Сүйектің кемігі
medulla ossium
|
Бұл мүше иммуногенез және қан түзуші мүше болып келеді. Жаңа туылған нәрестелерде сүйек кемігі түтікті сүйектердің қүысын толтырып тұрады және қызыл кемік деп аталады. Ересек адамда қызыл кемік түтікті сүйектердің эпифиздарында және кейбір жалпақ сүйектерде болады, ал диафиздегі кемік сары сүйек майына айналады. Сүйек кемігінің жалпы салмағы 1,5 кг.
|
Сүйек кемігі миелодты тіннен тұрады. Бұл жерде қан элементтері пайда болады, яғни «бағандық жасушалар». Сүйек кемігінің қапиллярлары осында пайда болған қан түйіршіктерін басқа мүшелерге тасымалдайды.
«Бағандық жасушалар» айырша безіне барса, Т-лимфоциттеріне айналады да көкбауыр мен лимфатүйіндеріне барады.
Т-лимфоциттердің қызметі – туа пайда болатын иммунитетті құрайды, организмге таныс емес элементтерді жойяды
В-лимфоциттер,,,,,,,,,,,,,,,
|
2
|
Айырша безі
Thymus
|
Бұл мүше жоғарғы көкірекаралықтың алдыңғы бөлігінде орналасады. Перикард, қолқа доғасы, сол иық-бас венасы мен жоғарғы қуыс венаның алдында орналасады. Екі бүйірінде медиальдық плевраға жанасып тұрады. Алдында төстің денесі мен тұтқасына жанасады.
Қызметі – иммундық және қан түзуші мүше. Және бұл мүше тимозин, тимопоэтин гормондарын бөледі, ішкі секрециялық без болып келеді.
|
Айырша безінің екі бөлігі бар, оң және сол. Мүшенің пішіні айыршаға ұқсайды. Сырты дәнікер тінді кабықпен қапталған. Кабық бездің тінін майда бөлшектерге бөледі. Бөлшектердің ортасында милы заты, ал сыртында қыртысты заты орналасады. Бездің бөлшектері ретикулоциттардан тұрады. Ретикулоциттардың арасында бездің негізгі жасулары орналасады, олар –лимфоциттар, макрофагпен гранулоциттар.
Айырша безі балалық шақта өте белсенді жұмыс жасайды, баланың өсіп дамуына әсер етеді. Жас өспірім шақтан кейін жойылып, майлы тінге айналып кетеді.
|
3
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |