Лифтердің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (ЛҚхпт) Требования промышленной безопасности к устройству и эксплуатации лифтов


-тарау. Лифтілерді қолдануға рұқсат беру



бет6/27
Дата03.07.2016
өлшемі4.18 Mb.
#174463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

8-тарау. Лифтілерді қолдануға рұқсат беру
374. Дайындаушы-зауыт немесе ресми беруші-өкіл лифтілерді пайдалануға (қолдануға) қолданыстағы техникалық қауіпсіздік нормалары талаптарына сай өндірістік қауіпсіздік жөніндегі өкілетті органның рұқсатын алады.

375. Қабылдау сынақтарын өткізу үшін өтініш беруші эксперттік органына төмендегідей техникалық құжаттарды ұсынады:

1) лифтіні істеткізуге техникалық тапсырма;

2) лифт үлгісінің бағдарламасы және қабылдау сынағының әдістемесі;

3) тәжірибелі үлгіні дайындаудағы нормативті құжат;

4) (зауыттың) немесе алғашқы сертификациялық сынақты жүргізудің

нәтижесі туралы хаттама;

5) құрастыру жөніндегі нұсқаулық;

6) пайдалану жөніндегі басшылық, қосымшасы:

лифтіні бақылау сынағынан (қарау) өткізу әдістемесі;

лифтіні қауіпсіз пайдаланудың шарты және талаптары, техникалық қызметтің, жөндеудің реті лифтінің техникалық ақауын анықтау;

қабаттар арасында тоқтап қалған кабиналардан жолаушыларды қауіпсіз эвакуациялаудың әдістемесі;

тез тозатын бөлшектердің тізімі;

лифт паспортының үлгісі;

құрастыру сызбасы;

принципті электр сызбасына жататын элементтер сызбасының және электрлі сызбаның түйісу тізімдері.

376. Лифтінің үлгілі тәжірибесін қабылдау сынағы оны дайындаған жерде (жиынтық) аттестациялық сынақ стенділерінде өткізіледі. Лифтіні орнататын жерде сынақтан өткізу Комитеттің аймақтық огандарының өкілдерінің қатысуымен өткізіледі және оның мерзімін Комитетпен келісіп атқарады.

Қабылдау сынағының нәтижелері хаттамада (акт) көрсетіледі.

Лифтінің кейбір құрылғылары осы Талапқа сай келмегенде, өтініш беруші лифтілерді қауіпсіз қолдануды қамтамасыз етуге байланысты қосымша шараларды жүргізу жөнінде ұсыныс және осы құрылғыны қолдану туралы сарапшылардың оң қорытындысын береді.

377. Қауіпсіз құрылғысы құрылымын және лифтінің құрамдас бөліктерін өзгерткенде лифтіні пайдалануға жаңа рұқсат беріледі. Мұндайда Комитеттің аймақтық органының келісімімен лифтіні сынақтан өткізу қысқартылған бағдарлама бойынша, ал өзгертілген құрылымдарды міндетті түрде сынақтан өткізу жүргізіледі.



9-тарау. Құрастыру, техникалық қызмет көрсету
378. Құрастыру жөніндегі, техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстары, лифтілерді жаңарту және диспетчерлік жүйені, лифтілер жұмысын бақылауды, техникалық құралдары және білікті мамандары бар, осы тектес жұмыстарды жүргізуде мамандандырылған (одан әрі мамандандырылған ұйымдар) ұйымдар айналысады.

379. Техникалық диагностиканы және лифтілерді тексеру, сондай-ақ, диспетчерлік бақылау жүйесін өндірістік қауіпсіздіктің сараптамасын жүргізетін ұйымдар іске асырады.



10-тарау. Тіркеу және лифтіні пайдалануға беру
380. Обьектілерді тіркеу, лифтілерді пайдаланатын жерде, комитеттің аймақтық органдарында жүргізіледі.

381. Құрастыру және жіберу - реттеу жұмыстары аяқталысымен лифті толық техникалық куәландыруға көшіріледі.

Ұйымның өтініші негізінде толық техникалық куәландыруды лифтіні құрастырған (одан әрі құрастырушы ұйым) мамандандырылған ұйым жүргізеді, мұндайда олардың өкілдері және бас мердігерлік құрылыс ұйымының өкілдері қатысады.

Толық техникалық куәландырудан кейін, лифт көзбен байқау және өлшем бақылауынан өтеді, барлық режимдегі қызметі тексеріледі және осы Талаптың 11-тарауына сәйкес сынақтан өтеді.

Толық техникалық куәландырудан кейін, лифтімен бірге берілетін құжаттың болуы тексеріледі, сондай-ақ, «Ашылған жұмыс актісі» және хаттамалар:

1) электрожабдықтардың оқшаулау кедергілесуін және лифтінің электрлі желісін өлшеу;

2) электроқондырғы мен жерге қосылған құрылғы элементтерінің арасында шынжырдың бар екенін анықтау;

3) жерге бейтарап тұйық қосылған электрқұрылғы қуат жүйесінің кернеуі 1000 Вольтқа дейін болғанда қорғаныстың істеуін тексереді.

Лифтінің, соның ішінде құрылыс бөлігінің, сондай-ақ, осы Ереженің талаптарына сәйкес құжаттар жиынтығының сәйкес келмейтінін анықтағанда, ондай сәйкессіздіктер ақау жіберген ұйымның күшімен қалыпқа келтіріледі, содан соң анықталған ақауларды жөндеу үшін тексерулер өткізіледі.

Куәландырудың нәтижесі «Лифтіні толық техникалық куәландыру актісінде» (осы Талаптың қосымшасында) және лифт паспортында көрсетіледі, мамандандырылған ұйымның маманы қол қойып, мөр басып, ресімдеп береді.

382. Пайдаланатын ұйым осы Талаптың 12-тарауына сәйкес, лифтіні қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады және лифтіні қабылдау жөніндегі мына құрамда комиссия құрады:

1) комиссия төрағасы – пайдаланатын ұйымның өкілетті өкілі;

2) комиссия мүшелері;

3) құрастыру ұйымының өкілі;

4) лифтіге техникалық қызмет көрсетуге жауапты маман;

5) бас мердігерлік құрылыс ұйымының өкілі;

6) Комитеттің аймақтық органының өкілі;

7) заказ (болса) берушінің өкілі.

383. Пайдаланатын ұйым бес күн бұрын комиссия құрамына кірген ұйымдардың өкілдерін, лифтіні қабылдау жөнінде, комиссия жұмысының басталуы туралы хабар береді.

384. Лифтіні қабылдау жөніндегі комиссияға «Лифтінің техникалық толық куәландыру актісі» және лифтіні қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі құжаттар ұсынады:

1) өндірістік бақылауды ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі қағида;

2) лифтіде апат болған жағдайда өміріне, денсаулығына немесе басқа адамдардың мүлігіне және қоршаған табиғи ортаға қауіп келтіру жауапкершілігі туралы шарт;

3) осы Талаптың 12-тарауына сәйкес, мамандарды тағайындау және қызмет көрсету персоналын жіберу туралы бұйрық;

4) мамандарды және қызмет көрсететін персоналды аттестациялауды куәландыратын құжаттар.

385. Комиссия ұсынылған құжаттарды тексереді, лифтіні тексеру байқауынан өткізеді.

386. Комиссия жұмысының нәтижесі «Лифтіні пайдалануға қабылдау актісінде» (осы Талаптың 9-қосымшасында) көрсетіледі.

387. «Техникалық куәландыру актісі» негізінде және лифтіні қабылдау жөніндегі комиссия жұмысының оң нәтижесінде Комитеттің аймақтық органының өкілі лифт паспортында келесі ресімдеу мерзімін көрсетіп, лифтіні пайдалануға болатыны жөнінде рұқсат жазады.

388. Лифтіні пайдалануға беруге болмайды, егер қабылдау кезінде анықталса:

1) лифтіні қауіпсіз пайдалануға әсер ететін осы Талаптар бұзылса, онда лифтіні қабылдауды жүргізу кезінде ол жөнделмейді;

2) жұмыс істеуге рұқсат алған мамандардың және қызмет көрсету персоналының болмауы;

3) пайдаланатын ұйым ақауларды жоюды қамтамасыз етеді, содан соң осы Талаптың 385-тармағында аталғандай лифтіні қабылдау жүргізіледі.

389. Лифтіні басқа иегерге немесе жалға алушыға бергенде лифтіні қайта тіркеу жүргізіледі.

Тіркеуден алу лифтіні бөлшектеу кезінде жүргізіледі.

11-тарау. Техникалық диагностика және лифтіні тексеру
390. Лифтінің техникалық жағдайын анықтау мақстында техникалық диагностика жүргізіледі.

Техникалық диагностикаға лифтіні толық, мерзімді және ара-тұра техникалық ресімдеу жатады.

391. Қайта орнатылған лифт пайдалануға берілгенше, техникалық толық куәландырудан өтеді.

Техникалық толық куәландыру төмендегі жәйттерді анықтау үшін жүргізіледі:

1) лифт паспорт көрсеткіштеріне және осы Талаптарға сай;

2) лифт оның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ақаусыз жағдайы;

3) лифтімен бірге келген құжаттар жиынтығы осы Талаптарға сай.

Техникалық толық куәландыру кезінде:

1) лифт жабдықтарының лифт паспортында көрсетілген мәліметтерге сай екенін тексеру;

2) лифтіні орнатқанда көзбен және өлшегіш бақылау және құрастыру сызығына жүргізіледі, осы Талаптарға сай екені;

3) лифтінің барлық режимдегі қызметі пайдалану басшылығы жөніндегі қосымшаға сәйкес тексеріледі;

4) сынақтар жүргізіледі;

5) лифтімен бірге берілген құжаттардың түгендігі және осы Талаптың 381-тармағы бойынша құжаттары тексеріледі.

392. Бүкіл пайдалану мерзімінде лифт 12 күнтізбелік айда бір реттен кем емес мерзімді техникалық куәландыруға ұшырайды.

Мерзімдік техникалық куәландыру анықтау мақсатында жүргізіледі:

1) лифт қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін ақаусыз жағдайда;

2) лифтіні пайдалануды ұйымдастыру осы Талаптарға сай.

Мерзімді техникалық куәландыру кезінде:

1) лифт жабдықтарын орнатқанда көзбен және өлшеуіш бақылауды жүргізгінде, пайдалану кезіндегі өзгеріссіз өлшемдерді қоспағанда;

2) лифтінің барлық режимдегі қызметі тексеріледі;

3) сынақ өткізіледі;

4) лифтіні пайдалануды ұйымдастыру жағдайы осы Талабқа сәйкестігі тексеріледі.

393. Күрделі жөндеуден кейін (ауыстыру) немесе лифт жабдықтарын орнатқанда лифт ара - тұра техникалық куәландыруға ұшырайды.

Ара - тұра техникалық куәландыруды өткізу ауыстырылған, қайта орнатылған немесе жөнделген лифт жабдықтары лифтінің қауіпсіз жұмыспен қамтамасыз ететін ақаусыз жағдайда екенін анықтау үшін жүргізіледі.

Лифт ара - тұра техникалық куәландыруларға ұшырайтыны мынадан:

1) қауіпсіз қондырғыны ауыстыру немесе орнату;

2) редукторды ауыстыру немесе арқанмен тартатын шкивті, тежегіш құрылғыны, тартатын арқандарды жөндеу;

3) принципті электр схемасының өзгеруі;

4) басқару шкафы (құрылғыны) ауыстыру.

Ара - тұра техникалық куәландырғанда:

1) лифт жабдықтарының қойылған, ауыстырылған немесе жөнделгендері паспорт деректеріне сәйкестігі тексеріледі;

2) орнатылған жабдықты көзбен немесе өлшегіш тексеруінен өткізеді;

3) сынақтар өткізіледі және (немесе) орнатылған, ауыстырылған немесе жөнделген қауіпсіз құрылғы мен жабдықтар мерзімді техникалық куәландыру мөлшерінде тексеріледі.

394. Лифтілік жабдықтарын орнатуға визуальді және өлшегіш тексеру.

Визуальді және өлшегіш тексеру кезінде лифті жабдықтарының паспорт деректеріне және осы Талап регламенттеген орнату мөлшерін және құрастыру сызбаларына сәйкестігі тексеріледі.

395. Лифтіні тексеру.

Тексеру кезінде лифт жұмысы, принципті электрлі схемада көзделген барлық режимде бақыланады, сондай-ақ, жұмысы:

1) жүкшығырдың;

2) шахта, кабина есіктері және есік жетектері;

3) қауіпсіздік құрылғысы, сынақ кезіндегі тексеруден басқасы;

4) сигнализация, байланыс, диспетчерлік бақылау, жарық беру, сондай-ақ,

қабаттар алаңшаларында лифтінің нақ тоқтауы бақыланады.

396. Лифтіні сынау.

Сынаққа жататындар:

1) шапшаңдықты шектеу;

2) ұстағыштар;

3) буферлер;

4) тежегіш жүйесі;

5) электрожетектері;

6) арқанмен тартатын шкив;

7) қорғаныстың нольденуі (жерге қосылады) электр жүйесін және электрожабдықтарды оқшаулау, бейтарап жерге қосылған жүйені қорғау.

397. Шапшаңдықты шектегішті сынау.

Шапшаңдық шектегішін сынаған кезде осы Талап регламенті шеңберінде және ұстағыштарды іске қосқанда айналым шапшаңдықты үдерткен кезде оның істеу тексеріледі.

398. Ұстағыштарды сынау.

Ұстағыштарды сынаған кезде олардың істеуі, тоқтауы және жүріп келе жатқан кабинаны (кабина құрылғысын тең ұстайтын теңсалмақ) бағыттаушыда ұстауы.

Шапшаңдық шектегішті іске қосатын ұстағыштар және үзілгеннен немесе тартқыш элементтің босап қалғанынан іске қосылатын құрылғы, осы құрылғылардың әрқайсысы сынақтан өтеді.

Техникалық толық куәландырылғаннан және оларды ауыстырғаннан кейін кабина ұстағыштарын сынауды жүк болғанда, салмағы:

1) лифтінің нақты жүккөтеруінен 25 % асса бірқалыпты тежегіш ұстағышы үшін;

2) ұстағыштардың тез әрекетіне немесе амортизациялы ұстағыштардың шапшаң әрекетіне нақты жүккөтеруі тең.

Мерзімді техникалық куәландырылған кезде ұстағыштарды сынау кабина бос кезінде (жүксіз) өткізіледі.

Теңсалмақтың ұстағыштарын және кабинаны теңестіретін құрылғыны сынау кабинаның жүксіз кезінде өткізіледі.

Ұстағыштар лифтінің жұмыс шапшаңдығы кезінде сыналады. Лифтілердің мерзімді техникалық куәландырылуы кезінде нақты шапшаңдығы 1 м/с артса, сынақтың шапшаңдығын төмендетіп өткізу қажет, бірақ 1 м/с кем болмасын.

399. Буферлерді сынау.

Техникалық толық куәландырылған кабинаның энергожинағыш буферлерін және оларды ауыстырғаннан кейін сынақ өткізгенде кабинада жүк, оның салмағы лифтінің нақты жүккөтергішіне тең болуы керек. Кабина буферге жұмыс шапшаңдығымен қонады.

Энергожинағыш буферлерді, амортизациялы кері жүрісті кабина буферін және теңсалмақты мерзімді техникалық куәландырылған кезде сынақтан өткізу қажет емес. Олардың жағдайына визуальді және өлшегіш бақылауы және құрастыру сызбасы регламенттелген мөлшерге сәйкестігі тексеріледі.

Техникалық толық куәландырған амортизацияның кері жүрісті энергожинағыш кабинаның буфері мен энергошашыратқаш буферді және оларды ауыстырғаннан кейін сынақ өткізгенде кабинада жүк болуы керек, оның салмағы жұмыс шапшаңдығындағы нақты жүккөтергішіне немесе буфердің жүрісі үшін есептелген шапшаңдыққа тең болуы керек, әсіресе қысқа жүріске шақталған буферлерді қолданғанда.

Мерзімді техникалық куәландыру кезінде энергошашыратқыш буферлерді сынау шапшаңдығы 0,71 м/с аспайтын жүк тиелмеген кабинада жүргізіледі.

400. Тежегіш жүйесін сынау.

Тежегіш жүйесін сынау,техникалық толық куәландырылғаннан және оны ауыстырғаннан кейін, электроқозғағыштың қуатын және жұмыс шапшаңдығымен кабинаның жүкпен жылжуы кезінде тежегіш ажыратылады, оның салмағы лифтінің нақты жүккөтергішінен 25 % артады.

Мерзімді техникалық куәландыру кезінде тежегіш жүйесін сынау электроқозғағыш қуатын өшіру және жүк тиелмеген кабинаның жоғары қарай жылжуы кезінде тежегішті өшіру арқылы жүзеге асады. Тежегіш жетек тоқтатылады.

401. Ұстағыштарды, буферлерді және тежегіш жүйесін сынағаннан кейін, кабина аспалысының кабина құрылғысының теңгермесі және теңсалмақ, ұстағыштар мен буферлер бөлшектерінің ақаулары жоқтығы визуальді тексеріледі.

402. Лифтінің электрожетегі басқарушы өзгерткіштің электроқозғағышқа қуат бергенінде, лифт құрылымы көздеген электрлі тежегіштің сенімділігі сынақтан өтеді.

Электрлі тежегішті (ұстау) жүк тиелмеген кабина жоғарғы отырғызу алаңшасы деңгейінде 3 минут бойы ажаратылған тежегішпен тұрғанда, сынақ өткізіледі. Кабинаны дәл аялдама (тегістеу) деңгейінде одан әрі ұстағаннан кейін автоматты түрде жылжуына болады.

403. Арқанмен тартатын шкивті және үйкеліс барабанын сынау.

Техникалық толық куәландыру кезінде арқанмен тартатын шкивпен немесе үйкеліс барабанымен тіркесуін шахтаның төменгі бөлігінде тұрған жүгі бар кабинаның төмен жылжуы кезінде оның салмағы лифтінің нақты жүк көтеруінен 25 % көп болса сынақ өткізуге болады. Мұндайда төменгі қабатта кабина буфермен жанасқанша толық тоқталады.

Мерзімді техникалық куәландыру кезінде тіркесуді сынау шахтаның жоғарғы бөлігіндегі жүк тиелмеген кабинаның жоғары жылжуы кезінде өткізіледі. Мұндайда кабинаның жоғарғы қабаттағы дәл тоқтату аумағында толық тоқталады.

404. Жүк тиелмеген кабинаны көтеру мүмкін болмаған жағдайда, теңсалмақтың қысымдалған буферде тұрған шағында сынақ тежегіштің тұйықталмаған кезінде кабинаның жоғары жылжуын қолмен - штурвалмен немесе төмендетілген шапшаңдықты электроқозғағышпен жүргізеді.

405. Электр желісінің және электржабдықтарының нольденген (жерге қосу) қорғанысын, ошақтауын, желістердегі жерге тұйықталған бейтарапты қорғау белгіленген мерзімін өтеген лифтіні тексергенде құрастырудан, жаңартудан кейін, сондай-ақ, пайдалану кезінде, мерзім сайын белгіленеген уақытта сынақ өткізіледі.

406. Пайдалану кезінде жаңартылған лифт, жаңарту жөніндегі құжаттар жиынтығын тексеруден, мерзімді техникалық куәландырылудан өткізіледі, ауыстырылған жабдықтардың құрылғысын визуальді және өлшегіш бақылауды жүргізеді.

Лифтінің ауыстырылмайтын металлқұрылғылар - құрамдас бөлшектері (кабиналар, теңсалмақтар, жүкшығыр астындағы қаңқа, бағыттағыш бекінісінің төсегіш бөлшектері және басқалары) беріктік бақылау әдісін қолдану арқылы тексеруден өтеді. Куәландыру мен тексерудің нәтижесі дұрыс болғанда лифтінің жаңа жұмыс мерзімі белгіленеді.

407. Нормативті, құрылымдық және пайдалану құжаттарында, стандарттарда, қауіпсіз ережелерінде белгіленген мерзімін өтеген лифт, оның қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыру мақсатымен тексеруден өткізіледі.

408. Лифтіні тексеру кезінде:

1) визуальді және өлшегіш бақылауына;

2) лифтінің барлық режимде жұмыс істеуін тексеру;

3) ақауларын, бұзылғанын, тозу дәрежесін, тоттануын анықтау үшін лифт жабдықтарының жағдайын белгілейді;

4) қауіпсіз құрылғыларды сынау;

5) беріктік бақылау әдісін қолданумен металлқұрылғыларын тексеру;

6) нольденген (жерге қосу) қорғанысты, электр желістері мен электрожабдықтардың кедергілерін оқшаулау, жерге тұйықталған бейтарап желістер қорғанысының істеуін тексеру.

Лифтіні тексеру және пайдалану жағдайын талдау нәтижесінің негізінде жабдықтың қалдық ресурстарын және лифтінің қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігін анықтау жөнінде жұмыстар жүргізіледі.

Лифтінің қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыс оның белгіленген нормативты мерзіміне жеткенге дейін жүргізіледі. Бір жыл мөлшеріне дейін лифтіні тексеру жөніндегі жұмыс пен техникалық куәландыру жұмысын бірге атқаруға болады.

409. Техникалық диагностикалау мен лифтіні тексеру нәтижелерін ресімдеу.

Лифтінің техникалық диагностикалау нәтижесі лифт паспортында көрсетіледі, сондай-ақ:

1) «Лифтіні техникалық толық куәландыру актісінде» (осы Талаптың 8-қосымшасында) толық куәландырылғаны;

2) «Лифтіні мерзімді техникалық толық куәландыру актісінде» (осы Талаптың 10-қосымшасында) мерзімді куәландырылғаны.

410. Нормативті мерзімін өтеген лифтіні тексеру нәтижесі «Лифтіні қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы өндірістік қауіпсіздік сараптамасының қорытындысында» көрсетіледі.

12-тарау. Лифтілерді пайдалану
411. Пайдаланушы ұйымдар (лифт болатын ғимарат иелері, сондай-ақ, шаруашылық жүргізетін немесе жедел басқаруында болатын кәсіпорындар мен ұйымдардың ғимараттары, соның ішінде серіктестіктер, тұрғын үй иелерінің бірлестігі және басқа да ұйымдар) лифтінің бұзылмауын қамтамасыз етеді және қажетті қызмет пен жөндеуді ұйымдастыру арқылы оның қауіпсіз пайдаланылуына жағдай тудырады.

Осы мақсат үшін пайдаланатын ұйым қамтамасыз етеді:

1) өндірістік қауіпсіздік саласындағы заң актілері мен нормативті құжаттардың сақталуын;

2) лифтіні пайдалануға байланысты қызметкерлер штатының жасақталуын;

3) тиісті біліктілік талаптарын қанағаттандыратын және аталған жұмысқа байланысты қарсы медициналық көрсеткіші болмағандарды жұмысқа жіберу;

4) өндірістік қауіпсіздік саласы бойынша жұмыскердерді даярлау және қайта даярлаудан өткізу;

5) жұмысты жүргізуді белгілеген ереженің нормативті құқықтық актісі мен нормативті-техникалық құжаттардың болуы;

6) өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтаудағы өндірістік бақылау;

7) белгілеген пайдалану мерзімі өтісімен техникалық диагностиканы, лифтілерді тексеру және лифтілерлі беру;

8) лифт бөлмесіне бөтен адамдардың кіруіне тыйым салу;

9) адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда лифтіні пайдалануды өз бетімен тоқтату;

10) лифтідегі апаттың салдары мен бақытсыз жағдайларды шектеу мен жою жөніндегі шаралар, мемлекеттік органдарға көмек беру, лифтідегі апат пен бақытсыз жағдайлардың техникалық себептерін тергеуге қатысу, сонымен бірге аталған себептер мен оның алдын алу шараларын белгілейді;

11) лифтідегі аяқ асты болған жағдайдың себептерін талдау, аталған себептерді болдырмау және осындай жағдайдың алдан алу жөнінде шара қабылдау;

12) лифтіні пайдалануға байланысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі шаралар;

13) лифтідегі апаттар мен бақытсыз жағдайлар туралы тиісті мемлекеттік органдар билігіне уақытында ақпарат беру;

14) лифтідегі апаттарды, инциденттерді және бақытсыз жағдайларды есепке алу;

15) пайдаланудың барлық мерзімінде лифтіде апат болған жағдайда басқа адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіргені үшін жауапкершілік тәуекелін сақтандыру.

412. Лифтіге қызмет жасау және жоспарлы - алдын-ала жөндеу.

Лифтіге қызмет жасауды лифтер атқарады және оған лифтіні ай сайын байқау жүргізу қосылады.

413. Жоспарлы - алдын ала жөндеуге жататындар:

1) техникалық қызмет жүйесіне жататындар:

мерзімді байқаулар;

ағымдағы байқаулар;

апатты - техникалық қызмет көрсету;

2) лифтінің ресурстарын қалпына келтіру жүйесіне жатады:

күрделі жөндеу (жабдықтарды ауыстыру);

пайдалану кезіндегі жетілдіру.

414. Техникалық қызмет жасау, күрделі жөндеу және жетілдіру үшін пайдаланатын ұйым арнаулы ұйымды тартуына болады.

Бұл жағдайда олардың арасындағы шартта осы Талаптың 412 және 414-тараптарын ескере отырып, шарттық міндеттері анықталады.

415. Пайдаланатын ұйым және (немесе) арнаулы ұйым жұмыс мөлшерінің орындалу қажеттігіне орай, бұл пайдаланушы ұйым басшылығы көздеген және пайдаланудағы жергілікті жердің жағдайын ескеріп, қызметкерлер штатының түгенделуін қамтамасыз етеді.

416. Пайдаланушы және арнаулы ұйымдардың басшылары, мамандары және аттестациялау комиссияның мүшелері қолданыстағы заңға сәйкес өндірістік қауіпсіздік жөніндегі кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтеді.

Аталған адамдар электроқауіпсіздік бойынша тиісті біліктілік тобында болады.



1-параграф. Қызмет көрсететін персоналды

оқыту және аттестациялау
417. Электромеханиктердің, лифтерлердің диспетчерлердің білімін тексеруді 12 айда бір реттен кем болмайтын мерзімде өткізеді. Оны өткізуші соның штатында тұратын ұйымның аттестациялау комиссиясы, немесе оқуды жүзеге асырған ұйымның комиссиясы болады. Кезектен тыс білімді тексеру басқа жұмысқа ауысқан кезде өткізіледі.

418. Қызмет көрсететін персонал электроқауіпсіздік бойынша білімін тексеруді келесі біліктілік мөлшерінен кем болмайтын топта өтеді:

1) электромеханиктер – дербес істейтін жұмысқа жіберілгендер – III топ;

2) лифтерлер мен диспетчерлер – II топ.

Білімді тексеру мерзімінде өтеді, жұмысқа қабылданғанда бір айдан аспайтын уақытта және мерзім сайын, 12 айда бір реттен кем емес.

419. Пайдалануды ұйымдастыру және (немесе) лифтілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті атқару мамандарға жүктеледі, ол бұйрықпен бекітіледі.

420. Электромеханиктерді, лифтерлерді, диспетчерлерді дербес жұмысқа жіберу, оларды жіберу туралы куәліктері болса, бұйрықпен жүзеге асады.

Электромеханиктер мен лифтерлерге оларға бекітілген лифтілерде тиісті жұмысты атқару жүктеледі.

Диспетчерлерге, белгілі бір диспетчерлік пунктке қосылған лифтілердің жұмысын диспетчерлік бақылау жүргізу жүктеледі.

421. Пайдаланатын ұйым және (немесе) арнаулы ұйым мамандарға, электромеханиктерге, лифтерлерге, диспетчерлерге, олардың негізгі қызметіне қатысты құжаттар береді.

422. Пайдаланатын ұйым және (немесе) арнаулы ұйым пайдалануды жергілікті жағдайды ескере отырып, өндірістік бақылау туралы қағиданы жасайды.

Өндірістік бақылауды жүзеге асырау үшін, белгіленген тәртіппен қайта емтиханнан өткен арнаулы тағайындалған қызметкер бекітіледі.

423. Лифтінің кабинасында және (немесе) негізгі отырғызатын қабатта лифтіні дұрыс пайдалану жөніндегі жаднама, сондай-ақ, қызмет көрсететін персонал мен апатты қызметпен байланыс үшін номері көрсетілген табличка ілінеді.

424. Лифтіні жаңа иегерге немесе жалға алушыға бергенде, оған лифтінің паспорты да беріледі.



13-тарау. Лифтінің жұмысына диспетчерлік бақылау
425. Лифтілерді диспетчерлік бақылаумен жабдықтауды пайдаланатын ұйым анықтайды.

Лифтінің жұмысын диспетчерлік бақылау үшін өндірістік қауіпсіздік сараптамасынан өткен көп функционалды диспетчерлік жинақтамалар, сондай-ақ, арнаулы диспетчерлік пульттер қолданылады және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етіледі.

426. Диспетчерлік бақылауды жобалау мен дайындауды, құрастыруды, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеу, қайта құрастыру және жабдықтарды ауыстыруды техникалық құралдармен және білікті мамандармен толықтырылған ұйымдар жүзеге асырады.

427. Диспетчерлік бақылаудың жабдықтарын пайдаланатын ұйым, тиісті қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру жолымен оны пайдалануды дұрыс жағдайында қамтамасыз етеді. Бұл үшін ол арнаулы ұйыммен шартқа отырады.

428. Лифт жұмысын диспетчерлік бақылаудың жабдықтары құрастыратын, қайта құрастыру және мерзімді пайдаланудан кейін, дайындаушының пайдалану құжатында белгіленген мөлшерде қызметі тексеріледі.

429. Лифт жұмысын диспетчерлік бақылау жабдықтары диспетчерлік пунктте лифтіні қашықтықтан өшіретін құрылғы болады. Диспетчерлік пункттен лифтіні қашықтықтан қосуға болмайды.

430. Лифт жұмысын диспетчерлік бақылау қамтамасыз етіледі:

1) диспетчерлік пункт пен кабина, диспетчерлік пункт және машина бөлмесі арасындағы екі жақты байланысты, сондай-ақ, диспетчерді байланысқа шақыратын дыбысты сигнализация;

2) қабатта кабинаның болмаған кезінде шахта есігінің ашық қалғаны туралы сигнализация;

3) олардың машина бөлмесінен тыс орналасқан кезінде (машина бөлмесі жоқ лифтілер үшін) машина және блокты бөлмелердегі есіктердің ашық қалғаны туралы сигнализация;

4) лифтінің қауіпсіз шынжырының істеп кеткені туралы сигнализация;

5) келіп жатқан сигнализацияны (қай лифтіден және қандай сигнал)

сәйкестендіру.

Диспетчерлік бақылау лифтінің күйі туралы қосымша сигнализацияны көздеуі мүмкін.

431. Лифт жұмыстарын диспетчерлік бақылау жабдықтарын энергиямен қамтамасыз ету лифтінің энергожабдығына байланыссыз жүзеге асады. Диспетчерлік бақылаудың жабдықтарын энергиямен қамтамасыз етуді тоқтатқанда кабина мен диспетчерлік пункттің арасындағы 1 сағаттан кем болмайтын екі жақты байланыс қызметі қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет