50
51
əскерінің ісін жүргізетін басқару аппараты болды. Əскери-əкімші-
лік басқару жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік дəстүрлерін
сақтаған. Қыпшақ тайпаларының басында хан, тархан, басқақ, бек
пен байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы əлеуметтік жəне жіктік жағы-
нан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі — малға жеке
меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған,
жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған. Хисапсыз көп малы
бар ақсүйектер жеке меншігін заң жолымен бекітіп берілмесе де,
мал жайылатын өрістің бəрін меншіктенген.
Жайылымдарды бөліп
беруді, көші-қон мəселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары
мен тайпа тектілері уысынан шығармаған. Қоғамның қатардағы
мүшелерінің басым көпшілігі еркін де ерікті болған. Сөйтіп,
Қыпшақ хандығы қалыптасқан феодалдық мемлекет болды, ол көне
түрік мемлекетінің дəстүрін дамытып, жалғастырды.
Қыпшақтардың саяси жағдайына келсек, 1065 жылы селжұқтардың
билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабу-
ыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент
пен Сауранға жорыққа шығып, қыпшақ тайпаларының бір бөлігін
Хорасан селжұқтарына тəуелді етті. Алайда, XI ғасырдың соңғы
ширегінде де қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс
жағалауында бұрынғыша өз билігін жүргізіп тұрды. 1096 жылы
қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады,
бірақ ол сəтсіздікпен аяқталды.
XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, Сырдарияның
төменгі ағысындағы тағы басқа қалалар қыпшақ көсемдерінің
қолына қарағанымен, XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар
қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта
Азияның мұсылмандық əулеттері
арасындағы қиян-кескі ұрыс
алаңына айналады. Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады, со-
нан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды
да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына
тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап
осы кезден бастап Қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған
себеп болған негізгі жəйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің
арасында Хорезмге бейімдеушілердің көбеюі, қаңлылардың аса ірі
бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара əулетті қырқыстың
күшеюі еді.
XII ғ. екінші жартысынан, əсіресе, Текеш (1172—1200 жж.) биле-
ген кезден бастап, Хорезм қыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді
мақсат еткен саясат жүргізеді. Қаңлы, қыпшақ, имек, ұран тайпала-
ры топтарының жетекшілерін Хорезм шахтары əртүрлі қызметтерге
тартады. Бұдан басқа туысқандық үшін қалыптасқан дəстүрге
сай Хорезм билеушілері əйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан
əулеттерінен алып отырған. Мысалы, XIII ғ. бас кезінде Хорезм
шахы Ала ад-дин Мұхаммед қаңлылардың басшысы Əмин Мəліктің
қызына үйленген. Осының арқасында Əмин Мəлік
Хорезм шахтар
сарайында маңызды рөл атқарған.
Хорезм шахы Мұхаммед /1200—1220 жж./ өз мемлекетінің
құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ
иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хо-
резмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра берді. Бұл кезде Хо-
резмшахы Мұхаммед Дешті қыпшақ еліне бірнеше рет жорық жа-
сайды. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қадырханға қарсы аттанған
əскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде
ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді
қуып келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл
монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп, бұдан
кейін монғол басқыншылығының дəуірі басталады.
Достарыңызбен бөлісу: