Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні



бет10/11
Дата17.06.2016
өлшемі1.3 Mb.
#142244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


1505043 «Техник-балық өсіруші»

Цикл белгілері

Пәндер мен практикалардың атаулары және негізгі бөлімдері

Қалыптасқан білім

Қалыптасқан құзырет коды

ЖБП.00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП.00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП.01

Кәсіби қазақ тілі

Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіби лексика. Сөз сөйлеу дамуы. Мамандық бойынша терминология. Кәсіби бағдарланған мәтіндерді (сөздікпен) аудару техникасы. Кәсіби сөз қатынасы



Білімдер:

Оқу мен аударуға қажетті Лексикалық және грамматикалық минимум (сөздікпен), кәсіби лексика мен терминдер. Мәтіндер құрастыру. Әңгімелесу, мамандықтарына қатысты мәтіндерді аудару.



Іскерліктер:

Термин сөздерді қолдана отырып мәтіндерді аудару, түсінігін айту.



БҚ 11, 12, 16

ЖГП.02

Кәсіби шетел тілі

Ағылшын тілінде сөз қатынасы негіздері: фонетика, лексика, фразеология, грамматика. Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері; кәсіби лексика, фразеологиялық тіркестер мен терминдер, кәсіби бағдарланған мәтіндерді (сөздікпен) аудару техникасы. Лоцманмен, порт және кеден әкімшілігімен, штабпен, компания өкілдерімен кәсіби сөз қатынасы.



Білімдер:

Кәсіптік бағыттағы қажетті ағылшын терминдері мен мәтіндердің Грамматикалық және лексикалық минимумын (1200-1400 лексикалық бірліктер), ағылшын тілінде қатынасты жеткілікті меңгеру.



Іскерліктер:

Термин сөздерді қолдана отырып мәтіндерді аудару және түсінігін айту. Әңгімелесу.



БҚ 11, 12, 16

ЖГП.03

Дене тәрбиесі

Дене шынықтырудың маманды даярлаудағы, оның салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі. Оқушылардың физикалық дайындығы, салауатты өмір салтының негіздері. Кәсіптік қолданбалы спорт түрлері.



Білімдер:

Адамның кәсіби және әлеуметтік дамуындағы физикалық дайындық түрлерінің дене тәрбиесі мен жалпы мәдениеттегі көрінісі.



Іскерліктер:

Кәсіби қолданбалы дене шынықтыруды дамыту: ұлттық ойындар, каүрес, туризм.




БҚ 13, 17


ӘЭП.00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП.01

Мәдениеттану

Қоғам және мәдениет. Қазақстан мәдениеті әлемдік өркениеттің бір бөлігі ретінде. Мәдениеттің, дәстүрдің және жаңашылдықтың дамуы. Мәдениет сабақтастығы. Мәдениеттегі ұлттық және жалпы адамзаттық құрам. Өз халқыңның, ұлтыңның мәдени-тарихи құндылықтарын жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктерімен қатарластыра тану. Өнердегі алғашқы қадамдар туындауынан бастап ерте қола дәуіріне дейінгі Қазақстан мәдениетінің даму тарихы. Қазақстан аумағы әлемдік өркениет ошақтарының бірі ретінде. Ежелгі Русь және Ұлы Дала. Түркі жазулары. Қазақстанның ортағасырлық халықтарының көркем мәдениеті, олардың салттары, дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және халық өнері. Қазіргі заманғы Қазақстанның мәдениеті.



Білімдер:

Анықтамалар, негізгі категориялар; гуманитарлық білім жүйесіндегі және ғылымдағы орны мен маңызы. «өркениет», «мәдениет» терминдерінің жаңашыл түсініктері, түрлері, формалары, мәдениет функциялары. Жаңашыл мәдениеттің ұлттық және жалпыадамдық байланыстары. «мәдениет» және «имандылық», «мәдениет» және «табиғат» ұғымының байланыстары. Мәдени еібек пен өндірістің мазмұны, қатынасы, саяси және экономикалық мәдениет. Бұрынғы уақыттан қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстан мәдениетінің негізгі кезеңдік дамуы. Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің даму ерекшеліктері. Діннің маңызы мен рөлі. Діннің қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.

Ислам, буддизм, христиан діндерінің негізгі жағдайлары.

Іскерліктер:

Қазақстанның өткен мәдениеті мен жаңашыл мәдениетін байланыстыру. Әлемдік мәдениет құндылықтары ретінде мәдениет байланысын анықтау және бағалау.



БҚ 11, 14


ӘЭП.02

Философия негіздері

Философия негіздері, әлемдік философиялық ойдың негізгі даму кезеңдері. Адам жаратылысы және оның тіршілік мәні. Құдай және Адам. Адам және ғарыш. Адам, қоғам, өркениет және мәдениет. Тұлғаның еркіндігі және жауапкершілігі. Адам танымы және қызметі. Ғылым және оның рөлі. Адамзат және ғаламдық проблемалар.



Білімдер:

Философиялық ғылыми және әлемдік діни сауаттылықты көрсету, адам өмірінің мағынасын, жаңашыл қоғамда адам қалыптасуының маңыздылығы, материалдық құндылықтардың қатынасы. Қоғам, өркениет; дүниеге деген көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді.



Іскерліктер:

Қазіргі заманның күрделі болмысына философиялық, ғылыми, діни талдау жасауға; философиялық білім дамуының маңызды кезеңдерімен, бағыттармен қайнарларымен таныстыру.



БҚ 11, 14

ӘЭП.03

Саясаттану және әлеуметтану негіздері

Саясаттану пәні. Саяси билік және билік қатынастары. Саяси жүйе. Саясат субъектілері. Саяси сана. Саяси мәдениет. Әлемдік саясат. Әлеуметтану қоғам туралы ғылым ретінде. Әлеуметтану пәні. Қоғам және әлеуметтік жүйе. Әлеуметтік жүйе және тұлға. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Әлеуметтік жанжалдар және оларды шешу тәсілдері. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық процестер.



Білімдер:

Саясаттану пәнінің міндеттері мен әдістерінің маңызын; дүниежүзілік саяси ойлардың даму тарихын, оның баламаларын, саяси қатынастар үлгілерін; саяси билік мазмұнын; саяси жүйе қызметін және даму тарихын; өазіргі Қазақстан Республикасының саясатының даму ерекшеліктерін;



Іскерліктер:

Қазақстан Республикасының жаңашыл саясатының даму құндылықтарын ажырата Білімдер:; қоғамды тануда әлеуметтік зерттеулерді қолдану



БҚ 11, 13


ӘЭП.04

Экономика негіздері

Экономика және оның негізгі проблемалары. Микроэкономика; ресурстар; нарықтық баға қою тетіктері; бәсекелестік; фирма қызметінің экономикалық негіздері; халық кірістері; макроэкономика; ел экономикасының құрылымы; қаржы; мемлекеттің ақша-несие және салық жүйесі; инфляция процестері; жұмыссыздық; экономикалық өсу проблемалары; еңбектің халықаралық бөлінуі; бизнес негіздері.



Білімдер:

Экономикалық теорияның жалпы жағдайын; елдегі және шет елдегі макро және микроэкономикалық жағдайларын, салық саясаты және аша несие жағдайларын; мемлекеттік емес экономиканың негізгі мәселелері.



Іскерліктер:

Қажетті экономикалық ақпараттарды табу және пайдалану; нарықтық экономика құрылымын, кәсіпкерлік және іс. Жаңашыл өндіріс туралы, оның жағдайы жөнінде мағлұматтар Білімдер:; өз кәсібіне қатысты қажетті экономикалық ақпараттарды табу.



БҚ 12, 13


ӘЭП.05

Құқық негіздері

Құқық: түсінігі, шығу көздері, жүйесі. ҚР Конституциясы-құқықтық жүйе ядросы. Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы. Тұлға, құқық, құқықтық мемлекет. Заңдық жауапкершілік және оның түрлері. Құқықтың негізгі салалары. Қазақстан Республикасының сот жүйесі. Құқыққорғау органдары.



Білімдер:

Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының мемлекеттікғ әкімшілік, азаматтық, еңбек, отбасылық, қылмыстық құқықтарын;



Іскерліктер:

Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу, құқықтық нормаларды іске асыру және оған түсінік беру; құқық және азамат бостандығы және оның дамуы мен механизмі.



БҚ 12, 13, 15


ЖКП.00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП.01

Компьютерлік техника негіздері

Дербес компьютер сипаттамасы; операциялық жүйе түсінігі;Windows XP-де жұмыс істеу негіздері; Утилиттер; Электронды кеңсе; Дүниежүзілік компьютерлік Интернет жүйесі.



Білімдер:

Дербес компьютер туралы жалпы мағлұмат, ЭЕМ функциалды кестесі, ЕЭМ ережесі мен жұмыс тәртібі. Іскерліктер:

Ақпаратты түсіну, ақпарат қасиеттерін, ақпаратты кодпен жазуын, ақпаратты өлшеу бірліктерін. Есептеуіш техниканың тарихын, стандарттық қосымшалар.


БҚ 18


ЖКП.02

Аналитикалық химия

Маңызды химиялық заңдар түсінігі; зат алмасу және химиялық байланыс; металлдар; көмірсутектер; спирттер және фенолдар; ақуыз және қышқылдар.



Білімдер:

Менделеевтің периодтық заңдары, валенттілік, химиялық элементтердің саны мен қатарлары. Химиялық байланыстар, тепе теңдік, атомдар құрылысы.

Менделеевтің кестесін пайдалана Білімдер:, валенттілігін анықтау, реттік қатары, химиялық теңдіктерді жазу, химиялық символдарды жазу және Білімдер:;

Іскерліктер:

Дидактикалық материалдармен оқулықтарды пайдалана отырып жұмыстық Дағдылар:ды игеру; пәнаралық байланыс жасақтау, химиялық эксперементтер және қадағалау жүргізу, бірігудегі химиялық байланысты анықтау. Күнделікті өмірмен байланысты ескере отырып, химиялық заңдылықтарды түсіндіруде шығармашылықпен қарау.



БҚ 12, 13

КҚ 3 .4.2.



ЖКП.03

Органикалық химия

Органикалық химия; А.М. Бутлеровтың химиялық қалыптасу теориясы; гомологиялық қатар, изомерлер, көмірсутектер, иісті көмірсутектер. Синтетикалық және жоғары молекулалы заттар.



Білімдер:

А.М. Бутлеровтың органикалық заттар теориясы және негізгі бағыттағы дамуы.



Іскерліктер:

Химиялық эксперементтер және қадағалау жұмыстарын жүргізу. Қазақстандағы пайдалы қазбалардың негізгі орындарын атау; қышқылды элементтердің валенттілігін анықтау; химиялық байланыстарды анықтау. Химиялыө атом элементтер өатарын түсіну;



БҚ 12, 13

КҚ 3 .4.2.

.


ЖКП.04

Микробиология

Микроорганизмдер әлемінің көптүрлілігі.; микробтардың морфологиясы, физиологиясы, жүйеленуі және генетикасы; микробтардың табиғатта зат айналымындағы рөлі; топырақтағы, судағы және атмосферадағы микробтар; микроорганизмдердің тіршілігін айқындайтын факторлар; патогенді микробтар және олардың вируленттігі;бациллажұқтырғыштық; И.И.Мечниковтың фагоциттік теориясы; фагоцитоз; иммунитет; вакциналар мен сарысулар, оларды қолдану; микробтарды өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында пайдалану; микробтардың балық шаруашылығы жағдайындағы рөлі; микробтар саны, колититр және колииндекс.



Білімдер:

Табиғаттағы микробтардың маңызы мен мағынасын, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын Білімдер:.



Іскерліктер:

Өндірістік биотехнологияда микроорганизмдердің әдістерін қолдану.



БҚ 7, 8, 10

КҚ 3 .4.2.




ЖКП.05

Омыртқасыздар зоологиясы

Тірі организмдердің жалпы қасиеттері; жануарлардың аман қалуы және олардың бейімделуі; биосферадағы жанды зат; жануарлар әлемінің жүйеленуі; қарапайымдылар типі; губкалар сипаттамасы; қуысшектілер; жалпақ құрттар; дөңгелек құрттар; қосжармақты моллюскалар; басаяқты моллюскалар; бунақаяқтылар типтері; тармақмұрттылар мен ескекаяқтылар; мизидтер отряды; бүйірімен жүзгіштер отряды; онаяқты шаяндар; жәндіктер класы; инелілер типі; омыртқасыздардың биологиялық процестердегі рөлі; табиғи су қоймаларын мекендеушілердің жем қорындағы омыртқасыздардың рөлі.



Білімдер:

Жануарлар әлемінің систематикасын: қарапайым, дөңгелек құрттар түрлері, ұлулар, насекомдар тобы.



Іскерліктер:

Ағзаларды ажырата Білімдер:, қоректік базалар, насекомдар тобына мінездеме беру.



БҚ 7, 8, 10

КҚ 3 .4.2.




ЖКП.06

Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау міндеттері; Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілер; флоттағы, балық өсіру және индустриалдық шаруашылықтардағы өндірістік қауіптілік және зиянды еңбек жағдайлары; травматизм, оның көрсеткіштері, тергеу және есепке алу; өндірістік санитария; еңбекті қорғау туралы өндірістік нұсқаулық; электр қауіпсіздігі; өрт қауіпсіздігі; зақымдалушыларға алғашқы медициналық көмек беру ережелері; флоттағы, балық өсіру кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасы.



Білімдер:

Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау жөніндегі құқықтық нормативтік актілері, ашық теңізде жапа шеккендерге экстремалды жағдайда алғашқы көмек көрсету ережесі



Іскерліктер:

Техника қауіпсіздігінің ережесін игеру, жұмыс жүргізу.



БҚ 7, 8, 9

КҚ 3 .4.8.



ЖКП.07

Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

Метрология, стандарттау және сертификаттаудың құқықтық негіздері, мақсаты, міндеті, принциптері, объектілері және құралдары. Метрология түсінігі, метрологиялық қызмет, мемлекеттік метрологиялық бақылау, қалағалау.

Стандарттау және сапаны басқару саласындағы негізгі терминдер, анықтамалар, ТМД-ғы халықаралық стандарттау. Өнім сапасы, сапа көрсеткіштері және оларды бағалау әдістері, сертификаттау жүйесі, сертификаттау тәртібі мен ережесі, міндетті және ерікті сертификаттау, сертификаттау схемасы.


Білімдер:

Стандарттау, сетификаттау және метрология дегеніміз не. Құқықтық база, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Іскерліктер:

Стандартқа сәйкес өнімді дайындауда өндірісте қолдану. Қнімді сертификаттауда дұрыс жұмыс жүргізу.


БҚ 7, 8, 9

КҚ 3 .4.9.




ЖКП.08

Нарықтық экономика негіздері

Нарықтық экономика ұйымдары; экономика дамуындағы жағдайлар; бәсекелестік және оның түрлері; кәсіпкерлік қызмет; маркетинг туралы түсінік; қаржыландыру негіздері; тауар; Жарнама; арнайы және кадрлық саясат. Ішкіэкономикалық кәсіпкерлік қызмет; менеджмент оның тапсырмалары; Макроэкономика; Инфляция;



Білімдер:

Нарықтық экономиканың негізгі заңдары, іскерлік қызметті жүргізу негіздері; тауар, бәсекелестіктің анықтамасы мен түрлері; жарнама түрлері;



Іскерліктер:

Тауар мен фирмаларды презентациялауда материалдар таңдау; жұмыс жоспарлау;




БҚ 12, 16, 17

КҚ 3 .4.10.




ЖКП.09

Геодезия сызу негіздерімен

Геодезия, жердің негізгі пішіндері мен формасы. Геодезиялық сызуларда жердің беткі қабатын түсіру, нүктесін анықтау. Жоспарлар жасақтау, сызуларды есептеу. Аэрофотосьемканың түсінігі



Білімдер:

Геодезиялық өлшеулер, жер бетінің сызықтарын өлшеу. Тігінен және көлденең бұрыштарын өлшеу, масштабтары. Жер учаскесінің көлемін бөлу.



Іскерліктер:

Өлшеу есептерін жүргізу, графикалық жоспарлар құрастыру, аэрофото жоспармен карта жасақтау.



БҚ 7, 8

КҚ 3 .4.9.




ЖКП.10

Гидрология және гидрохимия

Ауаның құрамы мен құрылысы, бұлттардан жауатын жауын-шашын және жердің бетіндегі жауын-шашын,су буларының конденсациясы мен сублимациясы,термолметрлер,су қоймаларының табиғи химиялық құрамы,су сақтайтын қойма,көлдер,өзендерге сипатт ама. Гидрохимиялық зертханалардағы жұмыс кезіндегі жалпы талаптар;судың лайлылығын , сілтілігін,иісін,қаттылығын және Орал өзенінің гидрохимиялық режимін анықтау.



Білімдер:

Табиғи сулардың физикалық қасиеттерін, гидробонттарға олардың әсері,табиғаттағы сулардың айналуы, су тепе-теңдігі, гидрометрияны, су режимін, табиғи судың қозғалысы.Еріткіш ретінде судың құрамы мен қасиеті,табиғи су мен факторлардың химиялық құрамы, оның табиғи судың ластығының көзін және қорғаудағы мөлшерін анықтайтын;



Іскерліктер:

өзен стогын есептеу,судың көлемін, судың гидрографын сызу,су қоймасының морфоологиялық сипаттамасын қайта жасау; көлдердің морфометрикалығын санау,далалық және стационарлық жағдайда табиғи сулардың қазіргі заманғы сараптама әдістерін орындау; судың гидрохимиялық сараптамасын орындау.



БҚ 8, 10

КҚ 3.4.5.; 3 .4.9.




ЖКП.11

Табиғатты пайдаланудың экологиялық негізі.

Қоршаған ортаның қазіргі заманғы жағдайы; табиғатты пайдаланудың рациональды пайдаланудың принциптері; табиғи ресурстар мен ресурстық цикл; табиғи ортаның сапа бағасы; зиянды заттардың шамамен жіберілген концентрациясы; қоршаған ортаның мониторингі; лақтырылған газдардың тазартылуы,зиянды заттардың сарапт амасы мен бағасы;экологиялық сараптама; табиғатты қорғау жөнінде заңшығарушы; қоршаған ортада халықаралық ынтымақтастық; үлкен экологиялық проблемалар.



Білімдер:

Қоршаған ортаның глобальды проблемалары мен биосфераның қазіргі заманғы жағдайы;тіршілік жүйелерінің дамуы және қайта өңдеу, табиғатты пайдаланудың принциптері;қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық және ұлттық талаптарға сәйкес экологиялық құқықтардың негізі,табиғи ресурстардың рациональдық қолданысы;



Іскерліктер:

Табиғат ресурстарын қолдануда заң шығару шеңберінде сараптама жүргізу;қоршаған ортаның мониторингі;табиғат ресурстарын қолдануда тиімділігін есептеу;



БҚ 5, 9

КҚ 3 .4.2.; 3 .4.7.




АП.00

Арнайы пәндер

Біліктілігі «Техник балық-өсіруші»

АП.01

Ихтиология

Балықтардың морфологиясы мен анатомиясы; балық денесінің сыртық белгілері мен формалары, қаңқасы, бұлшық еттері; балықтардың ішкі органдары; тыныс алу, қан айналу, ас қорыту органдары; жүйке жүйесі, зәр бөлу және жыныс жүйесі; балық экологиясы: топтары, қоректенуі, көбеюі, өсуі, дамуы, мінез-құлық ерекшеліктері; ихтиологиялық зерттеу әдістері; балықтардың жүйелестірілуі; дөңгелек ауыздылар класы; шеміршекті балықтар класы; бекіретәрізділер тобы; шабақ тәрізділер тобы; арқанбалық тәрізділер тобы; тұқытәрізділер тобы; жайынтәрізділер тобы; нәлімтәрізділер тобы; кефалтәрізділер тобы; алабұғатәрізділер тобы; Қазақстанда мекендейтін балық түрлері.



Білімдер:

Биологияны,анатомия мен балықтардың физиологиялық биологиясын, оларды жүргізудің негізі,топтау мен жиын ауданы.



Іскерліктер:

Балықтардың түрлері, өсу қарқыны, кемелденген және күйленген кезеңдерін анықтайтын белгілер.



БҚ 8, 9

КҚ 3 .4.4.




АП.02

Аквакультура

Аквакультура туралы түсінік; пән мақсаты мен негізгі бағыттары; ТМД елдеріндегі жасанды балық өсіру тарихы; өсіру нысандарының қысқаша сипаттамасы. Жыныс органдарының дамуы, овогенез және спермогенез, партогенез туралы түсінік; жыныс органдарының жетілу сатысы; уылдықырқыт ұрықтандыру тәсілдері; уылдырықты инкубациялау, оның дамуына қажет жағдайлар; аман қалу және өнеркәсіптік қайтарым көрсеткіштері; балық аурулары мен жаулары; индустриалдық балық өсіру туралы түсінік; тоған шаруашылығының типтері, жүйесі және айналымы; тоған түрлері мен олардың маңызы; зауыттан тыс өсіруге арналған жабдықтар; бекіре, арқан балық және тұқы балықтардың уылдырықтарына арналған инкубациялық аппараттар; личинкалар мен тұқымдық балықты ұстауға арналған торлар; ВНИРО бассейндері; балық шаруашылығындағы селекция мен гибридтеу; балықтарды тоғанда өсіру; балықтарды торда өсіру; тірі жемдерді өсіру және тірі жемдерді тамақтандыру; бекіре балықтары мен олардың гибридтерін өсірудің биотехникасы; өсімдік қоректі балықтарды өсіру биотехникасы; арқан балықтарды және тұқы балықтарды және жаңа бейімделуші акклиматизанттарды өсіру биотехникасы; қоректік теңіз нысандарын өсіру; гидробионттарды жерсіндіру; маримәдениет; тірі балықты тасымалдау; Қазақстанынң ішкі су қоймаларын экономикалық бағалау; көлде тауарлық және лимандық балық өсіру.



Білімдер:

Балық өсіретін және тоған шаруашылығындағы балықтарды көбейту және азық обьектілерінің биологиялық негізі.



Іскерліктер:

Балықтардың жеке дамуындағы заңдылығын анықтау кезеңдері,өндірушілердің физиологиялық ынталандыру бойынша жұмыс орындау,тауар балықтары мен ұсақ балықтарды өсіру.



БҚ 8, 9

КҚ 3 .4.2.; 3 .4.4.; 3 .4.5.




АП.03

Гидробионттарды сақтау және қайта өңдеу.

Гидробионттардың технологиялық қасиеттері және олардың технологиялық ерекшеліктері.Шикізаттардың сапасын сақтау және қайта тасымалдау әдістері, Елшінің теоретикалық негізі,тұзды, тұщы, уылдырықты өнімдердің өндірісі. Кептіру,босаң,ыстау.Жайылым азықтары.Қорап және қораптық материалдар.Қайта өңдеу және консервациялық майлардың технологиясы.



Білімдер::

Гидробионттардың технологиялық қасиеттері және олардың азықтық сапасы.



Іскерліктер::

Дайын өнімдерді алудың тиімді түрлері,шикізатты жасақтаудың технологиялық әдістерін таңдау.



БҚ 3, 8, 2

КҚ 3 .4.2.




АП.04

Ихтиопатология

Жалпы паразитология және эпизоотология, патологияның негіздері. Балықтардың инфекциялық, инвазиондық және жұқпалы емес аурулары. Балықтардың анықталмаған аурулары. Балықтар адамдар мен жануарлар арасында ауру таратушылар. Балықтардағы аурулар диагностикасы және профилактика жолы. Аквакультурадағы аурулармен күресте профилактиканың формалары: карантин, жаздық кептіру, вакцинация.



Білімдер:

Уланудың және токсикологияның пайда болуының салдарынан балықтардың ауруын тарататын жолдар.



Іскерліктер:

Патологияга іріктеуді жүргізу,карантиндік шараларды өткізіп және анықтау.



БҚ 5, 9, 10

КҚ 3 .4.1.




АП.05

Балық аулау өнеркәсібі процесіндегі механизация мен автоматизация.

Балық кәсібінің фло тына сипаттама.Кәсіп бойынша қолданылатын кемелерге жалпыкемелік сипаттама. Энергетикалық қондырғылардың автоматизациялық дәрежесі. Степень автоматизации энергетических установок. Балық аулау кемелеріндегі контейнеризация мен пакетизация. Өзенге лақтырылған тор үшін жағалық роульстер. Жүк көтеретін арба және жүк стрелалары Теңізге қондырылған торды монтаждау үшін қондырғылар. Бункерге балықтарды қабылдау және беру үшін транспортерлер. Балық насосының қондырғылары. Пресервтік бөлімдерге арналған қондырғылар.Балық турамасын өндіру үшін бағыт. Балық кемесіндегі мұздатқыштық қондырғылар. Балық кәсіпшілігінде құралдармен жұмыс жасау бойынша техника қауіпсіздігінің талабы.



Білімдер:

Балық аулау үшін және шикізатты қайта өндіруде құралдардың орналастырылуы мен оларды қолданудың әдістері.



Іскерліктер:

Олқылықтарды жою,Механизмдерді қондыру және қайта өңдеу.




БҚ 9, 10

КҚ 3 .4.3.;

3 .4.4.; 3 .4.5.


АП.06

Өндірістік балық аулау эксплуатация кұрылғылары мен қондырғылары

Аулау құралдарының сипаттамасы. Классификация орудий лова. Аулаудың стационарлық және ілмектік құралдары. Сетенастық материалдардың белгіленуі, оларды дайындау мен қолданудың әрекеттері. Орнату технологиясының аулау құралдары мен жөндеуі.Аулау құралдарының жағдайына қарап істен алып кету.



Білімдер:

Әр түрлі балық аулау құралдары мен гидробионттардың теңізде,өзенде, көлде,су қоймаларында қолданудың тәсілдері.



Іскерліктер:

Гидробионттарды өндіруде қолданылған әртүрлі әдістер.





БҚ 7

КҚ 3 .4.7.




АП.07

Гидробиология

Cу ортасындағы гидробионттар мекендейтін негізгі аймақтар. Континентальды теңіздің мекендейтін пелагиали, бентали, супра және сублиторалилердің сапалы құрамы. Балық шаруашылығын қолдану мен тегі бойынша көлдерді сұрыптау. Мекендейтіндердің жағдайына су ағзаларының бейімделуі. Гидробионттар арасында қоректендіру мен тағамдық қарым-қатынас. Гидробионттар балықтар үшін азықтық аймақ. Су қоймасының биологиялық өнімділігі.



Білімдер:

Гидробиоценоздардың құрамы, олардың жағдайына сыртқы ортаның факторларының әсер етуі.



Іскерліктер:

Сараптамадан байқау алу,планктон мен бентостың сапалы құрамын анықтау.



БҚ 3

КҚ 3 .4.2.




ӨО және КП

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

ӨО.00

Өндірістік оқыту

ӨО.01

Танысу практика

Ұйым мен мекемелерге мінездеме. Балық шаруашылығы саласында түсінік, балықты өсіру және балық өнімдерін өңдеу технологиясының түсінігі. Тәжірибелік, курстық және дипломдық жұмыстардың орындалу үлгілері.




Іскерліктер:

Кәсіби беталыс; өндірістің барлық бағытындағы құрылымы; негізгі өндірістік процестер



Дағдылар:

Балық шаруашылығы саласы бойынша өкілеттілікті шектеужәне еңбекті бөлу



КҚ 3 .4.1.


ӨО.02

Оқу практика

Алған теориялық Білімдер:ін қолдана Білімдер:ді үйрену, болашақ кәсібінің тәжірибелік Дағдылар: мен біліктерін игеру.




Іскерліктер:

Ихтиологиялық материалдарды жинау және консервациялау әдістерін Білімдер:. Бекіре, тұқы және алабұғатұқымдас және басқа да балықтардың ерекшеліктерін Білімдер:. Балықтың өсімталдығын, жынысын, кемеліне келу стадиясын, қабыршағы мен сүйектеріне қарап балық жасын анықтай Білімдер:.

Су өсімдіктерінің түрлерін анықтауды Білімдер:, су өсімдіктері гербариін безендіруді;

Дағдылар:

Өсімдіктер мен зоопланктон маңызын Білімдер:.

Су қоймасындағы тереңдікті өлшеуді; қалтқының және гидрометрлік зырылдауықтың ағыс жылдамдығын өлшеуді Білімдер:; су ағынындағы су шығынын анықтай


КҚ 3.4.2.


КП.00

Кәсіптік практика

КП.01.

Технологиялық практика

Мамандығы бойынша біліктері мен Дағдылар:н жетілдіру; жиынтық технологиялық біліктер, Дағдылар:, ұйымдастыру қабілетін игеру. Арнайы пәндерді оқып үйренген кезде алған Білімдер:ін бекіту; кәсіпорынмен және оның өндірістік қызметімен, өндірістегі еңбекті қорғаумен танысу;



Іскерліктер:

Балық өндірудің дамыған жолдары, құмаршылық және қндірістік балық аулаудың ережелері, балықтардың негізгі кәсіпшілік шектеуі



Дағдылар:

Инкубациялық құралдарды жеткізу, балық аулау құрылғыларының заңды пайдаланылуы.




КҚ 3 .4.3.; 3.4.4.


КП.02.

Дипломалды практика

Ұйымдастырушылық білікті меңгеру. Білімдер:ін жүйелеу. Мамандығы бойынша біліктерін жетілдіру. Жұмыс практикан жинақтау. Мамандығы бойынша алған кәсіби білімін өз бетімен қолдану. Қауіпсіз еңбек жағдайын ұйымдастыру.



Іскерліктер:

Құжаттар дайындау, инструктаж жұргізу



Дағдылар:

Балық аулау мен жасақтауда негізгі өндірістік бақылау жұмыстарын жүргізу.



КҚ 3.4.6.; 3.4.7.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет