материалдар мен заттар жайлы анықтамалық мəліметтер, техника-экономикалық
ақпараттының кодталуы мен сыныптауышы;
·
мемлекеттік ғылыми – техникалық жəне əлеуметтік – экономикалық
мақсаттық программалар мен жобалардың объектілері;
·
кең көлемді, салааралық қолданыстағы өнім;
· Қазақстан Республикасының бəсекелестігін
қамтамасыз ететін ғылым мен
техниканың жетістіктерін қолдану.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мыналарды қамтиды:
· адам денсаулығы мен өмірі, дүние-мүлкі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
өнім,процестер мен қызмет сапасына, қоршаған ортаны қорғау, өндіріс
санитариясындағы техника қауіпсіздігіне
қойылатын міндетті талаптары;
· өнімнің үйлесімдігі мен өзараауыстырымдылығының міндетті талаптары;
· өнім, процес жəне қызмет сапасының міндетті талаптарын бақылау əдістері;
· бұйымның параметрлік қатарлары мен типтік конструкциялары;
· өнімнің негізгі тұтыну қасиеттері, орауға, маркировкаға, тасымалдау, сақту мен
жоюға қойылатын талаптары;
· өнім өндіру, өңдеу, пайдалануда жəне қызмет көрсетудегі техникалық бірлікті
қамтамасыз ету ережелері; техникалық құжат ережелері, мүмкіндіктер, өнім
сапасын қамтамасыз ететін жалпы талаптар.
Мемлекеттік стандарттаудағы талаптар Қазақстан
Республикасының заңнамасына
қарсы келемеуі тиіс. Мемлекеттік стандарттарда стандарттау объектісіне
міндетті жəне
ұсынылатын талаптар болады.
Өнімнің, процестің, қызмет қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғау, азаматтардың
денсаулығы, өмірі мен мүлкін сақтау, техникалық жəне ақпараттық үйлесімділік,өнімнің
өзараауыстырымдылығы, бақылау мен таңбалау əдістері міндетті талаптарға жатады.
Стандарттың міндетті талаптары мемлекеттік органдар, меншік түріне қарамастан
барлық заңды, əрі физикалық тұлғалар үшін сақталуы қажет.
Өнім, процес, қызметке арналған стандарттағы ұсынылатын талаптар, егер
тапсырыс берушінің немесе өнімді дайындаушының
техникалық құжатында, қызмет
көрсетушінің келісім шартында көрсетілсе, жеке жəне заңды тұлғалар үшін міндетті
болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттарды мемлекеттік басқару
органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жасайды.
Стандартты жасауға өнімді дайындаушылар
мен тұтынушылар өкілдері, ғылыми –
техникалық жəне инженерлік қоғамның мамандары, стандарттау,метрология жəне
сертификаттау Комитетінің мамандары, ғалымдар қатыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: