Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


-тақырып ҚАЗАҚСТАН КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет54/74
Дата09.03.2024
өлшемі1.99 Mb.
#494755
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

12-тақырып
ҚАЗАҚСТАН КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЫҚ 
ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП НЫҒАЮ
КЕЗЕҢІНДЕ (1921—1939 жж.)
Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында
• 
Қазақстандағы индустрияландыру саясаты жəне оның 
• 
қайшылықтары
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
• 
Қоғамдық-саяси өмір
• 
1. Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында
1918—1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің 
экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өн-
діріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда 
Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал 
мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жал-
пы өнім өндіруіндегі өнеркəсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 
процент болды.
Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал 
губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есе-
ге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып 
саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал 
саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ 
мал болды. 
Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының 
бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Осыған байланысты 1921 
ж. бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн. пұт деңгейінде 
ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық 
тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт көлемін қамтиды, яғни 
залал 17 млн. пұтты құрады. Ауа райының қолайсыздығы мал 
шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар етті. 1920—1921 
жылдар аралығындағы жұттан кейінгі мал басы 1917 жылмен 
салыстырғанда 75% кеміді.
Азамат соғысының аяқталуына жəне елдің əлеуметтік-
экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне қарамастан, Кеңес 


230
231
үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан əрі 
жалғастырды. Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі “Сібірдегі 
артық астықты алу туралы” декретінің күші Қазақстанның солтүстік 
аудандары мен Семей губерниясына да тарады. Осы декретке сай 
1921 жылдың тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн. 
пұт (РКФСР көлемінде 423 млн.пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, 
соның ішінде 35 млн. пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді.
Тапсырманың 26 млн. пұты Семей облысына міндеттелінсе, тек
Қостанайдың өзінен 6 млн. пұт астық алынды. Артық өнімдер 
ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық жəне тұқым қоры 
да тəркіленіп отырды. Астық салығы мал шаруашылығымен ғана 
айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар 
малдарын сатып астық сатып алуға мəжбүр болды. 
Кеңес үкіметінің солақай саясатының нəтижесінде Республи-
каны сұрапыл аштық жайлады. Бөкей губерниясында — 100 мың,
Оралда — 400 мың, Семей губерниясында — 500 мың, Орынбор — 
445, Ақтөбеде — 360 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім 
ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда
халықтың 75 проценті қырылған. Əулиеата уезінде халықтың қатты 
қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп, 
бір болыс ұйымдастыруға тура келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн 
300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан 
өлді деген мəліметтерді келтіреді. 
Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай сорақылыққа қарсы 
шыққан Т. Рысқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, 
құрамына бірнеше комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы 
ұйым құруды талап етеді. Түрікатқару комитеті Т. Рысқұловтың та-
лабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сəйкес 
республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, 
қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күресті 
тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады. 
Оның төрағасы болып Т. Рысқұлов тағайындалады. Бұл ұйым алғаш 
жұмысқа кіріскенде көптеген объективті қиындықтармен қатар, 
өзі тектес азық-түлік ісіне қатысы бар басқа ұйымдар тарапынан 
жасалған қасақана іріткі салу əрекеттеріне кездесті. Рысқұлов жал-
пы Орталық комиссияның құрылуының өзін “дені дұрыс құбылыс 
емес”, үкіметтің құрамында аштықпен күресуге міндетті толып 
жатқан “экономикалық органдар бола тұра, мұндай ерекше ұйым 
құруға мəжбүр болудамыз” дейді.
Өткір пікір таластардан кейін, яғни Т. Рысқұловтың аса зор 
еңбегінің арқасында Түрікатқару комитеті мен ХКК-і бұл Орталық 
комиссия қорына құнсызданған болса да 42 млн. сом қағаз ақша
бөледі. Орталық комиссияның облыстар мен уездерде, болыстар 
мен қалаларда жергілікті мекемелері мен бөлімшелері ашылады, 
олардың басына сауатты мамандар отырғызылады. 
Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баянда-
масында Т. Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының 
сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына революциядан 
бұрынғы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен əсіресе, рево-
люциядан соң орнаған кеңес өкіметінің шовинистік саясаты басты 
себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді.
Қазақ Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) де аштыққа ұшыраған 
аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды.
ҚОАК-ті жанынан аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін ко-
миссия құрылады. Республикалық комиссияны ҚОАК-нің төрағасы 
Мендешев басқарды. Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, 
КазАКСР ОАК-і ашыққандарға көмек беруші Орталық Комиссияның 
шешіміне сəйкес, бұл аудандардың тұрғындарын астық, картоп т.б. 
мемлекеттік салықтардан босатты.
Қазақ қоғамын жайлаған аштықты Орталықтағы Кеңес үкіметі 
мойындамады. Республиканың кейбір басшылары мен орыс жұртшы-
лығы негізінен өлкенің көшпелі тұрғындарын қамтыған сұрапыл 
аштықты “кездейсоқ, тұтқиылдан тап болған зобалаң” ретінде
бағалады. Өлке халқының мұндай нəубетті бұрын-соңды басынан 
кешпегендігі Орталық үкіметті ойландырмады да. Мұндай жағдай
Кеңес өкіметінің өзі жүргізіп отырған саясатқа еш күмəн келтірмей,
оны толық дұрыс деп есептегендігінің айғағы еді.
Республиканың экономикасындағы ауыр дағдарыс, яғни мем-
лекеттің күштеу саясатына негізделген азық-түлік саясаты 1920—
1921 жылдары шаруалардың Кеңес үкіметіне қарсы стихиялы 
қарулы көтерілістерінің тууына əкелді. Көктем-жаз айларында 
басталған шаруалардың наразылықтары “Азық-түлік салғырты 
жойылсын!”, “Большевиктерсіз Кеңестер үшін!”, “Ерікті саудаға 
жол берілсін”,— деген ұрандармен басталып, қарулы көтерілістерге 
ұласты. Өскемен, Павлодар, Семей, Петропавл, Қостанай, Көкше-
тау, Ақмола, Атырау, Орал, Шымкент уездерінде ашық түрдегі 
көтеріліс кеңінен орын алды. 
1921 жылы наурызда Қазан төңкерісінің орталықтарының бірі 
болған Кронштадта матростар көтеріліске шықты. Кронштадтықтар 
негізінен Ресей селоларынан келген, флотта əскери міндетін өтеп 
жүрген шаруалар еді. Олар Азамат соғысының аяқталуына бай-


232
233
ланысты армияны таратуды, шаруаларға жер мен онда өндірілген 
өнімді пайдалануға бостандық беруді, ақшаның тұрақтылығын 
қамтамасыз етуді жəне жұмысшыларға жалақы төлеуді талап етті. 
Бұл жəне Қазақстанды да қамтыған басқа да көтерілістер ұйым-
дасуы жəне қару-жарақпен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан 
Қызыл Армия əскерлерінің күшімен талқандалды. Қазақстандағы 
көтерілісшілердің кей бөліктері Қытайға өтіп кетті. Елде көтеріліс-
ке қатысқаны үшін мыңдаған адамдар тұтқындалып, олардың
932-сі сотқа тартылды. Кеңес үкіметі бұл қарсылықтардың бəрін 
“контрреволюциялық баскөтерулер” деп бағалады.
Алайда большевиктер өздерінің биліктен айырылып қалу
қаупінің күшейгенін, осыған орай шаруашылық саясаттың мүлде
жаңа принциптеріне көшу қажеттігін айқын сезді. Партияның
Х съезі (8 наурыз, 1921 ж.) көтерілісшілерді айыптағанмен, 
экономикалық саясатты өзгертуге мəжбүр болды. Съезд ша-
руашылық мүддені іске қосудың жаңа жүйесін жасаудың ша-
раларын белгіледі, яғни «Соғыс коммунизм» саясатынан жаңа 
экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. 
Партияның Х съезінде қабылданған жаңа экономикалық 
саясаттың мəні неде?
Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, 
банкті қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді. 
Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кəсіпорындар белгілі 
мерзімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға берілді. Сау-
да бостандығы жүзеге асырылды, яғни мемлекеттің бақылауымен 
жеке саудаға рұқсат берілді. Сауда негізінен ауыл мен қаланың 
ортасындағы негізгі байланыс көзіне айналып, сонымен қатар 
мемлекеттік жəне кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды. Жеке 
ауыл шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім 
кəсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. 
Еңбекке деген міндеткерлік жəне еңбек армиялары жойылды. 
Өндіріс орындарын жұмысшы күшімен қамтамасыз ету еңбек бир-
жалары арқылы жүзеге асырылатын болды. Елдегі ақша жүйесін 
нығайту, ақысыз қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы 
төлеу міндеттелді.
Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндет-
тердің ішіндегі ең маңыздысы — азық-түлік салғыртын азық-түлік 
салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты 
кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз 
етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті 
еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі 
ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын 
өз еркімен пайдалану құқығына ие болды. Бұл ендірілген салық 
жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы 
болды. Себебі, олар өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана 
мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа 
қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа 
қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, 
яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды. 
Енді осы жаңа экономикалық саясаттың қазақ өлкесінде 
ендірілу əдістері мен жолдарын қарастырып көрейік. РКФСР ХКК-
нің арнайы декреті бойынша бірыңғай азық-түлік салығы мал 
шаруашылығымен айналысатын аудандарға да ендірілді. Қазақстан 
ауылы мен деревнясында жаңа экономикалық саясаттың алғашқы 
азық-түлік салығы науқаны өте қиын жағдайда жүргізілді. Оның 
себебі, ЖЭС ендірілген жылы да партия, кеңес жəне азық-түлік ор-
гандары азық-түлік салғырты саясатын жалғастырды да, ол бойын-
ша дайындалған өнімдерді Орталыққа жіберу жөніндегі Еңбек жə-
не Қорғаныс кеңесінің тапсырмасын орындаумен айналысты. Мы-
салы, көшпелі мал шаруашылығы аудандарында алғашқы бірыңғай 
азық-түлік салығы 131,9% көлемінде орындалды. Бұл əрине, соғыс 
коммунизм саясатының əрі қарай жалғасуы болды. 
Сөз жүзінде ЖЭС ендірілгенімен Кеңес үкіметі іс жүзінде баяғы 
қарқынмен экономикаға өзінің бақылауын жүргізуді тоқтатпады.
Бірнеше ай бойы мемлекет қала мен деревня арасындағы айырбасты 
кооперация арқылы бақыламақ болды. 1921 жылы 7- сəуірде мем-
лекет өзінің арнайы декретімен кооперацияға фабрика-зауыттық 
өнімдерді ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастауды міндетті 
тапсырма етіп берді. Бірақ бұл мəселені жүзеге асыру өте қиын 
болды. Оның себебі мемлекеттің бақылауымен жүргізіліп отырған 
тауар айырбасы жеке саудамен жарысқа түсе алмады. Оның үстіне 
мемлекеттік тауар айырбасы ЖЭС-тың принциптеріне сай келмеді, 
яғни сауда бостандығына кедергі келтірді. Мұндай жағдай халықтың 
жаңадан ендірілген шаруашылық саясатына деген сенімсіздігін ту-
дырды. 
Жоғарыдағы аталған кемшіліктер біртіндеп азық-түлік са-
лығы саясатының кең ендірілуі барысында жойыла бастады. 
1924—1925 жылдары ауыл шаруашылық салығынан КазАКСР 
бүкіл шаруашылығының 32,7%-і босатылса, 1925—26 жылдары — 
33,8% босатылған еді. Əсіресе, 1924—1925 жылдары мал өсіруші 


234
235
шаруашылықтың 72%-ке жуығы алым-салықтан босатылды. 
Көшпелі жеке қазақ шаруашылықтарына 3—5 жылдық мерзімдерге 
жеңілдіктерге негізделген несиелер берілді. Сонымен қатар мемле-
кет тарапынан ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын са-
тып алуға негізделген несиелер де белгіленді. Осының бəрі ұсақ 
тауар өндірушінің материалдық құштарлығын арттырды, оның өз 
шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін күшейтті.
ЖЭС-тің аясында нарықтық қатынастардың күшеюі сауданың 
дамуына ықпал етті. Ал ол болса ақшаның тұрақтануына əсерін 
тигізді. Осы жағдайға байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде 
ендірілген салықтың натуралды түрін партияның ХІІ съезі (1923 ж. 
сəуір) ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен алмастырды. Ал 
1924 жылы салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық көшірілді. 
Осы жылы ақпан айында Кеңес үкіметі ақша реформасын 
жүргізіп, кеңестік ортақ жаңа ақша өлшемі тұрақты сомды енгізді. 
Осы жағдайлар Қазақстанда жəрмеңкелік сауданың кең өрістеуіне 
жол ашты. 1926 жылы Қазақстанда 128 жəрмеңке жұмыс істеді.
Бұл кездегі ірі жəрмеңкелер қатарына — Ойыл, Қоянды, Қарқара, 
Темір, Көкшетау, Атбасар жəрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы 
кездегі жəрмеңке саудасының жалпы айналымы 20—23 млн. сом-
ды құрады. Сондай-ақ, осы өркендей бастаған жəрмеңкелік сауда да 
ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді.
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген 
шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі 
міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін 
біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде 
Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған 
еді. Осыған байланысты қазақ автономиясы құрамында жер саяса-
тын жүргізуші жетекші орган — Жер комитеті құрылды. Ол қазақ 
автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 
жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті 
қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (пересе-
ленческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, 
Ақмола, Торғай жəне Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, 
олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға 
қайтарылады. 1921 жылы 19 сəуірде Жер комитеті кезінде патша 
үкіметінің Сібір жəне Орал казак əскерлерінің тартып алған жерлерін 
қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай 
қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 
мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды.
1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті 
“Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы” заң қабыл-
дады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша əркімнің 
өз жерінде қалуға жəне ол жерді пайдалануға құқығы болды. Жер
заңға сəйкес құжатталған жағдайда ғана оны пайдаланушы сол 
жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездің 
немесе жер органдарының шешімі қажет болды.
Алайда осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес 
үкіметі Ресей аумағын түгел қамтыған “Жер кодексін” қабылдады. 
Осы кезден бастап жер туралы бүкіл мəселенің бəрі мемлекеттің 
идеологиялық құндылықтарына негізделген құқыққа ие болды. 
Бұл кодекс бойынша жермен тұрғылықты халық қамтамасыз етілуі 
керек болды. Сонымен бірге автономияларға қосымша ұсыныстар 
мен негіздемелер жасауға рұқсат етілді. Бұл кодекс отырықшы-
егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да, көшпелі аудан-
дар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы жермен 
толық қамтамасыз етілмеді. 
Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер мəселесіндегі отарлық са-
ясатын жойғысы келгенімен, іс жүзінде жерді пайдалануды таптық 
тұрғыдан шешті. Соның нəтижесінде жергілікті қазақ халқы мен 
қоныс аударушылардың құқығы теңестірілді. Оның үстіне пат-
ша үкіметі кезінде жерге орналасқан басқа ұлт өкілдері ол жер-
ден айырылғысы келмей үлкен қарсылық көрсетті. Сонымен қатар 
олар өз иеліктеріндегі жердің межеленбеуін, яғни шекараларының 
айқындалмауын пайдаланып, жаңа жерлерді тартып алды. 
Осы жағдайлар жер жəне жерге орналастыру мəселесін шешуді 
өте қиындатқанымен, жаңа экономикалық саясат шеңберінде азық-
түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы 3—4 
жыл ішінде қазақ ауылы мен деревнясын дағдарыстан шығара ба-
стады. 1925 ж. егістік жердің көлемі 3 млн. гектар болса, 1928 жылы 
4 млн. гектарға жетті, яғни бұл 1913 жылдың (4,4 млн. га) деңгейіне 
жеткендігін көрсетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналса, 1927 ж. 
астықтың жалпы түсімі 104 млн. пұтты құрады. 1925 ж. мал саны 
1922 ж. салыстырғанда екі есе өссе, 1925—1928 ж. аралығында жыл 
сайын 5%-ке артып отырды.
Қазақстанның өнеркəсібі саласында да едəуір өзгерістер бол-
ды. Қазақстан халық шаруашылығы орталық кеңесі (ВСНХ) сегіз 
(Балық, Тері, Илецктұз, Павлодартұз, Батысалтын, Ақжалалтын, 
Сексеул, Спирт) трестерді жəне сантонин зауыты мен Қарғалы 
шұға комбинатын біріктірді. Губерниялық кеңестің құзырына 


236
237
жергілікті деңгейдегі өндірістер бағынды. Олардың көбі жалға 
берілді. Сонымен бірге Қазақстанның көптеген өндіріс орындарын 
одақтың қорғанысына қажетті, оның мүддесін дүниежүзілік ры-
нокта қорғайды деген желеумен бүкілодақтық деңгейдегі трестерге 
біріктірді. КазАКСР-де одақтық деңгейдегі Ембімұнай, Алтайпо-
лиметал, Атбасцветмет сияқты трестер құрылды. Олар республи-
ка бюджетіне белгілі мөлшерде ғана қаржы бөліп тұрды. Ал қалған 
табыстардың бəрі орталықтың иелігінде болды. Мұндай жоғарғы 
дəрежеде өндірістерді орталықтандыру саясаты кейін де үстем бол-
ды.
Сөйтіп, Кеңес үкіметінің елдің өнеркəсібін қалпына келтіру мақ-
сатында жүргізілген шаралары кейін республика экономикасына 
орталықтың үстемдігінің мейілінше күш алуына əкелді. Өндіріс 
орындарын орталықтанған трестерге біріктіру, сонымен бірге 
өндіргіш күштерді региондарға орналастыруда кемшіліктерге жол 
ашты, яғни Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімге шикізаттық 
сипатын айқындады. 
ЖЭС аясында Республиканың халық шаруашылығында болған 
өзгерістер елдің дағдарыстан шыққанын, экономикалық дамуда 
жаңа үрдістің кең етек жайғанын көрсетеді. Елдің шаруашылық 
жүйесі нарықтық экономика қатынасына біртіндеп енді. Өлкенің 
экономикасы көпукладты сипатқа ие бола бастады, яғни əртүрлі 
меншік түрлерінің қатар өмір сүру мүмкіндігі пайда болды. 
Меншіктің əртүрлі түрлерінің қалыптасуы, олардың арасындағы 
бəсекелестік пен ұдайы өндірістегі бірін-бір толықтыруы халық 
шаруашылығының алға даму бағытын айқындады.
Большевиктер таптық мүддені қорғау принциптерінен ажырама-
са да, жаңа экономикалық саясат аясында мемлекеттің экономикаға 
араласуы шектелді. Мемлекет белгілі мөлшерде ғана көпукладты 
ұдайы өндірісті кредит, салық жүйелері арқылы ғана реттеп от-
ырды. Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін 
мұндай саясат өте орынды еді. 
Алайда ірі өнеркəсіп саласын мемлекеттік монополизациялау 
нəтижесінде олар өз өнімдерін тұтынушыларға (əсіресе аграрлық 
сектордағы жеке тұтынушыларға) өте жоғары бағамен ұсынды. Пар-
тия жəне үкімет шешімдері ауыл шаруашылық кооперациясының 
ЖЭС жағдайындағы жаңа рөлін анықтағанына қарамастан, оны 
бақылап отыруға мемлекет мүдделі болды, соның нəтижесінде мем-
лекет ауылшаруашылық тауарларын сатып алу бағасын өзі белгіледі 
жəне ол өте төмен болды. 
Ұзақ əлеуметтік даму барысында қалыптасқан дəстүрлі тауар-
лы шаруашылық мемлекет тарапынан ендірілген мұндай реттеуші
бақылауға сəйкес келмеді. Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған 
мұндай саясат ұсақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер та-
рапынан қарсылық тудырды. Олар өндірген өнімдерін төменгі 
бағамен сатудан бас тартты. Алайда бұл қарсылықты мемлекет өзі 
жүргізіп отырған саясаттың кемшілігінен деп есептемеді. Керісінше 
ол қарсылықты тап жауларының іс-əрекеті деп бағалады. Мемлекет 
тарапынан жеке шаруа қожалықтарына қарсы бақылауды күшейтті.
Ұсақ тауар өндірушілерді əкімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру 
саясаты сауданы шектеуге, яғни ЖЭС-тің шектелуіне əкелді.
Мұндай жағдай “соғыс коммунизм” саясаты тұсындағы əкім-
шілік басқару əдістерін жандандырды. Экономикалық даму 
жүйесіне əкімшілік тұрғыдан араласу большевиктердің негізгі 
жұмыс əдісіне айналды. Таңдау мүмкіндігі, еркіндік, шаруашылық 
еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде қалып отырды. Экономи-
каны жоспарлы түрде дамыту идеясы күш алды. Дағдарыстардың 
бəрі осы жоспарлаудағы кемшіліктерден деп есептелді. Жергілікті 
партия жəне кеңес органдары кооперацияны басқаруда əкімшілік 
əдіске жиі сүйенді. Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан 
жоспарлы түрде дамыту мен əкімшілік басқару əдістері нарықтық 
қатынаспен сəйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеология-
ны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде дамыту 
идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркəсіп өндірісін халық 
шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі жəне оның жоғары 
қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бұл ЖЭС аясында қалыптасқан
көпукладты ұдайы өндірістік жүйенің қатар даму барысын шектеді, 
яғни 20-жылдардың аяғында ұсақ тауар өндірушілерге қарсы күресті 
күшейтті. Соның нəтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни
ЖЭС тоқтатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет