Лексикалық тақырып: Экономика Грамматикалық тақырып: Сан-мөлшер категориясы



Дата12.06.2023
өлшемі13.21 Kb.
#474974
8-САБАҚ ЭКОНОМИКА

Лексикалық тақырып: Экономика

Грамматикалық тақырып: Сан-мөлшер категориясы

АЙТЫЛЫМ

1-тапсырма. Тақырып бойынша ой бөлісіңіз.

1. Экономика дегенді қалай түсінесіз?

2. Банк жүйесі туралы не айта аласыз?

3. Ұлттық валюта жайлы өз ойыңызды айтыңыз.


Тыңдалым

2-тапсырма. Тақырыпқа қатысты лексикалық қормен танысыңыз.

Ақша, қаражат, банк жүйесі, басқару өнері, реттеу, тұрақтандыру, деңгей, Жарлық, есеп, өз қызметінде, жүргізеді, сүйенеді, негізінде.


Оқылым

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.



Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары табиғат заңдарымен тығыз байланысты, ол да объективті. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай: егер экономиканы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.


Экономика – бұл үй шаруашылығын игеру, басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі. Бір сөзбен айтсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз.
Базарға шыққанда кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз, бәрін есептеу – экономика. Мамандық таңдау кезінде сіз ойлайсыз, қай мамандық қоғамға көбірек қажет – сіз оны да есептейсіз. Күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе, заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме - мұны білу де – экономика, яғни экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді.

Экономика сіз өмірге келгеннен бастап-ақ өміріңізге араласа бастайды. Бала дүниеге келеді, ата-ана қуанып, той жасайды немесе нәрсе – сол балаға қарапайым нәрсе киім алу керек, ол да белгілі мөлшердегі ақшаны қажет етеді. Ол бала өседі, мектепке барады, университетте оқиды, ол да –ақша. Жігіт үйленеді, ол үшін кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мемлекетті басқару - үлкен өнер. Шетелде жастар үйленген кезде некелік шартқа тұрады. Кәдімгі екі мемлекет сияқты. Шартта көп мәселе қамтылады: болашағымыз бала десек, некелік шартта сол баланың болашағына дейін ойластырылған. Яғни ұрпаққа нені қалдырамын, ұрпағым нені жалғастырады деп ойлау да – экономика.


Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру - ол да экономика, себебі сіз баланы жеткізу, аяғынан тұрғызу үшін, көп нәрсені есептейсіз, сіз ауырмауды ойлайсыз, шаршамауды ойлайсыз, бала үшін өзіңіздің күшті болуыңызды ойлайсыз, сонымен өзіңді ойлау, денсаулығыңды ойлау – бәрі де экономика.
Тағы да қысқа айтар болсақ, экономика – байлыққа, бақытқа, тыныштыққа барар жол.

(Ғаламтор материалдарынан)
Жазылым
4-тапсырма. Мәтін бойынша бес-алты сұрақ дайындаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет