ҚЎлпыбаев с


кесте. ҚҚС-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы



бет117/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

12.2 кесте. ҚҚС-тың іс-әрекет механизмінің сызбасы



Дайын-даушы-кәсіп-орын



Тауар-ларды (қызмет-терді) сатып алу құны

Қосыл-ған құн



Салық салы-натын айналым (2 гр. + 3 гр.)



Есептел-ген ққС (4 гр. х 12%:100)



Тауарларды (қызмет-терді) сату қүны
(4 гр + 5 гр.)



Бұрын төлен-ген ҚҚС есепке алынады



Бюджетке төленетін ҚҚС-ты (5г.-7 гр.)



1

2

3

4

5

6

7

8

I

-

100

100

12

112

-

12

II

112

200

312

37

349

12

25

III

349

150

499

60

559

37

23

Жиыны




450













60

Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу механизмі 12.5 сызбада көрсетілген.




12.5 сызба. Есепке жатқызылған ҚҚС-ты өндіріп алу

Сауда кәсіпорны үшін тауар құны 559 шартты өлшемді құрайды; сауда үстемесі, мысалы, 20 пайыз кезінде еркін баға 671 шартты ақшалай өлшемді (559x1,20) құрайды және сауда кәсіпорны 112 шартты ақшалай өлшемге тең (671–559) осы үстемеден 13 шартты ақшалай өлшем мөлшерінде (112х0,12) салық төлейді; сөйтіп, сауда кәсіпорнының пайдасы 99 шартты ақшалай өлшемді (112-13) құрайды.
Қосылған құн салығы Салықтық кодекске сәйкес есепке жатқызылған (оның ішінде негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша) тауарлар қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде Қазақстан Республикасында тауарларды өткізу бойынша айналым ретінде қарастырылады.Бұл қағида заңи тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байлынысты қосылу нәтижесінде барлық жаңадан құрылған заңи тұлғалар немесе заңи тұлғаға қосылған басқа заңи тұлға (заңи тұлғалар) қайта құрылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шарттарды орнындаған жағдайда оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде қолданылмайды.
Сондай-ақ есепке жатқызылатын ҚҚС сомасына белгілі бір жағдайларда есепке жатқызудан шығару арқылы түзету жүргізіледі. Үйлесімді әдіс бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын негізге ала отырып анықталады. Бөліністік әдіс бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-тың сомасын анықтау кезінде ҚҚС салығын төлеуші салақ салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша ҚҚС-тың шығыстары мен сомалары бойынша бөлек-бөлек есеп жүргізеді.
Қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер белгіленген, олар ҚҚС-тың жұмыс істеген мезгілі ішінде оқтын-оқтын өзгеріп отырды: салық төлеуден босатылған, айналымдар төмендетілген мөлшерлемені және нөлдік мөлшерлемені қолдану.
Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады:
1) пошталық төлемақының мемлекеттік белгілерін;
2) акциздік маркаларды (акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
3) уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтерді;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін сатып алынған мүлікті;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелерге немесе мемлекеттік кәсіпорындарға өтеусіз негізде берілетін негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді;
6) жерлеу бюроларының салт-жора қызметтер көрсетуін, зираттар мен крематорийлердің қызметтер көрсетуін;
7) лотереялық билеттерді (лотереяларды тарату бойынша қызметтер көрсетуді қоспағанда);
8) тазартылған қымбат бағалы металдарды – өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны;
9) ҚҚС бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын және оның жалпы құны белгілі тәртіппен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтынды өткізу бойынша айналымдар;
10) Кедендік одақтың аумағында өңдеу кедендік рәсімінде әкелінген тауарларды өңдеу және (немесе) жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;
11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау және пайдалану жөніндегі қызметтерді;
12) Нотариаттық іс-әрекеттерді, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуді;
13) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
14) басқадай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымдар.
Қосылған құн салығынан босатылатын бірқатар айналымдар операциялардың белгілі бір олардың сипатына сәйкестігінің талаптарын сақтауға байланысты болады, бұлар: жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар, қаржылық қызметтер, қаржылық лизингке берілген мүлік, коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер, мәдениет, ғылым және білім беру сферасындағы қызметтер, жұмыстар, медициналық және ветеринариялық қызмет сферасындағы тауарлар мен қызметтер.
Мынадай тауарлар:
1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа),сондай-ақ бағалы қағаздар;
2) Кедендік одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелім нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
3) акцизделетін тауарларды қоспағанда,Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;
4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелінетін тауарлар;
5) шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында акредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшін әкелінетін және Қазакстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімшарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
6) салық төлеуден босатуды белгілейтін кедендік рәсімінде Кедендік одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік мағлұмдамалауға жататын тауарлар;
7) кез келген нысандағы дәрілік заттар қосылған құн салығынан босатылады. Бұл көрсетілген тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
8) пошта маркалары (коллекциялык маркалардан басқа);
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгілерін шығаруға арналған шикізат;
10) мемлекеттердің, мемлекеттердің үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі импорттайтыннан басқа, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған: ҚҚС бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын және оның жалпы құны белгілі тәртіппен еептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтын;
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі импорттайтын инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Жоғарыда көрсетлген тауарлар импортын қосылған кұн салығынан босату тәртібін Қазакстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеудің тәртібі белгіленген. Мысалы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға есептелген ҚҚС-қа салық сомасы 70 пайызға азайтылады. Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды уақытша әкелгенде ҚҚС-ты төлеуден босату қарастырылған.
2001 жылы қосылған құн салығының мөлшерлемесі 20 пайыздан 16 пай­ызға, одан кейін 15 пайызға төмендетілгені белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауына сәйкес ҚҚС-тың мөлшерлемесі 2007-2009 жылдары жыл сайын 1 пайызға азайтылды. 2009 жылдан салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне оның мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды.
Жекелеген жағдайларда салық салу нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС Қазақстан Республикасы аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған контракт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол контракттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарларды ҚҚС-тан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға алынады. Егер жер қой­науын пайдалануға арналған контрактқа ҚҚС-тан босатылатын импортталатын тауарлардың тізбесі айқындалған болса, нөлдік мөлшерлеме бойынша осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға салық салынады.
Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналым нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Кедендік одақтың кеден заңнамасына және немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Кедендік одақтың кедендік аумағынан тауарлар әкету тауар экспорты болып табылады.
Халықаралық тасымалдауға салық салу бойынша Қазақстан Республикасы­ның аумағынан экспортталатын және оның аумағына импортталатын тауарларды, соның ішінде поштаны, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін, халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауға нөлдік мөлшерлемемен салық салынады.
Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлемемен салық салынады.
Салық салынатын импорттың мөлшеріне Кедендік одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ импортқа ҚҚС-ты қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезінде салықтар және бюджетке төленетін кедендік төлемдер сомалары кіріктіріледі.
Салықтық кодексте Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің арасында жасалған келісімшарттардың негізінде белгіленген және тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде ҚҚС бөлігінде салық салуды, сондай-ақ Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудада оған салықтық әкімшілік етуін реттейтін ережелер келтірілген.
Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен алып өтетін тауарлар импорты кезінде ҚҚС-ты жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері кеден заңнамасына сәйкес анықталады.
Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып
табылады.
Жанама салықтар арасындағы фискалдық маңызы жағынан екіншісі кедендік төлемдер − кедендік әкелім және әкетілім баждары, сондай-ақ кедендік аумаққа тауарлардың әкелімі кезінде алынатын ҚҚС және акциздер кедендік алымдар болып табылады. Кедендік төлемдер жөнінде 22.3 параграфта толық баяндалған.
Жанама салықтардың үшінші тобына Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін және оның аумағында импортталатын тауарларға салынатын акциздер кіреді. Мемлекеттік бюджет кірістерінде олар 1,4%-ды кұрайды.
Акциздер – акцизделетін тауарларға және қызметтің акцизделетін түрлеріне салынатын, олардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салықтардың түрі. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл ретте салық сомасы тарифке кіріктіріледі.
Акциздер әмбебаптық және дара акциздер болып бөлінеді. Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің кұнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі; оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады. Дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мәселен, акциздер мына акцизделетін тауарларға салынады: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны; микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, қозғағышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобилдер және өзге моторлы көлік құралдары; қозғағышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа), шикі мұнай, газ конденсаты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім, акцизделетін тауарлардың тізбесі де олардың мөлшерлемесі сияқты өзгеріп отыруы мүмкін, мұның өзі кейбір тауарларды тұтынуды реттеудің қажеттігімен және мемлекеттің ағымдағы фискалдық саясатымен айқындалады.
Акциз мөлшерлемелері натуралдық нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Алкоголь өніміне акциз мөлшерлемелері жоғарыдағыға сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттің болу көлеміне қарай бекітіледі. Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз мөлшерлемелері спирттің және шарап материалының бұдан ары пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады. Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке және шарап материалына акциз мөлшерлемесі алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын тұлғаларға өткізілетін спиртке және шарап материалына белгіленетін базалық мөлшерлемеден төмен белгіленуі мүмкін.
Акцизделетін тауарлардың мына түрлеріне: фильтрлі сигареттерге, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллдерге, сигарларға, темекіге 2011 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарғға дейін жаңа ақциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігіне теңгемен) қолданылады.
Қазақстанда өндірілетін,өткізілетін акцизделетін тауарларға акциз салығын салу объекті акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын операциялары (акцизделетін тауарларды өткізуі, оларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі, жарғылық капиталға жарнасы, заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы және басқалары); бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуі; конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі; акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы, акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасы аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады.
Мыналарға:
1) акцизделетін тауарлардың экспортына;
2) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі: өндіру­шінің аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдік және фармацевтік препараттарды дайындау үшін; тиісті лицензиясы болған кезде мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылатын этил спиртіне;
3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын акцизделетін тауарларға (егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе);
4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салынбайды.
Акцизделетін тауарлар импортына салық салу кезінде Қазақстан Респуб­ликасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың натуралдық нысандағы көлемі, саны ретінде айқындалады.
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.
Салық төлеушінің басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат есебінде пайдаланған акцизделген тауарлар бойынша акциз сомасын салық заңнамасында белгіленген шегерімдерге азайтуға құқығы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет