Париетальдық лимфа түйіндер:
-Сол лимфатүйіндері /латералды,предаорталды, постаорталды/-құрсақ аортасының айналасында орналасады
-Оң лимфатүйіндері /латералды, предкавалды, посткавалды/-төменгі қуыс венаның айналасында орналасады
-Аралық бел лимфатүйіндері – аорта мен төменгі қуыс венаның арасында орналасады
-Төменгі көкеттік – көкеттің төменгі бетінде орналасады
-Төменгі құрсақүсті лимфатүйіндері – құрсақүсті артериясының бойымен орналасады
Висцеральдық лимфатүйіндер:
-Асқазан лимфатүйіндері –асқазан айналасында орналасады
-Ұйқы безінің лимфатүйіндері –ұйқы безі, көкбауыр, асқазан қасында орналасады
-Бауыр лимфа түйіндері –бауыр қақпасында орналасады
-Жоғарғы шажырақай лимфатүйіндері –жоғарғы шажырақай артериясының тармақтарының бойымен орналасады
-Төменгі шажырақай лимфатүйіндері – төменгі шажырақай артериясының тармақтарының бойымен орналасады
|
Осы түйіндерді қосатын тамырлар лимфа өрімдерін құрайды. Бұл өрімге аяқтың, жамбас астауының және құрсақ қуысының лимфасы құйылады. Өрімнен пайда болған тамылар қосылып, оң және сол бел бағандарын құрайды. Бұл бағандар лимфаны кеуде өзегінің басталар жеріне жалғанып, лимфаны құяды.
Бұл түйіндерге лимфа барлық құрсақ қуысында орналасқан мүшелерден және құрсақ қуысының қабырғасынан жиналады. Түйіндерді қосатын лимфатамырлары құрсақ қуысының мүшелерінің айналасында лимфаторларын құрайды. Осы торлардан 3-4 ішек бағандары пайда болады. Олар лимфаны кеуде өзегінің цистернасына құяды.
|