Құлжанова Б. Р. 1, Ильясова Н. Б



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата15.08.2023
өлшемі266.62 Kb.
#476077
1   2   3   4   5   6   7
2219-1-4277-1-10-20181108

Нәтиже мен талқы
Көп уақытқа дейін текстология «приклад-
ная филология» деп аталып, практикалық пән 
ретінде ғана қарастырылып келді. Текстология-
ны кәсіп деп, ал әдеби шығарма сәтті жасалған 
текстологиялық зерттеулерді текстологтың та-
лантына байланысты өнер деп қабылдаған кез-
дер де болды. Дұрысына келсек, текстология 
ешқандай кәсіп емес, ол – бірнеше ғылымның 
тоғысқан, зерттеушінің ізденушілік, тапқырлық 
талантының нағыз ашылар – көзі. Себебі, 
текстолог тек мәтіннің жарыққа шыққанға 
дейінгі тарихын зерттеп қана қоймайды, әрбір 
қолжазбадағы өзгерістердің себебін дәлелдеу 
барысында сол шығарманың жазылған дәуір 
тарихын, әдеби ағымдарын, этностың тілін, 
саяси-мәдени жағдайларын, тіпті көшірмешінің 
мақсатын да байқап, ескеріп отыруға міндетті. 
Мәтінге жасалған кейінгі зерттеулердің дұрыс 
бағыт алуы да текстология ғылымына тікелей 
тәуелді. Демек, текстология – филологияның 
көмекші пәні емес, керісінше, оның бастауы мен 
негізі, өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. 


Хабаршы. Филология сериясы. №2 (170). 2018
106
Текстология ғылымының өзекті мәселелері 
Ғылыми әдебиеттерде текстология терми-
ніне мынадай анықтамалар беріліп келеді. 
«Лингвистикалық терминдер сөздігінде»: «Тек-
стология» – (анг.texstology, fijacon de un texto). 
Раздел филологии, занимающийся установле-
нием точного текста литературных памятни-
ков и исторических документов для их научно-
го издания» (Slovar’ lingvisticheskikh terminov, 
1966) – десе, әдеби энциклопедиялық сөздікте 
әдеби шығармалардың мәтінін зерттейтін фи-
ло логияның бір саласы деп түсіндіріледі 
(Literaturnyy entsiklopedicheskiy slovar’, 1987). 
Бұлардан гөрі кеңірек түсінік беретін анықтаманы 
«Советтік энциклопедиялық сөздіктен» табуға 
болады. Онда: «Текстология (от текст и ... ло-
гия), отрасль филологии, литературоведческая 
дисциплина, изучающая произведение писмен-
ности, литературы и фольклора в целях крити-
ческие проверки, установления и организации 
их текстов для дальнейшего исследования и 
публикации» – деп, бұл ғылым саласының зерт-
теу нысаны біршама толық аталған (Sovetskiy 
entsiklopedicheskiy slovar’,1990).
Қазақ тіліндегі анықтамаларға шолу жа-
сар болсақ, текстологияның мән-мағынасы 
жан-жақты ашылмай, тым қысқа түсіндірілгені 
аңғарылады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөзді-
гінде» «Текстология әр алуан әдеби мұралар 
мен тарихы документтердің текстін анықтайтын 
филология ғылымының бір саласы» (Kazakh 
tilinin tusindirme sozdigi, 1986) – деген түсінік-
темеден текстология ғылымы жайында толық 
мағлұмат алу қиынға соғады. Бірақ, Қазақ Со-
вет энциклопедиясында «текстология – фило-
логия ғылымының әдеби мұралар мен та-
рихи документтердің текстерін анықтайтын 
саласы. Объектілердің көне-жаңалығына қа-
рай текстология өте ертедегі нұсқалардың, 
орта ғасыр ескерткіштерінің және сақталған 
жағдайларына орай әрбір халықтың ұлттық 
мәдениеті мен әдебиетінің ерекшеліктеріне 
сай текстологияның әдіс-тәсілдері сан қилы 
болады», – деген анықтама беріп, бұл ғылым 
саласының принциптері мен міндеттері, 
қолдану аясы, зерттелуі кеңірек сөз болған 
(Kazakhsha kenester entsiklopediyasy, 1977). 
Бұларға қарағанда «Әдебиеттану терминдерінің 
сөздігінде» «текстология (лат. textus және 
грек logos – сөз, ғылым) – филологияның 
шығарма текстінің анық қанықтығын сақталған 
қолжазбасымен түпкінұсқасымен салыстырып 
тексеретін жариялайтын саласы» – деп оқырман 
қауымға түсініктірек анықтама береді де, дербес 
ғылым ретінде қалыптасуын өзге ғылым салала-
рымен байланысын сөз етеді (Kazakh adebiettanu 
terminder sozdigi, 1998). 
1998 жылы Сорос қорының көмегімен 
жарыққа шыққан «Тіл білімі сөздігінде»: «Әдеби 
және басқа да шығармалар мәтіндерін зертте-
умен айналысатын филологияның бір саласы» 
деген анықтама беріліп, бұл терминді қазақша 
«мәтінтану» деп қолданылу ұсынылған (Til 
bilimi sozdigi,1998). 
2006 жылы шыққан «Қазақстан ұлттық эн-
циклопедиясында» текстология жақшаның 
ішінде «мәтінтану» деп беріліп, әдебиеттанудың 
шығарма мәтінін қолжазбамен, түпнұсқамен 
салыстыра тексеретін саласы деп санайды 
(Kazakstan Respublikasynyn ulttyk entsiklope-
diyasy, 2006). 2009 жылы А. Байтұрсынұлы 
атындағы Тіл білімі институтынан шыққан 
«Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» текстоло-
гия деген термин сөз мүлдем кездеспейді. Бұл 
терминге байланысты ұғым «мәтінтанудан» 
ғана табылады. Сөздікте «мәтінтану филоло-
гия ғылымының әдеби мұралар мен тарихи 
құжаттардың мәтіндерін анықтайтын, оларға 
түсініктеме беріп зерттейтін саласы. Мәтінтану 
қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге не-
месе авторға тиесілі екендігін анықтайды» – де-
ген анықтама береді (Kazakh adebi tilinin sozdigi, 
2009). 
Осы анықтамалардан кейін қазақ тіл 
білімінде текстология терминінің мүлдем жойы-
лып бара жатқандығын аңғарылады. 
Бірақ, «текстология» терминінің орнын 
басып отырған «мәтінтану» термині орыс 
тіліндегі «текстоведение» сөзінің мағынасынан 
қаншалықты ауқымы кең. Біздіңше, «мәтінтану» 
термині «текстоведение» сөзінің мағынасымен 
мәндес, «текстология» терминінің мәнін то-
лық ашып бере алмайды. Орыс тіл білімінде 
«мәтінтану – кешенді интеграциялық білім са-
ласы. Ол мәтін туралы түрлі ғылым салаларын 
жүйелейді, зерттеудегі жан-жақты тәсілдерді 
жинақтап, мәтіндегі бірліктерді айқындап, 
олардың байланысу түрлерін, мәтінге сай норма-
ларын қарастырады. Коммуникативті аспектіде 
мәтінтану мәтін қалай құралады және қалай 
пайдаланылатындығын зерттейтін білім сала-
сы» деп түсіндіреді (http://lingvistics_dictionary.
academic.ru). 
Мәтінтану саласы белгілі бір мәтіннің иде-
ясын, жазылу тарихын, шығарманың стилін, 
автордың ойын, түйін сөздерін, абзац т.с.с. мәтінге 
қатысты жан-жақты зерттеу жұмысын жасаса, ал 
текстология термині мәтіннің ішкі құрылымына, 
бірнеше нұсқаларын немесе бірнеше басы-


ISSN 1563-0223 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (170). 2018
107
Құлжанова Б.Р., Ильясова Н.Б.
лымдарын салыстыра отырып, мәтін тіліндегі 
ұқсастық пен айырмашылықтарын зерттейтін 
ғылым саласы. 
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан 
кейін көптеген термин сөздер қазақшаланған бо-
латын. Ол термин сөздердің дұрысы да, бұрысы 
да бар. Термин сөздердің бірізділікке түспей, әр 
аудармашы әрқалай аударып, қолданып жүргені 
баршамызға аян. Терминдер сөздігіне бекітіліп 
кеткендіктен, шарасыздан қолданып жүргеніміз 
де жасырын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет