Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері



Pdf көрінісі
бет45/66
Дата15.11.2023
өлшемі0.73 Mb.
#483348
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Дәрістер

Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері. Құрсақтық кезеңде ұрық оттегімен 
плацента арқылы қамтамасыз етіледі, оның жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы 7 айлығында толық 
жетілгенімен қызмет атқармайды. Жаңа туылған нәрестенің алғаш дем алу механизмі қанда еріген 
көмірқышқыл газының концентрациясының тынысталу орталығындағы жүйке жасушаларына әсер 
етуімен байланысты. Бала туыларда плаценталық қан айналу бұзылып, қандағы жиналып қалған 
көмірқышқыл газының концентрациясы артып, тыныс алу орталығының жүйке жасушаларына әсер 
етеді. Соның нәтижесінде тыныс алу орталығы белсендіріліп, тыныс алу механизмі іске қосылады да 
бала алғаш дем алады. Егер әйел ұзақ босанатын болса, ұрықтың қанында көмірқышқыл газы көбейіп, 
баланың тыныс алуы басының жатырдан шығуынан бұрын басталады. Мұндай жағдайда баланың тыныс 
жолдарына ұрық сұйықтығы кіреді де, бала тұншығады, шетінеп кетуі де мүмкін. 
Тұншығу (асфиксия) бала туғаннан кейін де болатын жағдайлар байқалады. Бала тірі, жүрегі соғып 
тұрады, бірақ дем алып, дем шығаруы өте әлсіз. Туа болған асфиксия тыныс жолдарының бекітіліп 
қалуына немесе жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы дұрыс қызмет атқармағандықтан организмге 
оттегінің аз жеткізілуіне байланысты. Асфиксияның жеңіл түрлері туа және жүре келе жүйке жүйесінің, 
жүрек-қантамырларының, тыныс жүйесінің ауруларына, далаға шықпай, үнемі үйде отыра беруіне 
байланысты болуы мүмкін. 
Оттегінің мөлшері аз болса да, тым көп болса да адамға әсер етеді. 
Мысалы, тауға шыққанда оттегінің аздығынан адамның «жүрегі айныйды», бұлшық еттері 
әлсірейді. 
Ал егер 3 атмосферадан жоғары таза оттегімен дем алғанда ұстама, өкпенің қабынуы сияқты 
аурулар пайда болады, тіпті адам өліп кетуі мүмкін. 
Тыныс алу гигиенасы. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене 
еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы, штангистерде ӨТС -4 л, футболистерде – 4,2 л, қайықшыларды -
5,5 л. Тыныс алу жиілігі спортсмендер де минөтіне – 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда 14-20 рет. 
Тыныс алу жүйесінің мүшелері балаларда дұрыс дамып жетілу үшін төмендегі талаптарды сақтау 
керек: 
-бала үстелде (партада) дұрыс отыра білу керек; 
-ой еңбегі мен дене еңбегін дұрыс ұйымдастыру қажет; 
-сынып бөлмелері, еңбек бөлмелері, балалардың ұйықтайтын, сабақ оқитын бөлмелері жиі 
желдетіліп отыру керек;
- жоғарғы сынып оқушылары тәулігіне далада таза ауада 3 сағаттан, ал бастауыш сынып 
оқушылары 4 сағаттан кем болмау керек; 
- баланың киімі денесін қыспайтын, жеңіл болу керек
-бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минөттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын 
ұйымдастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет