ҚЎлпыбаев с



бет122/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Пайдалы қазындыларды өндіру салығы − Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералдық шикізат, мұнай, жерасты сулары және емдік балшықтың әрбір түрі бойынша ақшалай нысанда* жеке төленетін салық. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесінде жетекші орын алады – барлық салықтың түсімдер сомасының 17,3%-ын және жер қойнауын пайдаланушылардың барлық төлемдерінің 56,4%-ын алады.
Салықтың төлеушілері жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жекелеген контракт шеңберінде техногендік минералдық құралымдардан алынған пайдалы қазындыларды қоса алғанда, мұнайды, минералдық шикізатты, жерасты суларын және емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пай­даланушылар болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазындыларды өндіруге салық салу объекті, ал бұл көлемнің құны салық базасы болып табылады. Құн өндірілген тауарлы шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлемі мен салық кезеңіне есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Өндірілген минералдық шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазындылары өндіру салығы жүргізілетін өндіру түріне қарамастан салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді.
______________________
*Жер қойнауын пайдалануға арналған контракт бойынша қызметті жүзеге асыру барысында пайдалы қазындыларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасасылатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен натуралдық нысанмен ауыстыруы мүмкін.
Пайдалы қазындыларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдалануы Салықтық кодексте келтірілген шәкілге сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген контракт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені қолданады.

Пайдалы қазындыларды өндіру салығының құрамына: мұнайға арналған пайдалы қазындыларды өндіру салығы, кең таралған пайдалы қазындыларды қоспағанда, минералдық шикізатқа пайдалы қазындыларды өндіру салығы және кең таралған пайдалы қазындыларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға пайдалы қазындыларды өндіру салығы кіріктіріледі.


Шикі мұнайға пайдалы қазындыларды өндіру салығының мөлшерлемелері газ кондесатын қоса алғанда, тіркелген тұлғанымда жылдық өндіру көлеміне қарай
(10 мөлшерлеме,өндіру ауқымы 250 мың тоннаға дейін және 10 млн.тоннадан жоғары) 5%-дан 18%-ға дейінгі шәкіл бойынша белгіленеді. Қазақстан Республикасының ішкі рыногында шикі мұнай мен газ конденсатын өткізген және (немесе) берген, соның ішінде мемлекет атынан алушыға пайдалы қазын­дыларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне заттай нысанда берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендетілген коэффициент қолданылады.
Табиғи газға пайдалы қазындыларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10%-ды құрайды.Ішкі рынокта табиғи газды өткізген кезде жылдық өндіру көлеміне қарай: 1,0 млрд. текше метрге дейін қоса алғанда – 0,5%, 2,0 млрд. текше метрге дейін – 1,0%, 2,0 млрд. текше метрден жоғары – 1,5% мөлшерлемелер бойынша төленеді.
Минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы қазындылар босалқы қорларының нақты (физикалық) көлемі (айналыстан шыққын босалқы қорлардың салық салынатын көлемі) минералдық шикізатқа (қара,түсті және радиоактивті металдар кендері (рудалары); металдар; құрамында металдар бар минералдық шикізат, сондай-ақ сирек ездесетін металдар,шашыраңқы металдар, радиоактивті металдар, бейметалдар, қымбат бағалы тастар, жасанды тастар,техникалық тастар салық салу объекті болып табылады.
Салық кезеңіндегі орташа биржалық бағаны немесе алғашқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералдық шикізатты өткізуден безбенделген бағасын негізгі ала отырып, салық кезеңінде минералдық шикізаттың құрамында пайдаланылатын айналыстан шыққан қосалқы қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы қазындыларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Мөлшерлемелер ауқымы тым кең – тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтастар үшін белгіленген нөл пайыздан уран үшін белгіленген 22 пайызға дейін (ең жоғары).
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазындылардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объекті, оларды өткізуден безбенделген бағасын негізге ала отырып,осы көлем құны салық базасы болып табылады.Салықтың мөлшерлемелері 2,5%-дан 10,6%-ға дейінгі мөлшерлерде белгіленген.
Пайдалы қазындыларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.Салық төлеуші салықтың есептелген сомасын орналасқан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазындыларды өндіру салығы жөніндегі мағлұмдаманы орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет