Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімі «№133 негізгі орта мектебі» кмм тақырыбы: «Шағын жылыжай»



бет2/5
Дата21.02.2023
өлшемі425.3 Kb.
#469854
1   2   3   4   5
ЖОБА Жылыжай

Жылыжай орны – Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімі «№ 133 негізгі орта мектебі» КММ
Зерттеу гипотезасы – жылыжайда өсірілген көкөністер мен жемістер экологиялық таза болады, онда өсірілген өнімдер оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін болады және мектепті қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Жобаны жүзеге асыратын әдістері - жобалау , тәжірибелік , зерттеушілік, сауалнама алу т.б.
Күтілетін нәтиже:
1.Барлық оқушылар үшін мектепте арзан ыстық тамақпен ұйымдастыруға мүмкіндік болады.
2. Жергілікті халық гүлдер мен көкөністердің өсірілген көшеттерімен (қырыққабат, сәбіз, қызылша) қамтамасыз етіледі.
3.Ерте көктемде мектеп жылыжайында сату үшін және оқу-тәжірибе үлескісі үшін көшеттер өсіріледі . Жаздың алғашқы айларында - ақ жас жаңа піскен көкөністер ала алады.Түскен пайда мектеп асханасына және материалдық – техникалық базаны жақсартуға жұмсалады.

Жоспар:
І. Кіріспе
«Адaм ағзасына қажетті көкөністерді білесіз бе?»
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
А- теориялық білімдер.
Б- Көкөністерді өсіру ерекшеліктері.
В- Жылыжай құрылысын бaстау
Г-Жылыжай жасауға қандай материалдар қажет.
2. Жылыжайда жүргізілетін эксперименттік жұмыстар.
3. Жобаны жүзеге асыру жоспары.
4. Жобaның бюджеті.
5. Қорытынды.

Медицина ғылымының атасы әйгілі Гиппократ: «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз»,- деген екен. Расында да осылай, өмір сүру үшін тамақтанамыз, аксиома бұл – дәлелдеуді қажет етпейді. Дегенмен, қазірде өмір сүруіміз үшін тамақтанып жүрген азығымыз жайлы толық білемізбе? 


Бүгінгі қоғамда тағамның түр – түрі дүкен сөрелерінде толып тұр, тіпті кейде не жейтініңді білмей де қаласың. Күнделікті қажетімізге жаратып жүрген тағамдардың құрамы мен сапасына көп жағдайда мән бере бермейтініміз де шындық.
Еліміздің ертеңі – балалар. Ал, балалардың өсіп жетілуі мен толыққанды дамуында тамақтанудың атқаратын рөлі орасан зор екені айтпаса да түсінікті. Кемел келешегіміздің кепілі сәбилер қазір не жеп жүр? Ендеше, балаларымызға өз қолымызбен беріп жүрген тамақтарымыздың құрамына қанықпызба? .

Қияр — адам ағзасын шлак пен зиянды заттардан тазартып, ағзаны дәрумендер мен минералды заттар қорымен толықтырады. Себебі құрамында көптеген пайдалы элементтер бар. Сонымен қатар қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Терінің күйген немесе зақымдалған жерін қиярды қою арқылы емдеуге болады және косметика саласында да үлкен орын алады. Ол көптеген теріні ағартатын кремдердің құрамында бар. Ендеше қиярдың денсаулыққа пайдасымен таныса отырыңыздар.


Қиярдың 95% судан тұрады. Ал мұның құрамындағы су тірі су болып табылады. Сонымен қатар құрамында ақуыз, аз мөлшерде көмірсу (глюкоза, крахмал, фруктоза) және В және С тобындағы дәрумендер, калий, фосфор, кальций, магний және басқа да микроэлементтер мен асқазан қорытуын жақсартатын органикалық қышқылдар бар. Құрамындағы осы заттардың арқасында ерекше қасиеттерге ие қияр көкөнісі адам ағзасына көп пайдасын тигізеді


Қиярдың ерекше қасиеттері:

— Асқазанның қорытыуын жақсартып, ішекте тұрған астың жылжуын тездетеді. Сондықтан да іш қатып, асқазаныңыздың қорытылуы нашарласа қияр диетасы сізге жақсы көмектеседі;


— Буын қабынуын (артрит) емдеуге ең жақсы дәрі;
— Ағзадағы қышқылдың тепе-теңдігін бір қалыпта ұстайды;
— Зиянсыз, қуықты тастардан тазартып, зәр айдайтын табиғи дәрі;
— Ағзадағы тұзды сулар балансын қалыпты етіп ұстаушы;
— Жүрек-қан тамыры ауруларын емдеуші;
— Гипертония ауруын болдырмайды;
— Теріні тазартып, ағартады;
— Тіс жегісін емдейтін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады.

Ал қызанақтың құрамы В1, В2, В5, В6 және А, Е, С сияқты дәрумендерге бай. Қызанақты үнемі пайдалана отырып, иммундық жүйені нығайтып, жүрек қызметін жақсартып, ас қорытуды реттеп, холестеринді азайтуға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет