ҚЎлпыбаев с


кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері



бет114/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

12.1 кесте. Бейрезиденттердің табыстары бойынша
төлем көзінен салық салу мөлшерлемелері




Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары

20 пайыз

Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте алынатын табыс

20 пайыз

Тәукелдерді сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтық сыйақылары

15 пайыз

Тәукелдерді қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтық сыйақылары

5 пайыз

Халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар

5 пайыз

Құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти

15 пайыз

Заңи тұлға-бейрезиденттің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығын салық агенті бюджетке:


1) есебіне жазылған және төленген корпоративтік табыс сомасы бойынша – табысты төлеу күніндегі валюта айырбастаудың рыноктық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;
2) есебіне жазылған, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша – бейрезиденттің шегерімге жатқызылған табыстары есепті салық кезеңінің отыз бірінші желтоқсанындағы валюта айырбастаудың рыноктык бағамы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша мағлұмдаманы табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей аударуға тиіс;
3) алдын ала төленген төлем бойынша − табысты есептеу күніндегі валюта айырбастаудың рыноктык бағамы бойынша бейрезиденттің табысы есебіне жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей аударуға тиіс.
Төлем көзінен табыс салығының сомасын заңи тұлға-бейрезидендтің табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезиденттердің табыстарына салық салудың өзіндік тәртібі бар.
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезиденттің салық салынатын табысын анықтау, корпоративтік табыс салығын есптеу мен төлеу тәртібі резиденттерге қолданылатынға ұқсас жүргізіледі.
Заңи тұлға-бейрезиденттің табыстарына тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады. Шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстарды алумен тікелей байланысты шығыстар олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде жұмсалғанына қарамастан шегерімге жатады.
Заңи тұлға-бейрезиденттердің тұрақты мекемеге:
1) осы заңи тұлға-бейрезидендтің меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, қаламақылар, алымдар және басқа төлемдер;
2) заңи тұлға-бейрезиденттің өзінің тұрақты мекемесіне көрсеткен қызметтері үшін табыстар;
3) осы заңи тұлға-бейрезиденттің өзінің тұрақты мекемесіне берген қарыздары бойынша сыйақылар;
4) заңи тұлға-резиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;
5) құжатпен расталмаған шығыстар;
6) заңи тұлға-резиденттің Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмсалған басқару және жалпыәкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқы жоқ.
Заңи тұлға-бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Респуб­ликасындағы қызметінен түсетін таза табысына* 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.
Заңи тұлға-бейрезидент тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін таза табысына корпоративтік табыс салығын төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша мағлұмдаманы табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде жүргізуге міндетті.
Жеке тұлға-бейрезиденттердің табыстарына салық салу тәртібі бойынша осы тұлғаның салық заңнамасында айқындалған табыстарына төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері бойынша төлем көзінен табыс салығы салықтық шегерімдер жүзеге асырылмай салынады.
Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеудің нысаны мен орнына қарамастан жеке тұлға-бейрезидент табысты төлеу кезінде ұстайды және салық сомасын бюджетке аударуды ол өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезидент заңи тұлға-бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен табыс салығының сомаларын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргізеді.
Шетелдік заңи және жеке тұлғаларға салық салуға қатысты халықаралық келісімшарттар бойынша арнаулы қағидалар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет