Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория:
Сол кездегі қоғамның, халықтың әлеуметтік талап – сұраныстарын шеше алмауы негізінде утопистік (қияли) социалистік идеялар пайда болды.
Томас Мор (1478-1535жж.) «Утопия», Томаза Кампанелла (1568-1639 жж.) «Күн қала» атты шығармаларында «беймәлім жерде», «күн қалада», әділетті қоғам орнаған, оларда байларда, кедейлерде жоқ, бұл мемлекеттерде меншік иесі - қоғам, ал жеке адамдар сол қоғамның мүшелері ретінде еңбек нәтижелерін тең бөліседі, оларда билеушілер де, қарапайым адамдарда заң алдында тең және олар әр түрлі діндерге дәйектілікпен қарайды. Бірақ, діндерде өндірістік процестерге кесір келтіретіндей әр түрлі тыйым салатын қағидалар аз болуы керек. Жастарды тәрбиелеу ісі қоғамның қолында болады да оны дін басылары басқарады.
Томас Мор мен Томаза Кампанелланың идеалды мемлекет пен қоғам туралы ой-пікірлері әлжуаздығына, қиялилығына қарамастан социалистік ілімдердің қалыптасуына үлкен әсер етті.
Никколо Макиавелли (1469-1527жж.) итальяндық саяси қайраткер және тарихшы. Негізгі шығармалары: «Билеуші және Тит Ливидің бірінші декадасы туралы пікірлер», «Олардың принциптері қағидалары», т.б. Макиавелли Тит Ливидің шығармалары негізінде саяси іс-әрекет тәртібін жүйелеп христиандыққа дейінгі Рим ипрериясының этикасы мен күшін дәріптейді. Мемлекеттің қайсысы болсада римдіктердің күшімен ұлылығы сияқты қасиетке ие болуы үшін, өз іс-әрекеттерінде дұрыс деп тапқан тиісті шараларды, қолданулары қажет. Ал бұл жол әдептілік қағидалары мен азаматтық бостандық ығыстырылып, ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңе жоқ, билеуші оған көңіл бөлмеуі керек. Макиавеллидің бұл ілімі «макиавелизм» деп аталып кеткен, саясатта өз мақсатыңа қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың қалыптасуына әкеліп соқты.
Жаңа заман әлеуметтік философиясы.
Томас Гоббс (1588-1679жж.) ағылшын ойшылы. Негізгі еңбектері: «Азамат туралы философиялық бастапқы негіздеме», «Левиафан-материя, түр, мемлекеттік, діни және азаматтық билік». Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін-өзі сақтау, лаззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен тұратын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың тибиғи көрінісі барлығының қарсы күресі болатын. Сондықтап адамдар өзара келісім жасау арқылы мемлекетке біріккен және билеушіге өз еріктерімен бағынған. Олай болса, мемлекет – жасанды дене (Левиафан.) Сөйтіп адамдар өзін-өзі қорғауға және адамша өмір сүруге мүмкіндік алған. Қоғамдық заң –азаматтардың ар ожданы.
Джон Локк (1632-1704жж.) ағылшын философы, психологы, педагогы. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе», т.б. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу(заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы барлық әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |