ҚҰлмалиева с. С. Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы Студенттердің өздік жұмыстары



бет4/4
Дата15.06.2016
өлшемі475.5 Kb.
#137108
1   2   3   4

Кестені толтырғаннан кейін Каспий теңізінің деңгейінің өзгеріуі, оны реттеу; оңтүстік теңіздердің табиғи-шаруашылық мәселелері сұрақтарынына жауап әзірлеңдер.


Сарамандық тапсырма.

Төмендегі кестеде келтірілген мәліметтерді пайдаланып, ТМД территориясының жазық бөлігіндегі топырақтын негізгі типтерінің ауданын көрсететін дөңгелек диаграмма құрындар.

Өздерің тұратын табиғат зонасындағы әртүрлі топырақтың ауыл шаруашылығындағы маңызына сипаттаңыз.

ТМД территориясындағы топырақтың негізгі типтері.



Топырақ типтері



Ауданы


ТМД ауданының %-і

Дүние жүзіндегі ауданының %-і

Тундра топырағы


Орман зонасының шым-күлін топырағы. Орманды даладағы орманның сұр топырағы

Орманды дала мен дала зонасының қара топырағы.

Құрғақ даланың қызғылт топырағы

Шөл зонасының сұрғылт топырағы

Сусымалы құмдар

Шалғындық-жайылма топырағы

Қызыл топырақ

Таулы-тундра топырағы.

Тау-шалғындық топырақ

Таудың күлгін топырағы

Таудың қоңыр орман топырағы

Таудағы дала топырағы

Таудағы шөл топырағы

Мұздар мен мәңгі қарлар



7,6

31,4


3,2

8,6
5,4

6,9

2,5


1,9

-

6,5



1,1

20,3


0,5

1,8


0,1

0,4


28,6

50,9


62,5

48,4
11,8

10,0

4,9


8,1

-

63,3



10,3

52,0


1,7

15,1


1,3

0,6



2-Тапсырма. Орта мектептің 8 класына және оқытушыларға арналған атластардағы карталарды талдау негізінде (ауанның қысымы, қантар мен шілдідегі жел). ТМД-дағы жылдың жылы және салқын кезендеріндегі ауа қысымы мен желдің бағыттарының таралуындағы негізгі заңдылықтарды көрсетіңіз.

Үлгі жоспар:


  1. ТМД – территориясында қантарда қайда ең жоғары қысым орнығады, оның Еуразияның атмосфералық қысымы картасындағы орны. Оны қалай түсіндіруге болады?

  2. Жоғары қысымның 500 с.е. бойымен солтүстік-шығысқа және батысқа қарай бағытталуын немен түсіндіруге болады?

  3. Атлант және Тынық мухиттарының солтүстік бөлігінде барынша төмен қысым қай жерлерінде орнығады? Ол ТМД климатына қалай әсер етеді?

  4. Қыста басым болатын желдің бағатын анықтаңыздар, ол неге байланысты?

  5. Жылдың жылы мезгілінде ТМД территориясында қысымның таралуы қалай өзгереді? Оның себебін немен түсіндіруге болады?

  6. ТМД территориясының әр жеріндегі жаздағы басым желдің бағытын анықтаңыз да, ол неге байланысты, түсіндіріңіз?

  7. Жаз кезіндегі басым желдердің бағыты ауа райының қалыптасуына қалай әсер етеді?


Сарамандық тапсырма.

Еуразия кескін картасына оның климатын қалыптастыруға әсер ететін жоғары және төмен қысым орталықтарын әртүрлі түсті бояулармен түсіріңіздер.


38-нұсқа


1-тапсырма. Оқулық пен карталар материалдарын пайдаланып (климаттық, топырақ және өсімдік) Шығыс Еуропа жазығының табиғат зоналарының шекарасын жұргізу ұшін қандай белгілер негізге алынғандығын анықтаңыздар. Нәтижесін төмендегі үлгі бойынша 11-кестеге толтырыңыздар.

11-кесте

Зоналар


Ылғал-дану коэф-фицен-ті

Шілде изотерма-сы

Топырақ-

тың негізгі типтері



Өсімдіктер-дің негізгі типтерінің таралуы

Зонаның оңтүстік шекарасы өтетін жерлер

Арктикалық шөл

Тундра


Орманды тундра

Аралас ормандар

Орманды дала

Дала


Шөлейт

Шөл

















Кестені толтырғанан кейін талдап, әрбір зонаға тән топырақ-өсімдік типін көрсетіңіздер
Сарамандық тапсырма.

Кескін қартаға ТМД-ның табиғат зоналарының шекарасын жүргізу. Шығыс Еуропа және Батыс Сібір жазықтарының табиғат зоналарының шекараларындағы және құрамындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіздер. Неге Енисейден шығысқа қарай орманды дала мен дала аралдар түрінде таралған?



2 тапсырма. Әдебиеттер мен картографиялық материалдарды пайдаланып, Охот және Беринг теңіздеріне салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама беріңіздер. Нәтижесін 37 нұсқадағы 1-тапсырмада берілген жоспарды үлгігі ала отырып, кестеге толтырыңыз.

Сарамандық тапсырма.

ТМД-ның кескін картасына арктикалық аралдарды, шығанақтар мен бұғаздарды, Солтүстік мұзды мухиттың теңіздерін, Солтүстік теңіз жолын түсіріңіздер. Шартты сызықтармен жағалық қозғалмайтын мұздарды (припай) және теңіз ағыстарын көрсетіңіздер. Арктикалық қорықтарды белгіліп, Қызыл кітапқа енген жануарларын атап көрсетіңіз.



39-нұсқа

1-тапсырма. Әдебиеттер мен картографиялық материалдарды пайдаланып. ТМД-территориясындағы көлдердің таралу заңдылықтарын анықтаңыздар.

Үлгі жоспар:

  1. Көлдердің пайда болу жолдары мен сақталуының себептерін анықтаңыздар. (эндогендік, экзогендік, антропогендік).

  2. ТМД территориясындағы көлдердің пайда болу типтерін (оның ішінде қолдан жасалғандарынада) су режиміне, судың химиялық құрамына қарай сипаттама жасаңыздар. Мектептегі оқу бағдарламасында оқылатын көлдер типтерін көрсетіңіздер. Мысалдар келтіріңіздер.

  3. ТМД территориясындағы көлдердің басым типтерін, және олардың әртүрлі зоналардағы (тундра, орман зонасы, орманды дала, дала, шөлейт және шөл көлдердің қоректенуінің жалпы белгілерін термикалық, су және гидрохимиялық режимдерін көрсетіңіздер.

  4. Көлдерді шаруашылыққа пайдалану. Су қоймаларының (қолдан жасалған көлдер) жер суландырудағы маңызы.

Сарамандық тапсырма

Аталған көлдердің типтерін төмендегі үлгі бойынша анықтаңыздар: Имандра, Ладога, Онега, Байкал, Ыстықкөл, Севан, Арал, Чуд-Псков, Ильмень, Сарез, Кроноцк, Куриль.

12-кесте


Көлдердің аты

Пайда болу жолы

Көлдердің типі

Су режиміне қарай

Химиялық құрамына қарай













2-тапсырма Әдебиеттер мен картографиялық материалдарды пайдаланып, Орал тауының биіктік белдеулерінің құрамына сипаттама беріңіздер.

Үлгі жоспар:

  1. Орал тауының жалпы орографиялық ерекшеліктерін айқындаңыздар.

  2. Шығыс Еуропа және Батыс Сібір жазықтарының ендік бойындағы зоналары Орал тауының қай жеріне, қандай географиялық ендіктерде сәйкес келеді? Орал тауының әр бөлігінде биіктік белдеулердің шекарасы қалай өтеді?

  3. Орал тауының батыс және шығыс беткейлерінің климатында айырмашылықтың болуына географиялық орнының, орографиясы мен беткейлерінің күнгей, теріскей беттерінің бағытының қандай әсері барын анықтаңыздар.

  4. Биіктік белдеулердің құрылымының солтүстіктен оңтүстікке қарай батыс және шығыс беткейлерде қалай өзгеретіндігін анықтаңыздар.

  5. Орал тауының топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесін қорғаудың міндеттерін анықтаңыздар. Орал тауындағы қорықтарды атап, олардың табиғатты қорғаудағы маңызын көрсетіңіздер.


Сарамандық тапсырма.

ТМД-ның кескін картасына мәңгі тоңның оңтүстік шекарасын жүргізіңдер. Тутас тоң басқан және тоңнын, аздап еріген жерлерінің (талик), сондай-ақ мұз басу дәуіріндегі мұздың таралуының ең оңтүстік шекарасын көрсетіңіздер. Бұл жүргізілген шекара қандай географиялық координаттарға сай келеді және оның бойымен қандай өзендер ағып, қалалар орналасқанын белгілеңіздер.



40- нұсқа

1-тапсырма. ТМД атласының тақырыптық карталары мен оқытушыларға арналған атластағы карталарды пайдаланып, ТМД-ның материктегі шеткі нүктелеріне кешенді физикалық-географиялық сипаттама беріңіздер: Челюскин мүйісі, Кушка (Чильдухтер ауылы), Дежнев мүйісі, Балтық құм қайраңы (Калининград облысы).

Үлгі жоспар.

  1. Еуразияның Батыс және Шығыс жартышарда орналасқан шеткі нүктелерінің географиялық орнын сипаттаңыз. Шеткі нүктелерді шайып жатқан мухиттар мен теңіздер көрсетіңіз.

  2. Челюскин және Дежнев мүйістерінің ашылуы тарихынан негізгі мәліметтерді келтіріңіздер.

  3. Физикалық-географиялық сипаттаманы 13-кестеге толтырыңыздар.

  4. ТМД-ның географиялық орнына мектепте қандай сарамандық жұмыс жүргізіледі?

13-кесте



Табиғи белгілері

Челюскин мүйісі

Кушка (Чильдухтер ауылы )

Дежнев мүйісі

Балтық, Құм Қайраңы,

(Калининград обл)



  1. Нүктелердің ТМД-ның физикалық – географиялық аудандастыру және әкімшілік картасындағы орны.

  2. Орографиясының негізгі белгілері.

  3. Территоряны жауып жатқан торттік дәуірге дейінгі тау жыныстарының. жасы мен төрттік жабынның шөгінділерінің сипаты. Пайдалы қазбалары.

  4. Рельефінің тектоникалық құрылым мен уштасуы.

  5. Морфоқұрылымының ерекшілігі.

  6. Б. П. Алисовтың климаттық аудандастыру картасындағы территориялық орны. Климаттың негізгі элементтерінің сипаттамасы және агроклиматтық ресурстары.

  7. Гидрографилық торы мен маңындағы көлдер.

  8. Климатқа байланысты бұл жерлердегі топырақтын негізгі типтері.

  9. Климаттарындағы айырмашылықтарға байланысты өсімдіктерінің негізгі типтері. Өсімдік қоры, оларды қорғау.

  10. Бұл жерлерде таралған жануарлардың негізгі типтері. Сирек және жойылып бара жатқан жануарлар, олаорды қорғау мен байыту.

  11. Бұл жерлердің табиғат жағдай-лары мен байланысты игерілуі.













Сарамандық тапсырма

ТМД-ның кескін картасына материктегі және аралдардағы (Диамида аралдар тобындағы Ратманов аралы, Рудольф аралындағы Флигели мүйісі). Шеткі нүктелерді түсіріп, олардың координаттарын жазыңдар.

Осы картада шеткі нүктелер жатқан сағаттың белдеулерді де көрсетіңіздер.

А) ТМД территориясының батыстан-шығысқа дейінгі арақашықтығы туралы қортынды жасаңыздар.

Б) Кушка қаласы меридианы бойымен ТМД территориясының қашықтығын оңтүстік нүктеден солтүстік нүктеге дейін анықтаңыздар

В) ТМД территориясы қандай климаттық белдеулер мен табиғат зоналарында орналасқандығын көрсетіңіз.



2-тапсырма. Әдебиеттер мен картографиялық материалдарды пайдаланып Шығыс Еуропа жазығының орман зонасына физикалық-географиялық сипаттама беріңіздер.

Үлгі жоспар:

  1. “Табиғат зонасы” – ұғымының мазмұнын анықтаңыз.

  2. Бұл зона ішінде ландшафтының қандай зоналық типі басым?

  3. Бұл зонаны бөлудің басты белгілерін анықтап: ылғалдану коэффициенті мен топырақ-өсімдік жамылғысын карастырыңыздар

  4. Зонаның шекарасының бейнесін анықтап, оның климат және рельефпен байланысын көрсетіңіз.

  5. Зона қандай орографиялық облыстардың шегінде орналасқандығын анықтаңыз.

  6. Зона климатының негізгі белгілерінін атаңыз: термикалық жағдай, ылғандануы, белсенді вегетациялық кезеңдегі жиынтық температура, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы.

  7. Зонаға биогеографилық сипаттама беріңіз (топырақ-өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі). Адамның шаруашылық іс -әрекетінің нәтижесінде биогеографиялық жағдайдың өзгеруі. Мелиорацияның міндеті мен түрлерін анықтаңыз.

  8. Табиғатының қорғалуын сипаттап, қорықтарын көрсетіңіз

Сарамандық тапсырма.

Еуразияның кескін картасындаға ТМД териясының өзендерінің алаптар бойынша бөлінуімен су режимінің типтерін шартты бояулар мен штрихтар арқылы көрсетіңіздер. Еділ өзенінің негізгі салаларын жазыңыздар (М.И. Львович бойынша).



Әдебиеттер



Материктер мен мухиттар физикалық географиясынан пайдалануға ұсынатын әдебиеттер


  1. Алисов Б.П., Полтораус Б.В. Климатология. М., Изд-во МГУ, 1974.

  2. Аничкин О.Н., Куракова Л.И., Фролова Л.Т. Австралия. М., Мысль, 1983.

  3. Бобринский Н.А., Гладков Н.А. География животных. М., Просвещение, 1961.

  4. Браун Л. Африка. М., Прогресс, 1976.

  5. Вальтер Т. Растительность земного шара. Тропические и субтропические зоны. М., Прогресс, 1968 , т. 1.

  6. Вальтер Т. Растительность земного шара. Растительность земного шара. Леса умеренного пояса. М., Прогресс. 1974, т.2

  7. Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы. Евразия. Африка. Алматы. “Мектеп”№ 1984 1 б.

  8. Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы. Солтүстік Америка Оңтүстік Америка. Австралия және мухиттық аралдар. Антарктида. Алматы. “Мектеп” 1985. 2 б.

  9. Второв В.П., Дроздов Н.Н. Биогеография материков. М. Просвещекние 1979.

  10. Говоров К. Т. Океания. М. Мысль, 1971.

  11. Дорст Ж. Южная и Центральная Америка. М., Прогресс, 1977.

  12. Ерамов Р. А. Физич. география зарубежной Европы. М. Высшая школа, 1973.

  13. Забродская М. П., Усик Л.Е., Шарец Д.С.Практические занятия и межсесионные задания по физической географии материков. М; Просвещение, 1976.

  14. Игнатьев Г. М. Тропические острова. М. Мысль, 1979

  15. Кист А. Австралия и острова Тихого океана. М., Прогресс, 1980.

  16. Львович М.И. Мировые водные ресурсы. М., Мысль, 1974.

  17. Неклюкова Н.П. Общее землеведение. М., Просвещение, 1976.

  18. Сандерсон И. Северная Америка., М, Прогресс, 1979

  19. Физико-географический атлас мира. М., ГУГК, 1964

  20. Географический атлас мира для учителей средней школы. М., ГУГК, 1982.


ТМД физикалық географиясынан

пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер


  1. Алпатьев А.М., Архангельский А.М., Подоплелов Н.Я., Физическая география СССР. М., 1974, ч..1; 1976, ч. 2

  2. Берг Л. С. Географические зоны Советского Союза. 3-е изд. М., 1947, т. 1; 1952, т.2

3. Борисов А.А. Климатология Советского Союза. М., 1970. Водные ресурсы и водный баланс территории Советского Союза. Л., 1967

4. Давыдова М.И., Раковская Э.М. Физическая география СССР., М., 1989 г., ч 1, 1990, ч.2.



  1. Красная книга СССР. М., 1984, т. 1, 2.

  2. Львович М.И. Реки СССР. М., 1971 .

  3. Мильков Ф.Н. Природные зоны СССР. М., 1977

  4. Мильков Ф.Н., Гвоздецкий Н.А. Физическая география СССР, М., 1976.

  5. Смирнова М.Н. Основы геологии СССР. М., 1983

  6. Тушинский Г.К., Давыдова М.И. Физическая география СССР. М., 1976

  7. Атлас СССР. М., 1983

  8. Географический атлас для учителей средней школы, М., ГУГК 1983

МАЗМҰНЫ:


Кіріспе................................................................................................. 5

Материктер мен мұхиттар физикалық географиясына

өздік жұмыстардың нұсқалары..........................................................7

ТМД физикалық-географиясына

өздік жұмыстардың нұсқалары........................................................58

Материктер мен мухиттар физикалық

географиясынан пайдалануға ұсынатын әдебиеттер.....................68

ТМД физикалық географиясынан

пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер.............................................69

Құлмалиева Сұлушаш Сүндетқалиқызы



Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы

Оқу-әдістемелік құрал
Материалдарды компьютерде беттеген: Нуржанова Р.А.

Техникалық редакторы: Мустахапова Б.М.,Тулепова Д.М.


Көлемі 4,5 б.т. Таралымы 510 дана. Офсет қағазы.

Бағасы келісім бойынша.




Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің баспа бөлімі



Нариманов көшесі, 34 үй



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет