Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс



бет3/6
Дата01.03.2024
өлшемі75.37 Kb.
#493709
1   2   3   4   5   6
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс баяндама

3. Ата-аналарымен байланыс. Ата-ана біздер үшін сарқылмас күш, олармен жиі байланыс жасап, көмекке шақыру, үлгерімі төмен оқушылардың алға басуына көмегі зор. Ата-аналардың үйлеріне барып, мектепке шақырып әңгімелесеміз.Сыныпта ата-аналар жиналысын өткізіп, балалары жөнінде оның үлгерімі, тәртібі, оның оқуына үйде қалай көмектесу керектігін түсіндіреміз.

Осы сияқты жұмыстарды үзбей жүргізіп отыру, үлгерімі төмен оқушыларды қатарға қосуға және олардың тиянақты білім алуына жәрдемдеседі. Біз осы тұрғыдан үлгерімі төмен оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізіп келеміз. Жұмыстың жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдерін кеңінен талқылап, белгілеп алады.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады:

-ұжыммен, ортамен қарым-қатынасы.

-оқу-тәрбие процесіне жанұяның ықпалы.

-қоғамдық және үй жұмыстарына араласуы.

-үйде күн тәртібі жоспарлануы және оның орындалу барысы.

-денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар.

-сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы.

-дара ерекшеліктері.

-ойлау қабілетінің деңгейі.

-зейіні мен есте сақтауы.

-ерік-жігері.

-табандылығы.

-қызығушыл ығы.

-жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері.

-үлгермеу себептері.

Осы мәселелер анықталғаннан кейін, баланың жеке пәндер бойынша білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып, оңайдан қиынға қарай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жүмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалык жұмыстар белгіленеді.

Мысалы, Жұлдызай деген оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жұмыстар жүргізу керек деп ұйғардық.

1. Ата-анасымен тығыз байланыс жасау. Үйдегі күн тәртібін белгілеп, оны орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру. Оқушының ұжыммен байланысын нығайту мақсатында арнайы әңгімелер, тәрбие сағаттарын өткізу, мінез-құлқының жақсы жақтарын жетілдіру мақсатында сабақта жұмыстар жүргізу, белсенділігін жандандыру, оқуға ынталы, алғыр балалардың жолдастық көмегін ұйымдастыру.

  1. Баланың қабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру.


  2. Сабақта дидактикалық материалдарды, техникалық құралдарды молынан пайдаланып жүргізу. Жеке жұмыстарда да көрнекіліктер пайдалану.


  3. Есте сақтауын дамыту мақсатында шағын да тілге жеңіл көркем


    текстерді, мақал-мәтелдер мен жұмбақ, жаңылтпаштарды жаттауға ұсынып отыру.Барлық жеке жұмыстарда “оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге” принципін басшылыққа алып, қайталауға көбірек мән беру.
  4. Оқушының еңбектерінін жақсы жақтарын дер кезінде байқап,


    тиісінше мадақтап, өз күшіне сенімін ояту, т.б.
  5. Жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушылардың жеке пәндер бойынша біліміндегі олқылықтар анықталып, жүргізілетін жұмыстар соларға орай нақты белгіленеді, олардың нәтижелерін жазып отырамыз.


Оқудың белгілі бір кезеңінде үлгерімі төмен болған оқушылардың жоғарыдай жұмыстар барысында едәуір жақсы нәтижелерге бастауы осы бағыттың дұрыстығын көрсетеміз.

Талапқа сай білім беру, сабақтың тиімді, қызықты өтуі мұғалімнің жеке оқушыны тани білуіне де байланысты.Мектепке жаңа келген шәкірттің жан дүниесіне, физиологиялык, логикалық және психологиялық дамуына, ұғу, сезу, түсіну қабілетіне үнемі зер салу - ұстаз парызы.

Әсіресе, жеке жұмыс жүргізуді бастарда оқушының сөз қоры, сөйлеу дағдысы, ойын баяндай білуі, сөйлемді толық аяқтай білуі, сұраққа жауап беруі, өзін қоршаған дүниені тануы таразыдан өткізілуі керек. Бастауыш сынып мүғалімі оқушыларды таным қабілетіне қарай бірнеше топқа бөліп, қысқаша мінездеме жазып, зерттеу табеліне түсіреді. Олардың сипаттама шамасы төмендегідей:

- Танымы жақсы жетілгендер, зейінділер

- Тез қабылдайтын, бірақ зейіні тұрақсыз, бұл 7-9 жастағылар арасында жиі


кездеседі.

- Қабылдауы баяу, зейіні ықтиярсыздар.

- Зейінсіз, қабылдауы төмендер.

Мұғалім сабақ жоспарын жасаған кезде жеке оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қоса белгілейді. Қойылатын сұрақтарды, үлестірмелермен жазбаша тапсырмаларды алдын-ала іріктеп алу дара жұмыс жүргізу жоспарының орындалуын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс оқушыларды жеңілден бірте-бірте күрделіге жетелеу арқылы жүзеге асады. Оларды топқа бөліп, жеке дара жұмыс істеу мұғалімнің шеберлігіне де байланысты.

Оптималдандыру заңдылықтары мен принциптерін қолдану, яғни оқыту мен тәрбиенің озық формалары мен әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру, әр сыныптың немесе жекелеген оқушылардың ерекшеліктерін жан-жақты ескеріп, тиімді жұмыс істеу, уақытты ұтымды пайдалану оқушылардың білімді өз еркімен қабылдауын көздейді. Мұғалім күнделікті жеке жұмыстың нәтижесін мұқият зерттеп, оны күрделендіріп, бағдарламалық білім деңгейіне жетуді мақсат етеді. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болады.

Үлгерімі жақсы оқушылармен жүргізілетін жұмыс. Осы оқушылар барлық пәннен бірдей жақсы оқи ма? Соны мұқият зерттеп алған жөн.

Мәселен бір оқушы жекелеген пәндерден озық. Сөйте тұра ауызша пайымдауға онша емес. Екінші бір оқушы керісінше ауызша мазмұндауға шебер. Енді осындай оқушылардың осалдау жерін дәл тауып жұмыс жүргізу - пән мұғалімінің міндеті. Ал өзі жақсы көретін, сүйіп оқитын пәннен үлгерімі нашар оқушыға көмектесуді тапсырып, оның қабілетін арттыруға болады. Барлық пәннен бірдей жақсы оқитын оқушылар сынып жоғарылаған сайын азая береді.

Мәселен, бастауыш сыныптарда жақсы және өте жақсы оқитындар саны жоғары сыныптармен салыстырғанда көп болады. Осындай алшақтықтың негізі қайда жатыр? Әрине пән мұғалімі сабақ бере алмайды, оқу-тәрбие жұмысына жүрдім-бардым қарайды деуге болмайды. Әйткенмен де жеке оқушылармен жұмыс жүргізуде олардың ерекшеліктерін зерттеу жетіспей жатады. Сондықтан әр сабақты шығармашылықпен оптималды жүргізсе, іс нәтижелі болар еді. Өкінішке орай кейбір мұғалімдеріміз оқу мен тәрбиедегі олқылықты тек бастауыш сыныптан кеткен кемшілік деп санайды. Бұл жаңсақ пікір.

7-9 жастағы оқушылардың көбісінің зейіні тұрақсыз болғанымен тез қабылдағыш келеді. Бірақ ұққанын тез ұмытып қалады. Біраз күннен кейін сұрасаң жауап бере алмайды. Бұл зейіннің тұрақсыздығынан. Мұндай оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс ерекше есте қалардай қызықты болуы керек. Қабылдауы баяу немесе мінезі тұйық, көп сөйлемейтін, тыныш отыратын, сабаққа ынтасыз оқушыға берілетін тапсырма оны ширату, сабақта сөзге тарту, көңілдендіру, өзге оқушының берген жауабын қайталату немесе сөзуар балалармен қабаттастыра сөйлету мақсатын көздеуі тиіс. Берген жауабын нақтылап, анықтап, өзінің өзгелерден қалмай жауап беріп тұрғанына көзін жеткізіп, белсенділік туғызу шарт.

Қабылдауы нашар оқушының жауапкершілігі де төмен болады. Олар қанша қыбыр етпей тыңдап отырғанымен қабылдауы төмен болса, мұғалімнің 10-15 минут баяндаған әңгімесінен сөйлем құрап айта алмайды.

Сондықтан үй тапсырмасын оқушылардың зейін - қабылдау мүмкіндігіне қарай жеке берген жөн.

Жеке оқушылармен мінез-құлыққа байланысты жұмыс жүргізу үшін сабақтың күнделікті қызықты ұйымдастырылуына да көп көңіл болу керек. Керекті көрнекіліктер күні бұрын әзірленіп, оқушыларға берілетін жеке тапсырмалар алдын ала ойластырылса сабақтың сапалы өтуіне тиімді әсер етеді.

Баланың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын білу, білімін іждағатты есепке алу - үлгермеушіліктен сақтандырудың басты шарттары. Шәкірттің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мұғалімге жалпы тәрбие жұмысын, оның ішінде әрбір оқушымен жеке жұмысты қандай бағытта құру қажеттегіне жөн сілтейді.

Оқушы Сәкен 1 сыныпқа басқа мектептен келді. Оның оқуға ынтасыздығы бірінші күннен-ақ байқалды. Ақылға көнбейді. Көңілі соқпаса, сабаққа келмей қалатынды шығарды. Ата-анасының “тілімізді алмайды” деп, бала тәрбиесіне жауапсыз қарайтынын білдім. Сабаққа үй жұмысын орындамай келіп жүрді. Егер қатаң талап қойып, кітабынан тапсырманы жеке көрсетіп берсең, сол бетті жыртып тастайтын болды. Сабақта әдейі бір жағымсыз мінез көрсетіп, мұғалім назарын еріксіз өзіне аударып, “ескерту айтсын” дегендей әрекеттер жасайтынды шығарды.

Денсаулығында ақаулық бар ма деген оймен алғашқы кезде дәрігерлермен де кеңестім. Бірақ дені сау екен, ал жағымсыз қылықтарды қасақана істейтіні анықталды. Сабақтан тыс уақытта не істейтінін бақылап, оның ойнайтын, бірге жүретін жолдастары кімдер екенін білдім. Өзінен үлкен, басқа мектепте оқитын нашар мінезді балалармен бірге жүретінін анықтадым. Ата-аналары балаға бірыңғай талап қоймай, әкесі ұрысса, шешесі болысып дегендей, тәрбиені әлсіретіп алғандығы байқалды.

Сәкеннің оқуға ынтасын қалыптастыру үшін сабақ тыңдамай отырған кезінде қосымша сұраулар беріп, ұғымын бақылап, ескертулер жасадым. Материалды баяндау кезінде мұқият тыңдау сабақ түсінудің қажетті шарты екенін айтып, ақыл-кеңес бердім.

Кейде:

- Сен тыңдап отыр, түсіндіріп болған соң, сұраймын, - деп қатаң талап қойсам, кейде сенім білдіріп, көтерме баға да қойып жүрдім. Оның балаға үлкен әсері болды. Ойламаған жерден “4” алуы баланың психологиялық түйсігіне әсер еткендігі, соншалық, баланың бет бейнесі бірден өзгеріп, көзінен қуаныш табы байқалады. Сол күнгі басқа сабақтардың барлығында тәртіп бұзбай тыныш отырды. Бұл алғашқы нәтиже еді.



Окушыны жеке алып қалып, түсінбеген тақырыптарын анықтап білгеннен кейін, күнделікті сабак үстінде, сабақтан кейін де қосымша түсініктерді беруді әдетке айналдырдым. Баланың білмейтін материалдарын күнделікті дәптеріме жазып жүрдім. Оқушының сынып ұжымына қалай карайтынын, берілген жазаны және мадақтауды қалай қабылдайтынын сабақ үстінде, тәрбие сағаттарында анықтадым.

Баланың ата-анасымен әңгімелесіп, өмірден көптеген мысалдар келтіріп, бірлесіп, кеңесіп істеген тәрбиемен ғана баланы түзете алатынымызды айттым. Ата-ананың бала тәрбиесіне жауапты екенін де ескерттім.

Жеке оқушылармен жұмыс істеуде мына төмендегі мәселелерге үнемі көңіл бөлдім.

  1. Оқушылардың жаңа материалды сабақ үстінде қабылдауы.


  2. Үй жұмысын күнделікті орындауына мұқият есеп жүргізу.


  3. Оқушының сабақ оқуға ынтасын қалыптастыру.


  4. Әр оқушының оқу материалын меңгеру ерекшелігін байқау.


  5. Оқушының денсаулығы, жасында қандай аурумен ауырғандығы.


  6. Оқу кұралдарын ұстауы.


  7. Оқушының сынып ұжымына, жазаға, мадақтауға калай қарайтыны.


  8. Баланың әр сабаққа бейімділігін байқау.


Сол бейімді ілгері дамыту мақсатында қосымша тапсырма беру. Мұнда тек үлгермеушілерге ғана емес, 5-ке оқитын окушыларға да білімін дамыту мақсатында жеке тапсырма беріледі. Енді сабақ үлгермеуші қатарына қосылуға таяған 1-сынып оқушысы Мақсатты мысалға алайық.

Мақсат басында орыс сыныбында 3 ай оқып, сабақ үлгере алмаған соң, қазақ сыныбына ауысқан.

Бақылау “Әліппе Мақсатты қызықтырмайды. Балалар сабақта “Әліппеден оқып, кеспе әріптен сөз құрап, суреттерден әңгімелер айтып жатқанда, ол кітапты сырғытып қойып, қабырғаға қарайды, жұмыс істемей жайымен отырады. Сабақ айтуға қолын сирек көтереді. Жауап беруге шақырғанда орнынан баяу тұрып, аузын ашпай тұрып алады. Кейде “естіген жоқпын”деп ернін ғана қимылдатады. Мен Мақсатқа төмендегідей жұмыс істеттім. Балалар өз беттерінше оқып “Әліппемен” жұмыс істеп жатқан кезде Мақсаттың жанына отырып, көмектестім. Онымен бірге “Әліппедегі” суреттердің біразын қарап шығып, мазмұнын айтып бердім. Өзімен бірге бірнеше сөз оқыдым.

Әрбір сөзді қағазбен жауып қойып, есінде сақтаған сөздері бойынша сөз құрауға, содан кейін оны “Әліппеден” тексеруін талап еттім. Оқушы бұл жұмысқа көңіл қойып, қызыға бастады. Бірнеше күннен кейін, “Әліппеден” суреттер бойынша үйде әңгіме әзірлеп, есте сақтағаны бойынша бірнеше сөздер құрастырып жазып келді. Мақсат картина бойынша әңгіме құрастыруды ерекше ұнатады. Бұл жұмысты бүкіл сыныппен жүргізгенде белсене қатысады.

Оны жұмысқа қатыстыру үшін суреттермен безендірілген сынып плакаттарындағы әңгіме текстін оқуға жиі шақыратын болдым. Суретті картинаның бірінші буынын алдырып, екінші буынын толықтырып үйреттім. Үйде дидактикалық үлестірмелер бойынша сөз құрастырып келуді тапсырдым. Ол суретті үлестірмелерге заттың атын жазып, сурет бойынша әңгімелеп айтып берді. Әңгімені оқып болғаннан кейін картина бойынша айтып беруді жақсы көреді. Оның оқуға ынтасын қолдап тапсырманы күнделікті орындауына катты талап қойдым. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Сәкен оқуға ынтасы артып, сабақ үлгерімі бірте-бірте едәуір жақсарды. Оқушының сабақ үлгермеу себебі кейде оның көңіл-күйімен де байланысты.

Бұл айтылғандардан балаларды сыныпта ғана емес, сабақтан тыс уақыттарда да үзіліс кездерінде де, сыныптан және мектептен тыс уақыттарда да, саяхат барысында да, қоғамдық жұмыстарды орындау кездерінде де, жанұяда да, жолдастарының ортасында болған уақыттарда да бақылау қажет екенін байқатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет