Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата15.11.2023
өлшемі0.73 Mb.
#483348
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Дәрістер

1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы. Адам баласының ми қыртысының 
жануарлардың ми қыртысынан айырмашылығы бар. дегенмен. Жануарлар мен адамдар үшін нақтылы 
әсерді және көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның 
көріністерін талдау мен талқылау екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи 
әсерін «сигналдар» деп атады. Сол сигналдарды қабылдайтын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп 
атады. Ал сол сигналдардың сөзбен белгісін «сигналдың сигналы» деп атады. «»Сигналдың сигналын 
қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеуге, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші 
сигнал жүйесі деп атады. 2-ші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән. 
1-ші сигнал жүйесі жаңа туған нәрестеде бірнеше күннен кейін қалыптасады. 7-10 күндері алғашқы 
шартты рефлекстері қалыптаса бастайды. Ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері 6 айдан пайда бола 
бастайды. 
И.П.Павлов сигнал жүйесіне байланысты адамдардың жоғары жүйке әрекетін 3 топқа бөлді: 
1. Көркем суретті топқа жататын адамдарда 1-ші сигнал жүйесі 2-ші сигнал жүйесінен басым. 
2. Ойлы немесе саналы топтағы адамдардың 2-ші сигнал жүйесі 1-ші сигнал жүйесінен басым. 
3. Орташа немесе аралас топтағы адамдарда екі сигнал жүйесі де бірдей шамада дамыған. 
Екі сигнал жүйесінің арасындағы мәліметтердің берілуі бойынша И.П.Павлов адамдардың 4 тобын 
ажыратты: 
1. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-шіге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге жеңіл өтеді. 
2. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-шіге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге қиын өтеді. 
3. 1-ші сигнал жүйеден 2-ге мәлімет бөгеліп өтеді. 
4. 2-ші сигнал жүйеден 1-ге мәлімет бөгеліп өтеді. 
Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы. Баланың мінез құлқының 
қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке әрекетінің топтары әсер етеді. 
Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі әсерге байланысты: 
1. Ата-анасынан тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми қыртысындағы генотиптік 
қасиеті. 
2. Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік қоғам 
орындарының ықпалы) болатын фентоиптік қасиеттер. 
Н.Н.Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозуы мен тежелуін зерттей келе, олардың 
жоғары жүйке әрекетін 4 топқа бөлді: 
1. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы жылдам топтың шартты рефлекстері тез пайда болып 
оңай тежеледі, пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалардың тілі жатық,
сөз қоры мол, мінезі ұстамды. 


11 
2. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы баяу топтың шартты рефлекстері бірнеше рет 
қайталағанда пайда болады, бірақ пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалар 
ерте бірақ баяу сөйлейді. Мінезі - өте шыдамды. 
3. Күшті қозғыш ұстамсыз топтағы балалардың шартты рефлекстері өте жылдам пайда болғанымен 
тез жойылып отырады. Мінезі - ұстамсыз, шыдамсыз. 
4. Әлсіз топтағы балалардың шартты рефлекстері ұзақ көп қайталағаннан кейін өте баяу туады. 
Ондай балалар жаңа жағдайға ұзақ бейімделеді. Мінезі жасқаншақтау, тез шаршағыш келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет