қызанақ, цитрусты дақылдар мен алмаға түседі 289.
Донор – қан беретін адам.
290.
Реципиент – қан қабылдайтын адам.
291.
Қан топтары: І, ІІ, ІІІ, IV. Олар эритроциттер бетіндегі арнайы нәруыз арқылы анықталады.
292.
Эритроциттегі нәруыздар – агглютиногендер;
293.
Плазмадағы нәруыздар – агглютининдер.
294.
Бірінші қан тобын І н/е 00 деп белгілейді. Оны кез келген топқа құюға болады. 295.
І қан тобы: әмбебап донор.
296.
Екінші қан тобын ІІ н/е АА, А0 деп белгілейді. Екінші топқа ІІ, І қан тобын құюға болады. Ал оны ІІ, IV құяды.
297.
Үшінші қан тобын ІІІ н/е ВВ, В0 деп белгілейді. Оған ІІІ, І қан тобын құюға болады. Ал оны ІІІ, IV құяды.
298.
Төртінші қан тобын IV н/е АВ деп белгілейді. Оған кез келген қан тобын құюға болады. Әмбебап реципиент деп аталады. Ол тек IV қан тобына ғана құяды.
299.
Агглютинация – тобы сай келмейтін қан құйған кезде эритроциттер бір – біріне жабысып қалуы.
300.
Адам қанындағы эритроциттерде 2 түрлі желімденетін зат: А агглютиногені, В агглютиногені.
301.
Плазмада 2 түрлі желімдейтін зат: аа агглютинині, вв агглютинині бар.
302.
І қан тобында эритроциттерінде агглютиноген жоқ. Оның плазмасында а,в агглютининдері болады.
303.
ІІ қан тобында эритроциттерінде А агглютиногені, плазмасында в агглютинині бар.
304.
ІІІ қан тобында эритроциттерінде В агглютиногені, плазмасында а агглютинині бар.
305.
IV қан тобында эритроциттерінде А,В агглютиногендері бар, плазмасында агглютинин болмайды 306.
Қанайналым – организмде қанның үздіксіз қан тамырлар бойымен ағуы.
307.
Қанайналым мүшелері: жүрек, қан тамырлар.
308.
У.Гарвей – қанның қан тамырлардың бойымен, яғни қанайналым шеңберімен