Лекцияның мақсаты



бет2/15
Дата20.09.2022
өлшемі60.02 Kb.
#460959
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
stud.kz-53668

Жоспары:
1. Проблема туралы түсінік.
2. Ғылыми проблема түрлері.
3. Қазіргі ғылым мен қоғам дамуына қойылып отырған талаптар.


Лекцияның мақсаты:Проблема туралы түсінік, ғылыми проблема түрлері және қазіргі ғылым мен қоғам дамуына қойылып отырған талаптар туралы түсінік беру.

Негізгі түсініктер: метод, методология, эмперика, эксперимент, фальсификация, синтез, анализ, индукция, дедукция, идеализация. Таным, қоғамдық процесс.Таным процесінің негізі.Сезімдік және логикалық таным. Ақиқат теориясы. Ғылыми таным логикасы мен методологиясы. Ғылым этикасы.Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады. Диалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным процесінің заңдылықтарын зерттейді.Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін басшылыққа алады. Таным объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс - әрекет барысында субъекті игерген бөлігі. Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің "Метафизикасында” ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп түсінді. Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат - әлеуметтік процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – абъсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс. Ғылыми танымның әдістері шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. Эмпириклық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. бола алмайды.


№3. Лекция. Ғылыми зерттеу проблемасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет