Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Лекнорм

Мемлекеттік стандарттарды əзірлеу тəртібі 
Ұйымдастыру -əдістемелік бірлікті жəне стандарттарды қолдануды уақытында 
қамтамасыз ету мақсатымен, мемлекеттік стандарттарды əзірлеудің келесі тəртібі 
қарастырылады: 
1 саты – стандарттарды əзірлеуді ұйымдастыру; 
2 саты- стандарт жобасын əзірлеу (бірінші реакциясын) жəне оны келісу; 
3 саты- стандарт жобасының соңғы редакциясын əзірлеу жəне оны бекітуге ұсыну; 
4 саты - стандартты бекіту жəне мемлекеттік тіркеу; 
5 саты- стандартты басып шығару. 
Ескерту: əзірлеудің əр түрлі сатыларын қосарлау рұқсат етіледі.
Стандарттардың құрылуы, баяндалуы, ресімделуі, мазмұны жəне белгілері ҚР СТ 
1.5 сəйкес болуы тиіс. 
Стандарттарды əзірлеу алдында Мемстандарт уəкіл еткен кəсіпорынға 
стандарттарды əзірлеуге өтінімді дайындау жəне ұсыну болады. Қажет болған жағдайда 
стандарттар ерікті тəртіпте əзірленуі мүмкін, ондайда жұмыста қосарланушылықты жою 
мақсатымен əзірлеу туралы ақпарат Мемстандартқа жіберілуі мүмкін. 


Өтінімдерді мемлекеттік басқару органдары, оларға бекітілген стандарттау 
объектілері бойынша стандарттау жөніндегі техникалық комиттер, Қазақстан 
Республикасы аумақтарынада орналасқан заңды жəне жеке тұлғалар ұсынуы мүмкін. 
Өтінімде стандартты əзірлеу қажеттілігіне негіздеме келтіріледі. 
Ондайда, өтінімге бастапқы материалы ретінде стандарт жобасы немесе стандартты 
əзірлеуге техникалық тапсырмалар қоса жіберіледі. 
Техникалық тапсырмада көрсетілуі мүмкін: стандартты əзірлеу сатысы жəне 
оларды орындау мерзімі; стандарт бөлімдері жəне негізгі сипаттамалар мен 
стандарттауғабелгіленген объектілер көрсеткіштері; стандарттау құжаттамаларымен 
ұсынылатын тізбе, стандарт жобалары, жіберілетін мемлекеттік басқару органдары мен 
мекемелердің тізбесі. 
Əзірлеуші – мекеме стандарт жобасын əзірлеуді ұйыдастырады: стандарт жобасын 
əзірлеу үшін жетекші ғылыми- зерттеу, тəжірибелік – конструкторлық мекемелерін жəне 
жоғарғы оқу орнын қоса, мүдделі жақтар өкілдерінен жұмыс топтары құрамын 
анықтайды. Бекітілген бағдарламалар мен жоспарлар жəне шарттарға сəйкес, стандарт 
əзірлеу сатысы бойынша жұмыстарды орындау мерзімін белгілейді. 
Стандарт жобасын (бірінші редакциясын) əзірлеу 
Жұмыс тобы стандарт жобасының түсіндірме хатында келесі деректер
келтіріледі: 
- тиісті құжатты көрсетіп, стандартты əзірлеу үшін негіздеме; 
- стандарттау объектісіне қысқа сипаттама; 
-стандарт жобасы Қазақстан Республикасы заңына, техникалық реттемеге, халық- 
аралық,аймақтық нормаларға, стандарттарғы, ережелерге жəне ұсыныстарға жəне де
шетелдердің ұлттық стандарттарына сəйкестігі туралы мəліметтер; 
- стандарт жобасы басқа стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың жəне 
оларды қайта қарау, өзгерту немесе жою жөніндегі ұсыныстарының өзара байланысы 
туралы мəліметтер; 
- сын пікір мен келісуге стандарт жобасын жіберу туралы мəліметтер; 
- ақпарат көздері; 
- стандарттау объектісінің патент тазалығы туралы мəліметтер (қажет болса); 
- шетелдік ұқсастықтармен салыстырулар мен мəліметтер (бар болса); 
Əзірлеуші – мекемелер стандарт жобасы заңдар талаптары мен Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарына, стандартты 
əзірлеудің келісім шарттарына сəйкестігін тексереді жəне оны түсіндірме хатымен 
барлық мүдделі мекемелерге жібереді. 
Мүдделі мекемелер мен шетелдік серіктестерді түсініктерді дайындауға тарту 
мақсатымен, дайындалған стандарт жобасы мен олар туралы жəне стандарт жобасына 
аңдатпа туралы ақпарат Мемстандарттың арнайы ресми басылымында жариялануы 
мүмкін. 
Стандарттау объектісіне байланысты стандарт жобасын жалпы жағдайда сын – 
пікірге: 
- стандарт əзірлеудің тапсырушысына; 
- қоғамдық мекемелерді қоса мүдделі мекемелерге; 
келісу:
- құзырына өнім, қызмет, процесс қауіпсіздігін қадағалау мен мөлшерлеу кіретін
мемлекеттік басқару органдарына; 
- Мемстандартқа; 
- Қазақ Тамақ ғылыми- зерттеу институтында (ҚазТамақ ҒЗ институты), балалардың 
жəне алдын алатын тамақтарға; 
- стандарт жобасын əзірлемеумен байланысты қайта қарау, өзгерту немесе жоюға 
жататын күші бар өзара байланысты ұлттық нормативтік құжаттар мен ұлттық 
техникалық регламенттердің əзірлеуші мекемелеріне; 


- Егер лицензиялауға жататын стандарт жобасы стандарттау объектісіне таратылса, 
онда ол лицензияға сын – пікірге жəне келісуге жіберіледі. 
Стандарт жобасының соңғы редакциясын əзірлеу жəне оны бекітуге ұсыну. 
Əзірлеуші – мекеме алынған соңғы сын –пікір мен ұсыныстарды ескеріп стандарт 
жобасының соңғы редакциясын дайындайды. 
Қажет болса стандарт жобасының соңғы редакциясы қайта сын –пікірге жəне 
келісуге жіберіледі. 
Стандарт жобасы бойынша келіспеушілік болса əзірлеуші- мекеме оларды қарауды 
жəне алып тастауды ұйымдастырады. 
Бекіту жəне стандартты мемлекеттік тіркеу 
Мемстандарт стандарт жобасын қарастырады жəне бекіту, түзету, қайтару немесе 
əзірлеуден алу туралы шешім қабылдайды. 
Стандартты бекіту алдында Мемстандарт республикада күші бар заңдар 
талаптарына, техникалық реттемелерге, мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттарына, 
өзара байланыстырылған шетелдердің мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық жəне 
аймақтық стандарттарына, қолданылатын терминологияға, стандарттарды құру жəне 
баяндау ережелеріне сəйкестігіне тіркеу жүргізеді. 
Мемлекеттік стандарттар Мемстандарт қаулысымен күшіне енгізіледі. 
Барлық бекітілген мемлекеттік стандарттар Мемстандарттар белгіленген тəртіпте, 
мемлекеттік стандарттардың мемлекеттік Тізіліміне енгізіледі. 
Стандартты басып шығару 
Мемстандарт бекітілген мемлекеттік стандарттар туралы ақпаратты «Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік стандарты» ай сайынғы ақпараттық сілтемеде (ҚР СТ АС) 
жариялайды. Бекітілген мемлекеттік стандарттар Мемстандарт бекітілген тəртіпте басып 
шығарылады жəне таратылады. 
Нег.: 1 [36-43], 6 
Бақылау сұрақтары: 
1. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар. 
2. Мемлекеттік стандартты əзірлеу кезеңдері.  
3. Мемлекеттік стандарттау обьектілері. 
4. Мемлекеттік стандартты бірінші жəне соңғы редакциялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет