- I Петр әкімшілік саладағы өзгерістерді барлығынанда бірінші қойды.Бірақ жаңа мекемелер бірден қалыптаса қойған жоқ.Патша боярлар думасының қызметіне сүйенуін қойды.1711 жылы заң шығарушы нұсқау беруші және атқарушы орган Сенат құрылды,ол патшаға бағынатын болды.Жергілікті орындарда ченовниктері бар генерал-прокурор қызметі енгізілді. I Петр генерал-прокурорды патшаның көреген көзі деп атады.1718-1720 жылдары бұрынғы үкіметтік мекемелер приказдар жүйесі біржолата таратылды.Патша олардың орнына коллегиялар ұйымдастырды.Коллегиялардың айтарлықтай артықшылығы мынада еді:олар мемлекеттік басқарудың белгілі бір нақты учаскелерінің қызметін жүргізді және елдің бүкіл территориясын қамтыды.Коллегияларды президент басқарды, оның қарауында кеңесшілер мен және басқа лауазымды қызметкерлер болды.Елдің финанс ведомствасын,сот ведомствасын осы коллегиялар басқарды.1722 жылы «Дәреже тізімі» жарияланды.Бұл мемлекеттік қызметте,яғни әскери және азаматтық қызметте атақ беру және жоғарлатып отыру жүйесін айқындаған патша самодержавиесін нығайту дәуірінің аса маңызды докуметтерінің бірі. «Дәреже тізіміне» сәйкес барлық әскери жеке азаматтық қызметкерлер қызмет сатысын құрайтын 14-классқа бөлінді.
I Петр портреті - I Петрді көптеген ғалымдар зерттеп жазған.Сондай ғалымдардың бірі С.Энгельс I Петрдің портерін былай сипаттаған болатын:I Петрді сом денелі, бойы ұзын,ол қолымен тағаны иіп сындырып,күміс майыстыратын болған.Петрдің аршындай адымдап тез жүретіні соншалық,қасындағы серіктері оған тез жүгіре жүріп зорға жететін.Қарапайым бірақ зілді кейде тіпті қатал болатын.Күнделікті өмірде патша күй талғамайтын,сән-салтанатты жаратпайтын,бірақ әскери жеңістер мен басқа да айтулы оқиғаларға байланысты өтіп жататын думандарға,маскарадтарға қызу қатысатын.Петр теңіз ісімен және фейрферктермен ерекше әуестенетін.Ол токарьлық істі өте ұнататын және токарь станогында бірнеше саған бойы жұмыс істей алатын болған.Ол үлкенді-кішілі істің қай-қайсысында болсын іскерлік қайраттылық көрсетті деп сипаттады.
Қорытынды: - Қорыта келе айтарым, I Петр тұсында мемлекеттік аппарат жетілдірілді,бұл орталық үкіметтің нығаюына және Россияда абсолюттік монархияның қалыптасуымен қатарласа жүрді.Оқыту-ағарту,мәдениет және ғылым салаларынада үлкен өзгерістер енгізді. Ауыл шаруашылық, металлургия, тау-кен өндірісі, сауда дамыды. Боярлар думасы сенатпен , приказдар коллегиялармен ауыстырылды. Бұл патшаның тұсында Ресей империясы зор қарқынмен дамыды.
Пайдаланылған әдебиеттер: - Ю.Д Кузнецов «История России» Москва, Высшая школа
- “Реформы Петра I” Интернет материал
Достарыңызбен бөлісу: |