Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Ішек-қарынның моторикасы (қозғалысы)



Pdf көрінісі
бет49/66
Дата15.11.2023
өлшемі0.73 Mb.
#483348
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Дәрістер

Ішек-қарынның моторикасы (қозғалысы). Ішек-қарын үш қабаттан тұрады: сыртқы – сілемейлі, 
ортаңғы – бұлшық етті, ішкі – шырышты. Асқорыту мүшелерінде ас бұлшық етті қабаттың жиырылуы 
нәтижесінде жылжиды. Бұлшық етті қабат екі түрлі жиырылады: 1) маятник тәрізді; 2) 
перистальтикалық. 
Маятник тәрізді жиырылғанда ас қоймалжыңы асқорыту сөлімен араласады, ал перистальтикалық 
жиырылғанда ас қоймалжыңы бір бөлімнен екінші бөлімге өтеді. 
 
Ас қорытудың реттелуі 
Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі. Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтан соң, 
сілекей шығару күшейе бастайды. Сілекейдің бөлінуі рефлекторлы түрде жүйке жүйесінің қатысуымен 
жүреді. Шайнау барысында ас ауыз қуысындағы тілде, ұртта, еріннің ішкі жағында орналасқан 
рецепторларды тітіркендіреді. Соның нәтижесінде пайда болған қозу тіл-жұтқыншақ пен бет 
жүйкелерінің афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығына келеді. Бұл 
жерге келген қозу талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол эфференттік жүйкелер арқылы сілекей 
бездеріне барады да, сілекей шығару рефлексі іске қосылады. 
Сілекей тамақты көргенде, оның исін сезгенде, астың атын айтып әңгімелегенде де бөлінеді. Бұл 
И.П.Павлов анықтағандай сілекейдің шартты түрде бөлінуі. Бұл рефлекс бұрын көрген, жеген, исін 
сезген тамақты пайдаланғанда пайда болады. 
 
 
 
 
 


32 
 
11-тақырып. Денедегі заттар мен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы 
Зат алмасу мен энергия алмасу тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. 
Зат алмасу екі процестен тұрады: ассимляция (синтез) және диссимляция (ыдырау). Ассимляция 
мен диссимляцияның нәтижесінде организмге қажетті заттар түзіліп, ескірген ыдыраудан пайда болған 
қажетсіз заттар сыртқа шығарылады. Балалар мен жасөспірімдер организмінде ассимляция 
диссимляциядан басым болады, ересек адамдарда тең болса, қартайғанда диссимляция басым болады. 
Адам организмінде клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық 
және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, гормондар мен 
ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минералды тұздар жатады. Денсаулығы жақсы 70 кг 
салмағы бар ересек адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг 
тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет