ҚЎлпыбаев с



бет93/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1. Қызметтің қандай түрлері коммерциялық емес қызметке және қандай негіздеме бойынша жатады?
2. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қызметінің материалдық негізі не болып табылады?
3. Коммерциялық қызметті жүргізуде қандай әдістер қолданылады?
4. Коммерциялық емес қызметте қаржылық қатынастардың қандай топтары қалып­тасады?
5. Коммерциялық емес қызметті қаржыландырудың негізгі көздерін атап шығыңдар.
6. «Айналымдағы шығыстар», «Күрделі шығыстар» «Кредит беру, үлестік қатысу» санаттарына қандай элементтер кіріктіріледі?
7. «Қаржыландыру» санатындағы шығыстардың ерекшеліктері қандай?
8. Рыноктық қатынастар жағдайларында мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру кезінде қандай қағидаттарды басшылыққа алу қажет?


ІІІ БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫСЫ





10-тарау. Мемлекет қаржысының
жалпы сипаттамасы



10.1. Мемлекеттің экономикалық
қызметінің қаржылық аспектілері

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты экономикалық және қаржылық қызметке қатысады. Мемлекеттің қоғамдағы қаржылық-экономикалық қызметі тұтас алғанда оның мына функцияларында көрінеді:


1) экономикалық дамудың қалыпты барысына мүмкіндік туғызатын құқ­ықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қорғау;
3) табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиканы тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта бөлу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде «қаржы» категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Рыноктық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық конъюнктураның ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылу және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды кіріктіреді.
Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта рыноктық жүйенің жетілмегендігінен барып туады:
1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;
2) ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.
Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылыс «жанама нәтижелер» немесе «құйылымдар» деп аталады және бұл шаруашылық үдерістердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың пайдалары немесе шығындары болып табылады.
Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың, тер­белістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін рес­урстар көбейтілген көлемде түсетін болады.
Құйылым шығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:
1) қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді.
2) құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе-теңдіктің жай-күйін қамтамасыз етеді.
Екі жағдайда да өнімге немесе қызметтерге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады.
Құйылым пайдаларын: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек рыноктық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.
Құйылым пайдалары кезіндегі мемлекеттің реттеуші іс-қимылдары сұраным мен ұсынымды көбейтуге бағытталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметтерді сатып алу үшін қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады.
Ұсыным өндірушілерді қаражаттандыру жолымен арттырылады, бұл олардың шығындарын азайтады және өндірістерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Құйылым шығындарының іс-әрекет үдерісі сызбаларда көрсетілген. Бұл шығындардың болуының нәтижесінде (10.1 сызба) ұсыным сызығы S1 жағдайында болады, яғни қоғамға аударып салынған шығындардың бөлігінен кәсіпорын босатылады. Барлық шығындарды кіріктірген жағдайда ұсыным сызығы S2 жағдайында болады; бұл ретте тепе-тең көлем Q1-ден Q2-ге төмен-дейді, ал тепе-тең баға Р1-ден Р2-ге көбейеді. Ұсыным сызығының жылжуына жоғарыда айтылған мемлекеттің іс-қимылымен қол жетеді.

Құйылым пайдаларының іс-әрекеті (10.2 сызба) D1 сұраным сызығы тек оның рыноқтық шарттарын қамтып көрсететінін және Q2 сызығына сәйкес келетін сұранымның жалпы мөлшерін төмендететінін білдіреді, яғни рыноктық сұраным қоғамдық тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етумен және оларды тұтынумен байланысты қоғамның барлық пайдасын бейнелеп көрсетпейді. Сұранымның рыноктық мөлшері оңтайлы мөлшерінен аз болып шығады, ал бұл мақсаттарға жұмсалатын ресурстар жеткіліксіз көлемде түседі.



Құйылым пайдаларын түзету 10.3 сызбада кескінделген: «а» жайғасымында бұған қоғамдық тауарларды тұтынушыларды мемлекеттің қаражаттандыруы жолымен, ал «ә» жайғасымында өндірушілерді қаражаттандыру жолымен D1-ден D2-ге көбейтумен қол жетеді. Екі жағдайда бұл тауарларды өндірудің тепе-тең көлемі көбейеді, бірақ екінші жағдайда бұдан басқа оларға бағаны төмендетуге қол жетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет