ҚЎлпыбаев с



бет87/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Бюджеттік қаржыландыру – меншікті табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақшалай қаражат­тар беру. Өндірістік емес мекемелерді ұстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудің көлемі, мақсатты бағыты және оны бөлу шығыстарды қаржыландырудың дара жоспарымен анықталады. Мұндай тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржыландырылады. Бірқатар мекемелерді бюджеттік қаржыландыру кезінде шығындарды қамтамасыз етудің косымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді тұтынушылардың жарналары мен төлемдері бағытталуы мүмкін. Ақшалай қаражаттар бюджеттен каржы бөлуге сәйкес беріледі және мекеменің қаржы жоспарында – қаржыландырудың дара жоспарында бейнелеп көрсетіледі, негізгі капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтерді төлеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемеде шаруашылық немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кіріс-шығыс құжатында жоспарланады және айрықша тәртіппен пайдаланылады.
Бюджеттік қаржыландыру бюджеттік қаражаттарды пайдалануды қатаң қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюджеттік қаражаттарды жұмсауға мекемелерді қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау койылған.
Шаруашылық жүргізудің шаруашылық-коммерциялық есебі шығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игіліктерді сатудан түскен түсім-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің кәсіпорындары пайдаланады. Олар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығындар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Бұл кәсіпорындарда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі ақылы қызмет негізінде шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Бұл әдіс мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында ақылы қызметтер көрсететін ұйымдарда (тұр-мыстық, кәсіби машықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер жөнін­дегі ұлттық клубтарда зерделеудің курстары мен мектептері) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет