Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Организмдегі бездер екі топқа бөлінеді: экзогендік (сыртқы секрециялық) және эндокриндік (ішкі  секрециялық) бездер деп.  Экзогендік



Pdf көрінісі
бет24/66
Дата15.11.2023
өлшемі0.73 Mb.
#483348
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
Дәрістер

 
Организмдегі бездер екі топқа бөлінеді: экзогендік (сыртқы секрециялық) және эндокриндік (ішкі 
секрециялық) бездер деп. 
Экзогендік (лат. секреция – сөл, грек.экзо - сыртқа) бездердің өзегі болады, өнімдері қуыс 
мүшелерге (ауыз қуысына сілекей бездер) құйылады немесе дененің сыртына шығады (тері арқылы). 
Эндокриндік бездердің өзегі болмайды, өнімдері тікелей қанға құйылады да бүкіл денеге тарап 
мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секреция бездердің өнімдерін гормон (грек.гормо – іске 
қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, 
организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, энергия және зат алмасуын, мүшелердің қызметін 
реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. 
Ішкі секрециялық бездерге: гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік бездері, айрлы (тимус) без, 
бүйрек үсті бездері, қарын асты безінің (ұйқы безі) Лангерганс аралшықтары, жыныс бездері жатады. 
Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі сыртқы және ішкі секрециялық бездердің 
де қызметін атқарады.
Гормон - өте белсенді химиялық зат. Гормондардың қасиеттері:
- олар өте белсенді, өте аз мөлшерде де әсер ете алады (микрограмм, нанограмм); 
- әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспесе екінші бездің гормоны оның қызметін атқара 
алмайды; 
- ұлпаларға, мүшелерге қашықтан тұрып әсер етеді. 
Гормондар химиялық құрамына қарай: белок, полипептид, липидтер және стереойдтарға жатады. 
Әрбір ішкі секрециялық без тек нақты гормон өндіреді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда 
гипосекреция (грек.гипо- аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (гипер – артық, жоғары) 
байқалады. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп 
төндіреді. 
Гипофиз. Бас сүйегінің “түрік ері” деп аталатын сүйегінде орналасқан. Жаңа туған сәбидің 
гипофизінің салмағы 10-15 мг, 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі, жасөспірімдерде ересектердікіндей 
50-65 мг болады. 
Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Алдыңғы және ортаңғы бөлігін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет