Адам баласына адам баласының бәрі-дос. Не үшін десең, дүниеде келгенде туысың, өсуін, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі бірдей, ахиретке қарай елеуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе-бірің қонақ екенің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көз алартыспай лаяық па?
Абай билердің төтенше съезіне жетпіс алты баптан тұратын жаңа заң ережелерін ұсынады және осы билер съезінің төрағасы болып сайланады. Оның төрағалығымен өткен бұл съезде әдет – ғұрып нормаларының негізі сақталған Ереже қабылданады. Бірақ Абайдың бұл реформалық талаптары патша өкіметінің отыршыл әкімшілігінен қолдау таппайды.
Бұл кезде қазақ даласының 1868 жылы 21 қазанда қол қойылған “Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі Уақытша Ереже” үстемдік етіп тұрған ді. Аталған ереже негізінде Ресей өкіметі Қазақтардың дәстүрлі заң жүйесін бұзып, қазақтың тұрмыс-тіршілігімен үйлеспейтін заң жобасын жасады.
Отаршыл әкімшілік енгізген ережелер мен тәртіптер болыстық пен билік мансапқа ғана қызмет етті.
Сонымен, Абай шығармаларында әр топтың өкілдері, олардың әр қилы мінездері мен қасиеттері үнемі бой көтеріп отырады.
Ұлы Абайдың қоғам, замана, адам болмысын, оның қасиеттері кейінгі ұрпаққа қалдырған аса зор рухани қазына болып табылады.
XІ-лекция.
Тақырып: Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин жӘне Ахмет Байтұрсыновтың Әлеуметтік-құқықтық кӨзқарастары.
(1 сағат)
Жоспар:
1. Шоқан Уалихановтың әлеуметтік-құқықтық көзқарастары
-
Ыбырай Алтынсаринің әлеуметтік-құқықтық көзқарастары
-
Ахмет Байтұрсыновтың әлеуметтік-құқықтық көзқарастары
Лекцияның мәтіні:
Қазақ ағартушысының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (1835-1865) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі болып табылады.
Ресейдегі және Еуропаның басқа да елдеріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістерімен жақсы таныс болған ол қазақ жеріндегі патша өкіметі жүргізіп отырған отаршылдық саясаттың мүмкін болар зардаптары туралы өз ұсыныстары мен пікірлерін ұсынған. Ол қоғамда жүргізіліп жатқан өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажеттігін атап көрсетті.
Шоқан сол кез үшін халыққа ең тиімдісі және әлеуметтік реформалар деп білді. Оның айтуынша “саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек” және “адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатта қандай да болса кедергі келтіретін реформа зиянды болып табылмақ”. Шоқан реформа жасауда асығыстыққа жол бермеуге, жергілікті халықтың әдет-ғұрып ерекшілігін, тіпті, “оның қоршаған орта мен ауа-райын, жер жағдайын да ” ескеруге шақырды. “Реформа оңтайлы жасалғанда, яғни, қоғамдық организм жан-жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негізделіп жасалғанда ғана ұтмды реформа болады. Мұндай реформаны ешқандай жағдайда да бөгемей, қайта оны қолдау керек”.
Ресей үкіметі дайындап жатқан реформаның жалпы бағыты мен мазмұнынан хабардар болған Шоқан қазақ даласын басқару мен сот реформасы туралы өзінің жобасы мен пікірін патша өкіметінің әкімшілігіне ұсынады.
Шоқанның ойынша, қазақтың европалық қайта туындау идеясын қабылдайтын қабілетін арттыру үшін оған алдын-ала білім беру және ой қабілеті мен жүйке жүйесін жетілдіру керек. Өйткені, “организм өз деңгейіне жетпеген нәрсені қабылдай алмайды”. Сондықтан да заң шығарушылар мен реформа жасаушылар қоғам мүддесін ғана ойлауы керек.
Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналған шығармаларында дүниеге көзқарастық пікірлер қалыптастырған. Ыбылайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оны қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтыннын бақаймыз. “Жаз”, “Өзен” сияқты өлеңдернде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз бар екендігі сезіледі. Бұл ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады.
Алтынсариннің қоғамдық – саяси көзқарастарына шынай да терең демократизм, өз халқының мүддесін қорғауға деген ұмтылыс тән. “Қырғыз қайғысы” деген жазбаларында ол 1868 жылғы колониялды қанауды күшейту мақсатында жасалған әкімшілік реформасына наразылығын білдіреді.
1905 жылы Қарқаралыда Ахмет Байтұрсынов және біраз оқыған адамдар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жібереді.Ол петицияда айтылған мәселе, бірінші, жер мәселесі, екінші, қазақ жұртына земство беруді сұраған, үшінші, отыршылдардың орыстандыру саясатын тоқтатуды сұраған.
XIІ-лекция.
Тақырып: Табиғат пен қоғамның Өзара Әсері.
(1 сағат)
Жоспар:
1. Табиғат пен қоғамның өзара әсері.
Лекцияның мәтіні:
Қоғам социологиясы ғылымының негізгі зерттеу нысандарының бірі болып саналады. Ол түрлі әлеуметтік байланыстары, өзара әсерлері мен арақатынастары бар көптеген индивидтерден тұрады. Қоғам-біртұтас жүйе. Оның негізгі қоғамның өзін сақтап, жаңартып, дамытып отыруға бағыттталған адамдардың іс әрекеті.
Қоғамның біртұтас жүйе ретіндегі елеулі ерекшелік оның тұрақтылығынан, яғни белгілі бір консерватизмінен көрінеді. Кейбір социологтардың пікірінші, қоғамның неізін “”жалпы билік, қоғамда үстемдік құратын “оң сипатты құндылықтар” құруы мүмкін. Қоғамның дамуының орнықтылығы территориялық-географиялық және сол кезендегі нақтылы тарихи жағдайларға байланысты. Адамзат қоғамының дамуы барысында ең алдымен географиялық, табиғи орта адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас түрлерінің қалыптасуында, олардың өмір сүру салты мен ұйымшылдығының орнығуында аса маңызды рөл атқарады.
Қоғамның маңызды сипаты оның дербестігі мен өзін өзі қамтамасыз етуі. Қоғамдағы әлеуметтік қызмет арқылы оның мақсатты даму бағыты, индивидтер қабілетінің дамуы және олардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру қамтамасз етіліп отырады. Сол сияқты қоғамның дербестігі мен өзін өзі қамтамасз ету де өзін өзі реттеп отыру арқылы ғана жүзеге асады.
О.Конттың пікірі бойынша, әрбір тарихи кезеңдегі қоғамның сипаты мен оның даму бағыты “адамдардың ақыл-лйының жай-күйіне”, яғни адамзаттың ақыл – ойы дамуының теологиядық, метофизикалық және позитивтік деп аталатын үш сатысына байланысты. Бірінші теологиялық саты ерте кезден орта ғасырдағы ХІІІ ғасырға дейінгі кезеңді қамтып, діни көзқарастың абыздар мен әскерилер басқарған әскери – авторитарлық саяси режимнің үстемдігімен сипатталса, екнші метофизикалық саты ХІV-ХVІІІ ғасырылар аралығындағы ескі, құрып бара жатқан қоғамдық тәртіптен жаңасына көшу дәуірінде көрініс тапты. Ал, үшінеші позитивтік саты ХІХ ғасырдан басталып, өнеркәсіптің, ғылымның гүлденуімен, аристократтардың орның циократияның басуымен ерекшеленеді. Сөйтіп Огюст Конт социологияны қоғамның құрылымы мен өзгерістерін түсіндіріп беретін заңдарды зертейтін ғылым деп санады.
Ағылшын ғалымы Герберт Спенсердің әлеуметтік теориясы Ч.Дарвиннен алынған қоғамды организм күйінде қарастыру мен түсіну, әлеуметтік эвалюция идеясы сияқты екі ережеге негізделді. Спенсер алғашқы қауымдық қоғам кезндегідей индивидтердің дамуының физикалық, сезімдік және интелектуалдық параметрлерін сыртқы және ішкі “әлеуметтік құбылыстар факторы” ретінде қарастырды. Ол екінші немесе туындаған факторлар әлеуметтік эвалюцияның барысында пайда болатындығына күмәнданбайды. Көптеген мысалдар келтіре отырып, адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік құбылыстардың, олардың белгілі бір тобы тіршілік жасап жатқан жердің климатына, жер бедеріне, топырақ қыртысына, су асты мен жер үсті әлеміне тікелей байланысты екендігін айтты.
Логаникалық даму барысында пайда болған әрбір қоғамдық құрылым мен ұйымның функционалдық бағыты болады. Сол себепті де социолог алдымен бірліктің қызметін зерттеуге міндетті, ал социология зерттелініп отырған қоғамдық бірліктердің өзара әсерінің нәтижелеріне назар аударуы керек. Социология салт-дәстүр, әрбір қоғамның реттегіштік және өндірістік бөлімдері арасындағы қарым-қатынас түрінде көрінетін саяси ұйымдардың, шіркеу мекемелерінің пайда болуы мен дамуын, қоғам мен оның жеке бөліктерінің тіршілігін суреттеп түсіндіруі қажет. Әлеуметтік талдаулардың келесі кезектегі нысаны даму үстіндегі тіл мен білім, адамгершілік пен эстетика болып, бір жағынан қоғамның құрылымы мен ұйымдарының, екінші жағынан қоғамның өмірі мен оның бөліктерінің арасындағы бір-біріне тәуелділік ескеріп отырады.
Сонымен, табиғат пен қоғам күштерінің іс-әрекеттерінде айырмашылықтар барына көзіміз жетті. Табиғат заңдарнан өзгеше тарих заңдары белгілі бір мақсатты, мұратты, құндылықтарды ұстанатын индивидтерге қатысты қолданылады. Қоғамның өндіріс нақтылы бір тарихи жаңғдайларда ғана болуы мүмкін.
XIIІ-лекция.
Тақырып: Қоғам - Әлеуметтік жүйе.
(1 сағат)
Жоспар:
1. Қоғам - әлеуметтік жүйе.
Лекцияның мәтіні:
Қоғам – бір-бірімен байланысты, ықпалдас әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығынан тұратын әлеуметтік жүйе. Қоғамның құрамдас бөліктеріне индивидтер, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, топтар мен қауымдар байланыстар мен әрекеттер, нормалар мен құндылықтар, өзара қарым-қатынастар, т.б. жатады.
Әлеуметтік жүйе адамдар қауымының құрылады. Ал адамдар қауымы қоғамда алынатын орнына, әлеуметтік позициясына, атқаратын нақтылы әлеуметтік қызметіне, әлеуметтік жүйеде қабылданған әлеуметтік нормалар мен құндылықтарына т.б. орай іс тәртібі қалыптасқан адамдардан тұрады.
Әлеуметтік жүйеге түрлі мұраттар (наным-сенім, елес-түсініктер т.б.) мен кездейсоқ элементтер де енуі мүмкін.
Индивидттер әрекеті жеке дара емес, нақтылы әлеуметтік жағдайда түрлі қауымдарға біріккен басқа адамдармен өзара қарым-қатынас процесінде жасайды. Әлеуметтік орта индивидке жүйелі түрде әсер етеді; өз кезегінде ол да басқа индивидтерге, ортаға дәл солай ықпал жасап отырады. Нәтижесінде адамдардың бұл қоғамы өзіндік ерекшеліктері бар біртұтас әлеуметтік жүйеге айналады. Белгілі әлеуметтік орын иеленіп, сол қоғамның нормалары мен құндылықтарына сәйкес тұрақты әлеуметтік қызмет атқаратын троптар мен индивидтердің өзара байланыстарының нақтылы тәсілі қоғамдық жүйенің құрылымын түзеді.
Әлеуметтік құрылымның алғашқы екі түрі мәдени құрылым, қалған екеуі соцетальдық құрылым тұжырымдамаларымен байланысты. Нормативтік және ұйымдық құрылым біртұтас, ал ондағы құрамдас бөліктер стратегиялық тұрғыдан қарастырылады. Біртұтас әлеуметтік құрылымдағы идеялдық және кездей соқ құрылымдарда мен оның Құрамдас бөліктері құрылым ішінде оң және теріс ықпалдар туғызуы мүмкін. Мұндай жағдай жалпы әлеуметтік жүйенің құрамдас бөліктері сипатындағы әртүрлі құрылымдардың өзара ықпалдасуынан, сөйтіп бұл жүенің өмір сүруінде сәйкессіздік туындауы салдарынан болады.
Әлеуметтік жүйенің құрылымы оның құрамдас бөліктері жиынтығының бірлігі ретінде өздеріне ғана тән заңдар мен заңдылықтар арқылы реттеліп отырады, өзіндік детерминизмге ие болады.
Әлеуметтік жүйенің даму заңдылықтарымен өмір сүру социетальдық жүйенің ұқсас заңдылықтары мен сәйкес келуі де, келмеуі де, сол қоғам үшін оң және теріс әлеуметтік маңызы бар салдарға апарып соқтыруы да мүмкін.
Әлеуметтік жүйенің құрылымында бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетін күрделі иерархиясы бар. Супер жүйе немесе срцетальдық жүйе-қоғам болып табылады.
Әлеуметтік байланыстар бес түрлі сипатта болуы мүмкін: біріншіден, әрқайсысы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін адамдардың өзара ықпалдастығы; екіншіден, әлеуметтік қарым-қатынастардың қалыптасуын, әлеуметтік топтардың құрылуын туғызатын әлеуметтік ықпалдастық; үшіншіден, негізінен қала, ауыл, ұжым, т.б. арасында болатын топтық ықпалдастық; төртіншіден, қоғамдағы әлеуметтік орнына орай жасайтын іс-әрекеттері, атқаратын ролі әлеуметтік жүйеде көрініс табатын әлеуметтік иерархия; бесіншіден, әлеуметтік жүйенің құрамдас бөліктері қызметінің сипаты мен мазмұнын айқындайтын нормалар мен құндылықтардың жиынтығы түрінде болады.
Демек, қоғам өзінің құрылымдық ұйымдасуы, яғни оны құрайтын бөліктердің өзара қарым-қатынастары, әрекеттері тұрғысынан сипатталады екен. Сонымен бірге ол өзгеріс, даму процкстерімен де сипатталады. Қоғам – күрделі құрылымды, өздігінен дамып отыратын әлеуметтік жүйе.
XIV-лекция.
Тақырып: Азаматтық қоғам: қалыптасуы мен даму проблемалары.
(1 сағат)
Жоспар:
1. Азаматтық қоғамның қалыптасуы
2. Азаматтық қоғамның даму проблемалары
Лекцияның мәтіні:
Біз жоғарыда қарастырып өткен философтардың еңбектерінде, азаматтық қоғам қарама-қарсы мағынада қарастырылып немесе аталып отырылады.
Аристотельден бастап, мемлекет саясатпен тікелей байланыстағы құрылым деп түсіндіріліп келеді. Ол адам саяси тұлға болғандықтан да мемлекет сонын табиғи нәтижесі деп санайды. Осыған орай адам өмірінің адамгершілік, неке-отбасылық, экономикалық, т.б. салалары саясаттандырылған. Сот, халық жиналысы сияқты салаларға араласқандар ғана азамат саналады. Демек, азаттық қоғам – саяси тұлғалар қауымдастығы. Осы орайда біз қарастырып отырған тақырыпқа байланысты тағы бір мәселе – мемлекеттік басқару немесе азаматтардың саяси теңдігі мәселесі алдымыздан шығады. Аристотель саяси қайраткерлерді мәжлістерге, сотқа сайлауға қатысып лауазым иелерінің есебін тыңдайтындар және қызметкерлер деп екі түрге бөлді. Екіншісінің біріншісіне қарағанда жеке меншігі бар, демек қайырымды. Аристотель жеке меншігі жоқтар қалай қайырымды болады деп ой тастады. Оның пікірінше, жеке меншік – мемлекеттің өмір сүруінің, сондай-ақ азаматтық қоғамның да бірден-бір негізі.
Италия ойшылы Николло Макиавелли (1469-1527)-қайшылықты тұлға болғаны белгілі. Ол бір жағынан абсолютизмді жан сала қорғаса, екінші жағынан демократия үшін де күресті. Оның ойынша, халықты қорқыту арқылы билеуге құқы бар патша күш қолдануға дейін барғанымен қол астындағларының жек көруне ұшырап қалмау үшін мүліктік және бас құқықтарын бұзуға бара бермейді. Бұл жерде адамның саяси бағыныштылық қызметінен басқа да жақтарының барлығы ескеріледі.
Азаматтық қоғамды саяси тұрғыдан да түсіндіруге болады. Макиавелли “Ойлар” деп аталатын еңбегінде мемлекет өзінің билігі үшін қанауды күшейтіп, қоғамның түрлі қызметтерін әлсіретіп, жоюға тырысатындығын жазады. Бұдан қоғам мен мемлекеттің, азаматтық және саяси аяның бөлекше екендігі көрінеді.
“Азаматтық қоғам” ұғымының бірінші рет белсенді қолданған Т.Гоббс. Бірақ оның Макиавеллиден өзгешілігі – азаматтық қоғам мен мемлекетті бір-біріне қарсы қомайды.
Ағылшын ойшылы Дж.Локкта (1632-1704) Гоббс сияқты “азаматтық қлғам” терминің жиі қолданып қана қоймай, ашық болмаса да бірінші рет азаматтық қоғамның мемлекеттен басымдылығын жариялады. Бұл идея азаматтық қоғамның негізі жеке меншік екендігін мойындауға негізделген. Оркк үшін жеке меншік қасиетті, оған қол сұғуға болмайды. Саяси билік жеке меншікті реттеп, сақтап отыру заңдарын жасауға ғана құқылы.
Француз ағартушысы Шарль Луи Монтескье (1689-1755) ебектерінде азаматтық қоғам отбасы, қоғам дамуының нәтижесі, адамзат тарихының табиғи күйінен кейінгі төртінші сатысы. Азаматтық қоғам бір-біріне қарсы адамдардың қоғамы; ол кейін жауласудан сақтандырып отыратн күш қолдану органы мемлекетке айналады. Монтескье азаматтық қоғам мен мемлекетті тең санамайды. Азаматтық қоғам заңдары-азаматтық, жеке меншік заңдары. Монтескье азаматтық қоғамдағы саяси заңдардың жеке меншік заңдарымен қайшылықты бірлігін негіздеді.
Неміс ойшылы И. Канттың (1724-1801) саяси көз қарастары Ж.Ж.Руссо идеяларының әсерімен қалыптасты. Бірақ Кант азаматтық қлғам, демократия туралы түсініктерді тереңдете түсті. Ең бастысы ол диалектикаға көбірек мән берді. Канттың пікірінше, біріні рол адам табиғатында жатыр.
Ұлы философ Гегель, бір жағынан, өзіне дейінгі айталған пікірлерді қабылдаса, екінші жағынан, “азаматтық қоғам - мемлекет” дихотомиясына жаңа өзгерістер енгізді.
Гегель “азаматтық қоғам” және “мемлекет” ұғымдарына мүлдем жаңа сипат берді. Екеуі жай ғана ұқсас, өйткені қарама-қарсылықтар бірлігі көптеген әлеуметтік жіктер негізінде ғана өмір сүре алады. Гегельде “жалпы субстанция” логаникалық жағынан ерекшеленетіндіктен де тірі сияқты.
Басқаша айтқанда азаматтық қоғам мен мемлкет іштей бөлшектенетін болғандықтан да шынайы болады.
XV-лекция.
Тақырып : Әлеуметтік жүйедегі тұлға.
(1 сағат)
Жоспар:
1. Әлеуметтік жүйедегі тұлға
Лекцияның мәтіні:
“Адам” көптеген ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады. Адамның мәнің қарастырмастан бұрын “адам”, “индивид”, “тұлға” ұғымдарын ажыратын алған жөг. “Адам” ұғымы барлық индивидтерге тән, ортақ қасиеттер мен ерекшеліктерді сипаттауда қолданылады. Индивид – биләлеуметтік жан ретіндегі жеке адам. Тұлға – қоғамдық қатынастардың субъектісі. Индивид қоғаммен нақтылы әлеуметтік қауымдастықтар, институттар арқылы ықпалдасқанда, әлеуметтік маңызы бар мәселелер, әлеуметтік байланыстарды жүзеге асырғанда ғана барып тұлға дәрежесіне көтеріле алады.
Тұлғаны әлеуметтік тұрғыдан талдау оның құрылымын анықтаудан басталады. Оны қарастырудың түрлі жолдары бар. Олардың арасынан тұлғаның құрылымынан үш элементті “ол”, “мен” және олардан жоғары “супер эго” түрінде қарастырады З.Фрейдтің тұжырымдамасын бөліп айтуға болады. “Ол”-бұл біздің түйсіктеріміз басым, айсбергтің көрінбейтін бөлігі сияқты сана түкпіріміз. “Мен”-бұл түйсіктермен байланысты, дүркін-дүркін оған кіріп отырсан сана. “Эго” санасыздықты қоғамға ыңғайлы қалыпта ұсынуға тырысады, “меннен” жоғары, моральдік нормалар мен принциптердің жиынтығын құратын, адамгершіліктің “қадағалаушысы”, ішкі бақылаушысы іспетті.
Сонымен тұлға биологиялық пен әлеуметтіктің шегінде орналасқан күрделі нысан. Тұлғаларда қайталанбас, тек соған ғана тән қасиеттермен бірге көпке ортақ сипаттар бір-бірімен ұштасып жатады. Әлеуметтік жүйенің белсенді құрамдас бөлігі болатын тұлғалар қолдағы бар мүмкіндктерден қажеттісін таңдап алу еркіндігін пайдаланып, болашақ өмірінің жобаларын жасайды; алдына мақсат қлйып, оған қол жеткізу үшін бар күш-жігерін жүмылдырады; объективті әлеуметтік құрылымдарда, әлеуметтік байланыс жүйесінде тұрақты өзгерістерге қол жеткізеді. Өз кезегінде объективті әлеуметтік болмыс, көбінесе, тұлғаның өзін-өзі жетілдіру процесінің бағыты мен мазмұның анықтап отырады. Қоғамның стратификациялануы тұлғалардың түрлі типтерін (жұмысшы тұлғасы, зиялы тұлғасы, жетекші тұлғасы, дәрігер тұлғасы, инженер тұлғасы және т.б.) қалыптастырады. Базистік тұлға (қоғамда кеңінен таралған сипаттарға ие тұлға) мен идеал тұлға (қоғамда эталон ретнде жарияланған тұлға) ұғымдары да бар.
Тұлға құрылымдағы екі сипатты бөліп көрсетуге болады: сыртқы байланыстар жиынтығы мен әлеуметтік өмірімен көбіне өзара ықпалдастық сипатын анықтайтын ішкі идеалдық байланыс.
Орталығы индивит болып саналатынсыртқы әлеммен әртүрлі бағыттағы байланыстардың жиынтығы тұлғаның базисі болып табылады. Адамның сыртқы әлеммен баланыстарынның сипаты, бір жағынан, оның әлеуметтік жүйедегі жағдайына (мәртебесіне), екінші жағынан, оның қызметіндегі нақтылы нысандарымен анықталады.
Қызмет нысандарын кәсіптік және рухани қызмет түрлеріне бөлуге болады. Қызымет түрін таңдауға адамның әлеуметтік жағдайы ғана емес, оның жеке бағыты мен қоршаған ортаның өзіне тән айырықша құрылымы да әсер етеді.
Осылайша қазіргі кезде бұрыннан қалптасқан қоғамдағы тұлғалардың типологиялық құрылымында әр түрлі өзгерістер жүріп жатты.
XVІ-лекция.
Тақырып: Тұлғаның Әлеуметтенуі.
(1 сағат)
Жоспар:
1. Тұлғаның әлеуметтенуі.
Лекцияның мәтіні:
Әлеуметтану – адамды әлеуметтік өмірге енгізетін күрделі процесс. Адам экономикалық, қоғамдық саяси басшылық, мәдени, педагогикалық, т.б. істерді атқара жүріп, материалдық және рухани игіліктерді жасаушы.
Әлеуметтануға қатысты әртүрлі көзқарас бар. Америка психологы, әрі социологы Ч.Кули тұлға “менінің” басқа тұлғалармен салыстырғандағы ерекшеліктері біртіндеп түсіну процесін зерттейді. Көптеген ізденістердің арқасында ол өзіндік “меннің” ұзақ уақытты керек ететін қайшылықты шытырман процесте қалыптасатындығы және басқа да тұлғалардың, яғни әлеуметтік ортаның қатынасынсыз жүзеге аса алмайтындығынанқтады. Куллидің көзқарасы бойынша, әрбір адам өзінің “менің” өзі қарым-қатынаста болатын басқа адамдардың ықпалымен қалыптастырады.
Куллидің пікірі бойынша, тұлғаның “мені” объективті факторларға қатысты ғана тумайды. Қарапайым баланың өзі талпыныстарды дұрыс бағаланып, мақталып жатса, өзінің күшіне, дарыныны сенім болып өседі; ал қабілетті, дарынды баланың әр қимылын айналасындағылар терістеп отырса, ол бала өзіне-өзі сенімсіз болып, бойындағы бар жақсы қасиеттеріненайырылып қалуы да мүмкін. Әрбір адам өзінің ақылды немесе ақымақ, сүйкімді немесе сүйкімсіз, қадірлі немесе қадірсіз екендігін басқалармен болған қарым-қатынасына, олардың бағалауына қарай отырып айқындайды.
Басқалардың пікірінен туындайтын адамның “мені” оны алғаш зерттеушінің атымен “Кулидің айнадағы мені” аталып кетті. Ол айнадағы “меннің” құрылымындағы үш сатыны анықтады: 1) басқаларға дейінгі өз түсінігіміз; 2) басқалардың пікріне біздің қалай қарайтындығымыз; 3) бұл пікір туралы біздің сеніміміз. Мысалы, сіз бір топ адам сөйлесіп отырған бөлмеге кіріп келген кезіңізде, олар сізбен спайы түрде кешірім сұрап тарқап кетеді. Осындай жағдай бірнеше рет қайталана берсе, онда олардың сізбен әңгімелескісі келмейді деген пікір туындайды. Немесе керісінше, сіз бөлмеге кірген кезде адамдар сіздің маңыңызды айналшықтап жүріп алса, сізбен қызу әңгімелессе, онда олардың іс-әрекеттері сізді жағымды сезімдерге жетелейді.
Тұлғаның әлеуметтенуіне, әлеуметтік орта мен тұлғаны әлеуметтендіретін дәуір көп ықпал етеді. Мысалы, ХХ ғасырдың аяғында Қазақстан Республикасында трансформациялық процестердің, жаңа экономикалық қарым-қатынастардың белең алуы арқылы қоғамдық санада елеулі өзгерістер пада болды. Елдің әлеуметтік-экономикалық механизмін қайта құру процесі бұрыннан қалыптасқан мінез-құлық стереотипін түбімен өзгертіп, өтпелі дәуірдің жағдайына бейімделу және үйрену сияқты транзиттік кезеңнің құбылыстарымен қатар жүруде.
Елдің нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі біздің меншік нысандарының, шаруашылық құрылымдарының жүйесінде түбірлі қайта құрулардың куәсі етті.
Тұлғаны әлеуметтендіру процесі – бұл тек индивидтің бойындағы табиғи қасиеттерді біртіндеп анықтап, қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге қоғамдық орта, әлеуметтік институттар, қоғамдық ұйымдар мен құқықтық құрылымдар ықпалының да нәтижесі. Осындай тәсілмен ғана әлеуметтендіру процесі құрылымын, оның объективті және субъективті факторларын, механизмін ашуға, адамның тұлға ретінде өмір сүру аясын анықтауға мүмкіндік туады.
XVIІ-лекция.
Тақырып: Қоғамдағы тұлғаның Әлеуметтік тӘртібі.
(1 сағат)
Жоспар:
1. Қоғамдағы тұлғаның әлеуметтік тәртібі
Лекцияның мәтіні:
Тәртіп-бұл басқа индивидтер бақылауда болатын индивиттер қозғалысының, актілері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Адамдардың әлеуметтік мінез-құлқын зерттеуге Америка социологтары Ч.Кули мен Г.Мид еңбектерінде қалыптастырылған “символдық интеракционизм тәртібі” тұжырымдамасаы айтарлықтай үлес қосты.
Ч.Кули әлеуметтік ортаны алғашқы және кейінгі деп бөлуді ұсынды. Ол алғашқы ортаны (отбасы, құрдастар ортасы, көршілер, жергілікті орта) жеке тұлға қалыптасып, әлеуметтенетін, ал тәртібі жекелік, тұлғалық сипатта болып, қарапайым байланыстармен, іс-әрекеттермен ерекшеленетін негізгі әлеуметтік ұя санады. Жоғарыда атап өткеніміздей, Кули ғылымға “мен-айна” тұжырымын ұснды. Бұл тұжырым бойынша, адамдар өз тәртібін қаоыптастыру процесінде, әсіресе басқалармен жасайтын қарым-қатынастарын өзіне сырт көзбен, яғни “айнада өзіне қарайды”. Тәртіп актілерінде адамдар бір-біріне ерекше бір айна ретінде қызмет етеді. Сондықтан біздың өзіміз туралы пікіріміз көп жағдайда біздің басқа индивидтермен болған қарым-қатынастарымызға байланысты.
Сонымен, біздің тәртібіміз жағдайға сәйкес болуы үшін алдымен символдық түсінуді үйреніп, белгілі бір ептілікті, дағдыларды игеруіміз керек. Осыдан кейін барып Г.Мид әлеуметтану жүйесіндегі адамдардың тәртіптік әрекеттеріндегі екі негізгі құрамдас бөлікті атап көрсетеді: ақыл (пікір) және “мен өзім”. Өзің “өз” болып қалуың үшін, тұлға ретінде әлеуметтенудің, басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынастарда болуың үшін символдарды дұрыс түсініп, оларды орынды пайдаоануды үйрену керек. Біздің іс-әрекеттеріміздің басқаларға қалай әсер еткендігін ұзақ бақылау тәжірибесі арқылы біз өзімізді кім екендігімізді біліп қана қоймай, өзімізді басқалардың орнына қоя алатындай боламыз.
Қоғамдағы индивидтердің әлеуметтік тәртібі шартты түрде нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді. Нормативтік тәртіптің сақталуы кезінде адамның әлеуметтік қоғамда үстемдік етіп тұрған нормалармен, мәдениет құндылықтарымен реттеледі. Нормативтік емес тәртіп белгілері байқалған кезде адамның әлеуметтік тәртібі қоғам ұсынатын нормаларды орындаудан бас тартады, елемейді не қасақана бұзады. Қоғам ұсынатын нормалардан бас тартатын индивиттердің тәртібін “девианттық қылық” деп атайды. Девианттық қылыққа маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, жемқорлық, жалған банкнот жасаушылық, сатқындық, кісі өлтірулік, т.б. жатады.
Қоғам оның мүшелерінің көпшілігі орныққан нормаларды, мәдени құндылықтарды қабылдап, басқа индивидтердің күткеніне сай іс-әрекеттер жасағанда ғана орнықты өмір сүре алады. Қоғамның өзгеруімен бірге оның нормаларымен құндылықтары да өзгеріп отырады. Күні өткен дәстүрлер бірте-бірте қалып, жаңа өміршең нормалар қалыптасып, адамдардың сана-сезіміне орныға бастайды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика мен ақпарат орталығының мәліметтері бойынша, республика территориясында қылмыс 1996 жылға қарағанда 1997 жылы 11,7%, оның ішінде нашақорлықпен байланыстысы 13,2% кеміген, бірақ бұл көрсеткіш 1992 жылмен салыстырғанда 2,8 есе көп.
Қылмыс жасағандардың 7%-і кәмелетке жетпегендер, 13,9%-і әйелдер, 59%-і қылмыс жасаған кезде не оқуы, не жұмысы жоқ еңбекке жарамды жастағылар.
Сонымен дивианттық қылмыстарды төмендегі жүйемен жіктеуге болады:
а) ірікті (деструктивтік) қылықтар – жұрт қабылдаған әлеуметті адамгершілік нормаларына сай емес әрекет түрлері;
ә) әлеуметтік міндеттер – маскүнемдік, жезөкшелік, нашақорлық, т,б,;
б) құқыққа қарсы бұзақылықтар – ұрлық, кісі өлтіру, т.б. қылмыстар.
Сонымен әлеуметтік тәртіп дегеніміз индивидтердің іс-әрекеттері көрінісінің сыртқы сүрі екен. Әлеуметтік тәртіп арқылы жеке адамның тұлғалық сапалары, оның мәдени деңгейі, мінезі, қажеттіліктері, наным-сенімі, көзқарасы, талғамы, сондай-ақ оны қоршаған әлеуметтік өмірге, басқа индивиттерге және өзіне өзінің қарым-қатынастары көрініс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |