84
85
— Ноғай Ордасының халқы), яғни бұл этносаяси ұғым. Тарихи-
этнографиялық əдебиетте тарихи-этнографиялық өңірде құрылған
мемлекеттің тұрғындарын этносаяси қауымдастық деп атайды.
Халық этникалық жəне саяси жағынан да тұтас болу үшін ең
алдымен өзінің тəуелсіз мемлекеті болу керек. Біртұтастыққа
ұмтылған тайпалар саяси жағынан Ақ Орда, Əбілхайыр хандығы,
Ноғай ордасы жəне Моғолстан сияқты мемлекеттерге бөлшектенді.
Алайда осы мемлекеттер қазақ мемлекеттілігінің құрылуына,
өзіндік этникалық кеңістіктің қалыптасуына негіз болды. Қазақ
тайпалары мен рулары əр мемлекеттің құрамына кеткенімен, олар
бір тілде сөйледі.
Қазақ халқының рулық-тайпалық құрамына келсек, ол үш жүзден
жəне төмендегідей тайпалардан тұрды. Ұлы жүздің
тайпалық
құрамы: Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапырашты, Сары
үйсін, Ошақты, Ысты. Орта жүздің тайпалық құрамы: Арғын,
Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей. Кіші жүздің тайпалық
құрамы: Жетіру, алты ата Əлімұлы, он екі ата Байұлы. Сонымен
қатар Қазақ халқының құрамына төрелер мен қожалар кіреді.
Қазақ халқының қалыптасуы XV ғ. екінші жартысы мен XVI ғ.
бас кезінде, тəуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды.
Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы — өз
мемлекетінің аты қалыптасты.
Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана əлсіреп, жалпы
қазақтарға тəн этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ
мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық
тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық,
ұлт. Бұл əр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық
сана — бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі
деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде
қазақтарда халықтық этникалық сананың орына ру-тайпалық сана
басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап
беруші ең
алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін
айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп елден тыс шыққанда ғана
айтады.
«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар.
Ғылыми тұрғыдан жазба əдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы
туралы толық тұжырым жоқ. Енисейде табылған VIII ғасырдағы
түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» — «қазақ ұлым» деген сөз
тіркесі кездеседі. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақ-
станды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар»
деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы
болғаны белгілі.
X—XI ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен
бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс
жағалауындағы Касаг қаласы туралы, касагтар
елі туралы деректер
бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен
қонысы болған, олар бірігіп, XI ғасырда Дон мен Днепр жағалауына
орныққан. X ғасырда билік құрған Византия императоры Констан-
тин Багрянородныйдың айтуы бойынша Кавказдың солтүстік-ба-
тысында «қазақтар елі» бар. Азербайжанның батысында бүгінгі
күнге дейін Қазақ ауданы бар.
Ең алғаш “Қазақ” сөзі мұсылман жазба деректеріндегі авторы
белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік
Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы
қолжазба түрінде жеткен жəне 1894 жылы Германияның Лейден деген
қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің
«үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары беріл-
ген. Сонымен бұл сөздікте қазақ термині əлеуметтік мағынаға
ие болып отыр. Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары
бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған.
«Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда
көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудан-
дарда қоныстануы туралы айтылған
деген қорытынды жасауға
болады.
XV ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы
Əбілхайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына
бекиді. Жəнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі
қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ негізгі
рөл халықтың қалыптасуында емес, оның қазіргі кездегі атауында
болды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ,
тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бұл үрдістің өтпелі
сипатына «өзбек-қазақ» термині дəлел болады. Қазақ халқының
қалыптасуының аяқталу кезеңі белгілі тайпалар топтарының
көптеген факторлардың ықпалымен əртүрлі
даму сатысында тұрған
Шығыс Дешті-Қыпшақ тұрғындарынан бөліну үрдісімен сипаттала-
ды. Қазақ хандығының құрылуы жəне нығаюы түрлі хандықтарға
қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды.
Қазақтың этникалық аумағын біріктірді, осы арқылы қазақтың
халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.