Лекциялар жинағы шымкент 2019 ж №1 Лекция



бет25/32
Дата06.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#497840
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
АКТ лекция каз

WAP

GPRS

Bluetooth

WAР деген не?

GPRS деген не?

Bluetootһ деген не?

WAР кіріспе

GPRS байланыс

Bluetootһ технологиясы

WAР технология

GPRS технологиясы

Bluetootһ байланыс

WAР технологиялары

GPRS қосымша


WAP-бет құру



11 Лекция


Мультимедиялық технологиялар.


Мультимедиялық және интерактивті технологиялар Мәтіндік ақпаратпен, графикалы бейнемен, дыбыспен, анимациялы компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалы орталар мультимедия ортасы деп аталады. Мультимедия (multimedia – көп орталы) – бұл әр түрлі физикалық көрсетілімі бар (мәтін, графика, сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр түрлі тасушыларда орналасқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио және видеоленталар) ақпаратты өңдеумен байланысқан компьютерлік технологиялар ауданы. Мультимедия құралдары – бұл әр түрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі. Мультимедия жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедия технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді. Мультимедия технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық қамтамассыздандыру мүмкіндіктерін көрнекті көрсетуіне мүмкіндігін береді, соның ішінде, слайд-презентациялармен көрсету оқытудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сонымен, мультимедиялық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу ақпаратын көрнекті етеді, оны оңай және тез қабылдап меңгерілуіне жол береді. Интерактивті – inter (бірлесу), act (әрекет жасау) мағынасын білдіреді. Білім берудегі интерактивті технология – сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Солардың бірі – ACTIVboard (Promethean компаниясы), ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Осы техникалық оқыту кешеніне кіретін интерактивті құралдарға тоқтала кетсек. ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет. ActinPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Активті қалам мен «тышқан» құрылғысының арасында өзара байланыстар бар, яғни активті қалам «тышқан» құрылғысының қызметін атқара алады.
Заман талабына сәйкес компьютердің өмірлік практикада пайдалануы және ондағы программалардың қажеттігі бүгінгі күннің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері көрсетіп отыр. Қазіргі кезде ең көп сұранысқа ие болатын компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалану.
Информатика сабағында окытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мүғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Информатика сабағында компьютерді оқыту процесінің барлык кезендерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады.
Сондықтан күнделікті сабақта біз танымдық қабілет пен біліктілікті қалыптастыру мақсатында және информатика пәнінде компьютерді тиімді қолдану, дыбысты жазу және ойнату, PowerPoint бағдарламаларын жетік білу мақсатында оның мүмкіншіліктерін пайдалану жолдарын қарастырдым.
Мультимедиялық оқыту құралдары (педагогикалық құрал) Мультимедиялық оқыту бағдарламалары
·Компьютер
·Интерактивті тақта
·Мультимедиялық проектор
·Видео және аудиомагнитофон
·Ғаламторға шығу мүмкіндігі
·Электрондық оқыту бағдарламалары
Мультимедиялық презентация мыналарды қамтиды:
·компьютерлік анимациялар
·иллюстрациялық қатар
·дыбыстық қатар
·видеофрагменттер
·гипермәтін мен гиперсілтемелер.
Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері
l Әр-түрлі фигурадағы мәтін енгізу
l Суреттер енгізу
l Дыбыстар кірістіру
l Видеолар кірістіру
l Анимациялар құру
Қазіргі кездегі компьютерлерде тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, суреттер, әр түрлі фигурадағы мәтіндер кірістіруге, анимациялар құруға бейнефильмдерді көруге және компакт дискіден музыкалық шығармалар тыңдауға болады. Компьютерлер осы үшін компакт дискілерді оқитын қосымша құрылғылармен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған.
Құжаттарға дыбыс қосуға (өздерің жасаған құжатпен немесе кестемен жұмыс істейтіндер үшін нұсқау жазуға);
Компьютерде музыкалық компакт дискілерді ойнатуға;
Windows-тағы әр-түрлі оқиғаларға сәйкес дыбыстар тағайындауға;
Әр түрлі пәндер бойынша мультимедиалық сабақтарды көріп оқуға;
Нақтылы дыбысы, бейнекөрінісі және анимациясы бар мультимедиалық ойындар ойнауға болады.
Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін сабақтарда пайдалану мысалдары
Соңғы кезде оқушылар сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын мағлұматтарды жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді. Сол себепті де әр сабақта мұғалім өзі ізденіп, балаларды жалықтырмайтындай іс-шара жасай отырып, оларды да ізденушілікке , зерттеушілікке ұмтылдыру басты міндет. Өйткені ізденбей тек қана дайын мағлұматты ғана пайдаланатын оқушының білімі тек жаттанды түрде болуы мүмкін.
Мультимедиялық құралдар білім берудің қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз.
Компьютерде мультимедиалық құрылғыларды пайдалануға арналған Windows-тің арнайы программалары бар. Олардың кейбіреулерін, мысалы, лазерлік ойнатқышты, әмбебап ойнатқыш пен фонографты, PowerPoint-ты қарастырдым.
Ойнатқыш 2 ге бөлінеді. Олар: Әмбебап және лазерлік ойнатқыштар. Әмбебап ойнатқыш дыбыстық және видео файлдарды ойнатуға, ал лазерлік ойнатқыш тек қана дыбыстық файлдарды ойнатуға арналған.
Power Point программасының информатика сабағын өткізуде пайдалануға болатын көптеген мүмкіндіктері бар. Олар: слайдтар жасау, анимациялар құру, кесте, диаграмма, суреттер, мәтіндер кірістіру мысалдарын қарастыруға болады.
Бұл үшін компьютермен оқытудың мынадай мүмкіндіктерін пайдалана алсақ, аталған мәселелер шешімін табады деп ойлаймын:
– сабақ барысында компьютерлік мүмкіндіктерді пайдаланып, слайдқа түсіру;
– интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу;
– сөздік жұмыстарын компьютерге микрафон арқылы жаздырып, тыңдалым қабілеттерін арттыру;
– арнайы дайындалған электронды оқулықтар арқылы өтілетін тақырып төңірегінде оқушыға жан-жақты білім беру;
– әр түрлі тесттік тапсырмалар мен басқа да компьютерлік нұсқадағы тапсырмаларды өз бетінше ойлана отырып, шешімін табуға мүмкіндік беру т.б.
12 Лекция




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет