Екі жүзді азғын Синявский сөзінде тұрмапты. Мп- роновкаға барысымен барлық тұтқындардың бірін де қалдырмай атқызып тастағанын соңынан партизандар бір-ақ естіді.
Бір жетіден кейін партизан отряды лагерінен Вик- торды іздеуге және Македон селосындағы қару-жарақ- тьг алып қайтуға Василий Клопов басқарған партизан- дар тобы жолға шықты. Бұл топ сапарға шығарда Николай Абраменко арнаулы тапсырмамен Канев ба-
ғытына кетіп, лагерьде жоқ еді. Клопов басқарған тсп- тың құрамында Македон селосы бойымен түнде талай жортқан Серік те бар. Топ күндіз орман іші, сай-сала- мен суыт жүріп отырды да, Македон селосының батыс жағындағы қалың шие бағына тоқтады. Сол арада кім қайда барып, қандай тапсырма орындайтынын Клопов анықтап берді ле, Серікті байланысшы — хабаршы ре- тінде өз жанына қалдырды. Қас қарайып, ел орынға отырды-ау деген кезде, әркім өз тапсырмасын орындау- ға кетті. Клопов пен Серік кеткен жігіттер тапсыр- маларын орындады-ау деген кезде Викторды іздеуге шықты. Екеуі бақ ішімен Ольга Карповна Семешен- коның үйіне жақындап келіп, тың тыңдап біраз тұрды. Село қайғылы қара жамылғандай жым-жырт. Бақылдап жататын көл бақалары да, шәуілдеп үретін иттер де қаралы сияқты, ешбір дыбыс бермейді. Село адамдары болсын-болмасын қаралы. Олар правосыз. Кеш батысымен бірде-бір адам көшеге шыға алмайды. Үйінен әлдеқалай шыға қалған адам көшеде жуан кел- тек ұстап жүрген жендеттердің қолына түседі. Қолға түссе «партизансың» деп ұрады-соғады, атады-асады.
Бұрынғы думан боп жататын көңілді селоның сәні осылай кеткен, шырқы бұзылған. Шие ағашына сүйе- ніп тұрган Серік елең ете түсті де, Клоповтың қолынан ұстай алып, өзіне қарай тартып қалды. Клопов «не болды» дегендей, Серіктің аузына құлағын төсей қойды.
— Үйдің бұрышында біреу тұр. Әне көрдіңіз бе? Әне, әне, бері қарай келе жатыр,— деді Серік оң қолы- мен үй жақты нұсқап. Клопов басын изеді де, «көрін- белік» дегендей, Серікті өзіне қарай тарта түсіп, жүре- сіпен отыра қалды. Қараңғыда қараңдап келе жатқан адамды еңкейіп қараған соң анықтап таныды. Ол Оль- га Карпсвна екен. Клопов орнынан тұра келді де, қар- сы ^ҮРДі- Серік те Ольга Карповнаны танып, қуанып кеттп Бірақ Ольга Карповна қатты күрсінді де: екен~г -ен®ерге Игнат Исакович хабарлай алмаған бетін^баеты^3 село қан саситын болды-ау! — деп
. нанГщ !ІібнТГүс!н7алмайҰРаДЫ Кл°П°В °ЛЬГа КаРпов'
Достарыңызбен бөлісу: |