түстi металдардан, полимерлiк материалдар мен шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждауды;
байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн қамтиды;
күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылысын, оның iшiнде:
темір жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;
газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газ шаруашылығының iшкi жүйелерiн;
суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның қалдық суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;
электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, iшкi электрмен жарықтандыру және электрмен жылытудың желiлерiн;
iшкi орталықтандырылған жүйелердi;
желдетудi, ауаны салқындатуды, пневматикалық көлiктi және аспирацияны орналастыруды қамтиды;
конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды, оның ішінде объектілерді күрделі жөндеуді және реконструкциялауды (судан қорғауды, жылуды сақтауды, оның iшiнде тасқын су кезiндегi коррозиядан сақтауды, химиялық қорғауды жабынды мен электрлi химиялық қорғауды және найзағайдан қорғауды);
күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және темір жол құрылыстарын салу, оның ішінде:
темір жолға арналған негiздердi және оның беткi құрылыстарын салу;
I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi-мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын;
мыналармен:
лифт шаруашылығы және өзге де көтергіш-көлiктiк құрылғылармен;
металлургиямен, кен байытумен;
металл өңдеумен;
ағаш өңдеумен;
геологиялық барлау, мұнай және газ кәсiпшiлiгiмен;
тау-кен-шахта өндiрiсiмен, метрополитендер және тоннельдермен;
гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстармен;
астықты сақтаумен және ұқсатумен, өзге де тамақ өнiмдерiн өндiрумен және сақтаумен;
көмiр, химия және мұнай өңдеу өндiрiсімен;
құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;
жеңiл өнеркәсiп өнiмдерi өндiрiсiмен;
дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өндiрiсiмен, денсаулық сақтаумен, оңалтумен және аурулар профилактикасымен;
театр-ойын-сауыққа, білім беруге, спортқа арналған объектiлермен;
жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықты қоса алғанда, электр пештермен, өзге де электр-техникалық құрылғылармен;
компрессор машиналарымен, сорғылармен және желдеткiштермен;
байланыспен, авариядан қорғаумен, бақылау және сигнализация жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тұрмыс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары;
4) тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындау саласындағы қызметті лицензиялау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын дайындау үшін лицензияның болуы талап етіледі.
35-бап. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36-бап. Этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) этил спиртінің өндірісі;
2) алкоголь өнімінің өндірісі.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
арақтар мен айрықша арақтардың өндірісі;
ликер-арақ өнімдерінің өндірісі;
шарап материалының өндірісі;
шарап өндірісі;
коньяк өндірісі;
бренди өндірісі;
сыра өндірісі;
3) алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату;
4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) темекі өнімдерінің өндірісі.
37-бап. 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 37-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
37-1-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) тауар биржаларының қызметі;
2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметі.
4-тарау. Тауарлардың экспорты мен импорты саласындағы лицензиялау
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38-бап. Жалпы ережелер
1. Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тізбесін белгілейді.
Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлінше шектеушілік немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиіс.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға лицензия беріледі.
Лицензиар мынадай лицензия түрлерін береді:
біржолғы;
бас;
ерекше.
Лицензиар бас және ерекше лицензиялар беруді Кеден одағы комиссиясының шешімімен көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
3. Бас және ерекше лицензиялардың иелері лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейін уәкілеті органға есеп беруге міндетті.
Біржолғы лицензиялардың иелері лицензияның қолданыс мерзімі өтісімен күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге міндетті.
4. Біржолғы лицензияның қолданыс кезеңі оның қолданыла бастаған күнінен бастап бір жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданыс мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданыс мерзімімен немесе лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзімімен шектелуі мүмкін.
Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданыс кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Егер Кеден одағы комиссиясының шешімінде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзімі ол қолданыла бастаған күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Ерекше лицензияның қолданыс мерзімі әрбір нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
39-бап. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-бап. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-бап. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау
Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде өтініш барлық жағдайда мақұлданады. Бұл ретте, импорт операцияларын жүзеге асыру үшін импорттаушы елдің заңды талаптарын орындайтын кез келген тұлға импортқа лицензия алуға өтініш жасау және оны алу құқығын тең жағдайларда иеленеді. Лицензия алуға өтінішті тауарлар кедендік тазартылғанға дейін кез келген жұмыс күнінде беруге болады. Лицензия алуға өтініш пен қажетті құжаттар тиісті әрі толық нысанда ұсынылған жағдайда лицензия он жұмыс күні ішінде беріледі.
Импортты автоматты түрде лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5-тарау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің шарттары мен тәртібі
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергілікті атқарушы орган немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша беріледі.
2. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (қызметтің кіші түрлері болған жағдайда) алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тізбесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілей алады.
3. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
3) қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
4. Лицензиар өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда лицензиар аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.
5. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін лицензиар өтініш берушінің лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібереді.
Мемлекеттік органдар лицензиар сауалының негізінде он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тиісті лицензиарға жауап жібереді.
Мемлекеттік органдар осы Заңда белгіленген мерзімде жауап жібермеген жағдайда лицензия беру келісілді деп саналады.
6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, беруден бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия берудің шарттары мен тәртібі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің ерекше талаптары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін тиісті лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі аталған органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтiнiштердi қарау мерзiмдерi
1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны отыз жұмыс күнінен кешіктірмей беретін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтегі лицензиарларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Лицензиар осы бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi.
2. Егер лицензиар осы Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы берілді деп есептеледі.
Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімдері өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті.
Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда бес жұмыс күні өткеннен кейін лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы алынды деп есептеледі, ал лицензияның өзі алынғанға дейін лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылған тізімдеменің көшірмесі лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңды екенін растайтын құжат болып табылады.
2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара) 44-бап өзгертілді
44-бап. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым
Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген (қайта ресiмделген) кезде алынады.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленеді.
Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 45-бап өзгертілді
45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту
1. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4-1) өтініш берушіге лицензия беру келісуші мемлекеттік органмен келісілмесе;
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілей алады.
2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуға шағымдану
Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
6-тарау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, оның телнұсқаларын беру, қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру
2009.11.07. № 185-ІV ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледi.
Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын бередi.
2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;
2) дара кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекен-жайы өзгерген кезде;
3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресімдеуге жатады.
Қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың, осы тармақта белгіленген тәртіппен лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар.
Лицензиат қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттарды және лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшірмелерін күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
Өтінішке осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса ұсынбаған жағдайда лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартады.
Қызметтiң лицензияланатын түрiнен бір немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметiндегi бір немесе одан да көп сынып алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензиясымен қоса, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс қызметтің лицензияланатын түрі мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға отыз күнтізбелік күн ішінде лицензияларды және лицензияның көшірмесін қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжаттарға қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
3. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) қайта ресімдейді.
Лицензиат қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензия мен лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) лицензиарға қайтаруға міндетті.
2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
48-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;
2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензия алып қойылғанда;
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса;
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тасталса;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.
2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 49-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
49-1-бап. Лицензиялық бақылау
1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7-тарау. Қорытынды ережелер
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50-бап. Залалдарды өтеу
Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
51-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 92-құжат; № 16, 97, 102-құжаттар) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 11-сі.
№ 214-III ҚРЗ
Достарыңызбен бөлісу: |