ҚЎлпыбаев с



бет121/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жер қойнауын пайдалануға арналған контракт жасасқанға дейін контракттық аумақты геологиялық зерделеу және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемі болып табылады. Бұл шығындардың сомасын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және ол салық заңнамасының қағидаларына сәйкес бюджетке төленеді.
* отырып) жер қойнауын пайдалануға контракттарда айқындалатын жер қойнауын пайдаланушылар үшін белгіленген салық режімінде жұмыс істей береді дегенді білдіреді.
Тиісті контракттық аумақты геологиялық зерделеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеубойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейінгі өндіру кезеңінің басынан бастап мынадай тәртіппен төлейді:
1) егер контракттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған АЕК-нің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазындыларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді;
2) егер контракттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған АЕК-нің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған АЕК-нің 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомада, тең үлеспен, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең ішінде төлейді.
Пайдалы қазындылардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге арналған контракттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейді.
Егер контракттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған АЕК-нің 10000 еселенген тең немесе одан кем соманы құраса, мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы мағлұмдаманы орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазындыларды өндіруге кіріскен жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет