Лекцияның ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет1/2
Дата07.09.2023
өлшемі61.5 Kb.
#476799
  1   2
1-лекция


1-дәріс
«Қазақ әдеби тілінің теориялық мәселелері.
Әдеби тіл туралы ұғым.
Қазақ әдеби тілі жайындағы пікірлер.
деби тілдің анықтамасы туралы ғалымдардың көзқарастары


Сұрақтар:
Қазақ әдеби тілінің тарихы пәнінің мақсаты мен тміндеті, зерттеу нысаны
Әдеби тіл туралы ектүрлі концепция
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Қазақ әдеби тіліне берілген анықтамалар туралы


Тірек сөздер: әдеби тіл, концепция, тенденция, проблема, т.б.

Әдеби тілдің тарихын тану дегеніміз - жалпыхалықтық тілдің әдеби сұрыптаудан өтіп қырлануын, түрлі стильдік құралдар мен тілдік жаңа элементтермен толығуын, баюын, жаңа мағыналы сөздердің пайда болуын, олардың экспрессивті, эмоционалды бояуларының жандана түсуін, мәндес сөздердің мағыналық жақтан бір-бірінен алшақтауын, терминдену процесінің жүруін зерттеу болып табылады.


Әдеби тілдің тарихын сөз етудегі басты мақсат — тілдік құрылымдардың қазақ әдеби тілінің заңдылықтарына лайық екенін анықтау, сонымен бірге тілдік қолданыстар мен құрылым­дардың жандануын, олардың тіркесімділігінің артуы олардың қазақ әдеби тілінің сөздік қорынан лайықты орын алғанының көрсеткіші болып табылатынын нақты мысалдармен көрсету.
Қазақ әдеби тілінің тарихы бір қарағанда еш қиындықсыз меңгерілетін пән сияқты көрінуі әбден мүмкін. Бірақ ондай пікірдің шындыққа сай келмейді, өйткені жеке пән болып табылатын қазақ әдеби тілінің проблемалары жеткілікті, оларға тереңдеп бару да оңай шаруа емес. Соған орай бұл оқулық аталмыш пәннің теориялық және қазақ тіліне ғана тән күрделі мәселелерін саралай отырып, студенттердің пәнді меңгеруін жеңілдету мақсатында жазылды. Пәнді меңгеруді жеңілдету үшін әдеби нұсқалармен танысып, олардың тілдік сипатын (фонетика­лық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) анықтап, мәтіндерге лингвистикалық талдау жұмыстарын жүргізу керек. Сонда ғана студенттердің әдеби тіл туралы танымы артады, әдеби тіл нормасының қалыптасу кезеңдеріне сай ерекшеліктерді жан-жақты меңгереді. Сонымен бірге олар тіл деңгейлерін түгел қамти отырып, тілдік талдауды ғылыми түрде жүргізуге машықтанады. Соған сәйкес талдауға ұсынылған материалдар қазақ әдеби тілінің басты-басты проблемалары мен тенденциялық даму бағыттарын айқындайтындай болып іріктелінді.
1.Әдеби тіл туралы түрлі көзқарастар мен әдеби тілмен байланыстырыла оқытылатын тілдік ұғым-түсініктердің, теориялық проблемалардың шеңбері кеңейді.
2.ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан басталып, ХХ ғасырға ұласатын, ХХ - ХХІ ғасырлардағы ұлттық жазба әдеби тіл туралы бұрын-соңды айтылмаған мағлұматтармен толықты.
3.ХІҮ-ХҮІІІ ғғ. аралығындағы әдеби тіл дәуіріне байланысты бұрын-соңды жарық көрген оқулықтарда қамтылмай жүрген армян жазулы қыпшақ ескерткіштері туралы мәліметтер алғаш рет оқулықтың құрылымына енді. Орта ғасыр қыпшақтары тіліндегі ескерткіштер әр дәуірде, әр жерде, әр түрлі алфавитпен хатқа түскен. Ол жазудың түрлері араб, парсы, латын, армян, славян, руна жазулары болып келеді. Бұлардың қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріне жақындығы, ал қыпшақ тіліндегі ескерткіштердің қазақ тілі тарихының ерте дәуірін зерттеуде аса маңызды қайнаркөз болатындығы көрсетіліп, оқулыққа армян жазулы қыпшақ ескерткіштері туралы мәліметтер енгізілді. Сөйтіп ескерткіштердің тілдік сипатымен студенттерді таныстыру көзделді. Бұл ескерткіштердің қазақ жазба әдеби тілімен байланысы, жазба тілдік нормаларға қатысы жөніндегі ғылыми пікірлер келтірілді.
4. Кітаби тілге байланысты ғылыми байламдар, әсіресе соңғы жылдары айтылып жүрген пікірлер, ғылыми көзқарастар мен жаңа тұжырымдар енгізілді.
5. Репрессияға ұшыраған зиялылардың мұралары баспа бетін көре бастағаннан бері ХХ ғасыр басындағы әдеби тіл туралы ғылыми мәліметтерді толықтырудың қажеттілігі туындады. Соған орай ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында жарық көрген «Қазақ» газеті, «Темірқазық» журналы, «Абай» журналы, «Ызың» журналдарының қазақ әдеби тілін жетілдірудегі қызметтері сараланды.
6. Әдеби тілдің функционалды стильдік тармақтарының жетілуі мен қалыптасуы процесі ХХ ғасыр басындағы М.Көпеев, Шәкәрім, А,Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, т.б. қазақ зиялыларының шығармалары негізінде нақтыланды.
5. Қазақ диаспорасының әдеби тілі туралы мәселе көтерілді.
6. Лексикография мен терминологияға байланысты материалдар толықтырылды.
7. Оқу әдістемелік кешенде жаңа талаптарға сай жаттығулар мен тапсырмалар топтастырылды, жаттығулардың күрделі және жай, қарапайым түрлері ара­ластырыла берілді және ұсынылған мәтіндердің бәрі де түпнұсқадағы тілдік ерекшеліктері сақталып, лингвистикалық мәтін түрінде берілді.
8. Тапсырмаларда әдеби тіл теориясының тұжырымдамалық және терминологиялық басты проблемалары қамтылды және арнайы ұсынылатын тапсырмалар мен жаттығулар, олардың шарттары қазақ әдеби тілінің базалық ұғымдарын терең түсінуге, қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен зерттелу жүйесін нақты тілдік материалдардар бойынша талдау мен салғастыру арқылы пайымдауға лайықталды.
Теория мен практикалық сұрақтар, тапсырмалар мен өзіндік жұмыс сұрақтары, жаттығулар араластыра ұсынылған бұл еңбек оқу үрдісіне қойылатын жаңа талаптарға сай жазылды.
- студенттерді өз бетінше ізденуге, ой қорытуға тәрбиелеу;
- оқытушының көмегімен қазақ әдеби тілі теориясын меңгертуге, қазақ әдеби тілінің өзіндік қалыптасу тарихы мен өзге әдеби тілдерден ерекшеліктерін анықтауға көмектесу;
- сонымен бірге әдеби тіл нормалары мен қазақ әдеби тілінің қалыптануы әдеби тілдің мәртебесін көтеретінін, тілдің аутенттілігінің артуы тіл эволюциясындағы ұлт мәдениетінің көрсеткіші ретіндегі аса қажетті фактор екенін ұғындыру;
- ұлт - мәдениет - тіл триадасындағы қазақ әдеби тілінің орны мен маңызын пайымдауға бағыт беру;
-қазақ әдеби тілінің тарихына байланысты жазба мұралардың тілі туралы, көне қазақ әдеби тілі туралы түсінікті кеңейту, т.б.
Дәрістердегі ғылыми тұжырымдар қазақ әдеби тілінің теориялық негізін қалыптастырып, зерттелуіне жол ашқан С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Қ.Жұбановтармен қатар, зерттеулерді жаңа белеске көтерген Р.Сыздықова, С.Исаев, Б.Әбілқасымов, Қ.Өмірәлиев т.б. тілші-ғалымдардың ғылыми еңбектері мен көзқарастары негізінде жасалды, соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектердің нәтижелері пайдаланылды.
Әдістемелік ұсыныстар мен қажетті негізгі және қосымша ғылыми әдебиеттердің тізімі әр бөлімнен соң ұсынылып отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет