Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет3/66
Дата15.11.2023
өлшемі0.73 Mb.
#483348
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Дәрістер

тітіркендіргіштер деп атайды. Тітіркендіргіштерді төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-
химиялық, биологиялық. 
Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым, температура) және 
электрлік әсерлерді айтады. 
Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық 
заттар, дәрілер, улы заттар, қышқылдар, сілтілер тәрізді заттардың әсері жатады. 
Физико-химиялық тітіркендіргіштерге ерітінділердегі заттардың парциалды қысымы, осмостық 
қысымы, иондардың және түрлі заттардың концентрасиясы жатады. 
 Биологиялық тітіркендіргіштерге макро және микроорганизмдердің әсері жатады. 
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға 
жүйке, бұлшық ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштердің әсеріне қозумен жауап береді. Қозу 
аталған ұлпалардың жұмыс қабілеті. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық 
қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



3-тақырып. Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі мен дамуы 
 
Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай 
төмендегідей анықтауға болады: 
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтастығын іске асырады; 
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді; 
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына организмді бейімдейді; 
- денедегі барлық жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет