Тақырып № 5. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау (8 сағат)
1. Озық педагогикалық тәжірибені талдау
Тапсырма 1. Базалық мектептерге барып мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін зерттеу, талдау, жинақтау
Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 7, 13.
Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5.
Әдістемелік нұсқау:
Зерттеу аппаратын жасау барысында жұмыс сипатын, зерттеу проблемасын ескеріп лекция мазмұны мен әдебиеттерге сүйену қажет. Ғылыми зерттеу құрылымы зерттеу жұмысының алдағы процедурасын көрсететңндей болуы қажет.
Ғылыми- зерттеу әдістерін меңгере отырып оларды пайдалану тиімділігін, қай жерде қай әдіст қолайлы екндігін сақтықпен анықтай білу қажет. Теориялық мәліметтерді талдау барысында оның жүйелілігіне, бірізділігіне, жаңашылдығына көңіл бөлу қажет.
Зерттеу жұмысын орындауға шығармашылықпен қарау және ақпараттардың нақты және дәлелді болуына көңіл бөлу керек.
2.6.1. КУРС БОЙЫНША ЖАЗБАША ЖҰМЫСТАР Таңдап алынған курстық жұмыс тақырыбы бойынша конспектілер, жоспарлар, түйіндемелер, библиографиялық еңбектер көрсеткіші.
Зерттеу тақырыбы ғылыми педагогикалық, психологиялық ақпарат көздері бойынша конспектілер
3. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау.
2.6.2. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР ТАҚЫРЫПТАРЫ Оқытуды тұлғаға бағыттау негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту.
Бастауыш сынып оқушыларына оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдалану.
Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Бастауыш сыныптарда оқыту процесінде ауызекі поэтикалық шығармашылық материалдарын пайдалану.
Сәндік-қолданбалы өнер туындылары - бастауыш мектепте грамматикалық ұғымдарды қалыптастыру құралы.
Бастауыш сыныптарда оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану.
Бастауыш сыныптарда оқыту процесінде көрнекі құралдарды пайдалану.
Бастауыш сыныптарда оқыту процесінде оқушы тұлғасын әлеуметтендіру.