Көптеген совет жастарын неміс құлдығынан пар- тизандар азат етті.
1942 жылдың сентябрі еді. Күн жылы, жауын-ша- щын жоқ, жер құрғақ еді. Ұлтарақтай жердегі егін орағы аяқталып қалды. Фашист оңбағандарға тісін қайрап жүрген жұмыс күші босады. Төңіректегі село- лардың бәрінде облава күшейді, немістер Германкяға жіберу үшін үлкен эшелон әзірлеп жатыр деп байла- нысшылар партизандарға хабарлады.
Бір күні құрама командирі Примак Болатовты өзі- не шақырып алды да:
Вася, әзірленіп жатқан эшелон жайындағы сы- быстың дұрыстығын анықтау керек. Хабар үстіне ха- бар келіп жатыр, шын болар, дегенмен қай күні қан- ша адамды, қай жерден жөнелтпек? Міне осының бәрін білген жөн! — деді ол.
Жақсы, командир жолдас! — деді де ол өз ор- нына келіп, барлаушылар Илько мен Михайлоны ша- қырды.
—- Балалар, тапсырма өте шұғыл және маңызды. Дереу аттану керек!
Жақсы! — деді де екеуі қосарлана, сонсоң асы- ғыс күркеден шықты.
Үш күннен кейін барлаушылар қайтып оралды, олар Мироновка станциясында жастарга лық толған жиырма жеті вагоны бар үлкен эшелон тұр деп хабар- лады. Станцияға күшті күзет қойған. Эшелон ертең күндізгі бесте жылжиды.
Бұл біздің Отанын сүйгіш бақытты жастары- мыз, олар азат жастар еді, енді міне жау құлдығының шырмауына түсіп отырған сол жастарымызды құтқа- руымыз керек! — деді командир өте қатты күрсініп.
Басын салбыратып бір минут үнсіз отырып қалды, сонсоң қамыққан көздерімен Болатовқа қарады да:
Достарыңызбен бөлісу: |