Салық төлеушілер салық заңнамасы белгілеген тәртібі салық кезеңі ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептен төлейді.
Салық заңнамасында корпоративтік табыс табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы бойынша инвестициялық салық преференцияларын беру қарастырылған.
Инвестициялық салық преференциялары салық төлеушінің таңдауы бойынша салық заңнамасына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) қайта құруға, жаңғыртуға арналған кейінгі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді. Қазақстан Республикасы заңи тұлғаларының инвестициялық салық преференцияларын қолдануға құқығы бар. Преференцияларды қолдану үшін салық салық төлеуші пайдалануға енгізілетін өндірістік арналымның үймереттер мен ғимараттардың, мәшинелер мен жабдықтардың құнын тіркелген активтер тобының (қосалқы тобының) құндық балансына кіріктірмейді және олардың есебін қалған тіркелген активтерден бөлек жүзеге асырады. Инвестициялық салық преференцияларының іс-әрекеті экономиканың бүкіл шикізаттық емес секторына таратылады. Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі – объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісі және объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырылады.
Қызметін арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын және Салықтық кодексте көрсетілген бір мезгілде талаптарға сай келетін ұйымдарға салық салынады. Қызметін арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға мыналар жатпайды: жер қойнауын пайдаланушылар; акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар; арнаулы салық режімдерін қолданатын ұйымдар; преференцияларды қолданатын ұйымдар.
Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде салық заңнамасына сәйкес оның есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.Осындай көзделген салық сомасын кеміту корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.
Арнаулы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан және қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша: 1) жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффиценті;
2) мүлік салығын есептеу кезінде салық салу объектілерінің жылдық орташа құнына 0 пайыздық мөлшерлеме қолданылады.
Корпоративтік табыс салығына арналған салық кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады.
Корпоративтік табыс салығының төлеушісі орналасқан жері бойынша салық органына корпаративтік табыс салығы бойынша мағлұмдаманы 31 наурыздан кешіктірмей табыс етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |