Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009



Pdf көрінісі
бет11/74
Дата09.03.2024
өлшемі1.99 Mb.
#494755
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

Үйсін мемлекеті. Б.з.д. ІІ — б.з. VІ ғасырларда Қазақстан 
аумағында мекендеп мемлекеттік дəрежеге көтерілген көне 
тайпалық одақтардың бірі үйсіндер болып табылады. Үйсін — қазақ 
халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының 
бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б.з.б. ІІ ғасырдан бастап 
кездеседі. Жетісу үйсіндерінің шығу тегіне келетін болсақ кейбір 
ғалымдар үйсіндердің сақ заманындағы исседондармен туыс екенін 
дəлелдеп, оларды Тянь-Шань жəне Шығыс Түркістан тармағы деп 
бөледі. Белгілі антрополог О. Смағұлұлының дəлелдеуінше үйсін 
антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нəсілдік 
жағынан сақ дəуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Демек, 
үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп тұжырымдау 
орынды.
Белгілі қытайтанушы тарихшы-ғалым Н. Мұқаметқанұлы: 
“Үйсін мемлекеті дегеніміз — үйсін тайпалар одағынан құрылған
Қазақстан аумағында б.з.д. ІІ — б.з. VІ ғасырларда өмір сүрген 
байырғы мемлекеттердің бірі. Байырғы үйсіндер, Үйсін мемлекеті 
бізге қытай жылнамаларының орысша аудармасы арқылы “Усунь” 
деген атпен белгілі болған. Үйсін мемлекеті жөнінде жазылған та-
рихи деректер мол, қазылған археологиялық мұралар көп, зерттеу 
еңбектері де аз емес”... Аталмыш “Үйсін” деген этноним ең алғаш 
қытай тарихшысы Сы Мачянь (Сыма Цянь) жазған “Тарихнама — 
Ши цзы. Хұндар тарауында” хатталған”,— деп көрсетеді. 
Үйсін мемлекетінің негізгі аумағы қазіргі Қазақстанның Жетісу 
өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл аумағы жəне Қытайдың Іле аймағы 
болды. Шекаралары батысында Шу мен Талас өзені, шығысында 
Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліне, 
оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты алып жатты. Үйсін 
мемлекеті батысында қаңлылармен, шығысында ғұндармен, ал 
оңтүстігінде Ферғанамен шектесіп жатты. Қытай жазба деректері 
бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) 
қаласы болған. Ол Ыстық көлдің жағасында орналасқан.
Ғұндардың күшеюінен қорыққан қытай үкіметі өзіне одақтас 
іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде 
үйсіндер Қытаймен жəне ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет 
болды. 
Үйсіндер мен Үйсін мемлекеті жайлы жазылған қытай дерек-
теріндегі мəліметтерге қарағанда — үйсіндердің 120 мың түтіні, 
630 мың адамы, 188 мың 800 əскері болған. Мемлекеттің ең жоғарғы 
билеушісі гуньмо (күнби) деп аталған. Үйсін елі құрылғаннан бастап, 
оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Əлеуметтік 
қатынастар заңдар арқылы реттелді, күшті, ұйымдасқан əскері бо-
лып, қытайлар үшін «Батыс өлкедегі ең күшті мемлекет» саналды.
Үйсін қоғамы біртекті болмаған, онда байлары — тайпа мен 
ру дəулеттілері, жасауылдар мен абыздар жəне қатардағы бұқара 
— малшылар мен егіншілер болған. Үйсіндер қоғамында құлдар 
да болған, олар негізінен соғыс тұтқындарынан құралды жəне үй 
шаруашылығында пайдаланылды. 
Үйсін қоғамында мүліктік жəне əлеуметтік теңсіздік, малға 
жеке меншік болды. Əрбір отбасы өздерінің малын ажырататын өз 
таңбаларын салды. Жер иеленуге де жеке меншік болғанын жаз-
ба деректер мəлімдейді. Үйсін қоғамында əлеуметтік теңсіздіктің 
болғанына археологиялық қазбалар дəлел. Жетісудың көптеген 
қорғандарының көлемі əртүрлі — үлкен, орташа жəне шағын болып 
келеді. 
Үйсіндердің шаруашылығы мен мəдениеті жайындағы деректер 
археологиялық қазбалардан анықталып отыр. Қытай жазбаларында 
үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттайды. Б.з.б. 105 жылы үйсін 
күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен қаптаған 
дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен 
зарлы хат жазған. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы — мал 
шаруашылығы. Əсіресе, жылқы мен қой өсіру жақсы дамыды. Кейбір 
байлардың 4—5 мың жылқысы болған. Сонымен қатар егіншілік 
те дамыған, бау-бақша өсірілген, кейбір қожалықтар жартылай 
отырықшылық тіршілікке көшті. Іле, Шу, Талас өзендері алқабынан 
суландыру жүйесінің іздері анықталды. Обалардан табылған мəде-
ни мұралар қолөнер кəсібінің болғандығын да дəлелдейді. 
Қарғалы үңгірінен табылған диадема (бас киім) б.з.д. ІІ—І ғғ. 
өмір сүрген үйсіндік зергер-ұстаның тамаша туындысы. Бұл 
ұзындығы 35 см., ені 5 см. диадемада аңдар, жануарлар, адамдар 
бейнеленген. Ол суреттер үйсіндердің наным-сенімдерін білдіреді. 
Мысалы, ондағы пырақты аттар күннің символы болып табылады. 


30
31
Үйсін шеберлері алтын əшекей бұйымдарды зерлеу тəсілімен жа-
сады. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған осын-
дай жəне басқа да қолөнер заттары мен бұйымдары үйсін өнерінің 
жоғары даму деңгейін көрсетеді.
Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы 
оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қыр-
ғыз жəне т.б.) саяси, экономикалық жəне мəдени байланыстарды да-
мытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндар-
мен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының 
ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу əрекеті үйсіндерді қытайлармен 
тығыз байланыс орнатуға мəжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы 
батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай им-
ператоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған 
елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар 
етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық жəне туыстық 
қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдаласып, күнбиге Хань 
патшалығының ханшасын əйелдікке береді. Əрине, бұл құдалық 
белгілі саяси мақсатты көздеп, хань əулеті үкіметі мен үйсіндер 
арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде 
ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын бе-
ріп отырған. Үйсін мемлекеті біртұтас ел ретінде б.з. VІ ғасыры-
ның ортасына дейін өмір сүріп, одан соң Түрік қағанатының 
құрамына енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет