Лекциялар: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/8
Дата14.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#135425
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті


“Экономика және құқық” факультеті

“Құқық” кафедрасы

“Құқық социологиясы” пәні бойынша

050301 “Заңтану” мамандығының студенттері үшін

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай 2007 ж.

9. лекция сабақтары

І-лекция.

Тақырып: Социология ғылымының қалыптасуы мен дамуы
(1 сағат)

Жоспар:

1. Социология тарихы

2. Шетел социологтарының көз қарастары


Лекцияның мәтіні:

Социологияның ғылымының тарихын шартты түрде үшке бөліп қарастыруға болады: 1) Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар; 2) Орта ғасыр және жаңа дәуір социологиясы; 3) Қазіргі заманғы социология.

Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар грек философтары Платон (б.з.д. 428/427-348/347) мен Аристотель (б.з.д. 384-322) есімдерімен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды одар әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түзді.

Платонның “Мемлекетті” жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек болып саналады. Оның негізгі тұжырымы әлеуметтік проблемаларды сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетілген мемлекетті негіздеп құруға болады дегенге саяды.

“Қоғам басшысынан бастап бұзылады” деп білген Платон зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. “Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел”. Платонның ойынша, мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді. “Тек осындай мемлекетте ғана шын мәнінде бай адам, алтынға емес, қайырымдылық пен парасатқа бай адам билік жасайды. Егер кедейлер мен қолында байлығы жоқтар өзіне мол үлес алу мақсатымен қоғамдық игіліктерге ұмтылса, ол жақсылыққа апармайды. Билік үй-ішілік кикілжің сияқты ереже құралына айналады; билікке таласушылардың арасындағы өзара қырқыс олардың өздерін де, өзгелерді де қажытып құртады”.

Сөйтіп, Платонның әлеуметтік тұжырымдамасында бөлшек пен бүтіннің өзара қарым-қатынасы күйінде болатын саяси тұлғалардың типі мен бүтіннің өзара қарым-қатынасы толығырақ талданған. Мемлекеттік құрылысты түсіндіру кілтін адамның болмысынан, ал мемлекеттің сипатын саяси қайраткерлердің типтік белгілерінен іздеу керек деп саналып келді.

Мемлекеттегі қоғам мен қалыптасқан қайраткер идеялары Аристотель шығармаларында одан әрі дамытылады, “Біздің сеніміміз бойынша,-деп жазды ол, кез келген тіршілік иесі бойынан қожайындық сезіммен саяси билікті көруге болады. Жан денеге қожайындық етеді, ал ақыл-ой мемлекет қызметшісі сияқты біздің талпыныстарымызға билік жасайды. Бұл жерде сенің жанның қарамағында болғаныңның, ал ашу сқан кезде дене бөліктерінің ақыл-ойға бағынғанының табиғи да пайдалы екендігі көрінеді”.

Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттікке жету болып табылады.

“Кез келген мемлекеттің адамдары негізгі үш категорияға: байлар, орташаларға, кедейлерге бөлінеді” дейді ол. Аристотель адамдардың байлығына қарай жікке бөлінуі, олардың өз мүдделерін қорғап күресуі мемлекеттің іргесін шақалтатын әлеуметтік қырқысуларға апарып соқтыратынын атап көрсетті. Мемлекет, Аристотельдің айтуынша, адамдарға үстемдік етіп тұратын тұтастық.

Француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857) “Позитивтік философия курсы” (1942) атты еңбегінде “социология” терминің алғаш рет ғылыми айналымға енгізді.

Конт социологияны әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика деп үлкен екі тарауға бөлді. Біріншісі қоғамдық жүйенің өмір сүру шарттары мен заңдарын, ал екіншісі қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын, ал екіншісі қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын зерттейді.

Француз социологы, әлеуметтік психологияның негізін салушылардың бірі – Габриэл Тард (1843-1904) қоғамды клеткалары индивиттердің миы болып табылатын үлкен миға теңейді. Ол ұжымдық сананы жеке саналар факторы емес, дербес функциясы санады, ал психологияны әлеуметтік құбылыстарды түсіну кілті деп есептеп, біздің “мен” мен басқалардың “менінің” арасындағы қарым-қатынастарды, олардың бір-біріне өзара әсерін зерттейтін әлеуметтік немесе ұжымдық психологияның негізін қалауға әрекеттенді. Тард бұл қатынастарды индивидтерді наным – сенімдерінің, ықылас-ниеттерінің, т.б. басқаларға берілуі, қабылдануы деп ұқты.


Француз социология мектебіннің негізін қалаушы Эмил Дюркгейм (1858-1917) социологияны қоғам туралы басқа ғылым салаларынан ажыратып, жеке ғылым етіп негіздеуге, қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарын тек социология тұрғысынан түсіндіруге ұмтылды. Эмил Дюркгейм “Социология” атты еңбегінде фактілер категориясы өзіне ғана тән ерекшеліктерімен ғана айқындалатындығын, ал олардың индивидтен тысқары, күштеумен тағылатын ойлау, іс - әрекет, сезіну тәсілдерімен байланысты екендігін жазады.

Макс Вебердлің (1864-1920) теориясындағы өзекті мәселе: адамдардың өзара күрделі қарым – қатынастары жүйесінің салдары болып табылатын әлеуметтік әрекеттерді қоғамдағы индивидтер мінез – құлқының қарапайым түрлерінен бөліп қарастыру болды. Оның ілімі бойынша, қоғам әрқайсысы өздерінің мақсаттарына жету үшін әрекеттенуші индивидтерлің жиынтығынан тұрады. Жекелеген индивидтердің іс-әрекеттері бірігіп, соның негізінде серіктестіктер (топтар немесе қоғам) пайда болды.

“Вебер ойларының өзектілігі”, ең алдымен оның нақтылы зерттеулерінде, жалпы теориялық тұжырымдарында көрініс тапқан жаңа дәуірдің сипатымен тығыз байланысты. Әлеуметтік білімдердің белгілі бір жаңа типі М.Вебердің еңбектерінде айқын көрінеді.

Батысқа кетіп АҚШ-та жұмыс істеген белгілі социолог Питирим Сорокин (1889-1968) эмпириялық социологияны тар тақырыптылығы, әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамти алмайтындығы үшін сынады. Ол әлеуметтік әрекеттілік пен әлеуметтік стратификацмяны эмпириялық тұрғыдан зерттеп, оларды ауқымды әлеуметтік құрылымға апарып “тіленді”, қоғамдық құбылыстарды оның өмір сүруімен тығыз байланыстыра қарастырады. П.Сорокин әлеуметтік институттардың қоғамның икемділігіне қарай әсер ететіндігіне назар аударды.

П.Сорокин қоғамдағы өзгерістерді түсіндіруге көмектесетін теориялық тұжырымдамалардың авторы ретінде де белгілі. Солардың бірі әлеуметтік мәдениет динамикасы тұжырымдамасы бойынша, екіншісі – интегралдық типі тұжырымдамасы. Біріншісі бойынша, ол тарихи процесті әрқайсысы белгілі бір тұтастыққа ие мәдениеттер типінің қозғалысы деп түсіндіруге ұмтылады. П.Сорокин мәдениеттің үш түрін: сезімдік, рационалдық, идеалистік түрлерін атап көрсетеді.

Міне, біз социология ғылымының қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасап, қазіргі заманғы деңгейіне дейін келдік.



ІІ-лекция.

Тақырып: Социологияның зерттеу нысаны мен пӘні
(1 сағат)

Жоспар:

1. Социологияның зерттеу нысаны

2. Социологияның зерттеу пәні

Лекцияның мәтіні:

Социологияны зерттеу нысаны – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары. Ғылыми танымдық және практикалық мақсаттарға қарай бір нысанда бірнеше зерттеу пәндері болуы мүмкін.

Нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін сот социологиясын зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Практикалық әлеуметтік істердің нәтижелі болуына көмектесу оның табиғатын, пайда болу жағдайларын, егер олар бұрын белгісіз болса, түсіндіру қажет. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу - зерттеу нысаның бөліп алуға онтологиялық негіз болады.

әлеуметтік нысандардың даму және өмір сүруінің объективті заңдылықтарын анықтау мақсатында алға қойылған теориялық – бағдарлық әлеуметтік зерттеулердің пәні эмпириялық шындықтың елеулі қасиеттері мен өзара байланыстарын теориялық анықтамалар мен ұғымдар түрінде түсіндіреді. Ал мақсаты әлеуметтік күйлер мен процестерді іс жүзінде басқару болып қолданбалы социологиялық зерттеулердің пәні, керісінше, ұғынылған нысаннан өмір шындығына кету түрінде болады.

Социология – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелерінің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, қалықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.

Социолгияны қоғамдық өмірдің бір ғана саласымен шектеуге болмайды. Мысалы, экономикаға ғылымдарының зерттеу пәні материалдық игіліктерді өндіру, оларды айырбастау, бөлу және тұтыну процестері болмаса, саяси ғылымдар мемлекеттік институттардың басқару, өмір сүру, билік құру, түрлі әлеуметтік топтардың арасында билікті бөлу сияқты күрделі саяси процестерді, тарих ғылымдары тарихи өзгерістер процесін зерттейді. Ал социологияның зертеу нысаны – жоғарыда атап өткеніміздей, индивиттердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.

П.Сорокин ұзақ жылғы ғылыми ізденістерінің барысында социологияның пәні мәселесіне әлденеше рет қайта соғып, “Түрлі теориялық методологияның шекарасы мен пәні” (1913) атты арнайы жазылған көлемді мақаласында, “Қылмыс пен жаза” (1914), “Социология жүйесі” (1920) кітаптарының жек тарауларында бұл мәселеге тоқталды. Оның бұл мәселе туралы зерттеулері пікірлерінің сабақтастығымен, жүйелілігімен талдауларының жаңашылдығымен ерекшеленеді. П.Сорокин “Социология жүйесі” атты еңбегінде “әрбір социология теоретигіні бірініші міндеті бұл-пәннің анықтамасы мен межесін айқындап алу, бұлай болмаған жағдайда айтқандарының бәрі анық емес, бұлыңғыр деген кінә тағылуы мүмкін” деп жазды.
Қоғам мен адамды пәндері ұқсас бірнеше ғылым салалары зерттейді. Әлеуметтік құрылымның жекелеген бөліктерінің әлеуметтік кеңістікте алатын орны мен байланыстарының жиынтығы осы әлуметтік құрылымға кіретін адамның, кез келген әлеуметтік бірліктің болмысын, мінез-құлқын айқындайды. Әлеуметтік кеңістіктегі адамдардың жағдайы олардың билік, материалдқ игіліктер, мәртебе, білім дәрежесі сияқты қорлардан алған үлесіне қарай анықталады. Әлеуметтік құрылымдағы әрбір индивиттің әлеуметтік мәртебесі мен орны екі негізгі параметр мен мәртебелер арасындағы әлеуметтік алшақтық пен белгілі бір мәртебесі бар индивидтердің санымен белгіленеді

Қазіргі заманғы социология ғылымының зерттеу нысаны мен пәні бұл ғылымның ұзақ тарихи дамуының нәтижесі, ғалымдардың толқын-толқын ұрпақтары зерделеген ғылыми ізденістердің жемісі.

Құқық социологиясы – жадпы социологияның бір саласы. Құқық – нормалардан, ережелерден, қағидалардан тұрады. Ал, құқықтық нормалар ресми түрде қабылданады. Дәлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативті актілердің түрлері сан алуын. Мұны ҚР Конститиуциясынан да көруге болады. Конституцияның өзі де жүйелендірілген мемлекеттің негізгі заңы.

Социологиялық тұрғыдан құқық дегеніміз – адамдардың, мемлекеттік және қоғамдық органдардың қарым-қатынастарын, тәртібін, іс-әрекетін реттеп отыратын мемлекет тағайындаған, немесе бекітіп рұқсат еткен жалпыға міндетті - әлеуметтік нормалардың жүйесі.

Құқық социологиясының нақты мақсаттарының бірі – қоғамдық өмір мен құқық саласындағы тығыз байланысты, құқықтық әлеуметтік функцияларының мәнін, мағынасын, заң нормаларының барлық деңгейлерде, жалпылама алғанда, ең алдымен қоғамның, сонан соң әртүрлі әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың қарым-қатынастарын, мінез-құлық нормаларын зерттеу болып табылады.

ІІІ-лекция.

Тақырып: Социология ғылымының құрылымына қатысты Әр түрлі кӨзқарастар
(1 сағат)

Жоспар:

1. Социология ғылымының құрамына көз қарастар

2. Социология ғылымы қызметінің ерекшеліктері

Лекцияның мәтіні:

Социология ғылымы біріңғай емес, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттеу деңгейлерінің түрліше болуына қарай, оның құрамы аса күрделі әрі көп деңгейлі болып келеді.

Социология әлгі құбылыстар мен процестрді жалпы қоғам деңгейінде де, одан шағынырақ әлеуметтік қауымдар мен олардың өзара ықпалдастығы деңгейінде, жеке адамдардың өзара қарым-қатынастары деңгейінде де зертей береді.

Бұл жағдай социология ғылымын төмендегідей құрамдас бөліктерге бөліп қарастыруға негіз болады.

а) социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға бағытталған макросоциология түрінде жалпы теориялық социология;

ә) арнайы әлеуметтік теориялармен бірге салалық социологияларды қамтитын әлеуметтік жүйенің жекелеген бөліктерінің әрекеттері мен өзара ықпалдасу заңдылықтарын, орта дәрежедегі қауымдастықтарды зерттейтін орта деңгейдегі социология;

б) әлеуметтік құбылыстар мен процестерді жеке адамдардың іс-әрекеті, өзара ықпалдастықтығы, тәртібі, мінез-құлқы тұрғысынан зерттейтін микросоциология.

Социология ғылымының мұндай құрылымы жалпылықтың ерекшелігін және жекеліктің бір-бірімен өзара қатынасын анық көрсетеді.

Социология ғылым ретінде теориялық және эмпириялық зерттеу әдістерінің органикалық бірлігіне, өзара әсеріне негізделеді. Теориялық пен эмпириялық зерттеу әдістерінің ара қатынасы проблемасының ғылыми танымды функционалдық және генетикалық жақтары бар. Біріншісі ғылымның теориялық аппараты мен эмпириялық негіз арасындағы арақатынасқа қатысты, ал екіншісі, теориялық аппаратттың, оның ішінде ғылыми теорияның қалыптасуына, эмпириялық кезеңнің теориялық кезеңге өтуге байланысты.

Даму деңгейінің қандай дәріжіді болуына қарамастан социологияның міндеті әлеуметтік болмысты және оны қайта құруды түсіндіретін екі қызметімен сипатталады.

Әлеуметтік теорияларды басым бағытына қарай іргелі және қолданбалы деп екіге бөлуге болады. Біріншісі ғылыми проблемалардың шешуге, әлеуметтік ілімнің, социологияның тұжырымдамалық аппаратының қалыптасуына, әлеуметтік зерттеу әдістерін айқындауға бағытталған.
Қолданбалы теориялар қоғамның алға қойған практикалық мақсаттарына қол жеткізу құралдарын іздеуге көмектеседі. Десек те, теорияларды бағытына қарай іргелі және қолданбалы деп бөлу шартты түрде.

Қолданбалы социологияда, атыңыз өзі де айтып тұрғандай, теориялықтан гөрі практикалық мүдде ана ғұрлым жоғары қойылады, мұнда білім ғана емес, нақтылы практикалық ұсыныстар ерекше маңызға ие.

Қолданбалы зерттеулерде эмпириялық және теориялық арақатынас мәселесіде өзінше шешіледі. Теория бұл жерде бағдарлама жасауда, негізгі ұғымдарды түсіндіруде, алынған мәдіметтерді талдауда, құжаттарды есеп беруге лайындауда, т.б. қолданылады. Мұнда бастапқы эмпириялық зерттеу жүйесінің маңызы зор. Қолданбалы эмпириялық зерттеудің әдістемесі мен техникасын жасау “әлеуметтік зерттеудің әдістемесі мен технологиясы” деп аталатын теориялық білімнің бір түрінің пайда болуына ықпал етті.

Социология мен әлеуметтануды айыра білу керек. Соңғысы экономика, құқықтану, халықтану, мәдениеттану, этнология, психология және т.б. қоғамдық ғылымдарға қатысты қолданылады. Ал, социологиялық зерттеулер әлеуметтік зерттеулердің негізін құрайды.

Сонымен, қазіргі заманғы социология – бір-бірімен тығыз байланысты және бәрі қосылып біртұтас ғылым құрайтын теориялар мен білім түрлерінің көп деңгейлі жиынтығы.


ІV-лекция.

Тақырып: Социология ғылымының қызметі
(1 сағат)

Жоспар:

1. Социология ғылымының қызметінің ерекшеліктері


Лекцияның мәтіні:

Социологияның негізгі қызметтеріне гносеологиялық, болжамдық, праксеологиялық және идеологиялық міндеттер жатады.

Гносологиялық қызмет бұл ғылымның құралдары жүйесінде жүзеге асады. Бұл орайда социологияда қоғамды тұтастай алғанда, сондай-ақ, оның жекелген бөліктерінің өмір сүру, даму заңдарын ашатын жалпы және арнаулы теориялар қолданылады.

Таным құралдарына, сондай-ақ алғашқы эмпириялық деректер жинаудың жолдары мен тәсілдері, мәліметтерді өңдеу, логикалық және математикалық фактілерді сипаттау жне түсіндіру, жалпы айтқанда, жаңа әлеуметтік білімдерді қалыптастыру жатады.

Бұған таным процесі бұрыннан бар әлеуметтік теорияларға, білімге мазмұндық жән методологиялық жағнан сын көзімен қарап, сол негізде жаңа теориялық және методологиялық парадигма жасаумен байланысты болғандықтан да аксеологиялық қызметімен толықтырыла түседі.

Болжамдық қызмет әлеуметтік жүйенің болашақтағы мүмкін боларлық келбетін сипаттау, қоғамның немесе оның жеке буындарының әлеуметтік дамуын ғылыми тұрғыдан болжау арқылы жүзеге асады.

Праксеологиялық қызмет әр түрлі басқару құрамдарына қатысты социологтар ұсынатын практикалық ұсыныстар ретінде қолданбалы социологиямен тығыз байланысты жүзеге асады. Бұл ұсыныстар басқару шешімдерін қабылдауға негіз болып, социология қоғамдық өмірге белсене араласа түседі.

Идеологиялық қызмет социологияның қоғамдағы әртүрлі топтардың әлеуметтік мүдделерін білдірмей тұра алмайтындығына байланысты. Ғылыми зерттеулерде айқындалатын әлеуметтік себептер қоғамның құрылымдық бөліктерін, оның табиғатын түсіндіру арқылы ғана емес, зерттеу авторларының саяси бағыттарының принциптеріне де байланысты. Сондықтан социология идеологиялық ықпалдан шығып кете алмайды; оның саяси идеяларды теориялық жағынан негіздеуге де ұмтылуы мүмкін.

Социологияның қызметін шартты түрде теориялық және қолданбалы деп бөлуге болады. Теориялық, яғни іргелі социология басқа да ғылымдармен бірге әлеуметтік зерттеулердің методологиялық негізі болатын көзқарастық қызмет атқарады. Теориялық социология осы ғылымның пәнін зерттеуге қажетті ұғымдар мен түсініктер аппаратын жасайды, әлеуметтік заңдар мен заңдылықтарды ашып зерттеді, әдеуметтік дамудың теориясы мен тұжырымдамасын негіздейді.

Қолданбалы социология теорияға сүйене отырып, түрлі тарихи жағдайлардағы әлеуметтік заңдардың өмір сүру формалары мен әрекет ету механизмдерін іс жүзінде тікелей зерттейді.

Сонымен қоғамдық сана мен индивидтердің іс-әрекеттерін, олардың экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қарым-қатынастар жағдайындағы өзгеру тенденцияларын талдау қазіргі заманғы социология ғылымының негізгі зертеу міндеттерінің бірі болып саналады.

V-лекция.

Тақырып: Әлуметтік ғылымдар жүйесіндегі социологияның алатын орны
(1 сағат)

Жоспар:

1. Әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі социологияның орны

2. Қазіргі заманғы социология ғылымының ролі
Лекцияның мәтіні:

Әлеуметтік ой-пікірлердің даму тарихын қарастыра отырып, біз социологияны ғылым ретінде анқтауға жақындай түстік. Социология жеке дара емес, басқа да әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырады. Социологияның әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен және басқа да ғылымдармен арақатынасын, өзара әсерін зерттеу аса маңызды.

Социология мен әдеуметтік философияның арақатынасы социологияның философия ғылымына жатпайтындығына, әлеуметтік филисофияға қарағанда қоғамның аясы тарлау заңдарын зерттеуіне байланысты, социологияда әлеуметтік философияда қоғамды тұтастай, жүйе-жүйесімен, оған енетін бірліктердің жәй қосындысы бола бермейтін интегральды құрылым ретінде қарастырады. Бұл-осы екі ғылым саласының тығыз байланысын көрсететін ортақ белгілері. Бұған қарамастан әлеуметтік философия қоғамды әлемдік жаратылымның ерекше бір бөлігі ретінде кең ауқымда қарастырып, оны ортақ ұғымдардың, категориялардың, заңдардың көмегі арқылы сипаттайды, Әлеуметтік фмлософия қоғам дамуын табиғатта, қоғамда, адамның ойлауында өмір сүретін жалпы философиялық заңдарды осы процестегі өзінше көрінісін таба отырып талдайды. Әлеуметтік философияның заңдарына қоғамның тұрмыс-тіршілігі мен қоғамдық сананың арақатынасын сипаттайтын заңдар және қлғам дамуының қайнар көзін сипаттайтын заңдар айқын мысал бола алады. Мұның барлығы қоғам дамуының табиғатпен салыстырғандағы ерекшеліктерінің әлеуметтік формасын көрсетеді.

Қазіргі заманғы социология ғылымының ролі мәні барған сайын арта түсуде. Бұл, біріншіден, біздің қоғамдық өміріміздің барлық жақтарының реформалауына, екіншіден, қоғамдық өмірде әлеуметтік факторлар мен әлеуметтік ортаның ролі мен маңызының арта түсуіне, үшіншіден, құқықтық мемлекеттің қалыптасып, азаматтық қоғамның орнауына байланысты. Қоғамдық дамуға социология ғылымының ықпалы барған сайын арта түсетін болады. Қоғамды, ондағы процестер мен қарым-қатынастарды қарастырғанда қоғамдық және әлеуметтік деген екі ұғым пайдаланылады. Екеуі ұқсас сияқты көрінгенімен, социология ғылымының дамуымен бірге әлеуметтік ұғымының дербестігі де арта түседі.

Әлеуметтік заңдарды қоғам мүшелеріне белгілі бір топтар мәдениет нормалары немесе құқықтық заңдар сияқты саналы түрде жасамайды. Адамдар әлеуметтік заңдарды білмей-ақ соған сәйкес өмір сүреді де, бір-бірімен, әлеуметтік институттармен қарым-қатынастар барысында “заңдастырылған” тәртіпті қажетіне қарай әлеуметтік заңдарды білу қоғамдағы құбылыстарды зерттеу, әлеуметтік процестерді басқару істерінде аса маңызды. Әлеуметтік заңдардың өмір сүріп, әрекет ету социологиясы өмір деректеріне ғылыми тұрғыдан келуде мол мүмкндіктер ашады.


VІ-лекция.

Тақырып: Ерте түркі дӘуіріндегі Әлеуметтік-құқықтық идеялар


(1 сағат)

Жоспар:

1. Ерте түркі жазбаларындағы әлеуметтік-құқықтық идеялар


Лекцияның мәтіні:

Ерте түркі мемлекетінде VІ-VІІІ ғасырларда тасқа қашалып жазылған “Орхон-Енисей” жазба есірткіштерінің дүние – жүзілік өркениет тарихында алатын орны ерекше.

Бұл есірткіштер жазба мәдениетінің ғана емес, сол кездегі саяси ойдың да асыл мұрасы болып табылады. “Күлтегін”, “Білге қаған” және “Тоныкөк” шығармаларында сол бір тарихи кезеңнің саяси тынысы, түркі халықтар өміріндегі аласапыран оқиғалар, ел билеушілерінің отаншылдық, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным – сенімі, ұлыс аралық қарым-қатынастар, жеңістері мен қателіктері баяндалады.

“Күлтегін” жазба ескерткіштерінде түркі мемлекетін орнықтырған алғашқы қағандар ақылды да, күшті болып суреттеледі. Ақылды қағандар басқарған елдің шенеуліктері де, халқы да ақылды болып келеді, халықтық әдет-ғұрыптар мен заңлар мүлтіксіз орындалады, бұзық ниеттегі адамдар болмайды. Билеуші нашар болса, бұрынғы әдет-ғұрыптық жоралғылар сақталмаса, ауыз-біршілік болмаса мемлекеттің шаңырағы шайқалады, қолдан билік кетеді, халқы құл болады.

ислам діні Қазақ жеріне ене бастаған дәуірлерде түркі тайпалары рулық – патриархаттық дәстүрді сақтай отырып, феодалдық қарым-қатынас жолына көшіп әрі өзара тартыс пен қырқыстары өрши түсіп, этногенездік тектер пайда болу процестері туындап жатты. Ислам дінінің енуі дәуірде өмір сүрген түркі тайпалары арасында феодалдық қарым-қатынастын өркендеп өсуіне жол ашты, тайпалар арасындағы өзара достықты күшейтіп. Сенімдерін нығайтты. Тап осы дәуірде зиялылық білім қарыштай дамып, мәдениет пен ой-пікір жаңаша сипатта дами түсті. Сайып келгенде бұл тайпаларға бұрыннан келе жатқан мәжәусилік шаман діні өздерінің талап-тілегін, мақсат-мүддесін айыптағанның өзінде өзігің әсерсіздігімен көпшілік көңілінен шыға алмайды, ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алады. Оның үстіне әдеттік дәстүрдегі қағида - ережелер ислам ның шариат заңдарына керағар болмады, бұл тайпалардың сенімі мен рухани сұраныстарын екі жақтық қағида – ережелері қабысуы нәтижесінде қанағаттандырды.

Осы дәуірде ислам діні әсерімен қазақ араб сөздері бастады. Әл-Фараби, Ибн-Сина, Хорезми, Науаи, Бақырғани, Қашқари, Сығанақи, Дулати, Яссауи т.б. зиялылар қауымы қалыптасып, тұрмыс-тіршілікте жаңа өзіндік ерекшеліктері бар әлеуметтік – құқықтық ережелер қалыптаса бастады.



VIІ-лекция.

Тақырып: Әл-Фараби жӘне оның шығармаларындағы

Әлеуметтік-құқықтық ойлар
(1 сағат)

Жоспар:

1. Әл-Фараби және оның шығармаларындағы әлеуметтік-құқықтық ойлар



Лекцияның мәтіні:

Бірақ Отырар Қазақстан территориясындағы бірден бір орталық емес-ті. Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республикасының археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар болғаны көрсетілген. Сондықтан біз осы территорияда мекендеген сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылыми, түркі тілдес жазуы болған деп қазір батыл айта аламыз. Осы жазба әдебиеттің пайда болған кезін, ол біздің заманымыздан 300-400 жыл немесе одан көп бұрын қалыптасты ма-деген мәселені келешекте тарихшылар мен тіл мамандарының анықтауына тура келеді. Міне сондықтан-да қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари, Исмаиыл әл-Шаухари, жамал әл-Түркістани, әл-Сигнаки, әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жаған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау санлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше.

Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының арқасында ның Аристотельден кейінгі “Екінші ұстаз” атанып, даңқа бөленгеніне айтатын болсақ, әл-Фараби жастайынан-ақ ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да филосовтарының шығармаларымен түп нұсқасынан танысқаны жөнінде басқа дерктер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде, саяхат жасап, сол заманғы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдатта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған.

“Қайырымды қала” трактатында әл-Фараби әлеуметтік әділеттілік пен еркіндікті орнықтыратын – ізгілікті қоғам туралы ой қозайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл “әрбір адам екінші адамның өмір сүруіне қажетті үлесін бертін, бір-біріне көмектесетін адамдарды біріктіру арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесіне ие болатын” қоғам түрінде елестетеді.

Әрбір отбасын қоғамның кішкене бөлшегі ретінде қарастырған әл-Фараби оның өзінің жеке мақсаты болды, бірақ бұл мақсат қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуі тиіс, яғни адамдар өзінің жеке мүдделерін қлғам мүдделеріне бағындыруы керек дегенді айтады. “Мемлекеттік билеушінің нақыл сөзінде” ол отбасы мүшелерін (Аристотель сияқты) бірнеше бөлікке бөледі.

Қайырымды қаланың орнығуына әл-Фараби мұсылман құқығының принциптерін талап етпейді, оны ақыл-парасаттың дамуы мен қайырымдылықтың нығаюымен байланыстырады. Ол тұжырымдаған жағдайдың бәрінде мұндай қала билеушілер моральдік-этикалық қалыпқа сай болып келеді, олардың ешқайсысының исламға тікелей қатысы жоқ. Бірақ Араб халифаты заманында өмір сүрген әл-Фараби өзінің зерттеулерінің тақырыптық шеңберінде саясатты мұсылман құқығы доктринасымен, діни догматикасымен бір қатарға қояды. Дегенмен, грек философиясының ықпалын терең сезінген ол бұл бағытта түбірлі бетбұрыс жасамайды.

Грек философиясын мұсылман құқығы, діні және құқықтық теориясымен байланыстырып, одан саясат туралы жалпы ілім жасауға талпыну бұл ілімнің діни-мұсылмандық сипатын білдірмейді. Әл-Фараби саясат туралы ілімді мұсылман құқығымен, длгматикасымен салыстыру арқылы олардың құдайлық босатылуы туралы ұқсастығы емес, бұл ілімдердің адам іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы әртүрлі жақтарға тигізген әсерінің мәнін атап көрсетеді. Әл-Фарабидің саясат турал айтқан құнды ойлары Араб шығысы мен Орта Азия елдерінде әлеуметтік-құқықтық ілімнің одан кейінгі дамуына өз ықпалын тигізе алады. Оның әлеуметтік-құқықтық идеялары орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде көрініс тапты.

Сонымен, әл-Фарабидің әлеуметтік-құқықтық көз-қарастарынан бүгінгі қоғамның көріністеріне пайдалы тиесілі үндестік табамыз. Оның өз заманында айтқан құнды пікірлерінің қазіргі егеменді Қазақстанымызға қаншалқты маңызы барлығына көз жеткізіп отырмыз.




VIIІ-лекция.

Тақырып: Ж.Баласағұн., М.Қашқари жӘне А.Иассауи шығармалараның Әлеуметтік идеяның мазмұны
(1 сағат)

Жоспар:

1. Ж.Баласағұн., М.Қашқари және А.Иассауи шығармалараның әлеуметтік идеяның мазмұны


Лекцияның мәтіні:

VІІІ-ХІ ғасырларда Ориа Азия мен Қазақстанда ислам дінінің тарауына байланысты араб тілі мен жазуы кеңінен қолданыла бастады. Ірі қалаларда білім беру ісі мен ғылым дамыды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінде исламның кең етес алуынан ерте түрік сына жазуы ығысып, араб әліппе негізінде жаңа түркі жазуы қалыптасты. Түркі және араб тілдерінде әдеби және ғылыми шығармалар жазылды.

ХІ-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің күшеюімен бірге мәдениет те құлашын кеңге сермеді. Араб Шығсы мен Үнді-Иран және Орта Азия әлемінде әлеуметтік – құқықтық ой-пікірдің дамуына әсер еткен “ақыл-ой төңкерісі” болды. “Мұсылмандық Ренессанс деп аталған осы дәуірде өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Иассауи тағы басқа ғұламалардың шығармалары көпшілік қауымға кеңінен мәлім болды.

ХІ-ХІІ ғасырлардағы әдеби поэзиялық шығармалардың көрнектілерінің бірі – Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” (“Қалай бақытты болу жағдайындағы ғылым”) поэмасы.

Қарахан мемлекетінің астанасы Баласағұнда 1015 жылы дүниеге келген Жүсіп сол кездегі мемлекет басшысы Сатұқ Бограханның бас-хаджиб мемлекеттік кеңесшісі лауазымын атқарған. Оны бүкіл әлемге танытқан – “Құтты білік” (1069) поэмасы. Энциклопедиялық еңбекке айналған бұл дастанда мемлекетті басқару әдістері, билеушілердің әдептік ережелері, қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәні бар нұсқаулар мен ережелер, адамдар арасындағы түрлі деңгейдегі қарым-қатынас мәселелері қарастырылады.

“Құтты білік” поэмасының басты идеясы төот принципке негізделіп жазылған. Біріншісі, мемлектті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы, екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек, үшіншісі, ақыл-парасат, төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі.

Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанында шығыс әсерінен гөрі түркі халықтарының бай ауыз - әдебиеті, фроьклор жанрларының әсері басым сияқты. “Құтты білікте” салт жырларының дәстүрі басым. Бұл реттен Жүсіп исламнан бұрынғы әдет-ғұрыпты көбірек жырлаған. Сол себепті Жүсіп Баласағұнның шығармасында бір ғана шғыс әсері үстем деп айтуға болмаса керек. Түркі тілдес тайпалардың тілінде жазылған сан – алуан тұрмыс – салт жырлары сол кездің өзінде – ақ аз болмаса керек. Олар айтыс, толғау, терме түрінде айтылған. Жүсіптің сүйенген үлгісі халық ауызындағы осындай дәстүрге байланысты болған.

Сонмен, тәлім-тәрбмелік маңызы бар Жүсіп Баласағұн еңбектері сол дәуір үшін идеологиялық қызмет атқарды. Оның мақалға айналған көптеген ережелері мен сөздері осы күндері де өз актуалдықтарын жойған жоқ.

Орта ғасырлық жұлдыөдарымыздың бірі Махмұд Қашқари ХІ ғасырда Қашқарда дүниеге келіп, Шу, Талас өңіріндегі Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Ол ұлы әдебиетші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші, ойшыл-философ, белгілі саяхатшы “Түркі тілдерінің жинағы” кітабын 1072-74 жылдары жазған. З заманындағы түркі, араб граматикасын жасап жетік білген. Бүкіл түркі ру-тайпаларын аралап, олардың тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеген. Сөйтіп, түркі тілдерінің салыстырмалы граматикасын жазып шыққан.

Махмұд Қашқари адамдарды өнер білімге, әдептілікке шақырып, адамгершілік, мораль, этика, ұйымшылдық мәселелерін сөз етті. Оның түркі халықтарының бйіттерінде табиғат сұлулығы, махаббат, көркемдік, парасаттылық білім, батырлық суреттеледі.

Ерте түркі дәуіріндегі ірі ошылдардың бірі, бүкіл түркі жұртын имандылыққа, ізгілікке, рухани тазалыққа шақырған – Құл Қожа Ахмет Сұлтан Иассиуа еді. Ол ХІІ ғасырда қазіргі Оңтүстік Қазақсатан облысының Сайрам жерінде дүниеге келген.

Иассауидің жалпы еңбегі “Диуани хикмет” (“Даналық кітабы”) түркі тілінде жазылған рухани және гуманистік бағыттағы шығарма.

Оның еңбектіреінің негізгі мазмұны сопылық жолындағы мұсылмандық ілімнің қағидаларын жүзеге асырудың, оларды күнделікті өмірде қолданудың әдіс-тәсілдерін үйретуге арналған. Сопылық ілімді игеруде төрт сатыдан өту керектігі айтылады: 1) шариғат; 2) тарихат; 3)мағрипат; 4)ақиқат.

Ахмет Иассауи адам мен қоғам мәселелеріне айрықша көңіл қойған. Ол құдай атынан адамдард парасаттылыққа, әділдікке, адамгершілікке үндейді.

Халық Ахмет Иассаумдің Отаны –Қазіргі Түркістан қаласын “Кіші Мекке” деп атап кетті.

ІX-лекция.

Тақырып: “Зар заман” мектебінің Өкілдері қоғамдағы қайшылықтар
(1 сағат)

Жоспар:

1. “Зар заман” мектебінің өкілдері қоғамдағы қайшылықтар мен әлеуметтік мәселелер туралы


Лекцияның мәтіні:

Қазақ әдет-ғұрып заң нормалары сағымға айналған сан ғасырларды қамтып, бірте-бірте жетіле, қалыптаса түсті. Қоғам ішіндегі дау-жанжалдар, тәртіпсіздіктер мен әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бірте-бірте күллі қазақ тайпалары мойындайтын. әдеттік заң нормаларына айналп, реттеле берді. Түбегейлі ережелерді қабылдауда халық кеңесі, билер кеңесі шақырылған. Оған әрбір тайпалар мен рулардың өкілдері қатысқан. Бұл әдет-ғұрып заң нормаларын “төрелік”, “ата-баба жолы”, “ереже”, “жөн-жосық”, “заң”, “жарғы”, т.б. деп атаған. Сондай ірі задардың бірі “Оғз ханнң заңдары” яғни “Түркістан ақсақалдарының шешімдері”. Міне,осы “ақсақалдар ережесі” қазір Туркиядағы Сулеймания кітапхана қорында сақтаулы тұр.

Бұл заң шешімнің негізгі мәні: тұрмыс жағдайға лайықтап көшіп-қону жолдары, бір-біріне қосылғанда көмек көрсету, көсемін сайлау, мұрагерлік заңы, туыстарына үйленбеу, тәртіпсіздіктің алдын алу әрі болдырмау, ұрлық –қарлықты тыю, т.б. Аталған заңдарда “қанға-қан, жанға-жан” дәстүрі қатаң сақталған. Ру таңбасы сол тайпанң нышаны ретінде жалауларына, малдарына салынды. Әрбір ру – тайпалардың өзіне хас үрандары болды. Осы тайпалардың нәсілдік тегі, тілі, мінез-құлқы, басынан кешірген уақиғалары бірдей болып, тайпалық айырмашылықтары бірте-бірте жоғалып, ортақ халықтық қасиеттері пайда болған.

“Зар заман” мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұды (1818-1881) “Зар заман атауыда ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Ақынның туған жері Түркістан маңындағы Қарнақ ауылы болғандығы оның өлендерінде айтылады. Бірақ консерватор ақын өмірінің көп уақытын Қарқаралы өңірінде өткізеді. Өзінің ата мекеніне жас кезінен кейін бармағанға ұқсайды. Бұл туралы ақын өлер алдындағы қоштасуда былай дейді:


Қызмет етпей мен өттім,

Ата бірлән анама.

Қарнақтағы сәлем, айт

Үш қайтара бабама.


Ақындық өмірінің алғашқы кезде Жамантай төренің кейіннен Жанқұты бидің қолында өткізген ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенің көптеген қайшылықтарды алып келгенің, заманның азғанын, әдет-ғұрыптың тозғаның, ел-жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады.

Отарлық езгімен бірге келген орыстандыру саясатының халықты адамгершілік қасиеттерден жұрдай еткендігіне налыған ақын “қоңсыдан туып би болған”, “қара кісі хан болған”, “асылзада баласының құл болып”, “асылсыз баласының ақшасына сүйеніп пұл болғанын” батыл сынайды. Оныңі пікірінше, халықты текті тұқымнан шыққандар ғана басқаруы тиіс, “құлдан туған төрені, ақсүйектің ұлы деп”, оған ел тізгінің ұстату “адыра қалғыр заманның белгісі”. “Діні басқалардың ел билеуін ” бар пәленің бастауы деп есептеген Мұрат ақын бекерден-бекер жылай бермей “кейінгі туған бала үшін”, кеінгі ұрпақтың “сауабы үшін”, “күндердің күні болғанда, обалы маған” болмас үшін “дулығалы қара нарларды” атқа қонуға шақырады.

Сонымен “Зар заман” мектебінің жыршылары өз дәуірінің қиыншылығын, қасіретін жырлаған, халқының тілеуін тілеген, тәуелсіздігін аңсаған адал ұлдары еді.

X-лекция.

Тақырып: А.Құнанбаевтың қоғам жӘне замана туралы ой-пікірлері
(1 сағат)

Жоспар:

1. А.Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пікірлері


Лекцияның мәтіні:

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845-1904) өзі өмір сүрген дәуірдің тынысы – тіршілігін, қоғамдық өмірін, халықтың мұң – мұқтажын, әлеуметтік иеңсіздікті жырлады. Әсіресе Абайдың қара сөздеріні мәні тереңде жатты. Әсіресе Абайдың қара сөздерінің мән тереңде жатты. Солардың кейбірінен үзінді келтірейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет