Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


 Азамат соғысы жəне социалистік құрылыстың басталуы



Pdf көрінісі
бет53/74
Дата09.03.2024
өлшемі1.99 Mb.
#494755
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

2. Азамат соғысы жəне социалистік құрылыстың басталуы
Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол 
себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дəл 
шекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді əрекеттеріне 
қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пай-
да болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың
басшылығымен ақ гвардия əскерлері Орынбордағы Кеңес күштерін 
шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак əскерлері
кеңесінің “əскери үкіметі” жəне революцияға қарсы ошақ Оралда да 
құрылды. Құрылған облыстық əскери үкімет көп ұзамай жергілікті
кеңесті таратып, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда жəне Орал 
қалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бұл үш “əскери 
үкімет” Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші 
болып табылды. Олар ақгвардиялық офицерлерге, ауыл-село ша-
руаларына сүйенді жəне меньшевиктер мен “Алаш” партиясының 
жетекшілерінен қолдау тапты. 
Жоғарыда атап көрсеткендей 1918 жылдың көктемінде кеңестік 
билік тарапынан түсінушілік пен қолдау табудан күдер үзген Ала-
шорда, енді большевиктерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуге 
ұйғарып, Сібір Уақытша үкіметі (Омбы) мен Бүкілресейлік Құрыл-
тай жиналысы мүшелерінің (Комуч) Самар комитеті қолдауына 
сүйеніп, Алаш автономиясын жүзеге асыруға кірісті. Сөйтіп, аза-
мат соғысының бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен 
одақтасып, қызылдарға қарсы соғысты. 1918 ж. шілде мен тамы-
зында Ə.Бөкейханов, Ə.Ермеков пен əскери бөлім меңгерушісі ка-
питан Қ.Тоқтамысов Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша 
үкіметтері əскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш 
орданың қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер жүргізді. 
Алашорда Батыс бөлімінің басшылары Халел мен Жаһанша 
Досмұхамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен 
пулемет алды жəне таяу уақытта 2000 адамнан қазақ отрядтарын 
ұйымдастыруға уəде береді. Торғай тобына 300 берданка мылтығы, 
20000 патрон, əскери киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегімен екі 
атты полк: біріншісі — Қостанайда, екіншісі — Ырғызда құрыла ба-
стады. 1918 жылы тамызда Семей қаласында құрамында 38 офицері 
мен 750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты əскер полкі ұйымдас-
тырылды. Ақ гвардияшылардың көмегімен асығыс үйретілген 
Алаш отрядтары көп ұзамай Қызыл Армияға қарсы шайқастарға 
қатысты.
1918 ж. жазында азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Ақ 
гвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің 
белсенділік көрсетуіне орай ең басты пəрменді күш — Сібір мен 
Оралда шоғырланған Чехословакия корпусының офицерлері бүлік 
шығаруына байланысты əскери қақтығыстар күшейе түсті. Бұл кор-
пус революцияға дейін Австро-венгрияның тұтқын солдаттарынан 
— чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың 
бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, 
Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды.
Мамыр айының аяғында В.В. Куйбышев В.И.Лениннен 
Орынбордағы Дутов авантюрасының тамырын жою туралы көмек 
сұрады, олай болмаған күнде Торғай мекенінің 12 мың тұрғыны 
аштан қырылатындығы туралы ескерткен еді. Осыған орай облысқа 
əскери көмек көрсетіліп, Қызыл Армияның бөлімдері құрылды, 
кейін бұл бөлім Ақтөбе майданының құрамына енгізілді. Ақ 
гвардиялықтар негізінен Орынбор жəне Илецкі аудандарында 
Дутовтың басшылығымен əрекет етіп, олар Ташкент пен Самара-
ны Орталықтан бөліп тастады. 1918 ж. 2 шілдеде Дутов басқарған 
əскер Орынборды екінші рет басып алды да, Түркістанды орталық 
Ресейден бөліп тастады. Қызыл Армия бөлімі (10 мың адамға жуық) 
Орынбор қаласын тастап 2 топқа бөлінді. В.Г. Блюхер жəне Н. Ка-
ширин отрядтары солтүстікке кетіп, Шығыс майданның негізін 
құрды. Басқа бөлімдер Ақтөбе жəне Орск қалаларына шегініп, 1918 
жылы шілде айында Г.В. Зиновьевтің басшылығындағы бір армияға 
бірікті. Қызыл Армия күштері қанды қақтығыстар жүргізіп Орскіні 
ұстап тұрды.
1918 ж. күзінде, яғни қазан айында Каспийге ағылшындардың 
келуіне байланысты Ақтөбе майданында қиын жағдай қалыптасты. 
Жоспар бойынша, ағылшындарға Қазақстан мен Орта Азия-
ны ішкі контрреволюциялық күштер арқылы бір уақытта ба-
сып алу ұсынылды. “Орынбор тетігі” яғни стратегиялық негізгі 
темір жол қиылысы большевиктер өкіметін кəдімгідей ойландыр-
ды, сондықтан В.И.Лениннің нұсқауымен 1918 ж. Ə.Жангелдин 
басқарған 600 адамнан тұратын Балтық матростарының отряды 
қосылған əскери экспедиция орталықтан бөлініп қалып, көптеген 
қиыншылықтарды көре жүріп, 7 ай көлемінде Ақтөбе майданы-
на қару-жарақ пен оқ-дəрі жеткізді. Мəскеуден Ақтөбе майданына 
ақша қаражаты мен оқ-дəрі, қару-жарақ тасымалдау үшін құрылған 
əскери экспедиция құрамына Австро-Венгрия мен Германияның 
бұрынғы тұтқындарынан құралған 150 шетел интернационалдары


220
221
да өз еркімен кірді. Сөйтіп, негізгі күш Орынборға жұмылдырылды, 
себебі қаланы қалайда басып алу Түркістанды Дутовтан қорғау 
мүмкіндігін туғызды.
Орынборды алу операциясына Ақтөбе майданының əскерлері мен
Шығыс майданының əскерлері қатысты. 1918 ж. 29 желтоқсанда ауа 
райының қиындығына қарамастан шабуыл басталды, Дутов ақ гвар-
дияшылары екі майданның əскерлерінің қысымынан жеңіліп, толық
талқандалды. 1919 ж. 22- қаңтарында Орынбор қаласы алынып,
Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты 
қалпына келтірді. Осымен Ақтөбе майданының тарихтағы 1- кезеңі 
аяқталды (1918 шілде — 1919 қаңтар).
1918 ж. күзінде ақ гвардияшылар Жетісудағы Саратов, Покров-
ское, Покатимовское жерлеріне белсенді шабуылдап, Қызыл Армия 
қарулы күштерінің қарсылығына қарамастан Сергиополь, Үржар, 
Сарқант жəне т.б. жерлерге бекінді. Сөйтіп, Солтүстік Жетісу
майданы құрылды. 1918 ж. аяғында Жетісу майданында 10 мың 
қызылармияшылармен біріктірілген Черкасск партизан күштері ор-
наласты. 
1918 ж. наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласында Кеңес 
билігіне шабуылдап, облыстық атқару комитетінің мүшелерін 
қамап, соңынан оларды өлтірді. Алашорданың Батыс бөлімімен 
бірлесіп əрекет еткен Дутов бөлімдері Орал-Гурьев ауданында гене-
рал Толстов басқарған ақтардың негізгі күштерімен бірікті. 1918 ж. 
күзінде Орал ақтарымен күресу үшін ”Ерекше армия (кейінгі шығыс 
майданының төртінші армиясы) құрылды. Жыл бойы Шығыс 
майданындағы Колчак əскерлерінің шешуші жеңісіне дейін Орал 
аймағы қолдан-қолға өтті. Орал облысында “Бірінші ерекше атты 
əскер” бригадасы құрылып, кейін Қызыл армияның 4-армиясының 
құрамына кірді. 4- Армияның қолбасшысы болып М.В.Фрунзе 
тағайындалды. Оралды босату операциясына В.И.Чапаев басқарған 
2- Николаев дивизиясы жəне 4- армияның бөлімдері қатысты. 1919 
ж. 24- қаңтарда қала босатылды. Сөйтіп большевиктер үшін азамат 
соғысының алғашқы кезеңі сəтті аяқталды.
1919 ж. көктемде Колчактың шабуылдауына байланысты Шығыс 
майданында жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Колчак армия-
сы Орынбор мен Оралды алғаннан кейін Оңтүстік майдандағы Де-
никинге қосылу қажет болды. Сондықтан бұл аудандағы əскери 
қимылдар М.В.Фрунзе басқарған Шығыс майданының Оңтүстік 
əскери бөліміне тапсырылды. Шығыс майдандағы туған шиеленіс 
Батыс Қазақстандағы жағдайды да қиындатып жіберді. Осылай-
ша Орынбор шығыстан, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 100-120 
шақырымда Колчак армиясымен қоршауға алынып, қаладағы 
1- Дутовтың орынбор казак корпусы жəне 2- корпусы шабуыл-
дап, əскери қимылдар қайта басталып, 1919 ж. сəуірдің бас кезінде 
Ақтөбеге шабуыл жасауға кірісті. Ақтөбедегі жұмысшы отрядтары 
əскер күшін жабдықтай алмауынан 1919 ж. сəуірде қала тасталынып, 
қызыл гвардияшылар Қандыағаш станциясына шегініп, жергілікті 
тұрғындардан жаңа əскери күш жинақталып, оңтүстік Ақтөбе май-
даны құрылды. Ақтөбе майданы Түркістанның болашағы үшін 
стратегиялық негізгі нүкте болды.
Партиялық ұйымдар “Бəріміз Колчакқа қарсы күреске” деген 
ұранмен жұмысшылар, шаруалар, теміржолшыларды мобилизация-
лап, соғысқа аттандырды. Ақтөбе майданына Түркістан майданынан 
жүздеген ұлт өкілдері бар армия келіп қосылды. Майдан Түркістан 
АКСР-іне бағындырылды. Майдан құрамына Колузаевтың отряды 
(1105 адам), Қостанай партизан отряды (750 адам) қосылды. Май-
данды басқарған Колузаевтың Ембі ауданы жəне Темірде жүргізген
əскери қимылдары сəтсіз өтті. Сондықтан да Түркістан АКСР-нің 
революциялық-əскери советі Колузаевты майдан қолбасшысы 
қызметінен алды. Ақтөбе майданы əскерлерінің қолбасшысы болып 
А.И.Астраханцевті, ал комиссары етіп И.Ф.Казаринды тағайындады. 
П.Кобозев басқарған ТүрЦИК комиссиясы мен Жиляев арасындағы 
əскери келіспеушілік нəтижесі майдандағы жағдайды қиындата 
түсті. 1919 ж. шілде аяғында шабуылға шыққан ақ гвардияшылар 
кеңес əскерлерін ескі Арал теңізіне шегіндірді. Бұл кезде Шығыс 
майданының əскери бөлімдері Түркістанға көмекке келді.
М.В.Фрунзенің ұсынысымен оңтүстік əскери топ Түркістан май-
даны болып бөлінді, олардың алдында: Орал мен Орынборды бо-
сату жəне Түркістанға экспедиция жіберу мақсаты тұрды. 1919 ж. 
30 тамызы мен 1 қыркүйекте қарсыластар Ақтөбе майданына ша-
буыл бастады. 1919 ж. қыркүйегінде Түркістан, Ақтөбе майданда-
ры Мұғалжар станциясында бірікті. Оңтүстік Колчак армиясының 
негізгі күші талқандалып, Түркістанға жол ашылды. 
Қазақстанның ақ гвардияшылар басып алған жерлерінде, олардың 
жіберген қателіктерінің салдарынан, партизан қозғалыстары мен 
халық көтерілістері де кеңінен өріс алды. Партизан қозғалысының 
ірі ошағы — Қостанай уезі болды. Партизан қозғалыстары Ақмола, 
Семей, Жетісу облыстарында, Павлодар, Өскемен, Бұқтырма мен 
Зайсан уездерінде, əсіресе Зырян, Катон-Қарағай, Шыңғыстау, Ше-
монайха болыстарында кең қанат жайды. Партизан отрядтарының 


222
223
негізін құраған шаруалар Қазақстанның барлық уездеріндегі 
большевиктік ұйымдарды құруда да ерекше рөл атқарды. 1919 ж. 
көктемінде Шығыс жəне Ақтөбе майданының жақындауына байла-
нысты партизандар қозғалысының белсенділігі күшейді. Шаруалар 
жергілікті ақ гвардияшыларды қамауға алып, əскери революциялық 
комитеттер сайлап, көптеген жаңа отрядтар жинақтады. Мəселен,
Бурабай поселкесінде 1270 адамдық отряд құрылды. Шаруалар 
көтерілісін əскери-революциялық штаб басқарып, сəуірде Қостанай 
қаласы алынды. Қостанайға ақ гвардияшылардың ірі əскери күштері 
мен 32- Донецк полкі аттандырылды. Кескілескен ұрыстардың 
нəтижесіне партизан отрядтарының əскери дайындығының нашар-
лығы əсер етсе, оның үстіне қостанайлықтардың Ақтөбе майда-
нына қосылуына “Алаш Орда” кедергі жасады. Партизан отряды
Торғайға қарай аттанып, Торғай атты əскер отрядымен бірігуге 
тырысты, себебі Ақтөбе қаласын Дутовшылардан қорғау үшін 
қосымша əскери күш қажет еді. 1919 ж. А.Иманов Торғайдағы гар-
низондар мен əскери ұйымдарды көшіру туралы бұйрық берді. Осы 
уақытта Қостанайлық партизандар штабы бастығының көмекшісі 
Л.Таранның отряды қалаға жақындайды. А.Иманов жəне Л.Таранды 
жолдастарымен Алашордашылар тұтқындап, бір айдан кейін жа-
залады. Тірі қалған Қостанай партизандары Ақтөбе майданының 
құрамына енгізілді. Нəтижесінде Қостанайлық партизан отряды 
Ақтөбе майданының үлгілі 4-Долбушев жаяу əскер полкіне айнал-
ды. 
Сондай-ақ, Азамат соғысы тарихындағы партизан қозғалысының 
ірі ошақтарының бірі — Черкасск қорғанысы, Тарбағатай мен 
Алтайдың “Тау қырандары” отрядтарының қозғалысы Қазақстан-
дағы Азамат соғысы тарихынан өшпес орын алды. 1919 ж. жазында 
Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйреуі ба-
тыс, солтүстік, солтүстік-шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге 
жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі аумағы Дутов 
пен Анненковтың армияларының қалдықтарынан босатылып, 22 
наурызда кеңес əскерлері Қапалды, 28 наурызда Арасан станция-
сын азат етті. 22 наурызда Үржар станциясын, 27 наурызда Бақты 
станциясын, 25 наурызда атаман Анненковтың ставкасы тұрған 
Үшаралды, 29 наурызда Қапал гарнизонын тізе бүктіріп, атаман 
Анненков жəне Дутов бастаған ақ гвардияшылардың қалдықтарын 
Синьцзянға қарай қуды. 1920 ж. 29 наурызында ең соңғы май-
дан Солтүстік Жетісу майданы жойылып, Кеңес үкіметі қайтадан 
қалпына келтірілді. 
Сонымен, 1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда қызылдар 
ақтарды талқандап, жеңіске жетті. Азамат соғысы жылдарындағы 
қызылдардың жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметіне 
қарсы күштер ұйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, 
ақ гвардияшылар өкіметі орнаған жерлерде бұқара халыққа қарсы 
бағытталған шаралар жүзеге асырылып, оған керісінше Кеңес 
өкіметі тарапынан ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының сөз жүзінде 
болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалар-
мен одақ құруы жəне 1919 жылы шілдеде Казревком құрылғанда 
қазақтардың жерге мұқтаждығын өтеу жөнінде сөз болып, 
Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мəселесі қойылды. Түбірлі 
революцияық сипатта болмағанмен бұл шаралар большевиктерге 
азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдар арасында ауытқыған 
қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады; төртіншіден, 1919 
жылдың көктемінен бастап, А.Байтұрсынов бастаған алашорда-
шылар қызылдар жағына шықты. Себебі, олардың Колчактық орыс 
шовинистік көзқарастарынан үміттері үзілді. Ақтар билеушілері 
қазақ халқына ұлттық автономия бергісі келмеді, тіпті, өздерінің 
қолдап жүрген Алашорда үкіметін де мойындамады. Сібірдегі 
уақытша Бүкілресейлік үкімет 1918 жылы 22 қазан — 4 қарашадағы 
грамотасымен Алашорда Халық Кеңесі үкіметін таратып жіберді.
Сонымен қатар, Сібір үкіметі Алаш автономиясын қазақтың 
аумақтық мемлекеттігі деп танудан бас тартты. Оған қоса, 1919 
жылы жазға қарай ақтар Сібірде жеңіліске ұшырады. 
Алаш көсемдері қазақ мемлекеттілігін құрудың жаңа жолда-
рын іздеуге мəжбүр болды. Қазақ зиялылары ендігі жерде Кеңес 
үкіметімен ымыраға келу жолдарын қарастырды. 1919 ж. басын-
да Алашордалықтар Кеңес үкіметімен арадағы келіссөздерін 
қайта жандандыра бастады. Келіссөздер Алашорда атынан емес, 
А.Байтұрсынов басқарған Торғайлық тобының атынан жүргізілді. 
А.Байтұрсынов ең əуелі Ə. Жангелдинмен, одан кейін Мəскеуде Ста-
линмен келіссөздерді жалғастырды. 1919 ж. наурызда Бүкілресейлік 
Орталық Атқару Комитеті Алашордаға амнистия (кешірім) жа-
риялады. Алашорда басшыларының бірі А.Байтұрсынов, оның 
жақтастарының үлкен тобы Кеңес үкіметінің жағына шықты. 
Желтоқсан айында Ə.Бөкейханов бастаған Алашорданың Шығыс 
бөлімі толығымен Кеңес үкіметін мойындады. 
Азамат соғысы шет аймақтар халықтарының ұлттық мемлекеттігі 
туралы идеясымен санаспауға болмайтынын большевиктерге тағы 
да көрсетті. Кеңес үкіметі кеңестік негізде Қазақ Автономиясын 


224
225
құру жөнінде дайындық жұмысын жүргізе бастады. РКФСР ХКК-
нің 1918 ж. 12 мамырдағы қаулысына сəйкес, ҚазАКСР-н құруға 
дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін Ұлттар ісі халық ко-
миссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган — қырғыз (қазақ) 
бөлімі ашылды. Алайда, азамат соғысы басталып кеткендіктен бұл 
жұмыстар кейінге қалдырылды. Қазақ съезі шақырылып, Қазақ 
республикасының автономиясы жарияланғанша өлкені əскери-
əкімшілік басқару үшін 1919 ж. 10- шілдеде РКСФР Халық Комис-
сарлар Кеңесінің төрағасы В.И. Лениннің қол қоюымен “Қырғыз 
(қазақ) өлкесін басқаратын төңкеріс комитеті (Ревком) туралы 
уақытша ереже” жарияланды.
Ереженің 3- бабына сəйкес, Қазақ автономиялы республикасының 
аумағы Түркістан республикасымен, Қырғыз съезі жəне Орталық 
Кеңес үкіметімен келісіліп анықталғанға дейін Қазревком құзырына 
“…Астрахань губерниясымен Орал, Торғай, Ақмола жəне Семей 
облыстарының территориялары қарайды” делінген.
Қазревкомның бірінші құрамына: С.Пестковский (төраға), 
А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ə.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С.Мең-
дешев, Б.Қаратаев кірді. Əртүрлі уақытта Қазақ ревкомының 
мүшесі болып: Ə.Əйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдиев, Ғ.Əлібеков, 
Б.Қаралдин еңбек етті. Əйтсе де Алашордалықтардың Кеңес үкі-
метінің жағына шығуы оңай болмады. Алашордаға жасалған 
кешірімге қарамастан оның басшыларына деген сенімсіздік ұзақ 
уақытқа сақталды. Ал Кеңес үкіметінің Қазақстандағы кейбір 
өкілдері Алашорда жетекшілеріне жау ретінде қарады. Мəселен, 
1920 ж. Қазақ партия бюросының есебінде былай деп жазылды: 
„Бұрынғы алашордалықтардан тұратын қырғыз зиялыларының
3/4-і буржуазиялық-шовинистер”. Сондай-ақ, кешірім жасалғанға 
қарамастан Алашорда жетекшілері саяси тұрғыда оқшаулануға тиіс 
болды. Қазревкомның 1920 жылғы 5 наурыздағы “Алашорданың 
батыс бөлімін тарату туралы” қаулысында “Ұлттық Алашорда 
үкіметінің батыс бөлімінің жауапты жетекшілері қырғыз өлкесінде 
Кеңес үкіметі толық негізде орныққанша халық бұқарасынан 
оқшауландырылсын…” — деп ашып айтылды. Одан əрі аталған 
қаулыда былай делінді: “Қырғыз халқының Кеңес үкіметіне іш тар-
татын бөлігі мен қоныс аударушылардың Алашорданың белсенді 
қызметкерлеріне өшпенділікпен қарайтындықтары ескеріле оты-
рып, олар ревком мүшелігіне жəне басқа да жауапты кеңес қызметіне 
ұсынылмайтын болсын”. Ақырында жоғарыда көрсеткеніміздей 
Қазревкомның 1920 ж. 5 наурыздағы қаулысына сəйкес Алашорда 
таратылды.
Осылайша біртұтас тəуелсіз ұлттық мемлекетті құруға талпын-
ған қазақ зиялыларының пəрменді əрекеті нəтижесіз аяқталды. 
Кеңес үкіметі мойындамаған Қазақ Ұлттық Автономиясы қазақ 
зиялыларының өркениетке, тəуелсіздікке қол созған əрекеттері 
ретінде тарихта ғана қалды.
Қазревком Қазақстанда əскери-азаматтық билікті қолға алып, 
кеңестердің бүкілқазақстандық 1- съезін шақыруды ұйымдастыру, 
Қазақ автономиясы туралы ереже жобасын дайындап, съезд 
талқысына ұсыну, РКФСР, Түркістан Кеңестік Республикасы жəне 
Қазақ өлкесі арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, қазақтың 
байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес 
мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету міндеттерін өз 
қолына алды. 
Алғашқы күннен Қазревком əрекет-қимылда жүрген армияны
азық-түлікпен жабдықтау, астықты жəне басқа тамақ өнімдерін 
Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу, яғни “соғыс коммунизм” 
саясатының басты мəселесін шешу ісімен айналысты. Бұл саясаттың 
мəні — өнеркəсіпті жаппай национализациялау, басшылықты 
орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды тауарлардың бəрін бөлу, 
азық-түлік салғыртын, карточкалық жабдықтау жүйесін, жалпыға 
бірдей еңбек міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы төлеуді 
енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды. 
Осының ішінде еңбекші халық əсіресе, шаруалар үшін ең ауыры
азық-түлік салғырты болды. 1919 жылы қаңтарда астықты дайындау 
мен бөлу монополиясына азық-түлік салғырты қосылды. Өлкенің 
адам жəне материал ресурстарын жұмылдыру экономикалық əдіске 
жатпайтын күштеу əдістерімен жүргізілді. Кеңес үкіметі қала халқын 
жəне соғысып жатқан қызыл əскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету 
үшін астық өнімдерін, мал-мүліктерін қаруланған азық-түлік отряд-
тарын жіберіп, халықтан күшпен тартып алып отырды. Сонымен 
қатар, “əскери коммунизм” саясаты өлкеде жергілікті бюджеттерді 
жоюдан, оларды бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосудан, біртұтас 
қазына құрудан, ұсақ жəне майда өнеркəсіпті мемлекет меншігіне 
алудан көрінді. 
1920 ж. тамызында Мəскеу қаласында қазақ əскери төңкеріс ко-
митеті жəне Түркістан майданының əскери-төңкеріс кеңесі, РКП(б) 
Түркістан өлкелік комитетінің партия жəне кеңестік ұйымдардың 
өкілдері қатысқан Қазақ АКСР-н құру туралы бірнеше мəжілістер 
өткізді. Соңғы мəжіліске В.И.Лениннің өзі төрағалық етті. Нəти-
жесінде 1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық Комиссарлары Ке-


226
227
ңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап 
қолдады. 1920 ж. 26 тамызында Ленин мен Калинин қол қойған БОАК 
жəне РКФСР ХКК-нің құрамында, астанасы Орынбор қаласында 
болатын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялы Республикасын 
құру туралы” тарихи Декреті жарияланды. 1920 ж. 4—12 қазанында 
Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі, 
Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы 
еңбекшілері құқықтарының Декларациясын қабылдады, ол Дек-
ларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР-
нің құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, ша-
руалар, қызыл əскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы 
ретінде бекітті. С.Меңдешевті бас етіп, Орталық Атқару Комитетін 
(ОАК) жəне В.Радус-Зеньковичті бас етіп Халық комиссарлары 
Кеңесін (ХКК) сайлады.
1920 жылдың көктемінен Қазақстан жерінде азамат соғысы 
жылдарында өлкенің жаудан азат етілген аудандарында ақ 
гвардиялық аппараттар жойылып, кеңестік мемлекеттік орган-
дар ұйымдастырылып жатты. Революциялық комитеттер азат 
етілген аумақтарда халық шаруашылығын қалпына келтіру, эко-
номиканы көтеру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстарын 
жүргізді. 1920 жылдың көктемінде партияның ІХ съезі болды, 
съезд бейбіт тыныс алудың мүмкіндіктеріне сүйене отырып, 
халық шаруашылығын қалпына келтірудің бірыңғай жоспарын 
жасап бекітті. 1920 жылғы қаңтар-наурызда өлкенің губернияла-
ры мен уездерінде партия конференциялары өтіп, оларда халық 
шаруашылығын қалпына келтіру мəселелері талқыланды. Өлкенің 
соғыстан зардап шекпеген жері кемде-кем еді. Қиыншылықтар 
мен ауыртпалықтарға қарамастан, Қазақстан еңбекшілері күйзелу-
шілікке қарсы күресті. Басты шарттардың бірі — отын өндіруді 
арттыру жəне кəсіпорындарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету, 
өнеркəсіп пен транспортты қалпына келтіру болды. Өнеркəсіпке 
отын беру үшін Орал-Ембі мұнай кəсіпшіліктері қалпына келтіріліп, 
Ембі-Атырау мұнай құбыры бірнеше шақырымға тартылды. 1920 
жылғы наурыз-маусым айларында Ембі мұнай кəсіпшіліктерінен 
көліктің барлық мүмкіндіктерімен жəне су жолы арқылы 17452 пұт 
мұнай тасылды. Қарағанды мен Екібастұздың шахталары қалпына 
келтіріліп, 1920 жылы Қарағанды мен Екібастұздың шахтерлары 
3 млн. пұттан астам көмір өндірді. Екібастұз зауытында, Риддер 
кенішінде қорғасын концентраттарының қорынан қорғасын қорыту 
жұмысы жолға қойылды. Семей жəне Ақмола губернияларының 
кəсіпшіліктерінде жыл ішінде 8,5 млн. пұт тұз өндірілді. Оралда, 
Қостанайда, Семейде, Ақмолада электр станциялары жұмыс істей 
бастады. 
Жылдың аяғына қарай республикадағы 59 электр станциясының 
45-і қалпына келтіріліп, пайдаланылуға берілді. Шаруалар ша-
руашылығын шойын жəне мыс құймамен, арбаға арналған металл 
бұйымдары мен ауылшаруашылық құрал-саймандармен қамта-
масыз ететін металл өңдейтін 6 зауыт іске қосылды.
Тамақ, жеңіл жəне қолөнер кəсіпорындары қалпына келтіріліп 
жатты. Губерния орталықтарының бəрінде диірмендер, былғары, 
тері, сабын қайнату, кірпіш зауыттары, аяқ-киім, ер-тұрман 
шығаратын шеберханалардың жұмысы қайта басталды. Жергілікті 
өкімет органдары орасан зор зиян шеккен темір жол транспортын 
қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді. 1920 жылдың жазына 
қарай негізгі магистральдарда көпірлер, жол шаруашылығы, бай-
ланыс желілері қалпына келтірілді. 1920 жылдың аяғына таман ре-
спублика өнеркəсібінде 162 кəсіпорын жұмыс істеді. Қазақстанды 
қалпына келтіру дəуірінің басында 1500-ге тарта ұсақ мемлекеттік 
өнеркəсіп кəсіпорындары болса, бұлардан тек қана ондаған зауыт-
фабрика, кеніш, шахта, мұнай кəсіпшілігі, көміркен орындары ғана 
жұмыс істеді. Өнеркəсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алма-
ды. Еңбек өнімділігі өте-мөте төмен болды, шикізат пен отын 
жетіспеді. Азық-түлік өнеркəсіп тапшылығы қатты байқалды. 
Қазақстанның кеңес органдары совхоздар, артельдер, жерді 
бірлесіп өңдеу серіктестіктерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс-
тарды қиыншылықтарға қарамастан жалғастыра берді. 1920 
жылдың күзіне қарай Қазақстанда Жетісу облысын қосқанда 
1039 коллективтік шаруашылық болды. Сол жылдары алғашқы 
ауылшаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда бол-
ды. 1920 жылдың аяғында (Жетісу мен Оңтүстік облыстарды 
қоспағанда) 939 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 779 артель, 28 
жерді бірлесіп өңдейтін серіктестік (ТОЗ), 348 тұтыну қоғамы жұмыс 
істеді. Бірақ бұлардың бəрі əлсіз болып, оларда құрал-сайман, күш-
көлік, тұқымдық астық, айналым қаржы жетіспеді. 
Азамат соғысының қиын-қыстау жылдарында кеңес органдары 
жергілікті жерлерде мəдени құрылысты да жүргізіп, саяси үгіт 
қатаң нысаналы сипатта болды. 1919 жылы сəуірде уездік жəне 
губерниялық Халық ағарту бөлімдерінің жанынан мəдени-ағарту 
ұйымдары құрылды. Оқу үйлері, кітапханалар, сауатсыздықты 
жою мектептері жұмыс істеді. Сол жылдары республикада 199 


228
229
көпшілік кітапханасы, 196 клуб, 83 халық үйі, 1478 оқу үйі болды, 
үгіт қызыл керуендерін, ал темір жол бойында — үгіт вагондарын 
ұйымдастырды. 
Қорыта келгенде, Қазақстанда Кеңес үкіметі негізінен жəне 
көпшілігінде күштеп орнатылды. Қазақ халқы Қазан төңкерісінің
мəнін, Ленин бастаған большевиктер партиясының бағдарламасын 
түсінген де жоқ, қабылдаған да жоқ. Əлеуметтік революцияға
Қазақстанда ешқандай негіз жоқ болатын. Орта Азия мен 
Қазақстанның жергілікті халықтары үшін Қазан революциясының 
мəн-мағынасы орыс үстемдігі жойылып, тартылып алынған жер-
суымыз өзімізге қайтарылады деген үмітке ғана сайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет