Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы



Pdf көрінісі
бет67/74
Дата09.03.2024
өлшемі1.99 Mb.
#494755
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, 
құқықтық жəне əлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Елімізде 
саяси партиялардың жəне партиялық жүйенің орнығуына, күшті 
заң шығарушы органның, тəуелсіз баспасөз жəне автономиялық 
жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді.
Атамекен жеріміздің тəуелсіз ел екендігін, құдіретін, байлығын, 
бірлігін, мақсат-мұратын білдіретін қастерлі рəміздерді құрмет 
тұту, сыйлау, асқақтата дəріптеу қазақстандық əрбір азаматтың ең 
қымбатты борышы. Рəміз дегеніміз белгілі бір нəрсені өз қалпынан 
өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыртаңба, эстетикалық 
санат, шартты белгі. Елтаңба, Ту, Əнұран — əрбір тəуелсіз 
мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым — Қазақстан та-
рихында мемлекеттік рəміздердің дүниеге келген ерекше мəртебелі 
күні. 
Қазақстан Республикасы туының авторы — Ш.Ниязбеков. 
Тудың біртүстілігі Қазақстан халқының бірлігін білдірсе, көгілдір 
түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пəктіктің 
нышаны, күн — энергия көзі, байлықтың нышаны. Тудағы бүркіт 
бейнесі — мемлекеттік билікті, кеңдікті білдіреді, еркіндіктің, 
тəуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың нышаны. Төл ту-
ымызды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік 
тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда “Қошқар мүйіз” деп атала-
тын қазақы өрнек салынған. Тəуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңба-
сының авторлары — Ж. Мəлібеков пен Ш. Уəлиханов. Елтаңба мəңгі 
өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті 
меңзейді. Қазақстан Əнұраны əуенінің авторлары — композитор-
лар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди болса, мəтінінің ав-
торлары — ақындар М. Əлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев,
Ж. Дəрібаева. Əнұранда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі, 
тамыры терең болмысы, келешегіне бағышталған арманы көрініс 
тапқан. Əнұран патриоттық сезімнің белгісі. Əнұранның əуені 1992 
ж. 4 маусымда, ал мəтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді. 
2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
рəміздері туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен 
толықтырулар енгізіліп, бұрынғы Əнұранның орнына жаңа 
Əнұранның мəтіні қабылданды. Еліміздің жаңа Əнұраны — жұртқа 
əйгілі «Менің Қазақстаным» əні. Оның сөзінің авторы — Жұмекен 
Нəжімеденов, ал əн əуенінің авторы — Шəмші Қалдаяқов. Жаңа 


328
329
Əнұранның мəтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті
Н.Ə. Назарбаев тарапынан толықтырылды. 
Ал 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік 
рəміздер күні болып белгіленді. Бұл — Мемлекеттік рəміздерге де-
ген шынайы құрмет белгісі. Мемлекеттік рəміздерге деген құрмет 
— отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі.
Астана — егеменді Қазақстанның жаңа елордасы. 1997 жылы Ре-
спублика Президенті Н.Ə.Назарбаев астананы Алматы қаласынан 
Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл та-
рихи шешімнің қабылдануына қаланың өте ірі көліктік жолдардың 
тоғысында, еліміздің ұтымды геосаяси орталығында орналасуы 
себепкер болып, ол көп жағдайда біздің жас мемлекетіміздің келе-
шек қарқынды дамуын айқындап берді. 1998 жылы 6 мамырда жаңа 
елорданы Астана деп атау туралы шешім қабылданды. Ал 20 ма-
мырда «Қазақстан Республикасы астанасының мəртебесі туралы» 
ҚР-дың Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымында тəуелсіз 
Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рəсімі бо-
лып өтті. Біз айрықша қысқа мерзімнің ішінде еліміздің дəл орта-
сында жаңа астанамызды тұрғыздық. Астана қазақстандықтардың 
мақтанышына айналды. 
Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси инсти-
туттар — парламент, 1993 жəне 1995 жылдардағы конституция-
лар қабылданды, тəуелсіз сот билігі қалыптасты. Қазақстанда 
көппартиялық жүйе пайда болды. 1999 ж. республикада 14 саяси 
партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер 
құрылды. Ал 2003 жылы саяси партиялардың саны 19-ға жетті. 
Жаңадан халық арасында танымал “Отан”, “Ақ жол” т.б. партиялар 
бой көтерді. 
1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінші қоспалаталы парла-
мент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру 
қадамдары одан əрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, сая-
си күрес мəдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның 
нақтылы дəлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент 
Сенаты, Парламент Мəжілісі депутаттарын сайлауды айтуға бола-
ды. 
1999 жылғы 10 қаңтарда болып өткен Қазақстан Президенті 
сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік 
партия өкілі С.Ə. Əбділдин, Сенат депутаты Ə.Ғ.Ғаббасов, Мемле-
кеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ.Е.Қасымов жəне Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев. Қазақстан Прези-
дентін сайлауға барлық сайлаушылардың 87,05 проценті қатысты. 
Дауыс беру қорытындысында Н.Ə.Назарбаев жеңіске жетіп, қайта-
дан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған 
дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 проценті өз 
дауыстарын берді. 
Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер 1995 
жылы қабылданған Ата Заңында өзінің басты көрінісін тапты. 
Еліміз егемендік алғаннан бері екі Конституция қабылданды. Оның 
біріншісі — 1993 ж. қаңтарында өмірге келді. Бірақ оның елеулі 
жетіспеушілігі мен кемшілігі бар еді. Бірінші Конституцияны жа-
сауда асығыстыққа жол берілді. Нақтылап айтсақ, ел ішінде болып 
жатқан саяси-экономикалық жəне əлеуметтік процестерді бірден ой 
елегінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан 
нақты айқындау əлі мүмкін болмады. Осындай себептерге байланы-
сты жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туындады. 1995 жылы 30 
тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы референдумда еліміздің 
жаңа Конституциясы қабылданды. 
Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанда, 
көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрынғы Ата Заң 
4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрған болса, кейінгісі көлемі жағынан 
едəуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Онда еліміздің 
экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан 
тиянақталып, халықтың əлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті 
құқықтар беретін көкейкесті мəселелерді шешу ескерілді. Жаңа 
Ата Заң құқықтық мемлекет құруға бағдарланған. Конституцияның 
кіріспесінде: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайыр-
лы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: 
оның ең қымбат қазынасы — адам жəне адамның өмірі, құқықтары 
мен бостандықтары”,— делінген. Мемлекеттік билік заң шығарушы, 
атқарушы жəне сот биліктеріне бөлінеді. Конституция бойынша 
Қазақстан Президенттік республика болып табылады. Президент 
елдің ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін 
мемлекет басшысы, ең жоғарғы лауазымды адам болып есептеледі. 
Конституцияда Парламенттің орны мен атқаратын қызметі айқын 
белгіленген. Ол заңдар шығарып, қабылдайтын орган. Парламент — 
Сенат жəне Мəжіліс палаталарынан тұрады. Бұған дейін Парламент-
те мұндай екі палата деген ұғым болған емес. Жаңа Конституцияда 
екі палаталы парламенттің ерекшеліктері де жан-жақты көрсетілген. 
Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі үкіметтің тиісті орны, сот 
билігінің, прокуратураның қызметтері де айқындалған. Бұрынғы 


330
331
Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тиянақталмаған көптеген маңыз-
ды мəселелердің түйіні кейінгі Конституцияда жаңаша шешілген. 
Оны, əсіресе, жер, тіл, азаматтық, негізгі құқықтар мен бостандық си-
паты туралы, қос палаталы парламент құрылымы жəне Президентті 
айып тағу арқылы қызметтен кетіру мəселесі жөніндегі баптар мен 
тармақтардан айқын көруге болады. 
Қорыта келгенде, біздің жаңа Конституциямыз, еліміздің рə-
міздері халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы аңсаған шынайы 
егемендікке қол жеткізгендігінің нақты көрінісі болып табылады. 
Сондықтан, республикамыздың əрбір азаматы Ата Заңымыздың 
мазмұнын жете біліп, оның талаптары мен қағидаларын мүлтіксіз 
сақтауға, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге міндетті. 
2007 жылы мамырда «Қазақстан Республикасының Конституци-
ясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. 
Ол республика халқы тарапынан түсіністікпен жылы қабылданды. 
Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты — қоғамды одан 
əрі демократияландыру. Бұл жаңа өзгерістер мен толықтырулардың 
негізгі мəні қандай? Біріншіден, президенттік жүйеден басқарудың 
президенттік-парламенттік моделіне көшудің конституциялық негізі 
қаланды. Елбасы өз ұсынысымен біраз өкілеттілігін Парламент-
ке берді. Конституцияға осыған байланысты бірқатар өзгерістер 
енгізілді. Парламенттің құзіреті едəуір кеңейтілді. Президенттің 
құзіреті біршама шектелді. 2012 жылдан кейін Президент 7 жылға 
емес, 5 жылға сайланатын болды. Мемлекет басшысы ел басқарудағы 
міндеттер мен жауапкершілікті Парламентпен бөлісті. Президент 
Үкімет басшысын саяси партиялардың фракцияларымен ақылдасып-
кеңесуден кейін əрі Мəжіліс депутаттары көпшілігінің келісімімен 
ғана тағайындайтын болды, яғни Президент үкіметті жасақтауды 
Мəжіліспен келісіп шешеді. Енді Премьер-Министрді бекітуде, де-
мек бүкіл Үкіметті де бекітуде басты рөл Мəжіліске беріледі.
Парламенттің мəртебесін көтеретін бірқатар өзгерістер енгізілді. 
Біріншіден, оның сандық құрамы өсті. Мəселен, Мəжілісте енді 107 
депутат болады. Екіншіден, оны сайлаудың түрі өзгерді. Бұрынғыдай 
мажоритарлық жүйемен жеке округтер бойынша емес, пропор-
ционалды негізде партиялық тізім бойынша сайланады. Депутаттар 
сайлаудың пропорционалдық жүйесіне көшу саяси партиялардың 
қоғамдағы рөлін арттыруға, əрі депутаттардың сапалық құрамын 
жақсартуға көмектеседі. Парламент бюджетті бекітуге ғана емес, 
оның орындалуына да бақылау жасай алады. Палаталардың 
бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық 
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 
бекітілген бюджеттің орындалуы туралы есебін қарап бекітеді. Егер 
оны бекітпесе, бұл Үкіметке білдірілген сенімсіздік деп танылады. 
Мəжілістің Үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін бұрынғыдай депутат-
тар дауысының үштен екісінің емес, депутаттардың жай көпшілік 
дауысы жеткілікті болады. Сөйтіп, Конституцияға енгізілген 
түзетулерге сəйкес Үкіметтің Мемлекет басшысының алдында ғана 
емес, Парламент алдында да жауапкершілігі белгіленеді. 
Сонымен бірге қазір, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сəй-
кес Мəжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайла-
нады. Сенат депутаттарының бір бөлігі Ассамблеямен кеңескеннен 
кейін тағайындалады. Сенат та көп өкілеттілікке ие болады. Ол 
Ұлттық банктің төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік 
комитетінің төрағасын тағайындау жəне оларды қызметтен боса-
ту жөнінде Президентке келісім береді. Сенат құрамы республи-
ка Президенті тағайындайтын 15 депутаттың есебінен көбейтілді. 
Парламенттегі 154 депутаттың 47-сі сенаторлардан құралады. Се-
нат пен Мəжілістің бірлескен отырысы ең қажетті жағдайда өтеді. 
Көбінесе өздері жеке жұмыс істейді. Мəжіліс өз қызметін тоқтатқан 
жағдайда Сенат бүкіл Парламент үшін жұмыс істей береді. 
Конституциялық реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқару 
жаңа деңгейге көтеріледі. Мəслихаттардың бұл бағыттағы мəртебесі 
күшейтіледі. Жергілікті мəслихаттар мен олардың депутаттарының 
өкілеттілігі кеңейтілді. Олардың өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 
жылға ұзартылады. Мəслихаттар жергілікті əкімдерді тағайындауға 
келісім береді. Ендігі жерде облыстардың, қалалар мен аудандардың 
əкімдері сол деңгейлердегі мəслихаттардың келісімімен ғана 
тағайындалатын болады. Сондай-ақ мəслихаттарға басым көпшілік 
дауыспен əкімдерге сенімсіздік білдіру, оларды қызметінен босату 
жөнінде мəселе көтеру құқығы берілді. Осылайша, мəслихаттар мен 
олардың депутаттарының саяси рөлі арта түседі. Жергілікті өзін-өзі 
басқарудың негізі мəслихаттар болатыны Конституцияда баянды 
етілген. 
Конституциялық реформада саяси партиялардың қоғамдағы 
рөлін күшейтуге көп негіз жасалған. Сайлауда жеңіске жеткен 
партия үкімет жасақтауға мүмкіндік алады. Конституциядағы 
қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға салынған 
тыйым алынып тасталды. Енді саяси партиялар бұл қаржыға иек 
арта алады. Республика Президентінің өз өкілеттілігін атқару 
кезінде саяси партиялардағы өз қызметін тоқтата тұратындығы ту-


332
333
ралы 43-баптағы 2-тармақ алынып тасталды. Енді Президенттің са-
яси партияны басқаруға құқығы бар. Бұл да саяси партияның рөлін 
арттыра түспек. 
Сот жүйесінің тəуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара-
лар ескерілді. Судьяны іріктеу-таңдау бір жүйеге келтіріліп, Жоғарғы 
Сот Кеңесінің қарауына берілді. Бұдан былай барлық деңгейдегі 
соттардың судьяларын тағайындауға ұсынымды Жоғарғы Сот Кеңесі 
жасайтын болады. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын 
қорғау біршама жақсартылған. Елімізде 2004 жылдан бері өлім 
жазасына мораторий жарияланған болатын. Енді өлім жазасы іс 
жүзінде қолданыстан шығарылды. Өлім жазасын жою заңды түрде 
енгізілді. Жаңа өзгерістерге байланысты біздің елімізде адамдарды 
апатқа ұшыратуға соқтырған террорлық қылмыстар жасағаны үшін, 
сондай-ақ соғыс кезінде ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін 
ғана адамдарға өлім жазасы қолданылады, əрі олардың кешірім жа-
сау туралы өтініш ету құқы да қарастырылған. 
Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақ-
тауға бағытталған Конституцияның 16-бабының 2-тармағы жаңа 
редакциямен қабылданды: Заңда көзделген реттерде ғана жəне тек 
қана соттың санкциясымен тұтқындауға жəне қамауда ұстауға бо-
лады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Прокура-
тура органдары бұл құқықтан айырылады. Соттың санкциясынсыз 
адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. Мұның өзі 
адам құқығын сақтауға бағытталған оң өзгеріс болып табылады. 
Жаңарған Конституция бойынша жасы қырыққа толған, мем-
лекеттік тілді толық меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда 
тұратын, туа біткен республиканың азаматы болып табылатын кез 
келген адамның Президент болып сайлануға құқығы бар.
Конституцияға енгізілген жаңалықтардың ішінде парламентарий-
лердің ұсынысымен енгізілген 42-баптың 5-тармағындағы «Ел 
Президенті болып бір адам қатарынан екі реттен артық сайлана 
алмайды» деген тұжырым одан əрі күшінде қалып, ол «бұл шек-
теу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданыл-
майды» деген сөздермен толықтырылды. Мұны палаталардың 
бірлескен отырысында депутаттардың өздері көтерді. Тұңғыш 
Президенттің тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргесін қалаудағы 
ерен еңбегін бағалай отырып, елдің экономикалық қуатын артты-
ру, қорғаныс қабілетін күшейту, республиканы бүкіл əлемге таны-
ту жолындағы қыруар істеріне көрсетілген құрмет ретінде осындай 
қадамға барғанын депутаттар ашық айтты. Екі депутаттан басқасы 
мұны бірауыздан қолдады. Соған сəйкес Н. Назарбаев тұңғыш 
Президент əрі жалпыға танылған ұлттық көшбасшы ретінде ерек-
ше құқыққа ие болып, Конституцияда белгіленген екі мерзімнен 
тыс, əрине, баламалы негізде мемлекет басшысының лауазымына 
дауысқа түсу мүмкіндігін алды. 
Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар сипаты 
Конституциямыздың жаңа мазмұнға ие болғанын көрсетеді. Бұл 
Конституциялық реформа заман талабынан, тарихи қажеттіліктер-
ден туған еліміздің алға басуының, ілгерілеуінің маңызды алғышар-
ты болып табылады. Біздің еліміз саяси жаңарудың, демократиялық 
дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. 
2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Парламен-
тінің төменгі палатасы — Мəжілісті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі 
басқару органдары — облыстық жəне аудандық мəслихаттарын 
мерзімінен бұрын сайлау 2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен байланысты болып, ол 
елдің президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқару 
түріне өтуін заң жүзінде баянды етті. Мұндай қадам демократия-
ны дамыту мен азаматтық қоғам құруға бағытталған Қазақстан 
Республикасында жүзеге асырылып отырған саясаттың қисынды 
нəтижесі болды. 
Тəуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бұл сай-
лау пропорционалды жүйе негізінде партиялық тізіммен өтті. 
Мажоритарлық жүйеден кетіп, саяси партиялар бəсекеге түсетін 
сайлау жүйесін қалыптастырдық. Сайлауға жеті саяси партия 
қатысты. Ел азаматтарының өз еріктерін еркін білдіруі нəтижесінде 
«Нұр-Отан» партиясы жеңімпаз атанды, бұл партияны Қазақстан 
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарады. 
Сөйтіп, елдің қалауымен көп дауыс жинаған «Нұр-Отан» халықтық-
демократиялық партиясы қатарластарынан озып шықты. Əрине, 
нұротандықтар басқа партиялар сияқты науқан кезінде ғана емес, 
қай кезде де үздіксіз жұмыс жүргізіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне 
тұрақты атсалысты. Сайлауға электораттың 65 пайызға жуығы 
қатысуы жағдайында бұл партия дауыстардың 88-ден астам пайы-
зын жинады, сөйтіп, заңмен белгіленген жеті пайыздық сайлау 
кедергісінен өткен бірден-бір саяси күшке айналды. 
Мониторингтің нəтижелері бойынша, тұтастай алғанда, 
Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс сайлау елдің 
қолданыстағы заңына сəйкес өткізілді. Дауыс беру барысын-
да анықталған жекелеген ұсақ-түйек заң бұзушылықтар 


334
335
сайлаушылардың еркін білдіруіне ықпал еткен жоқ. Барлық саяси 
партиялармен қатар, үміткерлерге тең жағдай жасалды. Бұқара- 
лық ақпарат құралдарында белгіленген күнге дейін сөйлеуіне, 
халыққа өз бағдарламасын таныстыруына мүмкіндік берілді.
Сөйтіп, біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекет-
терінің тəжірибесін жəне өзіміздің көпұлтты əрі көпдінді қоға-
мымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағи-
даттарына сай келетін тəуелсіз мемлекетімізді орнаттық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет