БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. «Қаржыны басқару» ұғымының анықтамасын тұжырымдаңдар;
2. Қаржыны басқарудың негізгі қағидаттарын атап шығыңдар.
3. Қаржыны басқарудағы ғылыми тәсілдеме неде көрінісін табады?
4. Қаржыны басқарудың негізгі элементтерін қысқаша сипаттап беріндер.
5. Қаржыны стратегиялық басқару жөніндегі органдарды және олардың бұл үдерістегі негізгі функцияларын атаңдар.
6. Қаржы министрлігінің негізгі міндеттері мен функцияларын айтып беріңдер.
7. Әлеуметтік-экономикалық дамудың міндететтерін шешуде жергілікті қаржы органдарының рөлі қандай?
8. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқарудың және оны автоматтандырудың ерекшеліктері қандай?
4-тарау. Қаржылық жоспарлау және болжау
4.1. Қаржылық жоспарлаудың және болжаудың мәні және мазмұны
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі ретінде, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны экономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлаудың тікелей объекті табыстар мен қорланымдарды жасау және бөлу, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |