

Сүйек байланыстары: жіктер және еңбектер.

Негізгі және қосымша түсініктер: Висцеральды бассүйек қаңқасы ауа(гаймор) қойнауы, альвеолярлы доға,мұрын қыры,кедір-бұдырлылық; жік,еңбек,норма, нүктелер.

ОБСӨЖ №6

Сабақтың тақырыбы:

Бұлшық ет жүйесі

Тұлғаның бұлшық еттері

Сабақтың мақсаты:Студенттерді арқа,көкірек пен құрсақтың негізгі қаңқа еттерін көрсетіп, еттердің бекіну орындарын және атқаратын қызметтерін білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: арқа,көкірек пен құрсақтың негізгі қаңқа еттері (аутохтондық) бұлшық еттер. Арқаның бұлшық еттері-омыртқаны тік ұстайтын еттер және ол еттердің трактылар құрайтын тарамдары;омыртқа –қабыртқа,арқаның жалпақ еті ,сегізкөз-осьтік ет.Көкіректің бұлшық еттері,ең ішкі қабыртқа асты еттері,ішкі және сыртқы қабыртқа аралық еттер; көлденең ет,көкет оның бөлімдері және тесіктері Бұғана асты,кіші көкірек,алдыңғы тіс тәрізді,алкен және кіші ромб тәрізді, жауырынды көтеретін ,трапеція тәрізді еттер. Құрсақтың бұлшық еттері:Ішкі және сыртқы қиғаш еттер;тік және көлденең еттер.Қарынның ақ сызығы.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Миология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Бұлшық еттердің жалпы құрылысы жоспарымен,олардың жіктелуімен,бұлшық ет талшықтарыныңерекшеліктерімен, бұлшық еттердің топтарға бөлінуімен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы арқа,көкірек пен құрсақтың негізгі бұлшық еттерін тауып, еттердің бекіну орындарын есте сақтау керек. Арқаның бұлшық еттері-омыртқаны тік ұстайтын еттер және ол еттердің трактылар құрайтын тарамдары;омыртқа –қабыртқа,арқаның жалпақ еті ,сегізкөз-осьтік ет.Көкіректің бұлшық еттері,ең ішкі қабыртқа асты еттері,ішкі және сыртқы қабыртқа аралық еттер; көлденең ет,көкет оның бөлімдері зертегенде олардың пайда болуын, тыныс алудағы атқаратын жұмысына тоқталу қажет.Құрсақтың бұлшық еттерінішкі және сыртқы қиғаш еттер;тік және көлденең еттерді зертегенде

орындарына, бұлшық ет талшықтарының ерекшеліктеріне, атқаратын жұмысына көңіл аудару қажет.

Бақылау сұрақтары:

Бұлшық еттер ұлпасы:көлденең жолақ бұлшық еттер ұлпасының ерекшеліктері

Бұлшық еттерің жіктелуі

Қаңқа бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметі

Бұлшық еттердің қосымша аппараты

Арқаның бұлшық еттері

Көкіректің бұлшық еттері

Құрсақтың бұлшық еттері


Негізгі түсініктер: Бұлшық еттер ұлпасы, қаңқа бұлшық еттері,талшықтар,эндомизий,перимизий,эпимизий,фасция,сіңір,апоневроз, бұлшық ет басы, бұлшық ет құрсағы,агонист,антагонист,синергист,фиксатор.

ОБСӨЖ №7

Сабақтың тақырыбы:

Бұлшық ет жүйесі

мойынның бұлшық еттері

Сабақтың мақсаты:Студенттерді бас пен мойынның негізгі қаңқа еттерін көрсетіп, еттердің бекіну орындарын және атқаратын қызметтерін білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Бұлшық ет жүйесі

Мойынның бұлшық еттері:тері асты еті,төс-бұғана-емізік еті,алдыңғы,ортаңғы және артқы сатылы еттер,белбеу еті,жартылай ості ет.Тіл асты сүйегінің үстіндегі еттер: иек асты тіл асты,жақ тіл асты,қос құрсақты, біз тіл асты .Тіл асты сүйегінің астындағы еттер:төс тіл асты,төс-қалқан, қалқан тіл асты, жауырын- тіл асты



Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Миология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Бұлшық еттердің жалпы құрылысы жоспарымен,олардың жіктелуімен,бұлшық ет талшықтарыныңерекшеліктерімен, бұлшық еттердің топтарға бөлінуімен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы мойынның бұлшық еттерін тауып, еттердің бекіну орындарын есте сақтау керек. Мойынның бұлшық еттерін зертегенде олардың артқы(арқа) және алдыңғы ,нағыз мойынның бұлшық еттері болып бөлінетіндігіне көңіл аудару қажет



Бақылау сұрақтары:

Бұлшық еттер ұлпасы:көлденең жолақ бұлшық еттер ұлпасының ерекшеліктері

Бұлшық еттерің жіктелуі

Қаңқа бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметі

Бұлшық еттердің қосымша аппараты

Бастың бұлшық еттері

Шайнау бұлшық еттері

Ымдау бұлшық еттері



Негізгі түсініктер: Бұлшық еттер ұлпасы, қаңқа бұлшық еттері,талшықтар,эндомизий,перимизий,эпимизий,фасция,сіңір,апоневроз, бұлшық ет басы, бұлшық ет құрсағы,агонист,антагонист,синергист,фиксатор.


ОБСӨЖ №8

Сабақтың тақырыбы:

Бұлшық ет жүйесі

Бастың бұлшық еттері

Сабақтың мақсаты:Студенттерді бас пен мойынның негізгі қаңқа еттерін көрсетіп, еттердің бекіну орындарын және атқаратын қызметтерін білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Бұлшық ет жүйесі

Бастың бұлшық еттері: шайнау және ымдау бұлшық еттері олардың қысқаша сипаттамасы. Шайнау бұлшық еттері;сыртқы,нағыз және самай;ішкі медиальды және латеральды қанатты. Ымдау бұлшық еттері олардың ерекшеліктері.Негізгі бұлшық еттер.Бассүйектің тері асты еті.оның құрсақтары,көздің шеңберлі еті,мұрын еті,алкен және кіші шықшыт еттері,Жоғарғы ерінді көтеретін ет,төменгі ерінді түсіретін ет,иек асты еті,кербез етіжәне кілкі еті,қасты түйетін және төмен түсіретін ет,құлақөқасы еттері,сон дай-ақ барлық шүйде асты еттері.



Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Миология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Бұлшық еттердің жалпы құрылысы жоспарымен,олардың жіктелуімен,бұлшық ет талшықтарыныңерекшеліктерімен, бұлшық еттердің топтарға бөлінуімен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы бастың және мойынның бұлшық еттерін тауып, еттердің бекіну орындарын есте сақтау керек. Шайнау және ымдау бұлшық еттерін зертегенде олардың пайда болуын жақ-самай буынында атқаратын жұмысына тоқталу қажет.Ымдау бұлшық еттердің бекіну орындарына, бұлшық ет талшықтарының ерекшеліктеріне,олардың табиғи тесіктердің айналасында орналасуына көңіл аудару қажет.



Бақылау сұрақтары:

Бұлшық еттер ұлпасы:көлденең жолақ бұлшық еттер ұлпасының ерекшеліктері

Бұлшық еттерің жіктелуі

Қаңқа бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметі

Бұлшық еттердің қосымша аппараты

Бастың бұлшық еттері

Шайнау бұлшық еттері

Ымдау бұлшық еттері



Негізгі түсініктер: Бұлшық еттер ұлпасы, қаңқа бұлшық еттері,талшықтар,эндомизий,перимизий,эпимизий,фасция,сіңір,апоневроз, бұлшық ет басы, бұлшық ет құрсағы,агонист,антагонист,синергист,фиксатор.

ОБСӨЖ №9

Сабақтың тақырыбы:

Бұлшық ет жүйесі

Қолдың бұлшық еттері

Сабақтың мақсаты:Студенттерді жоғарғы иық буыны мен ер кін қолдың негізгі қаңқа еттерін көрсетіп, еттердің бекіну орындарын және атқаратын қызметтерін білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Жоғарғы иық буыны еттері дельта тәрізді,жал асты,жал үсті, көкіректің алкен,арқаның жалпақ,үлкен және кіші жұмыр,жауырын асты еттері.Шынтақ буынының еттері:иықтың екі басты еті, білек еті, иықтың үш басты еті,шынтақ еті,жұмыр және текше пронатор, супинатор.

Шыбық білезік буынының еттері: саусақтың шынтақ және шыбық бүккіш еттері саусақтың шынтақ және шыбық жазғыш еттері

Қол басының еттері олардың орналасуы және атқаратын қызметтері.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Миология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы : жоғарғы иық буыны еттері, шыбық- білезік буынының еттері, қол басының еттерін тауып, еттердің бекіну орындарын есте сақтау керек. Жоғарғы иық буыны еттерін зертегенде олардың пайда болуын жауырын-тоқпан жілік буынында атқаратын жұмысына тоқталу қажет.Шыбық- білезік буынының еттерінің бекіну орындарына, бұлшық ет талшықтарының ерекшеліктеріне, олардың шыбық- білезік буынының айналасында орналасуына көңіл аудару қажет. Қол басының еттерін зертегенде олардың білезік,алақан,саусақ бұлшық еттері болып бөлінетіндігіне көңіл аудару қажет



Бақылау сұрақтары:

Жоғарғы иық буыны еттері

. Шынтақ буынының еттері

Иықтың екі басты еті

Білек еті

Иықтың үш басты еті

Шынтақ еті

Жұмыр және теше пронатор, супинатор.

Шыбық білезік буынының еттер

Қол басының еттері

Білезік,алақан,саусақ бұлшық еттері

Негізгі және қосымша түсініктер: агонист,антагонист,синергист,фиксатор.

флексор,экстенсор,абдуктор,аддуктор,пронатор,супинатор



ОБСӨЖ №10

Сабақтың тақырыбы:

Бұлшық ет жүйесі

Аяқтың бұлшық еттері

Сабақтың мақсаты:Студенттерді төменгі белдеу қаңқасыеттері мен ер кін аяқтың негізгі қаңқа еттерін көрсетіп, еттердің бекіну орындарын және атқаратын қызметтерін білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны:Төменгі белдеу қаңқасы еттері:жамбас-ортан жілік буынының еттері мықын-бел еті және оның тарамдары, үлкен,орташа және кіші бөксе еттері. үлкен,орташа және кіші аддукторлар алмұрт тәрізді ет,Тізе буынының еттері:санның екі басты еті,тігінші еті, санның төрт басты етіжәне оның бастары,жартылай сіңірлі ,жартылай жарғақты еттер балтыр еті.

Сирақ толарсақ буынының еттері:балтырдың үш бастр еті және оның тарамдары,артқы асық жілік еті ,үлкен және кіші шыбық еттері,саусақтарды жазатын ұзын ет.

Аяқ басының еттері олардың орналасуы және атқаратын қызметтері.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Миология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы : төменгі белдеу қаңқасы ,тізе буынының еттеріирақ толарсақ буынының еттері,аяқ басының еттерінтауып, еттердің бекіну орындарын есте сақтау керек. Төменгі белдеу қаңқасын зерттегенде олардың пайда болуын, жамбас-ортан жілік буынында атқаратын жұмысына тоқталу қажет. Тізе буынының еттерінің бекіну орындарына, бұлшық ет талшықтарының ерекшеліктеріне, олардың тізе буынының айналасында орналасуына көңіл аудару қажет. Аяқ басының еттері зертегенде олардың толарсақ,табан,башпай бұлшық еттері болып бөлінетіндігіне көңіл аудару қажет



Бақылау сұрақтары:

Төменгі белдеу қаңқасы еттері

Жамбас-ортан жілік буынының еттері

Тізе буынының еттері

Сирақ толарсақ буынының еттері

Аяқ басының еттері

Толарсақ бұлшық еттері

Табан бұлшық еттері

Башпай бұлшық еттері



Негізгі және қосымша түсініктер: агонист,антагонист,синергист,фиксатор.

флексор,экстенсор,абдуктор,аддуктор,пронатор,супинатор



ОБСӨЖ №11

Сабақтың тақырыбы:

Ас қорыту жүйесі

Ауыз қуысы. Жұтқыншақ. Өңеш.

Сабақтың мақсаты:Студенттерді ас қорыту жүйесінің мүшелерін атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Ас қорыту жүйесі: түтікті және безді бөлімдері. Ас қорыту түтігінің жалпы құрылысы.Сілемейлі қабат ,сілемейлі асты қабаты, бұлшық ет қабаты,адвинтициялық немесе серозды қабат.Ауыз қуысы :ауыз қуысының кіре берісі және нағыз ауыз қуысы. құрылысы еріндер,иек,ұрттар,тістер. Нағыз ауыз қуысы.қатты таңдай мен жұмсақ таңдай, таңдай пердесі, таңдай доғашықтары,бадамшалар,ауыз диафрагмасы.Тістің формуласы,тістің құрылысы:бөлімдері(түбірі,мойны,сауыты)бестері және заттары,(дентин,цемент,эмаль,пульпа.).Тіл:шеттері ,ұшы арқасымен денесі соқыр тесікті түбірі,бадамшалар.Тіл емізікшелері олардың түрлері. Тіл бұлшық еттері .Жұтқыншақ:топографиясы,піші ні, бұлшық еттері,қысқыштар және жұтқыншақты көтергіштер.Өңеш: топографиясы,піші ні,ұзындығы,мойын,көкірек,құрсақ бөлімдері.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшет тер, формалинге салдынған мүшелер,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер..

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілері9ндегі “Ас қорыту жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалингге салынған ас қорыту мүшелерін атап, есте сақтау керек.Студенттер ас қорыту түтігінің жалпы құрылысы көз алдарына нақты елестете білу керек.Қабаттарды қабықтармен шатастырмау керек .Жұтқыншақтың құрылысын қарастырғанда мунда асқорыту және тыныс алу жолдарының айқасатындығын есте сақтау керек. Студенттер жұтқыншақтың және өңештің қабырғаларында фолликулдер түрінде жиналған лимфоидты ұлпаның барлығына көңіл бөлу керек.



Бақылау сұрақтары:

Ас қорыту жүйесі жалпы сипаттама.

Ас қорыту түтігінің жалпы құрылысы.

Ауыз қуысы бөлімдері

Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысы

Ауыз қуысының кіре берісі

Нағыз ауыз қуысы

Жұтқыншақ құрылысы

Өңеш құрылысы
Негізгі және қосымша түсініктер: Ас қорыту жүйесі Сілемейлі қабат эпителиальды қабат,нағыз дәнекер ұлпалы қабат, бұлшық ет қабаты, сілемейлі асты қабаты, адвинтиция, серозды қабат . Тістіңтүбірі,мойны,сауыты, тістің заттарыдентин,цемент,эмаль,пульпа.Тілдің шеттері ,ұшы арқасы,денесі соқыр тесікті түбірі,бадамшалар. Қатты таңдай мен жұмсақ таңдай, таңдай пердесі, таңдай доғашықтары: Жұтқыншақ фолликулдер; лимфоидты ұлпа. Өңеш: мойын,көкірек,құрсақ бөлімдері.

ОБСӨЖ №12

Сабақтың тақырыбы:

Ас қорыту жүйесі

Асқазан.Ішектер

Сабақтың мақсаты:Студенттерді ас қорыту жүйесінің мүшелерінің ішіндегі асқазан мен ішектерді атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Асқазан : топографиясы,піші ні ,вентралдыв және дорсалды бестері,медиалды және латералды шеттері, бөлімдері:кардиалды бөлімі,түбі; денесі,пилорикалық бөлімі . Қабырғасының құрылымдық ерекшеліктері: энтодермалды эпителий, сілемейлі қабат қатпарлары, асқазан аймақтары, асқазан шұңқырлары. Асқазан бездерінің құрылысы,олардың бөлімдері, түбі,денесі,мойны,шығанағы. Бездер топтары: фундалды,кардиалды,пилорикалық.

Жіңішке ішек оның бөлімдері:ұлтабар,ащы,мықын ішектер. Қабырғасының құрылысы: құрылымдық –функционалдық ерекшеліктері.Бүрлер мен микробүрлердің құрылысы, Қабырғалық ас қорыту туралы түсінік.Қатпарлардың құрылысы.

Тоқ ішек : оның бөлімдері соқыр ішек және құрт тәрізді өсінді, Жиек ішек, оның бөлімдері,тік ішек. Қабырғасының құрылының ерекшеліктері,бүрлерінің болмауы,гаустрлардың,ұзына бойы ет ленталарының болуы.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшет тер, формалинге салдынған мүшелер,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер..

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Ас қорыту жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалингге салынған ас қорыту мүшелерін атап, есте сақтау керек.Студенттер асқазан мен ішектердің жалпы құрылысы көз алдарына нақты елестете білу керек.Асқазанның құрылысын қарастырғанда мұндағы бездердің клеткалық құрамына назар аудару керек.Сонымен қатар бұл мүшелердің абырғаларының үш қатарбұлшық ет қабаттарынан тұратындығын(тік,шеңберлі,қиғаш) есте сақтау керек. Студенттер ішектердің құрылысын қарастырғанда олардың : құрылымдық –функционалдық бірліктеріне; бүрлеріне ,қатпарларына көңіл бөлу керек.Тоқ ішектің құрылысын қарастырғанда гаустрларға, құрт тәрізді өсіндіге бадамша ретінде қарау керек.



Бақылау сұрақтары:

Асқазанның жалпы құрылысы

Асқазанның бөлімдері

Асқазан бездерінің құрылысы

Жіңішке ішек: оның бөлімдері

Ұлтабар,ащы,мықын ішектер

Тоқ ішек : оның бөлімдері

Соқыр ішек және құрт тәрізді өсінді

Жиек ішек, оның бөлімдері,тік ішек

Негізгі және қосымша түсініктер: Асқазан;кардиалды бөлімі, асқазан шұңқырлары ,асқазан аймақтары. Жіңішке ішек ,ұлтабар ,ащы,мықын ішектер. Тоқ ішек; соқыр ішек және құрт тәрізді өсінді. Жиек ішек ,тік ішак.

ОБСӨЖ №13

Сабақтың тақырыбы:

Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту жүйесінің бездері

Сабақтың мақсаты:Студенттерді ас қорыту жүйесінің мүшелерінің ішіндегі ас қорыту жүйесінің бездеріні атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Ас қорыту жүйесінің бездері Ас қорыту жүйесінің бездері: үлкен және кіші сілекей бездері,бауыр ,ұйқы безі. Сіекей бездері кіші(ерін,ұрт,тіл,таңдай,молярлы) және алкен:құлаққасы,тіласты,жақасты.Ортақ құрылыс жоспары шеткісекреторлы бөліктері,өзектер жүйесі Құллаққасы безі топографиясы, құрылысы,капсула,бөліктері. Тласты және жақасты бездері құрылысы, капсула, секреторлы бөліктері

Бауыр: топографиясы, вентралды және дорсалды шеттері,көкеттік және висцералдық бестері мен ойындылары,глиссон капсуласы,орақ тәрізді жәнежұмыр байламдары, сагитталды және көлденең сайлары;оң, теше,құйрықты және солбөліктері, бауыр қақпасы.Строма және паренхимаСектор және сегмент жөнінде түсінік: Бауырдың құрылымдық –функционалдық бірлігі-ацинус, құрылысы , піші ні

Өт қабы; топографиясы, бөліктері,түбі Денесі ,мойны,құйрығы,жоғарғы және төменгі шеттері., вентралды және дорсалды беттері, алвеолярлы типті құрылысы. Капсула,трабекула,мүшенің стромасы және паренхимасы.Шығару өзектерінің жүйесі.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшет тер, формалинге салдынған мүшелер,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Ас қорыту жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалингге салынған ас қорыту бездерін атап есте сақтау керек. Студент тер ас қорыту жүйесінің бездерінің жалпы құрылысы көз алдарына нақты елестете білу керек. Бауырдың құрылысын қарастырғанда мұндағы қақпа венасымен қатар қақпа артериясы да кіретіндігін еске сақтап гепатоциттер ар алас қан мен жуылатындығын ұмытпау керек.Үлкен сілекей бездерінің құрылысмын талдап ,олардың ауыз қуысы сілемейлі қабатының туындылары екендігін есте ұстаған жөн. Студент тер бездердің клеткалық құрамына назар аудару керек.Сонымен қатар өт қабының қызметі өтті концентрлеу екендігін есте ұстаған абзал.



Бақылау сұрақтары:

Ас қорыту жүйесінің бездері

Үлкен және кіші сілекей бездері

Ерін,ұрт,тіл,таңдай,молярлы бездері

Құлаққасы,тіласты,жақасты бездері

Бауырдың жалпы құрылысы.

Бауыр қақпасы

Ұйқы безі

Өт қабы

Капсула,трабекула,мүшенің стромасы және паренхимасы



Негізгі және қосымша түсініктер: : Ас қорыту жүйесінің бездері, сілекей бездері, Құллаққасы безі, тіласты,жақасты бездері, Ерін,ұрт,тіл,таңдай,молярлы бездері бауыр ,ұйқы безі Строма және паренхима. Сектор және сегмент, ацинус. Өт қабы, трабекула,мүшенің стромасы және паренхимасы

ОБСӨЖ №14

Сабақтың тақырыбы:

Тыныс алу жүйесі

Жоғарғы тыныс жолдары.

Сабақтың мақсаты:Студенттерді тыныс алу жүйесінің мүшелерінің ішіндегі жоғарғы тыныс жолдарына жататын мұрын қуысы,

көмекей сияқты мүшелерді атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.



Сабақтың мазмұны: Тыныс алу жүйесі:оның ауа алмасу, иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтері.Тыныс мүшелері: мұрын қуысы,көмекей,кеңірдек,екі бронхы және екі өкпе.Тыныс алу жүйесінің бөлімдері: ауа өтетін жолдар және өкпенің альвеолары. Мұрын қуысының жоғарғы,төменгі және екі бүйір қабырғалары.

Мұрынның пердесі, оның сүйекті, шеміршекті бөліктері. Мұрынның кілегейлі қабаты.Мұрын қуысы: оның ауа жүретін жолдары:жоғарғы,ортаңғы,төменгі мұрын қолқандары. Мұрын қуысының тыныс және иіс сезу бөлімдері.Мұрынның артқы тесіктері.Көмекей-тыныс жолы әрі дыбыс шығаратын негізгі мүше . Көмекейдің қалқандық қыры.Көмекейдің шеміршектері. Тақ шеміршектері: қалқан шеміршек,сақина тәрізді шеміршек,көмекей қақпағы.Жұп шеміршектері:қалақша тәрізді,мүйіз тәрізді,сына тәрізді шеміршектер.

Көмекей қуысының бөліктері.Дыбыс сіңірлері.Дыбыс саңылауы Көмекейдің бұлшық еттері.Тұтасымен қимылдайтын бұлшық еттер.Дара қимылдайтын және меншікті бұлшық еттер,қақпақшаның бұлшық еттері, дыбыс аппараты бұлшық еттері. Дыбыс аппараты басқаратын бұлшық еттер:дыбыс саңылауын тарылтатын бұлшық еттер,дыбыс саңылауын кеңейтетін бұлшық еттер,дыбыс байламдарын керетін бұлшық еттер,дыбыс байламдарын босататын бұлшық еттер.

Көмекейдің ішкі кілегейлі қабаты. Дыбыс байламы



Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшет тер, формалинге салдынған мүшелер,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “ тыныс алу жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалинге салынғантыныс алу мүшелерінің аттарын атап есте сақтау керек. Студенттер тыныс алу жүйесінің мүшелерінің ішіндегі мұрын қуысы,жұтқыншақ пен көмекейдің жалпы құрылыстарын көз алдарына нақты елестете білу керек.Көмекейдің құрылысын қарастырғанда оны құрайтын шеміршектерді ажырата біліп,олардың құрылыс ерекшеліктерін еске сақтап шеміршектердің бір бірімен қалай байланысатынын ұмытпау керек. Студенттер тыныс алу жүйесінің мүшелерінің клеткалық құрамына назар аудару керек.Сонымен қатар көмекейдің қызметі тыныс алумен қатар дыбыс шығару екендігін де есте ұстаған абзал.



Бақылау сұрақтары:

Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу жүйесінің бөлімдері

Тыныс мүшелері

Мұрын қуысы,

Мұрынның пердесі, оның сүйекті, шеміршекті бөліктері

Көмекейдің құрылысы мен қызметі

Көмекейдің шеміршектері

Кеңірдектің құрылысы мен қызметі

Негізгі және қосымша түсініктер: Тыныс алу жүйесі.Тыныс мүшелері: мұрын қуысы,көмекей, ауа өтетін жолдар

Мұрынның пердесі, мұрын қолқандары. Көмекей. Көмекейдің қалқандық қыры.Көмекейдің шеміршектері:қалқан шеміршек,сақина тәрізді шеміршек,көмекей қақпағы,қалақша тәрізді,мүйіз тәрізді,сына тәрізді шеміршектер.Дыбыс сіңірлері.Дыбыс саңылауы.Қақпақшаның бұлшық еттері, дыбыс аппараты бұлшық еттері. Дыбыс аппараты .

Дыбыс байламы

Кеңірдек 6-шы мойын омыртқаның тұсынан сақина тәрізді шеміршектен басталып,4-ші көкірек омыртқа тұсында аяқталады.Осы жерден кеңірдек оң және сол бронхыға бөлінеді. Кеңірдектің екіге бөлінген жерін кеңірдектің бифуркациясы дейді.

Кеңірдек 16-20-ға жуық гиалинді шеміршекті сақиналардан тұрады.ұзындығы 9-10 см,ені 1,5 см. Сақиналар сіңір байлам арқылы жалғанып тұрады. Кеңірдектің мұндай құрылысы ауаның еркін өтуіне жағдай жасайды.

Сақиналы байлам басты бұру үшін созу үшін, кеңірдектің ұзаруына қысқаруына жағдай жасайды.

Бронхылар құрылысы жағынан кеңірдекке ұқсас.Оң жақ бронхы-қысқа әрі жуан,ұзындығы3см,6-8 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады. Сол жақ бронхы-ұзын әрі жіңішке,ұзындығы 4-5 см,-9-12 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады.

Өкпе –тыныс алу мүшесі.Адамның өкпесі екеу болады, кеуде қуысының екі жағына толып орналасады.Екі өкпені бронхылар қосып тұрады.Өкпе конус тәрізді болып келеді. Өкпенің бұғана сүйегі жағындағы жерін ұшы деп ,ал диафрагмаға тиіп тұратын етегін негізі деп атайды. Өкпенің қабырғаға жанасып тұрған беті дөңес,жүрекке жанасып тұрған беті –ойыс болады.Екі өкпенің арасын өкпе аралық қуыс дейді.Оң өкпе сол өкпеге қарағанда үлкендеу.

Өкпенің ішкі бетіндегі бронхылар ,артериялар кіретін және вена мен лимфа тамырлары шығатын жерін өкпе қақпасы деп аталады. Өкпенің терең сайлары болады .Олар өкпені бірнеше бөліктерге бөліп тұрады.Оң өкпе үш бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы,ортаңғы төменгі бөлімдер деп атайды.

Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы, төменгі бөлімдер деп атайды. Бронхылар өкпеге кіретін жерінде бөлінеді.Оң бронхы 3 бұтаққа , сол бронхы 2 бұтаққа бөлініп ,өкпе бөліктеріне қарай барады. Бронхылар әрі қарай бұтақталған сайын тарамы жіңішкеріп, саны көбейе береді.

Осылайша үшінші рет пайда болған бронхыларды сегментарлы деп атаймыз.Бұдан кіші бронхыларды бронхиолалар деп атаймыз.

Респираторлық бөлімнің функциялық-анатомиялық бірлігіе –ацинус түзеді.Ацинустар жиынтығынан –бөлекшелер, бөлекшелерден сегменттер, сегменттерден –бөліктер ,ал бқліктерден тұтас өкпе құралады.Өкпенің ацинустық күмбездерінде ғана газдардың алмасуы жүреді.

Плевра -өкпенің сыртқы сір қабаты. Плевра өкпені

Сыртынан қаптап жатады.Егер плевра өкпенің сыртын жауып жатса ,өкпелік(висцералды),ал егер кеуденің қуысын астарлап жатса париеталды немесе қабыртқалық плевра деп атаймыз.Бұл екі плевра арасында плевра аралық қуысы болады.Плевра қуысында аздаған сұйықтық бар, сондықтан плевраның беті дымқыл болады.Өкпе қимылдағанда бір-біріне қажалмайды.

Өкпенің көкет жанынан да қосымша плевралық қуыс қойнаулары бар..Ол өкпенің етегінде қабыртқа плеврасы мен көкет плеврасының аралығында болады.Осы қуысқысымы сыртқы атмосфералық қысымнан төмен болады.

ОБСӨЖ №15

Сабақтың тақырыбы:

Тыныс алу жүйесі

Төменгі тыныс жолдары және өкпе.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді тыныс алу жүйесінің мүшелерінің ішіндегі төменгі тыныс жолдарына жататын кеңірдек пен бронхылар және тікелей газ алмасу жүретін мүше- өкпе сияқты мүшелерді атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны:

Кеңірдек. Кеңірдектің бифуркациясы . Кеңірдектің гиалинді шеміршекті сақиналары, олардың сіңір байлам арқылы жалғанып тұруы.Сақиналы байлам .Бронхылар, олардың құрылысы .Оң жақ бронхы. Сол жақ бронхы. . Бронхылардың бұтақтануы. Сегментарлы бронхылар. Бронхиолалар.

Өкпе –тыныс алу мүшесі.Өкпенің пішіні. Өкпенің ұшы,негізі . Өкпенің беттері.Өкпе аралық қуыс .Өкпе қақпасы. Өкпенің терең сайлары .Оң өкпе бөліктері.Сол өкпе бөліктері.

Респираторлық бөлімнің функциялық-анатомиялық бірлігі –ацинус .Ацинустар жиынтығы –бөлекшелер, сегменттер,бөліктер .Өкпенің ацинустық күмбездері.

Плевра -өкпенің сыртқы сір қабаты. Өкпелік(висцералды) және париеталды немесе қабыртқалық плевра Плевра аралық қуыс.Плевра сұйықтығы.Өкпенің қосымша плевралық қуыс қойнаулары.


Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер, формалинге салдынған тыныс мүшелері,өкпе,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар: Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “ тыныс алу жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалинге салынғантыныс алу мүшелерінің аттарын атап есте сақтау керек. Студенттер тыныс алу жүйесінің мүшелерінің ішіндегі кеңірдек пен өкпенің жалпы құрылыстарын көз алдарына нақты елестете білу керек.Кеңірдектің құрылысын қарастырғанда оның жартылай сақиналы шеміршектерден тұратынына өңіл бөліп,бұның ауаны еркін өткізу үшін солай қалыптасқандығына назар аудару керек.Өкпенің бөліктеріне,оның сыртқы қабаты плевраның құрылысына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Студенттер тыныс алу жүйесінің мүшелерінің клеткалық құрамына назар аудару керек.Тыныс алу мен шығаруда плевраның алатын ролін жете түсіну қажет.



Бақылау сұрақтары:

Кеңірдектің құрылысы мен қызметі

Бронхылар, олардың құрылысы

Бронхылардың бұтақтануы.

Сегментарлы бронхылар.

Бронхиолалар.

Өкпенің құрылысы мен қызметі

Плевраның құрылысы мен қызметі



Негізгі және қосымша түсініктер: Кеңірдек. Кеңірдектің бифуркациясы . Сақиналы байлам .Бронхылар,сегментарлы бронхылар. Бронхиолалар. Өкпе. Өкпенің ұшы,негізі .Өкпе аралық қуыс .Өкпе қақпасы. Өкпенің терең сайлары .Ацинустар ,бөлекшелер, сегменттер,бөліктер .Өкпенің ацинустық күмбездері.Плевра,өкпелік(висцералды) және париеталды немесе қабыртқалық плевра .Плевра аралық қуыс.Плевра сұйықтығы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі


1. Жандар Керімбектің Ермаханы.Тәнтану. А. 2004

2. А.Р.Рахышев .Адам анатомиясы А.2005.1-2 тт

М. Юсупова . Адам анатомиясының практикумы . А. Мектеп . 1984.

3. Воробьев В .П. Атлас анатомии человека , тт 1-3 ; М-Л ., Мегдиз , 1938-1942.

4. Гримяцкий М. А. Анатомия человека . М.1950.

5. Иваницкий М. Ф. Анатомия человека. М 1965.

6. Курепина М. М., Воккен Г. Г. Анатомия человека. М. 1971.

7. Привес Г. М. Анатомия человека. Л. 1974.


Қосымша :

1. Анохин П.К. биология и нейрофизиология условного рефлекса . М. Медицина . 1968.

2. Асратян Э. А. Фи9зилогия центральной нервной системы . М. Медгиз. 1953.

3. Беленов Н. Ю. Условный рефлекс и подкорковые оброзования мозга . М. 1965.

4. Бенритов И. С. Структура и функции коры большого мозга . М. Наука . 1969.

5. Бруновт е.П. Малахова Г. Я. Основы анатомии, физиологии и гигиены .А .1970.

6.Гарибьян Р. Б. Марков Н . Г. Анатомия и физиология человека . А. 1973.

7. Гримяцкий М.А. Анатомия человека .М. 1970.

8.Кабанов А. Н. Чарбовская А.П. Анатомия , физиология и гигиена детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1969.

9.Леонтьева Н.Н. Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. М. Просвещение .1986.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

“Сырдария” университеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет