Лекциялар жинағы шымкент 2019 ж №1 Лекция



бет1/32
Дата06.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#497840
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
АКТ лекция каз


Ф-УК-01/042



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Жаратылыстан-техникалық және спорт» факультеті


«Техника және ақпараттандыру» кафедрасы


АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПӘНІНЕН
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

Шымкент 2019 ж


1 Лекция


Қоғам дамуының шешуші секторында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ролі. АКТ стандарттары.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшті, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кіріп, біздің табиғи ортамызға айналды.


Ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді (бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструментальды пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды ақпараттар жиынтығын айтамыз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделгені белгілі. 
Бұл міндеттерді орындау үшінәрбір оқытушы іздену арқылы, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы және ғаламдық желіге шығу арқылы білім беру жүйесін одан әрі дамыту керек.
Егеменді елдің ертеңі оқу – білімнің тереңдігімен өлшенеді. Күннен- күнге үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытып отыруды талап етеді.
Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне «дыбыс беру», олармен диалог «жүргізу» қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады. Компьютер оқыту процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады.
Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің программасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды пайдалану қарапайым оқулықтарға қарағанда ыңғайлы және онда өзін –өзі тексеру жүйесі бар. Сондықтан өзін –өзі тексеру жүйесі студент мен оқытушы арасындағы байланысты алмастырады.
Бүгінде оқытуда ақпараттық технология мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту қарқынды дамуда.
Қашықтан оқыту – ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған, ол сырттай оқу жүйесіне балама, нақтырақ айтқанда, қосымша роль атқарып келеді. 
Қашықтан оқыту жүйесіндегі негізгі формаларға мыналар енеді: 
- бекітілген дәрістер, консультациялар; 
- телеконференциялар; 
- түрлі деректер қорындағы білім деректерімен тыңдаушылардың жұмыс жасайтын ақпартатық сеанстары; 
- имитациялық модельдер формасындағы практикалық сабақтар, іскерлік ойындар, жобалар мен рефераттарды қорғау нақтылықтың виртуалдық моделімен білімдер деректерін жасақтау, пікірталастар. 
Қашықтан оқытудың артықшылықтары: 
- компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді; 
- телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің мұғаліммен сұқбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальды класс жасау мүмкіндігі туды; 
- ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады. 
Кио туралы, joy class туралы
Ертеңгі келер күніміздің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына білімді де білікті маманның тигізер пайдасы зор.
Бұрынғы оқу үрдісінде оқытушығакөп басымдылық берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек.
Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, эммоциялық сезім – түйсіктеріне әсер ететін ізденістің пайда болатыны түсінікті. Ақыл парасаттан гөрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін оқытушы сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймайтын ізденістер жасауы тиіс. Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу – оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, өз қабілетіне сай таңдау жасауына және әрі қарай білімін дамытуына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың, бағалаудың жүйелі әдісі адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа технологиялардың түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу - оқытушы үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.
Техникалық және кәсіптік білім берудің деңгейін көтеру, кәсіптік техникалық мамандар даярлау бүгінгі күннің басты талабына айналғаны белгілі. Уақыт талабына сай жаңа заман жұмысшысы, жаңа уақыт мамандығын тезірек игергісі келеді.
Қорыта келе, «Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей болашақ мамандарға оқу үрдісінде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолданудың маңызы зор.
2 Лекция




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет