Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет?



бет2/2
Дата23.12.2023
өлшемі19.81 Kb.
#487718
1   2
Мақсаты: Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу. Сабақ жоспарын құру барысында зерттеуші 3 мұғалім және 1 бақылаушы мұғалімнен құралған топ бірігіп, зерттеу сабағын ұйымдастыру үшін әдебиеттік оқу, математика пәнін таңдап алынды. Зерттеуші топ аптасына бір реттен жиналып, А,В,С деңгейіндегі оқушылар тобына жататын оқушының сабақ барысында іс –әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін анықтауға болатын тиімді әдіс -тәсілдерді сабақтың жоспарын құруда талқылап шықты. Оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін Блум таксономиясы бойынша талдау сұрақтарын сабақ барысында қолданып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіре түсу жұмыстарын қолға алып, оны сабақ сайын күрделендіре түсу жоспарланды.
1-ші зерттеу сабағы 17 қаңтарда әдебиеттік оқу пәнінен: А.Байтұрсыновтың Крыловтан аудармасы – «Маймыл мен көзілдірік» мысалы. Осы сабақ барысында анықталып алынған А,В,С деңгейіндегі оқушыларымның сабақ барысындағы іс-әрекеттерін 3 мұғалім зерттеп шықты. Блум токсономиясына байланыстырып құрылған сабақ жоспары мен сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту үшін берілген сұрақтар жауаптарымен сәйкес келе ме, жоқ па сабақ барысында анықталды. Сабақ сәтті өтті. С деңгейдегі оқушының ұяңдығын ашатын түрткі сұрақтары алға қарай ілгерілеуге жетеледі. Жетелеу сұрақтары арқылы, жеке жұмыстар мен тапсырмалар беру арқылы сабаққа деген қызғушылығы мен топ арасында көшбасшылық қабілетін А деңгейіндегі оқушым көрсете білді .В деңгейіндегі оқушым бастапқыда сұрақтарға онша араласпады, кейіннен оның белсенділік қабілеті арта түсіп, топпен тапсырма берілгенде топ басшының берген тапсырмасын өз деңгейінде орындап шығып, өзін көрсете білді. Оқушы үнін тыңдаған кезде А деңгейдегі оқушым мысалдағы кейіпкерді ақылды маймылмен ауыстырар едім деген тұжырым жасады, яғни сонда оқушының тек ақымақ маймыл емес, ақылды маймыл да болатынын маймылды екінші қырынан көргісі келетінін түсіндіріп айтты. Яғни, сыни тұрғыда ойлау қабілетінің жоғары екендігін аңғарта түсті, В деңгейдегі оқушым - «Еш нәрсені өзгертпей осы сабақты қайта өтілгенінін қалаймын, маған өте қызықты болды»- деп жауап берді . С деңгейдегі оқушым – «Сабақ ұнады, бірақ мен бұл сабақта өзімді көрсете алмадым.»- деген тұжырым жасады. Келесі сабақта белсендірек болатынын айтып өтті.
2-зерттеу сабағы әдебиеттік оқу пәнінен 28 ақпан күні тақырыбы: Бекмырза Баймахановтың «Құмдағы құпия», аймақтық семинар сабақ ретінде өткізілді . Сабақ мақсатына жетті. Оқушылардың білім деңгейн көтеру, сонымен қатар желілік қоғамдастық пен өзара әдіс алмасу мақсатында ұйымдастырылған бұл зерттеу сабағы өз дәрежесінде өтіліп, келген ұстаздар қауымы алар жаңалықтары көп екендігін сөзге тиек етті .
Келесі 3-зерттеу сабағын математика пәнінен «Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерінің жазбаша тәсілі» тақырыбын таңдап алынып, сабақ жоспары жоспарланды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында топты банктер арқылы біріктіріп, қалыптастырушы бағалауды ақшамен, яғни теңге купюраларымен бағалап отыруды жоспарланды. «SWOT талдау» әдісі арқылы оқушылардың топта бірігіп постер құруын , семантикалық картамен жұп болып жұмыс жасауын, логикалық сұрақтарға бейнекөрсетілім арқылы жауап беруін жоспарланды. Бұл сабақтан бүкіл сынып бойынша әр деңгейге сәйкес келетін оқушыларды түгелімен бақылауға алып, олардың іс-әрекетін бақылауды алға мақсат етіп қойдық. Зерттеу сабақтары зерттеуші топта бірігіп жұмыс жүргізген мұғалімдерге өзара әдіс алмасып қана қоймай бірігіп жұмыс жүргізуге, өз білім міне білік деңгейін көтеруге де өз ықпалын арттыра түсті. Бұл сабақтан бүкіл сынып бойынша әр деңгейге сәйкес келетін оқушыларды түгелімен бақылауға алынды , олардың іс –әрекетін бақылауды алға мақсат етіп қойылды. Зерттеу сабақтары зерттеуші топта бірігіп жұмыс жүргізген мұғалімдерге өзара әдіс алмасып қана қоймай, бірігіп жұмыс жүргізуге, өз білім мен білік деңгейін көтеруге де өз ықпалын арттыра түсті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет